Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Білім саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Гүлдер-біздің досымыз
Мақсаты: Гүлдердің түрлерімен таныстырып, оларды ажырата және түстерін атай білуге үйрету. Тақпақ, жаттығулар арқылы сөздік қорларын дамыту. Гүлдерді аялай білуге әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бәйшешек, қызғалдақ, бақбақ гүлдері, көктем суреті
Әдіс-тәсілі: көрсету, сұрақ-жауап, тақпақ, шаттық шеңбері,тіл ұстарту жаттығуы, сергіту сәті, ойын.
Сөздік жұмыс: күлте, сабақ, жапырақ
Билингвалды компонент: гүлдер-цветы-flowers
Әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбері: Қуанамын менде Қуанасың сенде Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге -Балалар, қазір қай мезгіл? Далада нелер өседі? | Шеңберге тұрып барлығы бірге қайталайды. -Көктем мезгілі. Күн жылынады. Құстар ұшып келеді. - Гүл, шөп |
Іздену ұйымдастырушылық | -Дұрыс айтасыңдар. Бізге сыйлыққа гүлдер жіберіпті.Қараңдаршы, қандай әдемі гүлдер! - Бақбақ, қызғалдақ, бәйшешек. Бәйшешек-көктемнің алғашқы гүлі, күлтесі ақ, жапырағы жасыл, ұзын. Қызғалдақ гүлінің күлтесі қызыл,жапырағы жасыл, сопақша. Бақбақ гүлінің күлтесі сары болады. Гүлдердің күлтесі, сабағы, жапырағы болады. Гүлдерді туған күнде, мерекелерде сыйлайды. Гүлдерді жұлуға болмайды. Гүлдер-біздің досымыз. Сөздік жұмыстар: күлте,сабақ, жапырақ Гүлдер туралы тақпақтарыңды айтып беріңдерші. Түрлі түсті әйбат Бәйшешектен білеміз
Сергіту сәті: «Қызыл гүлім-ай» анимациясымен бірге қимылдарды келтіру. Тіл ұстарту жаттығуы: Шек-шек-шек-бәйшешек Дақ-дақ-дақ-қызғалдақ Ақ-ақ-ақ-бақбақ « Жапырағына сәйкес гүлді тап» ойынын ойнайық. Шарты: әр гүлдердің жапырақтары берілген. Сол жапыраққа сәйкес гүлдерді тауып қояды.Балалар таңырқай қарайды. | -Гүлдер Бақбақ, қызғалдақ, бәйшешек қайталайды. Балалар мұқият тыңдайды. Балалар бірге қайталайды. Мағжан Дарина Аяжан Балалар қимылды бірге қайталайды. Балалар бірге қайталайды. Ойынды қызыға ойнайды |
Рефлексивті корригиялық | -Қандай гүлдермен таныстық? -Түстері қандай? Балаларды мақтау. | -Бәйшешек, қызғалдақ, бақбақ. -Ақ, сары, қызыл. Қуанады. |
Предмет: Дошкольное образование
Категория: Уроки
Целевая
аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт