kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық оқу қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

ашық оқу қызметі ортаңғы топ үшін "Нан дастарханға қалай келеді"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық оқу қызметі»

Білім беру саласы «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Еңбектің наны тәтті»

Білімділік міндеті: Еңбектің адам өміріндегі мәні , нанның бидайдан жасалатыны, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетіні, бидайдың құндылығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық міндеті: «Нан қайдан келеді»? ертегісінің желісі бойынша тапсырмалар орындап, түсіндіру барысында ой-өрісін, сөздік қорын, еңбекке деген қызығушылықтарын, сөйлеу тілдерін дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Нанды қадірлеуге, қастерлеуге, нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін қалыптастырып, үлкендер еңбегін бағалай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

ҰОҚ түрі: саяхат
Әдіс - тәсілі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта.

Тілдің үштұғырлығы: бидай-пшеница- wheat, нан-хлеб- bread.

Іс әрекет кезеңдері

Оқу қызметінің жүргізілу барысы


Мотивациялық қозғаушылық

Жылулық шеңбері.Амандасу үш тілде

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілейміз тыныштық,

Ашық болсын көк аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.


Тәрбиеші:Рахмет балалар, енді бәріміз орнымызға отырайық.Балалар, айтыңдаршы, сендер дастарқанға отырған кезде ең бірінші қай тағамға қол созасыңдар? (балалардың жауабы)

Дастарқандағы ең қасиетті тағамдардың бірі ол-нан.

Себебі нан дастарқанға оңай жолмен келмейді, үлкен еңбекпен келеді.Бүгінгі оқу қызметімізде нанның дастарқанға келу жолы туралы әңгімелесеміз.

Ұйымдастырушылық ізденістік


































































































































Рефлексивті

түзетушілік

Ғажайып сәт:

(Тышқанның келуі)

Тышқан: Неткен хош иіс,бұл ненің иісі?(жан-жағына қарап иіскеп)

Тәрбиеші: Балалар, бұл кім екен?

(балалардың жауабы)

. Тәрбиеші:Сәлеметсің бе,Тышқан? Сен қайдан жүрсің?

Тышқан:Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Тышқан:Мына хош иіс қайдан шығатынын білгім келеді.

Тәрбиеші:Тышқан,менің бір шартым бар.Мен саған жұмбақ жасырамын,егер де шешімін тапсаң, бұл ненің иісі екенін саған айтамыз.Солай ма, балалар?

Жұмбақ:
Күрең қызыл түсi бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар. ( нан)

Тышқан сәл ойланып тұрып, жауап береді.

Тышқан: Бұл нан ғой!

Тәрбиеші:Дұрыс айтасың,тышқан.Бұл нанның иісі.Балалар, нан сөзін біз орыс тілінде хлеб , ал ағылшын тілінде брэд деп атаймыз.

Тышқан:Балалар, сендер маған нанның қайдан келетінін білуге көмектесе аласыңдар ма?

(иә, көмектесеміз)

Тәрбиеші: Ендеше Тышқанмен бірге нанның қайдан келетінін білу үшін саяхатқа шығамыз.

Саяхатымызды нан дүкенінен бастайық.

-Балалар,саяхатқа қандай көлікпен барамыз? (автобуспен)

(автобустың дауысы естіледі)

Тәрбиеші:Біздің бірінші аялдамамыз – «Нан дүкені». Міне біз нан дүкеніне де келдік.

Тышқан:Сатушы, сатушы нан қайдан келді?

Сатушы:Маған тақпақ айтып берсеңдер, нанның қайдан келгенін айтамын.(балалар тақпақтар айтады)

Сатушы:Рахмет, балалар!Нанның маған қайдан келетінін наубайшыдан сұраңдар.

Тәрбиеші:Біздің келесі аялдамамыз-«Наубайхана.»

Тәрбиеші:Міне, наубайханаға да келдік.

Тышқан:Наубайшы, наубайшы, нан саған қайдан келді?

Наубайшы:Сендер маған мақал-мәтел айтып берсеңдер, нанның қайдан келгенін айтайын.

( балалар мақал-мәтелдер айтады)

Наубайшы:Рахмет, балалар! Мақал-мәтелді көп біледі екенсіңдер.Нан маған диірменнен ұн болып келді.Сол ұннан қамыр илеп, пешке нан пісірдім.Піскен нанды дүкенге жібердім..

Тәрбиеші: Рахмет,наубайшы! Біздің келесі аялдамамыз-«Диірмен»

Тәрбиеші: Міне, біз диірменге де келдік.

Тышқан:Диірменші, диірменші, сен ұнды қайдан алдың?

Диірменші:Сендер маған жаңылтпаш айтып берсеңдер, айтайын. (жаңылтпаштар айтады)

Диірменші:Рахмет, балалар! Мен ұнды бидайдан алдым.

Тышқан:Ал бидайды қайдан алдың?

Диірменші:Қырманшыдан сұраңдар.

Тәрбиеші: Балалар, сендер саяхатқа шығамыз деп шаршап қалыпсыңдар.Қанеки, орнымыздан тұрып, бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Көктемде жерді жыртамыз,

Тегістейміз тырмалап.

Дәндерді оған егеміз,

Жайқалып көктеп шықсын деп.

Күз болғанда орамыз,

Нанға біздер тоямыз.

Енді қайтадан көлігімізге отырып,саяхатымызды жалғастырайық..(автобустың дауысы)

Тәрбиеші:Біздің келесі аялдамамыз-«Қырман» ..(автобустың дауысы)

Тәрбиеші: Міне біз қырманға да келдік.

Тышқан:Қырманшы, Қырманшы сен бидайды қайдан алдың?

Қырманшы: Мен сендерге жұмбақ жасырамын,

Шешуін тапсаңдар айтайын.

Ұзын  мұртты  сарылыр
Қойынында  дәні  бар.  (Бидай)

Балалар жұмбақты шешеді.

Қырманшы:Жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар. Бидайды қайдан алғанымды айтайын. Егіннен қырманға келген бидайды тазалап, ұшырып,

кептіремін..Таза бидайды қырманға жіберемін.

Тышқан:Ал қырманға бидай қайдан келді?

Қырманшы:Бидайдың қайдан келгенін комбайншыдан сұраңдар

Тәрбиеші: Балалар, бидай сөзін орыс тілінде «пшеница» ал ағылшын тілінде «wheat» деп айтамыз

Тәрбиеші: Қане, көлігімізге отырып, егінге барып, комбайншыдан сұрайық.

Тышқан:Комбайншы, комбайншы,сен бидайды қайдан алдың?

Комбайыншы:Сендер менімен бірге бір ойын ойнасаңдар, айтайын.

Дид /ойын «Өнімдерді жина»

Комбайыншы: Рахмет, балалар! Бидайды қайдан алғанымды айтайын.Мен бидай піскен кезде комбайнмен орып, бастырамын.Бастырылған дәнді жүк машиналарына тиеп, қырманға жіберемін.Күн демей,түн демей егін алқабында егін жинаумен боламын.

Тәрбиеші: Рахмет саған, комбайншы. Балалар, бидайдың қайдан келгенін осы егістікте жүрген диқаннан сұрап көрейік.

Тышқан: Диқан, диқан, сен бидайды қайдан алдың?

Диқан: Көктемде күн жылынған кезде

тракторшы жерді жыртады.Жыртылған жерді тырмалайды.. Сол жерге мен дән себемін .Дәннен қылтиып кішкене бидай өсіп шығады.Шыққан бидайды суғарып, күтіп баптаймын,арам шөптерін жұламын..Жазда бидайдың түсі жасыл болса, күзде бидайымыз сары алтындай болып піседі.

. Тәрбиеші: Рахмет,саған диқан.

Тәрбиеші: Тышқан,сен нанның қандай еңбекпен келетінін ұқтың ба?

Тышқан:Иә, ұқтым.

Тәрбиеші: Тышқан,сенімен бірге саяхатқа шыққанымызға өте қуаныштымыз. Біздің балалар нанның дастарқанға еңбекпен келетінін білді. Міне,балалар осылай нан дастарханға келді. Дастарханның  сәнін келтірді, Біздерге күш-қуат берді.

Тышқан: Сау болыңдар, балалар!

Тәрбиеші:

Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма? Біздің тобымызға қайтатын уақытымыз келді. Ендеше көлігімізге отырып, тобымызға қайтайық.

(автобустың дауысы)

Тәрбиеші:Келесі аялдама-«Арман»балабақшасы»


Балалар, бізге қонаққа кім келді?

-Тышқан хош иістің қайдан шыққанын таба алды ма?

-нанның келу жолында қандай мамандық иелерін кездестірдік?

Жарайсыңдар,балалар!Осындай еңбекпен келген нанды біз қадірлеп ,қастерлеуіміз керек.Ал еңбекті бағалауымыз керек.Себебі, еңбекпен табылған нан тәтті екен.

Хормен:
Жалқаудың жаны тәтті,

Еңбектің наны тәтті.

Тәрбиеші: Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Еңбектің адам өміріндегі мәнін, нанның бидайдан жасалытын жолын,бидайдың дастарқанға нан болып келу жолын, нанның дастарқанға еңбек нәтижесінде келетінін біледі

Түсінуге тиіс: нанды қадірлеп,қастерлеуді,нанды даярлайтын адамдардың еңбегін бағалай білуді.

Істей алады:нан және еңбек туралы мақал-мәтелдерді,тыйым сөздерді,тақпақ айтады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ашық оқу қызметі

Автор: Тилебалдинова Динара Женисхановна

Дата: 21.12.2020

Номер свидетельства: 568073

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: "Егемендік жолында""
    ["seo_title"] => string(61) "u_iymdastyrylg_an_ashyk_ok_u_k_yzmieti_ieghiemiendik_zholynda"
    ["file_id"] => string(6) "437928"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1510223529"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) ""Қысқы ағаш" ашық оқу қызметі"
    ["seo_title"] => string(29) "kysky_agash_ashyk_oku_kyzmeti"
    ["file_id"] => string(6) "604715"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1649845231"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Ашық оқу қызметі "Сүт өнімдері""
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk_ok_u_k_yzmieti_sut_onimdieri"
    ["file_id"] => string(6) "397285"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488471267"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) ""Ойнайықта ойлайық" ашық оқу қызметі"
    ["seo_title"] => string(39) "oinaiyk_ta_oilaiyk_ashyk_ok_u_k_yzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "391845"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487092739"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) ""Құстар - біздің досымыз" Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі."
    ["seo_title"] => string(62) "k_u_star_bizdin_dosymyz_u_iymdastyrylg_an_ashyk_ok_u_k_yzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "402896"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490337726"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства