Тәрбиеші балалармен жол картасын ортаға салып анықтайды, балалар картаға жақсылап қараңдаршы: «Мына кірпіштер мен пирамидалар неге ұқсайды?» (Тәрбиешінің көмегімен) Тәрбиеші: Балалар ағаштар мен бұталарды қалай ажыратуға болады? Тәрбиеші (өзі түсіндіреді) Үлкен суретте ағаштар мен бұталардың суреттері. Ағаштар қандай? (биік) бұталар қандай? (аласа) Ағаштарда үлкен бір діні болады (көрсетеді) діннің сыртында қабығы болады, діні жуан; ал бұтақта діні бір неше болады, діні жіңішке болады. Суретке назарларын аударып Мынау шырша, мынау терек, мынау қайын. Шыршада инелері болады, ал ағашта не болады? Бұталардың жапырақтары қандай? Балалар ойланып жауап береді. Ағаштарды күту тәртібі мен ережелерімен таныстырады. Мақал-мәтел: «Бір ағаш кессең-он ағаш ек» (түсіндіреді) Дидактикалық ойын: «Дұрыс таңда» Мақсаты: Ағаштарды танып, атай білуге үйрету. Құралдар: шырша, қайын, терек суреттері. Шарты: Ағаш макетіне ағаштын суреттері орналастырылынады, ал бұталардың макетіне бұталардың суреттері орналастырылынады. Балалар өз бетінше суреттеріне қарап тиісті макетке орналастырып түсіндіреді. Дидактиалық жаттығу: «Біздің жер телімімізде қандай ағаштар өседі». Жер телімімінде өсіп тұрған ағаштарды суреттерден тауып айтады, көрсетеді. Сергіту: Дидактикалық жаттығу: «Дұрыс Бұрыс» Сұрақтарды тындай отыра, жауап беру керек. Дұрыс бұрыс сөздерін жауаптарына байланыстырып айту керек. Балаларға сұрақтар: Ағаштарды суару керек Балалар керек (Дұрыс) Сеңдер ағаштың жапырақтарын жұласыңдар ма? Жоқ (Бұрыс) Ағаштар көп болған дұрыс па? Дұрыс Тәрбиеші: балаларға жұмбақ жасырады: Қозғалмай бір орында қарап тұрар, Адамның қажетіне жарап тұрар. Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп, Және де көбеймекке талап қылар. (Ағаш) Жазда жайнайды, Күзде жайрайды. (Ағаш жапырағы) Үстелдің үстінде жатқан жапырақтарға қарап: «Мынау не деген жапырақтар?» Дидактикалық жаттығу: «Қай ағаштын жапырағы?» Мақсаты: кеңістікті бағдарлай отыра, әр өсімдіктердің жапырақтарын табуға үйрету. Құралдар: ағаштардың жапырақтары, шыршаның інелері Шарты: балалардың көз алдарында қайын, терек, шырша ағаштары ілініп тұрады. Балаларға жапырақтар таратылады. Тәрбиеші белгі беріп балалар тиісті ағашқа жүгіріп бару керек. Тәрбиеші: балалар тиынға бәрін дұрыс айтып бердіңдер, енді тиын қоянның үйіне жолды табады ма? Балалар иә табады. Мына тәтті бауырсақтарды қоропшаға салып жол картасымен жіберейік Тәрбиеші (балаларға көрсетіп) қоропшаға жол картасы мен тәтті бауырсақтарды салғанын көрсетеді. | Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. Балалар: кірпіштер ағаштарға, пирамида шыршаға, ұқсайды деп айтады. Балалар ойланады Балалар ағаштарда жапырақтар болады. Тыңдайды, есіне сақтайды. Ойын шартын түсініп ойнайды. Ағаштардың суреттеріне қарап анықтайды, керекті суретті тауып алады (атауын айтады) Балалар допты алған сайын жауап береді Балалар керек (Дұрыс) Жоқ (Бұрыс) Дұрыс Мағынасын түсінуге үйренеді Балалар белгіні естіп, әр қайсысы өз ағашына барады. Шығармащылық орталығындағы балалар мүсіндеген бауырсақтарын әкеліп көрсетеді, түсіндіреді. |