kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ: бояулар сыры

Нажмите, чтобы узнать подробности

ТҮРЛІ ТҮСТІ БОЯУЛАРМЕН БОЯУДЫ ҮЙРЕНЕДІ.ҚОЛДАРЫНЫҢ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТАДЫ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ: бояулар сыры»


Тәрбиешісі Шарипказина.Д.К.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Білім беру бөлімі: Сурет, жапсыру, мүсіндеу. Дәстүрлі емес сабақ

Тақырыбы: Бояулар сыры

Мақсаты: Түстерді ажыратуға үйрету.

Білімділігі: Балаларға қылқаламсыз сурет салуға болатынын айтып түсіндіру. Бояу түстерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ұсақ қол маторикасын және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа және қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс – тәсіл: түсіндіру, сұрақ – жауап, тосын сәт, өз беттерімен жұмыс жасау.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: бояулар, түрлі - түсті қағаздар, мақта, желім, ермексаз, қызылша, үккіш.

Үштілділік: сары – желтый –yellow, қызыл –красный – red

Көк – синий – blue, ақ – белый - white.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Жылулық шеңбері:

Қуан шаттан!

Қуан шаттан!

Қуанатын күн бүгін,

Қайырлы таң,

Қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін!

Қайырлы таң достарым!

Балалар бүгінгі күніміз ерекше.

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу – іс әрекетіне қонақтар келіп қалыпты. Ендеше амандасайық.

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Тосын сәт:

Иттің үрген дауысы естіледі.

-Балалар, бұл ненің дауысы екен?

-Қараңдаршы, бізге жаңа жылымыз ит келіпті.

- Қане амандасайық.

Ит:

Аф- аф, Салеметсіңдер ме балалар! Бүгін құлпырып кетіпсіңдер. Барлықтарың әр түрлі түс киіп алыпсыңдар.

Ит:

- Мен сендерге өзіммен бірге тапсырмаларымды да ала келдім. Тапсырмаларым үйшікте жатыр.

Тәрбиеші:

-Қане, балалар иттің тапсырмаларын қарайықшы

Балалар канекей бәріміз ортаға жиналамыз.

Бізге не әкелгенін бәріміз

бірге көрейік. –Мұнда үш түрлі қорапшалар жатыр екен.

Ит:

Мен, сендерге әртүрлі қорапшаларға орап әкелдім.

Қане сол қорапшалардың түстерін үштілде білесіңдер ме?

  • Айтыңдаршы. Мен бір – бірден қорапшаны алайын.

  • Мынау қандай түсті қорапша?

сары – желтый –yellow, қызыл –красный – red

Көк – синий – blue, ақ – белый - white.

-Жарайсыңдар, балалар сендер біледі екенсіңдер. Бұл

қорапшаларды киген киімдеріңнің түстеріне қарай берейін.

Ал мына ақ түсті қорапшаны келген қонақтарға берейін.

Сендер тапсырмаларды

орындағанша мен біраз жерге сәлемдемелер апарып келейін.

Сәттілік сендерге!

Тәрбиеші:

-Жақсы жолыңнана қалма біз, сен келгенше тапсырмаларды орындай береміз.

Қызыл қорапшада «Суретшілер»тобы деп жапсырмалар жапсырыпты.

Ішінде қызылша,мақта, марлы, тарелка.

Сары қорапшада

«Құрастырушылар» тобы, әр түрлі түске боялған вермешелдер мен баулар.

Көк түсті қорапшалар

«Мүсіншілер» тобы болады. Бұның ішінде ермексаз жапсырылған қағаздар бар екен.

Сендер өздерің киіп алған түске сәйкес үш топқа бөлінеміз.

Балалар үш топқа бөлінеді.

  1. Суретшілер. (қызыл)

  2. Құрастырушылар (сары)

  3. Мүсіншілер (көк)

Балалар, сендер бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне нені орындайтмызды болжай алдыңдар ма?

Психалогиялық дайындық:

«Ақ тілек, Әсем күлкі»

-Көңіл күйлерің қалай?

-Дайындықтарың қалай?

-Ынталарыңыз қалай?

-Ендеше бастайық?


Балалар тілек шеңберінде бір-біріне тілек білдіріп, жарқын,көңіл достық сезімін сыйлайды.









Балалар келген қонақтармен амандасады.


Балалар назар аударады, амандасады.



Жыл басы итпен амандасады.









Балалар қоштасады.






Балалар қызығушылық танытты.










сары – желтый –yellow, қызыл –красный – red

Көк – синий – blue, ақ – белый - white.

















Балалар мұқият тыңдады.















Ия, суреттер бояп құрастырып, жапсырамыз.

Керемет!

( Қолдарын көтереді)

-Тамаша!

(Алақандарын шапалақтайды)

-Ғажап!

( Қолдарын көтереді)

-О,о,о

(Бас бармағын көтереді)

Ұйымдастыру – іздестіру.

Суретшілерде қылқалам да, су бояуда жоқ екен. Ұлы суретшілер су бояу және қылқаламсыз сурет салған. Бояу түстерін таңдауды табиғаттан үйренген . Олар өсімдіктер және олардың тамырынан сан алуан бояулар жасаған.

Ендеше суретті қылқаламсыз да салуға болады екен. Қызылшаны үккіштен үгіп, марлы арқылы суын сығып, мақтаға батырып, параққа салынған гүлді бояймыз.

Дайын қағаз, қаламым,

Бояу таңдап аламын

Қызыл гүлді қызғалдақ

Суретін мен саламын .

Құрастырушылар

тапсырма әртүрлі түске боялған вермешелден моншақтар жасайсыңдар.

Жасыл, сары, қызылдан,

Моншағымды құрайын.

Әдемі етіп сіздерге,

Бір - бірден менен сыйлайын.

Мүсіншілер.

Парқта қандай жыл мезгілі бейнеленген?

Бұл сурет аяқталмаған не жетіспейді?

Дұрыс айтасыңдар. Күн мен бұлтты ермексаздан жасап жапсырамыз

Дайын қағаз, қаламым , Түсті таңдап алайын .

Сары күн мен көк аспан Суретін мен саламын.

Балалар өз жұмыстарын аяқтағанша келген қонақтарға да иттің берген тапрсырмаларын айтайын.

Сіздерді балалық шақтарыңызға саяхат жасаңыздар. Сүйікті ойыншықтарым, ертегі кейіпкерлері не болмаса ең алғаш салған суреттеріңіз.

Алдарыңызда түрлі – түсті қарындаш пен қағаздар тұр.

Тәрбиеші:

Балалар шаршаған боларсыңдар.

Ендеше бойымызды сергітіп алайық

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып жұмамыз.

Мынау көкшіл қарындаш,

Мұнымен аспанды бояймыз

Мынау сары қарындаш,

Бұнымен күнді бояймыз.

Мынау қызыл қарындаш,

Бұнымен гүлді бояймыз.

Қарындашты қоямыз,

Орнымызға барамыыз.

Тәрбиеші:

Балалар , қанекей болсақ жұмысымызды әрқайсымыз көрсетіп қандай түске сурет, моншақ, мүсін жасағанымызды айтып түсіндіреміз.

Жүгіріп ит кіреді.

-Қане, балалар тапсырманы орындап болдыңдар ма?

- Әр топ өздерің орындаған тапсырмалар жайлы айтып беріңдерші.

Тәрбиеші:

Балалар, біз келген қонақтарға да тапсырма бергенбіз. Қанекей, сол кісілерді тыңдайық

Балалар қызылша мен мақтаның көмегімен гүлді бейнелейтінін білді.





Қызылшаның сөліне мақтаны батырып, гүлді бояды.







Боялған вермешелдерден моншақ жасады.






  • Қыс мезгілі.

  • Балалар ермексаздан күн мен аспанды ермексаздан жасап жапсырды.





















Тәрбиешімен бірге қайталап, қимылдар жасады.





Балалар жасаған жұмыстары туралы айтып береді.



Рефлексия

  • Балалар бізге қонаққа кім келді?

  • Балалар Жыл басы ит бізге не әкелді?

  • Қорапшаның түсі, пішіні қандай, неше қорапша,

қандай тапсырмалар болды?

  • Балалар, сендерге ұйымдастырылған оқу іс –әрекетіміз ұнады ма?

  • Балаларды мадақтау.

  • Ит: Бүгін балалар менің тапсырмамды тамаша орындады. Сендерге сыйым бар.

  • Осымен бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіміз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.

Балалар жыл басы ит, қонақтар келгенін айтты.

4 қорапша әкелді. Төртбұрыш, қызыл, сары, көк, ақ.

Сурет салу, құрастыру, жапсыру


Ұнағанын айтты







Балалар қонақтармен қоштасты.



Күтілген нәтиже:

Білуі керек: Қызылша , мақта арқылы сурет салуға болатынын.

Болуы керек: Түстер туралы түсініктер қалыптасады, ұжымдық жұмыс.

Меңгеруі: Өз бетімен бейнені бояу, жапсыру, құрастыруды.












Сіздерді балалық шақтарыңызға саяхат жасаңыздар. Сүйікті ойыншықтарым, ертегі кейіпкерлері не болмаса ең алғаш салған суреттеріңіз.

Алдарыңызда түрлі – түсті қарындаш пен қағаздар тұр.







Қызыл қорапшада

«Суретшілер» тобы

Сары қорапшада

«Құрастырушылар» тобы

Көк түсті қорапшалар

«Мүсіншілер» тобы









































Бетховен «Лунная сонатаІІ – кіші тобының тәрбиешісі Шарипказина.Д.К.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Білім беру бөлімі: Сурет, жапсыру, мүсіндеу. Дәстүрлі емес сабақ

Тақырыбы: Бояулар сыры

Мақсаты: Түстерді ажыратуға үйрету.

Білімділігі: Балаларға қылқаламсыз сурет салуға болатынын айтып түсіндіру. Бояу түстерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ұсақ қол маторикасын және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа және қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс – тәсіл: түсіндіру, сұрақ – жауап, тосын сәт, өз беттерімен жұмыс жасау.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: бояулар, дәндер, түрлі - түсті қағаздар, мата, желім, ермексаз, түйме, дайын пішіндер.

Сөздік жұмыс: шар – шарлар, моншақ

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Жылулық шеңбері:

Қуан шаттан!

Қуан шаттан!

Қуанатын күн бүгін,

Қайырлы таң,

Қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін!

Қайырлы таң достарым!

Балалар бүгінгі күніміз ерекше.

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу – іс әрекетіне қонақтар келіп қалыпты. Ендеше амандасайық.

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Тосын сәт:

Хат тасушы кіріп келді.

-Сәлеметсіздер ме

- Бұл «Қарлығаш» тобы ма?

Тәрбиеші: -ия, сіз «Қарлығаш» тобына келіп тұрсыз.

Хат тасушы:

Сендерге «Ғажайыптар әлеміннен сәлемдеме беріп жіберді, соны алып келдім. Апайларыңа беремін бірге ашып көрерсіңдер.

Хат тасушы:

Мен сәлемдемелеріңді жеткіздім тағы да сәлемдеме апаратын жерлерім бар

-Сау болыңдар!

Тәрбиеші:

Балалар бізге «Ғажайыптар әлемінен» тапсырма беріп жіберіпті.

Балалар канекей бәріміз ортаға жиналамыз.

Бізге не беріп жіберді екен бәріміз

бірге көрейік. Қорапша ішінде Қызыл, сары, көк тұмаршалар ,қызылша,мақта, марлы, әр түрлі түске боялған вермешелдер мен баулар және хат бар екен.

Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер тапсырманы орындамас бұрын қалаған түсті тұмаршаны таңдап алыңдар. Сол таңдаған түске сәйкес топқа бөлініп, тапсырмаларды орындайсыңдар. .

  • Тапсырма орындауға дайынсыңдар ма?

Ендеше алдында жатқан қызыл, сары, көк өздеріңе ұнайтын түстерді таңдап алыңдар.

-Неліктен бұл түсті таңдап алдыңдар?

Балалар үш топқа бөлінеді.

  1. Суретшілер шеберханасы.

  2. Құрастырушылар шеберханасы

  3. Мүсіншілер шеберханасы

Балалар тілек шеңберінде бір-біріне тілек білдіріп, жарқын,көңіл достық сезімін сыйлайды.









Балалар келген қонақтармен амандасады.


Балалар назар аударады, амандасады.













Балалар қоштасады.






Балалар қызығушылық танытты.


Балалар дайын екендігін айтты.

Балалар өздері таңдаған түстері бойынша отырды. Неліктен бұл түсті таңдағандарын айтты.

Ұйымдастыру – іздестіру.

Суретшілер шеберханасында қылқалам да, су бояуда жоқ екен. Ұлы суретшілер су бояу және қылқаламсыз сурет салған. Бояу түстерін таңдауды табиғаттан үйренген . Олар өсімдіктер және олардың тамырынан сан алуан бояулар жасаған.

Ендеше суретті қылқаламсыз да салуға болады екен. Қызылшаны үккіштен үгіп, марлы арқылы суын сығып, мақтаға батырып бояймыз.

Дайын қағаз, қаламым,

Бояу таңдап алайын

Қызыл гүлді қызғалдақ

Суретін мен саламын .

Құрастырушылар шеберханасына

тапсырма әртүрлі түске боялған вермешелден моншақтар жасайсыңдар.

Жасыл, сары, қызылдан,

Моншағымды құрайын.

Әдемі етіп сіздерге,

Бір - бірден менен сыйлайын.

Мүсіншілер шеберханасы.

Қатты қағазға ермексаз жағылған. Сол ермексаздың үстіне түймелерді орналастыру арқылы және дәндерден гүлдерді әсемдейміз.

Дайын қағаз, қаламым , Түсті таңдап алайын .

Сары күн мен көк аспан, Суретін мен салайын.

Балалар өз жұмыстарын аяқтағанша келген қонақтарға да тапсырма берейік.

Сіздерді балалық шақтарыңызға саяхат жасаңыздар. Сүйікті ойыншықтарым, ертегі кейіпкерлері не болмаса ең алғаш салған суреттеріңіз.

Алдарыңызда түрлі – түсті қарындаш пен қағаздар тұр.

Тәрбиеші:

Балалар , қанекей болсақ жұмысымызды әрқайсымыз көрсетіп қандай түске сурет, моншақ, мүсін жасағанымызды айтып түсіндіреміз.

Тәрбиеші:

Балалар шаршаған боларсыңдар.

Ендеше бойымызды сергітіп алайық

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып жұмамыз.

Мынау сары қарындаш,

Бұнымен күнді бояймыз.

Мынау қызыл қарындаш,

Бұнымен гүлді бояймыз.

Мынау қызыл қарындаш,

Бұнымен гүлді бояймыз.

Тәрбиеші:

Балалар, біз келген қонақтарға да тапсырма бергенбіз. Қанекей, сол кісілерді тыңдайық

Балалар қызылша мен мақтаның көмегімен гүлді бейнелейтінін білді.










Балалар ермексаздан түймелер мен дәндерден күн мен аспанды және боялған вермешелдерден моншақ жасайтынын білді











Келген қонақтарға тапсырма беру.









Балалар жасаған жұмыстары туралы айтып береді.









Тәрбиешімен бірге қайталап, қимылдар жасады.

Рефлексия

  • Балалар бізге қонаққа кім келді?

  • Балалар «Ғажайыптар әлемінен» хатшы не әкелді?

  • Қорапшада нелер, қандай тапсырмалар болды?

  • Балалар, сендерге ұйымдастырылған оқу іс –әрекетіміз ұнады ма?

  • Балаларды мадақтау.

  • Осымен бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіміз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.

Балалар хатшы, қонақтар келгенін айтты.

Қорапша әкелді

Сурет салу, құрастыру, жапсыру

Ұнағанын айтты



Балалар қонақтармен қоштасты.



Күтілген нәтиже:

Білуі керек: Қызылша , мақта арқылы сурет салуға болатынын.

Болуы керек: Түстер туралы түсініктер қалыптасады, ұжымдық жұмыс.

Меңгеруі: Өз бетімен бейнені бояу, жапсыру, құрастыруды.






























Бояулар әлеміне саяхат



Мақсаты: 1. Балаларға түстерді ажытата білуге үйрету. Сурет сала білуге ,

оны бояу білуге үйрету

2. Тіл байлығын дамыту. Сурет салуға қолдарын жаттықтыру.

Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру .

3. Өнерге деген қызығушылығын ояту . Табиғатты сүюге

тәрбиелеу

Сабақтың мазмұны :

  • Балалар сендер сиқырлы бояулар әлеміне барғыларың келе ме? Бояулар әлеміне алуан түсті боялған қызықтар болады. Осы тамаша жерге жету үшін біз мына үлкен үңгірден өтуіміз керек. (көңілді музыка)

  • Міне балалар , сиқырлы бояулар әлеміне келдік. Балалар осы сиқырлы бояулар әлеміне жер – анаға, көк аспанға, бояулар әлемінің қонақтарына, сиқырлы бояу әлеміне амандасайық.

  • Сәлеметсің бе ,Жер – ана!

  • Сәлеметсің бе ,Көк аспан!

  • Сәлеметсің бе, көк аспан қонақтары!

  • Сәлеметсің бе, бояулар әлемі!

Сиқыршы: Қош келдіңдер балалар! Мен бояулар әлемінің сиқыршысымын. Балалар сендер бояулар жөнінде не білесіңдер? Қандай өнерлерің бар? Сурет сала білесіңдер ме?

Жүргізуші: Біздің балалар өте өнерлі өлең де айтады, сурет те салады, би де билейді. Қане , балалар түрлі – түсті бояулар туралы тақпақ айтып берейікші.

Жасыл, сары, қызылдан,

Моншағымды құрайын.

Әдемі етіп сіздерге

Мен сыйлайын

Бәрімізге құрайын

Қызыл, жасыл, көк Сары бояу әкелші,

Түрлі түстер көп. Сары күнді салайын.

Жасыл бояу шөп Көп – көп бояу әкелші

Аспанымыз көк Бәрімізді салайын.




Көкшіл бояу әкелші, Дайын қағаз, қаламым,

Көк теңізді салайын. Бояу таңдап алайын.

Жасыл бояу әкелші, Ақ көгершін , көк аспан,

Жапырақты салайын. Суретін мен саламын.


Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар, енді мен сендерге сиқырлы тұмарша сыйлаймын. Бұл тұмарша сендерді әртүрлі бояулар әлеміне апарады.

Жүргізуші: Балалар сендер тұмаршаларыңның түсін білесіңдер ме? (әр баладан тұмаршаның түсін сұрау) Пішіні қандай?

  • Балалар қараңдаршы мына жақта жол жатыр. Жолдың түсі қандай? (жасыл) Олай болса, жасыл тұмарша таққан балалар жол бастасын (музыка)

  • Міне, балалар біз жасыл бояу әлеміне келдік. Мына жасыл бояудың арға жағына қалай өтсек екен? Кәне балалар «жасыл бояу ашыл» деп айтайықшы(ашылмады) қол соғайық (ашылмады)

  • Балалар мына жап – жасыл құрылдап тұрған не?

Балалар : Құрбақа ғой

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы құрбақаның аузында хат бар екен, кәне ашып көрейік. Мына қағазда жұмбақ жасырылыпты. Кәне осы жұмбақтың шешуін табайық.

  1. Жасыл болып жыпырлап өнеді

Сары болып үзіліп түседі (жапырақ).


  1. Жазды күні жап – жасыл

  2. Жердің бетін жайлайды (шөп)

(перде ашылады)

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы мына жасыл орман не деген керемет, тамаша! Балалар сендер білесіңдер ме? Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар. Көктем мезгілі екен. Көктем мезгілінде күн жылы болады, шөп өседі, гүлдер шығады. Ағаштар жапырақ жаяды екен. Кәне балалар көктем туралы қандай тақпақ білесіңдер? Кім айтады?

1 – бала 2 бала

Жасыл көктем келеді, Көлде аққу, көкте қаз,

Самал беттен өбеді. Орманда бұлбұл сайраған.

Көкте бұлт көбейсе, Көптен күткен көктем кеп,

Мөлдір жаңбыр төгеді. Құлпырып дала жайнаған

Жүргізуші: Балалар мына жерде өсіп тұрған не екен?

Балалар: Жапырақ

Жүргізуші: Мына сиқырлы орманда аққайыңның жапырағы жоқ. Кәне балалар аққайыңға сиқырлы жапырақ салып берейікші. Біздің орманымызда тағы не жетіспейді? Жерде шөп жоқ екен. Олай б болса ұлдар сиқырлы шөп салсын, қыздараққайыңға сиқырлы жапырақ берсін, (сурет салу)

Жүргізуші: Қәне балалар құрбақаны ортаға шығарып бір ойын ойнайық.

Қош бол жасыл орман

Жүргізуші: Міне балалар мұнда тағы да бір жол жатыр. Жолдың түсі қандай? (қызыл)

Олай болса қызыл тұмаршасы бар балалар жол бастасын. Қызыл түсті бояудың арға жағына қалай өтсек екен. Қәне қолымызды соғып көрейік. Қәне қолымызды соғып көрейік (ашылмады) Не істесек екен. Мына жерде ілінулі тұрған не екен (перде ашылады)


Жүргізуші: Міне балалар біз қызыл гүлдер әлеміне келдік. Қызыл гүлдер көңілсіз әдемі болмай тұр. Балалар гүлдерді әсемдейік, әдемілейікші, жайқалып өссін. Қызыл гүлдердің көңілін көтеріп «Гүлдер» биін билеп берсін. Ал, жігіттер сендер гүлдің күлтешелерін әдемілеп, әсемдеңдер

  • Міне балалар гүлдеріміз әдемі болып құлпырып шыға келді. Балалар гүлдеріміз әрқашанда жайқалып, әдемі болып өсу үшін «сиқырлы су » шашайық

  • Мынаны қараңдар тағы да бір жол жатыр . түсі қандай? (сары) сары тұмаршасы бар балалар жол бастасын (сиқырлы таяқша тауып алу) бұл сиқырлы таяқша мен сары бояудың арғы жағына өтеміз 1,2,3 сары бояу ашыл (перде ашылады)

  • Жүргізуші:

  • Шуақ шашып.

Күліп шықты алтын күн.

Қуанайық, шаттанайық,

Жылуыңды шаша берші.Күн ана!

Күн: Сәлеметсіндер ме балалар! Сендер сары түсті бояулар әлеміне келдіңдер. Естіп жатырмын, сендер бояулар әлеміне саяхаттап жүр екенсіңдер. Әр бояу әлеміне көмек көрсетіп, көңілдерін көтеріп жүр екенсіңдер. Ризамын. Енді маған көмектерің қажет болып тұр. Менің кішкентай күншуақтарым адасып кетті, соны тауып бересіңдер ме

Жүргізуші: Қәне балалар күн анаға көмектесейік. Күн шуақтар міне мынандай болады.Қане іздейік (табылған күн шуақтарды күнге әкеліп жапсыру)

Күн: Рахмет сендерге балалар, мейірімді, еңбекқор екенсіңдер. Енді менің сендерге арналған сыйлығым бар.

Жүргізуші: Күн ана бізге мына ақ қағазды бояп көріңдер . Боялған қағаздардан әр түрлі сиқырлы сыйлықтар шығады дейді. Менен алманың суреті шықты. Қәне бәріміз бояуға кірісейік

Күн ана: Тоқтаңдар, тоқтаңдар, балалар, мен сендерге тағы да сыйлығым бар. Міне мына шарларды қабыл алыңдар.(шарлар ұшады)


Рахмет саған Күн ана !Сыйлығыңыз бізге ұнады Сау болыңыз






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ашық сабақ: бояулар сыры

Автор: Шарипказина Динара Кабдолдановна

Дата: 13.04.2018

Номер свидетельства: 466100

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Бояулар сыр шертеді Ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(35) "boiaular-syr-shiertiedi-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "168694"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423286952"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""Киіз ?й" ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(19) "kiiz-ui-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "306834"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458208375"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""Киіз ?й" ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(21) "kiiz-ui-ashyk-sabak-1"
    ["file_id"] => string(6) "306835"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458208382"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(141) ""Отбасы - ?мір аясы" ?зін-?зі тану п?нінен 11-сынып?а арнал?ан ашы? саба? ?зірлемесі"
    ["seo_title"] => string(71) "otbasyomiraiasyozinozitanupninien11synypkaarnalganashyksabakzirliemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "319901"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460974832"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Сырма?ты оюлап сыру ?дісі."
    ["seo_title"] => string(22) "syrmaktyoiulapsyrudisi"
    ["file_id"] => string(6) "321538"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461314714"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства