kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ "Алтын жұмыртқа"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ құрылымы бала деңгейіне сай құрылып, жасалған. Басқа пәндермен байланыстырылып, жан-жақты қамтылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Алтын жұмыртқа"»





АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Алтын жұмыртқа»

/ ойын – сабақ /















Өткізген: Бокашева А.Г.











2013-2014 оқу жылы



Тақырыбы: «Алтын жұмыртқа»

Мақсаты: Балалардың музыка арқылы эстетикалық сезімін қалыптастыру, үстел - үсті театры арқылы ертегіні баяндау, сұрақ-жауап арқылы балалардың сөйлеуін, тілдерінің дұрыс жетілуіне ықпал ету. Нота сызығымен, скрипка кілтімен таныстыру.

Балалардың есте сақтау шеберлігін дамыту, музыканың көңіл-күйін, темпін, мінезін дыбыстық динамикасын анықтауды үйрету.

Балалардың музыкаға деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру. Мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.


Әдіс-тәсілі: Ғажайып сәт, ой - қозғау, түсіндіру, көрсету сұрақ -

жауап, ойын жаттығу. Музыка дыбыстарын ажырату .


Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің макеті, үлестірмелі карточкалар, музыкалық

аспаптар, балапан, қонжық, жұмыртқа, сөзуар мысық, құрастырма қағаздар.

Ұйымдастыру кезеңі :

Балалар ән- күй залына марш ырғағымен кіреді, бірнеше жаттығулар жасап, шеңберге тұрады.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар?

  • Сәлеметсіз бе?!

  • Балалар жан-жағымызға қарайықшы., кімдерді көріп тұрсыңдар?

  • Қонақтарды.

  • Дұрыс, біздің ойын-сабағымызға көптеген қонатар келіп отыр екен. Ендеше, қонақтармен амандасып алайық.

  • Күн шығыпты алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң! Қайырлы таң!

Күліп шықты күн бүгін.

Сәлеметсіңдер ме?!

Бәріміз күндей жарқырайық,

Бәріміз тату болайық

Қонақтармен амандасып алайық.

- Жарайсыңдар, балалар! Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде қандай өзгерістер байқадыңдар, қандай ерекшелігі бар?
- Күн салқындап келеді, ағаштардың жапырақтары сарғайып, түсіп жатыр, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жауын да көп жауады, жемістер піседі.
- Сонымен қатар, қарттар күні мерекесі, ұстаздар күні мерекесі, алтын күз мерекелерін тойлап жытырмыз.
- Ия, тіршіліктің бәрі қысқа дайындалып, құстар кетіп, адамдар қыс азығын жинайды екен.

- Балалар, сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Торғай, қарға, тауық, үйрек, қаз.

- Ия, дұрыс. Бұл құстар жылы жаққа ұшып кетпейді.
- Тауық үй құсына жатады. Тауық не шығарады?
- Жұмыртқа шығарады.

- Жұмыртқадан не шығады?

- Балапан. /Сол кезде бөлменің ар жағынана жылаған дайыу естіледі. /
- Ненің дауысы? Біреу жылап тұрған секілді. Қане, Жеңісбек қарап келе қойшы. Жеңісбекпен бірге жылап балапан келеді. Қолында ішінде ноталары толған себет бар. ---- Сәлеметсіз бе, балапан? Неге жылап тұрсың?

- Мен сендер сияқта ән айтып, би билегім келеді. Ал маған олай жасауға қиын. Мына тізбектегі ноталарым шашылып қалыпты. Соған көмектесіңдерші.

- Жарайды, балапан. Біздің балалар сеннен көмегін аямайды. Бәріміз көмектесеміз ба, балалар?

- Ия.

- Қане, балапан. Жасырылған тапсырмаларыңды кезек-кезек ашық қарайық. Балалар саған көмектесуге дайын.

1 тапсырма – «Дауысқа жаттығу жасау».

Музыка жетекшісі балаларға заттық мағынасын айтады, ал балалар сәйкес дыбыстайды. Теңіз – ш, ш, ш, ш, ш.

Ара – з, з, з, з, з.

Сағат – тық, тық, тық, тық.

Орманда дасып қалған адам – ау-у, ау-у, ау-у.

-Жарайсыңдар, балалар. Алғашқы тапсырманы орындадық.

Мына нотаны орнына орналастырайық.

2 тапсырма – «Ән айту».

Ән – «Алтын күз». Сүйемелдеуші саз жетекшісі, орындайтын – балалар.

Балапан тапсырмалар орындалған сайын арасында қуанып, балаларға алғысын білдіріп қояды.

3 тапсырма – «Күн мен бұлт» ойыны

-Балалар, бізге мына тапсырмада ойын ойнауға беріпті. Қане, бәріңе күн мен бұлттың суреттері бар карточкалар таратамын. Сендер осы сурет арқылы қосылып тұрған музыканы тыңдап, көңілді, көтеріңкі болса – күнді, мұңды, жай болса – бұлтты көрсетіңдер. Музыка қосылып, ойын басталды. Ойынға балалар тегіс қатысады.

4 тапсырма – «Қара жорға» биін билеу.

  • Ал балалар, бізге ол би таныс. Өзіміздің ұлттық биіміз. Ол үшін бізге әуен керек қой. Қайдан тапсақ екен-а?

Балапан: менің мысығым бар. Ол өлеңді өте тамаша айтады. Қазір шақырайын.

  • Сәлеметсің бе? Сәлеметсің бе?! Сөзуар мысық «Қара жорға» әнін орындап береді. Балалар билеп береді. Нота орнына салынады.

  • Балалар келесі тапсырманы сөзуар мысыққа оқытайық.


5 тапсырма – «Ертегі сахналау».

  • Рахмет мысық. Балалар, біз осы балабақшаға келгелі бірнеше ертегімен танысып, сахналадық? Енді қазір сіздерді қуыршақ театрына шақырамыз. Ортада Нұрислам мен санжар.

  • Балалар ертегі не туралы екен?
    Алтын жұмыртқа туралы.
    Ертегіде тағы қандай кейіпкерлер бар?
    Ата, әже, тышқан, тауық бар.

  • Дұрыс, ертігіні біздің балалар керемет орындады. Енді, келесі тапсырманы ашып қарайық.


6 тапсырма – «Қонжықты қарсы алу».

Ендеше ортамыздан бір бала қонжық болсын. Ойын шарты: қонжық ортада көзін жұмып айналасында айналып жүрген балалардың біреуіне барып, кім екенін айтады. Содан кейін сол баламен ортада билейді. Ойын әрі қарай жалғаса береді.


7 тапсырма – «Жұмбақ шешу, құрастыру».

Балалар балапан сендерге жұмбақ жасырмақшы. Және ортаға шығып бір затты құрастырып, көлемі жағынан ретімен орналастырамыз.

Айналада ақ отау,

Аузы, мұрны жоқ отау.

Ол не? Жұмыртқа. Дұрыс-ақ, балалар. Ендеше мына конвертті ашып, ішіндегі құрастырма қағаздарды біріктіріңдер. / Балалар суретті біріктіріп, тақтаға жұмыртқаның бейнесін рет-ретімен орналастырады. Ал қалған балалар шеңберге тұруға дайындық жасайды /
- Рахмет, сендерге балалар! Мен қуанып қалдым. Сендер маған көп көмектестіңдер. Менің анам сендерге өзінің сыйлығын беріп жіберді. / Балаларға сырты алтындалып боялған жұмыртқа таратылады /
- Балалар, сендерге мына балапан риза болып қалды, сендер өздеріңнің жақсы, ақылды балалар екендеріңді көрсеттіңдер, енді балапан мен бірге би билейік.

Би: «Шөжелерім».
Балалар балапанның көрсеткен қимылымен би билеп, сол балапанның соңынан еріп, залдан шығып кетеді.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ашық сабақ "Алтын жұмыртқа"

Автор: Бокашева Ақбота Гафурқызы

Дата: 01.02.2017

Номер свидетельства: 386643

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Ашық сабақ "Алтын жұмыртқа""
    ["seo_title"] => string(31) "ashyk_sabak_altyn_zhu_myrtk_a_1"
    ["file_id"] => string(6) "388411"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486373428"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""?й ??стары" ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(19) "uikustaryashyksabak"
    ["file_id"] => string(6) "281524"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453546252"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Ашық сабақ: Айналамен танысу. Тақырыбы: Үй құстары"
    ["seo_title"] => string(52) "ashyk_sabak_ainalamien_tanysu_tak_yryby_ui_k_u_stary"
    ["file_id"] => string(6) "405408"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490954312"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Ашы? саба? Б?йтерек"
    ["seo_title"] => string(19) "ashyksabakbitieriek"
    ["file_id"] => string(6) "294966"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455769394"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Ашы? саба?: Физикалы? ж?не химиялы? ??былыстар"
    ["seo_title"] => string(44) "ashyksabakfizikalykzhniekhimiialykkubylystar"
    ["file_id"] => string(6) "279710"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453283705"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства