kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ананың біз гүліміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Армысыздар,аяулы аналарғ құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқыкүндерімен бірге 8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіде келіп жетті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ананың біз гүліміз»

Бегзат: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар!Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл-бір қолмен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекес.

Кенжегул:

Ана шырақ ұрпағыммен жағылған

Өз анасын бар періште сағынған

Құдіретін сезінгендер бас иіп,

Ана деген үш әріпке бағынған

Аман болса ана деген ардағым.

Күндей болып нұрланады жан-жағым,

Қуаныш пен бар қайғысын өмірдің

Ана ғана көтереді салмағын.

(Ұлдар шарларын қолдарына ұстап сахынаға жүгіріп шығады, тіземен отырып шарларын аспанға жібереді де хормен аналарды құттықтайды.

Балалар хормен: Мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Кенжегул:Ортамызда біздің қыздарымыз көрінбейді ғой, сахынаға ару қыздарымызды шақырсақ қайтеді?!

Бегзат: Әрине біздің бүгінгі мерекеміздің көркі біздің қыздар емеспе, Қажымұрат сен біздің қыздарды сахына төріне қошеметпен шақыр ендеше?

Алдияр: Біздің ару қыздарымызды қарсы алыңыздар!!

Жүргізушілер:1) Біздің нәзік қыздарымыз-Айя, Аиша, Диляра

2) Сұлу қыздарымыз-А.Аиша, Динара, Ясмина

3)Көркем қыздарымыз-Аяулым, Б.Аиша, Жібек


(Шоқ қыздар музыкасынмен қыздар сахынаға билеп шығады.Билеп өздерін таныстырып орындарына отырады).

Кенжегул: Құриетті қонақтар біздің балаларымыз аналардың құрметіне өз өнерлерің көрсетпекші, қабыл алыңыздар!

А.Аиша:

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметпен

Ән маржанын шашайық.

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті абзал аналар.

Жібек:

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде

Не жетеді көзіне

Мейірімді күннен де

Б.Аиша:

Кім сендерді аялап,

Бәрінен артық сүйеді.

Ұзақ түнде көз ілмейді,

Сен деп соққан жүрегі?

«Анашым-алтыным!»

Жалқау болсаң әдепсіз,

Көрсетсең қылық көргенсің,

Көз жасын төгіп анашың,

Ренжіп қалатын білеміз.

Қуаныш сыйлап әдепті,

Ардақтап біз жүреміз.

Б.Аиша:Құрметті аналар сіздерге арналған «Көктем келді»қабыл алыңыздар.

Арманжан:

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған,

Ана десем ашылады құшағым,

Ана десем әділдікті ұғамын,

Ана десем, тіршіліктің тірегі,

Армысыздар қасиетті Аналар!

Бекет:

Жыл басы Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боянды.

Аналар тойы мереке,

Тішілік жаңа оянды,

Жылылықтан жаралған

Құшағы оның таң мекен!

Менің айдай анамнан,

Асқан сұлу бар ма екен?!

Бекет:Аяулы аналар ортада сіздерге арналған «бабушки-старушки» биі қарсы алыңыздар.

Кенжегул:Әже біздің -күніміз

Әженің біз гүліміз

Әже бізді қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Бегзат: Бүгінгі мейрам аналардікі ғана емес, ардақты әжелердікі де. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар»-деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер!

(Айя ортаға шығады.)

-Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтайын әнім бар, беретін гүлім бар. Әжетай, сені жақсы көремін-деп,(ақырын құлағына сыбырлайды.)

Кенжегул:Қандай тамаша біздің балаларымыз әнші, әрі биші де тіпті мәнерлеп өлең жолдарын да оқып береді. Қазір балаларымыз сіздерге жылы сезімдерін білдірмек тамашалаңыздар.

Әжелер туралы тақпақтар.

Абдулла:(шығып кетеді)

Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

«Әжетай сені жақсы көремін» деп

Ақырын құлағыңа сыбырлайын.

Әбілмансұр:

Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа үйретіп.

Жамадықтан шектейді

Әжеме ешкім жетпейді,

Аман болсын басыңыз.

Ағармасын шашыңыз,

Шөбере сүйіп әлі де ,

Жүзге жетсін жасыңыз.

Диляра:

Өзің мені өсірген,

Айналайын, ақ әжем.

Тентек болсам кешірген

Шөлдедің бе, дана әжем.

Шәй қайнатып берейін,

Шекер салып жан әжем.

Өзім құйып берейін,

Балдай тәтті бал әжем.

Расул:

Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөзі баланың,

Анаға айтар лебізі.

Анасыз жоқ бір күнің,

Әжесіз жоқ бір күнің,

Ұсынамыз біз бүгін,

Сөздің сұлу шоқ гүлін.

Ән: «Әже»

Кенжегул: Құрметті аналар қазір сіздермен ойын ойнаймыз. Ойынымыз «Жан жылуы » деп аталады.

Ойынның шарты:Ортаға 2 аналар шығады.Аналарымыз баласына жақындап жылы сөздер айтуы керек. Бірінші анасы мен баласы қарама-қарсы тұрып анасы әр қадам басқан сайын бір жылы сөз айтып баласына жақындауы тиіс. Айтылған сөздер қайталанбауы керек.

Бегзат:Ақыл құйған санама

Күннен артық расында

Күн алыста, ал анам

Ылғи менің қасымда.

Ясмина:

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.

Құлыным деп құшағына алады

Өзгеге де, өзіне де жауапты

Барлығына қалай уақыт табады?!

О, анашым, таянышым, тірегім.

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Мен жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

Қасымхан:

Құтты болсын, ардақты ана,

Асыл анам мерекең!

Құтты болсың теңдік алған

Қуанышты мерекең!

Мұрат, мүлде, мақсатым

Жақсы күн мен жақсы түн.

Нағы бақыт ананың

Ақтау дер ем ақ сүтін.

Алдияр:

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Аналарды құттықтап.

Жырдан шашу арнаймыз,

Үн қатасын бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым!

Сегізіңші наурызыңызбен!

Би: Ромашка

Аиша:

Ел жатқанда жатпаған

Мен деп тыным таппаған

Бақыты үшін баланның.

Аман-сау бол, ақ мамам!

Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген.

Бұл жалғанда балаға,

Жақын жан жоқ өзіңнен

Инсар:

Айналайын анашым

Аялайсың, бағасын

Сен үшін балалармен

Ән шырқайық бәріміз

Бегзат: Қызыл телпек ертегсі: "Қасқырдын сыйлығы" анғылшы тілінде.

Ерте, ерте ертеде, - деп ертегі айтып беретің аналарымыздың құрметіне таң ғажайып ертегілерін ұсынбақшы қарсы алайық.

Диляра анасы:

Литл рэд худ

Гоу ту йор грэндмазе

Тейк зис баскет

А.Аиша Қызыл телпек: Окей Мами!

(Ағаштардың ортасынан жүгіреді)

Май нейм из литл рэд худ

Май нейм из литл рэд худ

(Отырып гүлдер қараған сияқты болады, артынан қасқыр келеді)

Абдулла қасқыр:Хэлоу, уат из йор нейм?

А.Аиша Қызыл телпек:Хэлоу,Май нейм из литл рэд худ. Уат из йор нейм?

Абдулла:Май нейм из вулф. Уэр ар ю гоуинг?

А.Аиша:Уэр ар ю грэндмазе.

Абдулла :Грэндмазе! Гудбай!

(Қызыл телпек кетіп қалады, қасқыр әженің үйін іздейді)

Қасқыр:Тук!Тук!Тук! Грэндмазе!

Жибек әжесі:Ху из ит?

Абдулла : Грэндмазе!

Жибек әжесі:Кам ин! Оу май гад!

Абдулла :Ноу!Ноу!Ноу! Плиз!

А.Аиша :Вулф!

Абдулла :Ноу!Ноу!Ноу! Плиз! Сид даунт! Концерт! Френдс!

Тақпақтар:

Расул:

Лавлй мами,

Санни мами.

Хәппи мами

Ай лав ю!

Андрей:

Май диа, диа мами

Ай лав ю соу мач,

Май диа, диа мами

Ай лав ю соу мач!

Хасан:

Май мазе из найс,

Май мазе из найс

Ай лав ю соу мач!

Б.Аиша:

Май деа мамми

Ай мисс ю

Ай кисс ю!

Кенжегул:Міне, керемет балаларымыздың таңғажайып ертегісін тамашаладық. Ендігі кезекті балаларымыздың өлең жолдарына берейік.

Би: Көңілді би

Мансұр:

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Әлпештеген баласын

Ана-бақыт, ана-жыр.

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Динара:Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын торт бөлген,

Аман болшы анашым!

Бегзат: Аналарымыздың, балаларымыздың тірегі, отау иесі әкелер. Әйелдер үшін олар асқар тау.

(Көрініске дайындалу Кәрім, Аяулым, Айя, Мансұр)

Мухамедкәрім:

Теңдесі жоқ данасын

Арқа сүйер панамсын

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым!

Айя:

Шуақ төгіп күлімдейтің қарасам

Анашымды күнге ғана баласам.

Жер бетінде ең жақыны өзіңсің

Мәпелейсің, аялайсың әрқашан!

Даниэль:

Айналайын анашым,

Әлпештеген баласын,

Еміп өскен бөбекпіз,

Анамыздың мамасын.

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым

Әлпегтеген баласын,

Айналайын анашым.

Кенжегул: Балалардың орындауында күнделікті отбасылық оқиғалардан көрініс.

Кәрім:

Жуырда бір оқиға болады.

Ондай, ондай оқиғалар

Әрбір үйде кездесер,

Айтайын ба, айтпайын ба?

Келесі жолы айтармын.

Балалар:Жоқ, жоқ бүгін айт

Жоқ, жоқ қазір айт.

Кәрім: Бұл қалжынның мәні бар

Реңжімендер бірақта

Көріп, қарап, тамашалап,

Қол соғындар түсініп.

(телефон шырылдайды)

Анасы-Аяулым:Сәлем, Әсел

Қалың қалай?

Хабарласпай кеттің ғой

Мүмкін ертен екеуіміз

Кездесерміз шай ішіп

Иә, үй шаруасы бітпейді.

Кешкі ас, таңғы ас

Бәрі біздің мойында.

Қызы-Айя:Мама, мама, мама

Ойнай, ойнай шаршадым

Оқып берші ертегі

Анасы- Аяулым:Тоқтай тұршы шуламай

Әкене бар одан да

Не дейсің?Көйлек алдым деймісің?

Қызыл түсті, ұзын жеңіл?

Менде де бар ондайлар.

Қызы- Айя:Мама, мама қуыршақпен

Ойнайықшы бірге біз.

Анасы-Аяулым:Ой, қызым уақытым жоқ

Кір жуу керек маған тез

Сен одан да әкеңмен

Ойнай тұршы қуыршақ.

(Анасы кетеді)

Қызы- Айя:Папа, папа отырма тұрсаңшы

Допты алып ойнасаншы менімен.

Әкесі-Мансур:Сосын,сосын ойнаймыз біз қызым-ау

Сен одан да ойнасаңшы өзін-ау

Маңыздырақ істерім бар менің қазір

Оқу керек газеттегі жарнаманы әзір.

Қызы- Айя: Не істесем екен жалғыз?

Кәрім: Отырмайтын жатпайтын

Қыдыруға жалықпайтын

Анасы,әкесі

Қыздарыңды ренжітпей

Ойнасаншы доппенен

Бойжеткен соң, өскесің

Көмегі тиер сендерге.

Кенжегул: ән: Аяулы анашым.

Аяулым:

Еркелеткен бізді шын,

Еңбек еткен біз үшін.

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді

Анамызға мың алғыс.

Адал бол деп балдырған,

Әділдікке баулыған,

Жүрегінде махаббат,

Анамызға мың алғыс!

Убайдулла:

Анам үшін күнде мен

Отынға ағаш жарамын

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын,

Ардақты анам асылым,

Теңдігіңді жырлаймын,

Жырымның ең асылын,

Мерекеңе сыйлаймын.

Хасан:

Аналардың ақ сүтінен нәр алған.

Аналардың үмітінен жаралған

Жүректерде биік мақсат, бар арман.

Сіздерге арнап ән айтады балалар!

Аналарымыздың құрметіне балалардың «Анашым» әнің тамашалаңыздар.

(Қолдарына гүлдерді береміз. Балалар ән айтып тұрабереді. Аналарын шақырады)

Құттықтаулар:

Бегзат: Келді көктем күнің,

Күлімдейді гүлің-

Алтын ойлы Анам,

Мерекеңіз бүгін!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ананың біз гүліміз

Автор: Ауган Кенжегул Ауганкызы

Дата: 12.06.2017

Номер свидетельства: 421482

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Та?ырыбы: «А??АН Ж?ЛДЫЗ» (сыныптан тыс іс-шара) "
    ["seo_title"] => string(48) "tak-yryby-ak-k-an-zhu-ldyz-synyptan-tys-is-shara"
    ["file_id"] => string(6) "170170"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423503974"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сынып са?атыны? та?ырыбы: "Ана-?мірді? шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(46) "synyp-sag-atynyn-tak-yryby-ana-omirdin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "312974"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459422167"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "тіл мерекесіне арнал?ан ерте?гілік "
    ["seo_title"] => string(43) "til-mieriekiesinie-arnalg-an-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "136403"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1417100995"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Саба?ты? та?ырыбы: Шо?ан мен ?нерлі бала Мысы?. "
    ["seo_title"] => string(51) "sabak-tyn-tak-yryby-shok-an-mien-onierli-bala-mysyk"
    ["file_id"] => string(6) "139759"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417790061"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "?.АМАНЖОЛОВ ?ЛЕ?ДЕРІНДЕГІ ТУ?АН ЖЕР ТА?ЫРЫБЫ. "
    ["seo_title"] => string(53) "k-amanzholov-olien-dierindiegi-tug-an-zhier-tak-yryby"
    ["file_id"] => string(6) "150334"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1420466627"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства