|   Мотивациялық қызығушылық   |    Шаттық шеңбері:   Бір шаңырақ астында,   Тату-тәтті тұрамыз   Бірге ішеміз асты да,   Бірге сайран құрамыз.        -Балалар,қараңыздар дөңгелене тұрған тұрысымыз неге ұқсайды?   - Жарайсыңдар балалар, біз бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан балалармыз.     -Ендеше бір-біріңе қандай тілектерің бар?                               |                   -допқа, шарға, күнге, шаңыраққа, жер шарына ұқсайды.                  1.Аспандарың ашық болсын.  2. Соғыс болмасын  3. Деніміз сау болсын  4. Нан көп болсын  5. Әдепті болайық   |  
  |   Ұйымдастырушылық ізденістік   |    - Қазір жылдың қай мезгілі?  - Қыс мезгілінде неше ай бар?  - Оларды атап беріңдерші?  - Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?           Әрбір жанға өзінің отбасы туған туыстары, жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай ыстық.   Отан деген - сенің туып өскен, кіндік қаның тамған жер, ата-анаң, досың.   Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер бар.     Отан – алтын бесігің. «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп, дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау – әрбір азаматтың бірінші міндеті.       - Балалар қалай ойлайсыңдар, адам үшін ең қымбат не?           -Ал, Отан дегеніміз не?                       - Өте жақсы айттыңдар балалар. Сонымен бірге Отан деген біздің ана тіліміз. Біз Қазақстанда тұрамыз. Сондықтан ұлттық тіліміз – қазақ тілі.   - Отан, тіл туралы кім тақпақ айтады?                                                                                          Мақал-мәтел:      1. Отан үшін отқа түс-күймейсің.  2. Ел іші алтын бесік.  3. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.       Слайд( Қазақстанның көрікті жерлері)   |    - Қыс мезгілі  - Үш ай бар, желтоқсан, қаңтар, ақпан  - Салқын болады, қар жауады, боран болады                                                                                              -адам үшін ең қымбат оның Отаны.              1.Отан деген туған жер  2. Отан деген менің қалам  3. Отан дегенбалабақшам  4. Отан деген отбасым  5. Отан деген атам, әжем, әкем, анам.                              Арайлым:  Аялап ару ананы,  Өсірген еркін баланы.    Бесігін болып тербетіп,  Отаным- Қазақстан.      Нұрай:  Толтырған гүлге даланы,  Жайнатқан ауыл, қаланы.  Ардақты ата мекенім,    Отаным – Қазақстан.      Нұрсезім:  Ана тілін ақтаңдар,  Ана тілін сақтаңдар.  Ана тілімен безеніп,  Ата берсін ақ таңдар.      Нұрлан:  Ана тілің арың бұл,  Ұятың боп тұр бетте.  Өзге тілдің бәрін біл,  Өз тіліңді құрметте.                                                   |  
  |        |             Сергіту сәті  Тәуелсіз елдің тірегі  Біз боламыз жүрегі  Артқа қадам баспаймыз  Тек алдыға-алдыға бастаймыз.  Қыран құстай қалықтап  Болашаққа самғаймыз.          Картадан Қазақстан қалалары көрсетіледі.      -Қазақстан жерінде нелер бар?                       Ойын: «Ойлан, тап!»           |                        Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.                                  -таулар, ормандар  -өзендер, көлдер  -жануарлар, құстар  -әртүрлі шөптер, гүлдер бар.          Балалар ойынға белсене қатысты.   |