kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ «Бағдаршам біздің досымыз» (кіріктірілген сабақ)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Бағдаршам»

Мақсаты: Балаларды жол ережесін, белгілерін есте ұстай білуге үйрету.

Білімділік:

1. Бағдаршам көше реттеушісі екендігі туралы білімдерін бекіту.

2. Түстер мен пішіндер туралы түсініктерін бекіту.

3. Қайшы және қылқаламмен  дұрыс жұмыс жасауға кеңістікте пішіндерді   

    дұрыс орналастыра білулерін бекіту.

4. Көркем сөзді қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік:

1.    Көше тәртібін сақтауға, байқағыштыққа, қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

2.    Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

3.    Ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:

1.    Зейінін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

2.    Көру арқылы өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру.

3.    Өлең шумақтарын мәнерлеп айтуға дағдыландыру

Түзетушілік:

1.    Сөздік қорларын молайту, белсендендіру

2.    Дыбыстау қабілетін жетілдіру, дыбыстар қатарын дұрыс айтуға жаттықтыру

3.    Сұраққа толық  сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру

4.    Ұсақ қол моторикаларын  дамыту.

Қостілділік: бағдаршам - light, қызыл - red, сары - yellow, жасыл - green

Әдіс- тәсілдері: Шаттық шеңбері, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, сюжетті суретті қарастыру, сұрақ -жауап, ойындық, көркем сөз, 

                            мадақтау.

Алдын ала жұмыс: Бағдаршам, көше ережелері туралы әңгімелесу. Бағдаршам туралы жұмбақтар мен тақпақтар айту.

                                    Балабақшадан тыс ата -аналарға көшедегі бағдаршам жұмысын баласымен бірге бақылауды ұсыну.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ «Бағдаршам біздің досымыз» (кіріктірілген сабақ)»

«№ 26 сәбилер бақшасы» МҚКК






АШЫҚ КӨРСЕТІЛІМ


«Бағдаршам біздің досымыз»


(кіріктірілген сабақ)


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Бағдаршам»

Мақсаты: Балаларды жол ережесін, белгілерін есте ұстай білуге үйрету.

Білімділік:

1. Бағдаршам көше реттеушісі екендігі туралы білімдерін бекіту.

2. Түстер мен пішіндер туралы түсініктерін бекіту.

3. Қайшы және қылқаламмен дұрыс жұмыс жасауға кеңістікте пішіндерді

дұрыс орналастыра білулерін бекіту.

4. Көркем сөзді қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік:

  1. Көше тәртібін сақтауға, байқағыштыққа, қамқорлыққа , жанашырлыққа тәрбиелеу.

  2. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

  3. Ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:

  1. Зейінін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

  2. Көру арқылы өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру.

  3. Өлең шумақтарын мәнерлеп айтуға дағдыландыру

Түзетушілік:

  1. Сөздік қорларын молайту, белсендендіру

  2. Дыбыстау қабілетін жетілдіру, дыбыстар қатарын дұрыс айтуға жаттықтыру

  3. Сұраққа толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру

  4. Ұсақ қол моторикаларын дамыту.

Қостілділік: бағдаршам - light, қызыл - red, сары - yellow, жасыл - green

Әдіс- тәсілдері: Шаттық шеңбері, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, сюжетті суретті қарастыру, сұрақ -жауап, ойындық, көркем сөз,

мадақтау.

Алдын ала жұмыс: Бағдаршам, көше ережелері туралы әңгімелесу. Бағдаршам туралы жұмбақтар мен тақпақтар айту.

Балабақшадан тыс ата -аналарға көшедегі бағдаршам жұмысын баласымен бірге бақылауды ұсыну.




Сабақтың негізгі мақсаттары:

Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Ойын – сабақтың мазмұныны қарай танымдық, дамытушы ойындарды, заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажаратуға және оны танып білуге үйретеді.
































Басты міндеттері:

  • өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғымын кеңейту;

  • патриоттық сезімін арттыру;

  • ұлттық тәрбиеге ықылас қою.

Сабақтың әдіс-тәсілі:

  • бағдаршам, жол ережесі жөнінде мағлұмат беру,

  • тақырып бойынша сұрақтар – жауаптар,

  • дидактикалық материалдарды, көрнекілікті тиімді пайдалану,

  • бой сергіту жаттығулары

  • сабақты жүйелеп, тиянақтап, білімдерін бекіту.

Сабақтың көрнекілігі:

Бағдаршам, таспа, қатырма түрлі-түсті қағаздар, желім, ойыншықтар (машина, автобус, жедел жәрдем, өрт сөндіруші машина) т.б. қажетті құралдарды пайдалану.


Сабақтың өтілу барысы:


Тәрбиеші: Балалар, шаттық шеңбері бойында бір-бірімізге жылы тілек айтайық.


Балалар:

Еліміз аман болсын!

Аспан ашық болсын!

Береке бірлік болсын!

Ақылды, тәртіпті болайық!

Үлкендерді сыйлайық!

Күн сәулесін шашайық!

Бәріміз дос болайық!

Тәрбиеші: - Балалар, қараңдаршы бізге бүгін көп қонақтар келіп отыр екен, ал қонақтармен біріншіден не істеуіміз керек?


Балалар: Амандасу


Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, амандасуымыз керек. Ендіше бәріміз бірге амандасайықшы.


Сәлемдесу:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал кәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздерме қонақтар!

Тәрбиеші:

  • Балалар, таңертең балабақшаға келерде ауа райы қандай болды? Не байқадыңдар?

  • Балалар, дұрыс айтасыңдар, таңертеңгі кез салқындау болады.

  • Ал сендер балабақшаға немен келдіңдер?

  • Балалар, сендер білесіңдер ме көлікті жүргізу үшін өзіне тән ережелері бар, оларды «Жол жүру ережелері» деп атайды. Жол жүру ережелерін реттеп тұратын «Бағдаршам» екен.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз сендермен бірге «Жол атасы - бағдаршам» тақырыбын ашамыз. Балалар алғашқы бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болған, оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. 1914 жылы Американың Клевлену қаласында, сосын Нью-Йорк қалаларында пайда болады. Бұл бағдаршам екі түсті (қызыл. жасыл) электрлі бағдаршам болды.

Тәрбиеші: Балалар бағдаршам алғашқы кезде қанша түсті болыпты?

Балалар: Екі түсті.

Тәрбиеші: Қандай түсті?

Балалар: Қызыл, жасыл түсті.

Тәрбиеші: Ал біздің қаламыздың көшелеріндегі бағдаршамның неше көзі бар?

Балалар: Үш көзді жасыл, қызыл, сары.

Тәрбиеші: Шетелдердегі бағдаршамға – 131 жыл болыпты, ал біздің бағдаршамға – 75 жылдай болыпты.

Айтмагамед: Ол кәрі ата сияқты екен.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасың, «Бағдаршам – жол атасы» деп бүгінгі сабағымызды тегінен – тегін атамадық.


Сабақты одан әрі белсенділік орталықтарында жалғастырады. Жеке-жеке орталықтарға жұмыс тапсырылады.


Өнер орталығы: балалар бағдаршамның суретін салып, түрлі-түсті қарындаштармен бояйды.


Құрылыс орталығы: түрлі-түсті қағаздан бағдаршамның үш түрлі көзін кесіп, бағдаршам жасайды.

Сергіту жаттығуы:

Кәне,кәне тұрайық,

Қанат жазып алайық,

Алақанды ұрайық,

Отырып бір тұрайық.


Тәрбиеші: Балалар, сендер бәрін білесіңдер данышпансыңдар. Менің жұмбақ жасырғым келіп тұр. Зейін қойып тыңдалық!

Ақ пен қара сызығы,

Жолақ- жолақ сызылған

Адамға жоқ зияны

Аямапты ақ пен қара сияны

Ол қандай жануар, Сафариде жайылған?

Балалар: Ол «зебра» деген жануар.

Тәрбиеші: Данышпандарым, дұрыс айтасыңдар. Сол зебра жануарының үстіндегі ақ, қара жолақтары сияқты қаламыздың көшелерінде жаяу адамдарға, яғни, жолаушылар жүретін «зебра жол» деп аталатын арнайы жолаушыларға арналған жол бар. Қараңдаршы ұқсайды ма?

Салыстыру жұмысы. (көшедегі жолақ сызығы бар суретті және зебра жануарының суреті)

Тәрбиеші: зебра жолымен жүргіншілер жүреді. Ал жүргіншілер үшін жол қозғалысының арнайы ережелері бар. Кәне зейін салып тыңдайық.

Дархан:

Қала мен оның көшесінде,

Жүрмейді тек алаңсыз.

Ережесін білмесең,

Түседі қайғы амалсыз.

Айда:

Сақтық ойлар әрдайым,

Кеудесінде жаны бар.

Жүргінші мен жүргізушінің

Өзіне тән заңы бар.


Балаларды қатар-қатарға тұрғызып, желілі-рольді орталығындағы балалар сахналық көрініс қояды.

Сюжеті: Дәулет С – жеңіл машинасы

Дархан жедел жәрдем машинасы

Бекарыс – бағдаршам

Жадыра, Айнар, Аңсат, Айтмагамед, Мұстафа – жолаушылар болады.

Балалар белгіленген орындарға барып тұрады. Көше қиылысы машиналар зуылдап өтіп жатыр, жолаушылар бағдаршамға қарап тосып тұр. Дәл сол кезде жедел жәрдем машинасының сиренасы естіледі.

Тәрбиеші: Балалар, мынау қай көліктің дауысы?

Балалар: Жедел жәрдем

Тәрбиеші: Ойпыр-ай, енді қай көлікті бірінші жібереміз?

Балалар: Жедел жәрдем машинасын жібереміз.

Тәрбиеші: Неге?

Балалар: Жедел жәрдем машинасында ауырып жатқан кісі бар.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жедел жәрдем машинасын бірінші жіберу керек. Себебі, олар адам өмірін құтқаруға асығып барады.

Сахналық көріністі өз желісімен жинақтап, аяқтау.

Балалардың еңбектерін бағалау, сәтті шыққан жұмыстарға назар аударып, мадақтайды. Сөзі анық, мәнін мазмұнды айтқан, сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.


Тәрбиеші бағдаршамға арналған өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын талдау.

Бағдаршам. Жасыл жанды.

Өте бер бағың жанды.

Ал егер сары жанса,

Кідір тұр, жолды байқа!

Қызыл жанды қып-қызыл от сияқты

Қолыңды күйдіретін шоқ сияқты

Бағдаршамды әрқашан есте сақта!

Қызыл түс жанғанда аялда, тоқта!

Қызыл – байқа, машина жоқ па?

Сары – қозғалма, асықпа, тоқта!

Жасыл – жол сенікі осыны есінде сақта!


Тәрбиеші бағдаршамның үш түсті көзінің атқаратын қызметін 2-3 балаға қайталатқызып айтқызады.



Тәрбиеші: Ал, енді мен сендерге жұмбақ жасырып берейінші.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма, аспанға

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба!

Көзін ашып – жұмады,

Бағыт сілтіп тұрады,

Расында да, бұл не балалар?


Сабақты қорытындылау. Балалардың жол жүру ережелері туралы білімдерін жинақтап, әңгімелеп беруге дағдыландыру.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ «Бағдаршам біздің досымыз» (кіріктірілген сабақ)

Автор: Батталова Жанар Аркадьевна

Дата: 13.11.2016

Номер свидетельства: 358590

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Ашы? саба?   «? дыбысы мен ?рпі»"
    ["seo_title"] => string(24) "ashyksabakudybysymienrpi"
    ["file_id"] => string(6) "299033"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456425586"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Гүлдер біздің досымыз"
    ["seo_title"] => string(21) "gulder_bizdin_dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "525818"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1572972046"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(15) "Х дыбысы"
    ["seo_title"] => string(8) "khdybysy"
    ["file_id"] => string(6) "261342"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449122199"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(15) "Х дыбысы"
    ["seo_title"] => string(9) "khdybysy1"
    ["file_id"] => string(6) "261343"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449122207"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства