kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аналар асыл қазынам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аналар   мерекесі  туралы  түсінік  беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аналар асыл қазынам»


Тақырыбы: «Аналар асыл қазынам»

Мақсаты:

1.Балаларға халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру.

2.Мерекеге деген қызығушылығын арттыру, тақпақ, әндер үйрету. Шығармашылық, әртістік қабілетін дамыту. Сахнаға бейімдеу.

3.Аналарды құрметтеуге, сыйлауға, қамқор болуға тәрбиелеу.


Ұл балалардың орындауында « Джентельмен»биі

/бидің соңында балалар гүлден жасалған доғаны ұстап тұрады, ортаға қыздар келеді,қыздармен тәрбиеші де кіреді/


Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған №10 мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндерінің «Аналар асыл қазынам!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер! 

/ осы кезде тәрбиеші қасына үш бала келеді/

Мәди :

Мерекесі бүгін,

Алтын анамның.

Сыйлайыншы гүлін,

Жарқын даламның.

Күлімдеген көзі,

Күннің нұрындай.

Ұлым деген сөзі,

ақын жырындай.


Адай:

Өмірдің қызығы,

Өзіңсіз өтпейді

Мен үшін анама

Ешкімде жетпейді.

Әлпештеген анамыз

Біз бақытты баламыз

Оқып білім аламыз

Жұлдыз болып жанамыз

Сыйлайыншы гүлімді,

Теріп алған даладан

Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын анажан!

Муслим:

Дорогая наша мама!

Поздравляем женским днем!

Для тебя,для милой самой,

Этот тост произнесем.



Мәди : Ботагөз Гариполлақызы бүгін, қыздардың мерекесі емес пе?

Тәрбиеші: Ия, Мәди дұрыс айтасың.

Адай: Ботагөз Гариполлақызы бүгін, әжелердің ,апаларымыздың, аналарымыздың мерекесі емес пе?

Тәрбиеші: Иә, сендер бәрін дұрыс айтасыңдар.

Адай: Олай болса,бүгін сіздің де мерекеңіз емес пе?

Мәди : Бүгінгі ертеңгілікті біз өзіміз жүргізейік .Сізде біздің екінші анамызсыз.Отырып біздің өнерімізді тамашалаңыз.


Арсен:
Ақ тілекті ағытып бір тастайық ,
Аналардың мерекесін біз бастайық. 
Көздеріңнен көрем шаттық арайын ,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Али: 
Қадірлі аналар көңілі ,
Көктемдей жайнап гүл ашсын .
Бақытқа толып өмірі ,
Шаттыққа шатық ұлассын.
Арсен: Білесің бе, Али! Ана-деген керемет асыл жан. Менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып беріп, түн ортасында шөлдесем тұрып, шырын беретін! 
Али: Ал менің анам, ұйықтар алдында ән, ертегі айтып беретін. Ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін, жылы-жылы сөздер айтады. 
Арсен: Ән демекші, бүгінгі мерекемізді әнмен бастасақ, қалай қарайсың. 
Али:Әрине, дұрыс айтасың! Сүйкімді аналарымызға «Анажан», әнін арнайық. Қабыл алыңыздар!

Ән «Анажан»

Авторы : Фарида Нысанбаева

1)

Анашым, Анажаным,

Аялы алақаным.

Есейіп кетсем дағы,

Мен сенің балапаның.

Анашым, Анажаным,

Мейірбан бала жаның.

Бақытың емеспе еді,

Өмірді сыйлағаның.

Қайырмасы:

Көңілің күндей,

Өмірің күндей.

Жадырап гүлдей жан анашым.

Осы әнді сізге,

Арнаймыз бізде.

Келіңіз жүзге жан анашым

2)

Бойыңда мен сүйетін,

Көп сенің қасиетің.

Аялы перзентіңмін,

Алдыңда бас иетін.

Балаймыз бағымызға,

Арайлы таңымызға.

Аман боп жүре берші,

Анашым жанымызда.

Қайырмасы:

Көңілің күндей,

Өмірің күндей.

Жадырап гүлдей жан анашым.

Осы әнді сізге,

Арнаймыз бізде.

Келіңіз жүзге жан анашым.


Нұрасыл: Ал енді аналарымызға жырдан шашу шашайық тақпақтарға кезек берейік!
Тақпақтар:

Шахзада:

Гүл-гүл жайнап бәріміз 
Кіреді біздің сәніміз 
Аналарды тойымен 
Құттықтаймыз бәріміз 

Арай:

Құтты болсын осы шаттық күніңіз ,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз .
Қуанышты жүзіңізбен әр дайым ,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз, 
Ақ анашым ұзақ өмір сүріңіз 


Алина:

Жиналыппыз бүгін, міне, бәріміз,
Үлкен - кіші жасымыз, кәріміз де.
Қош келдіңіз, қадірменді аналар,
Гүл - гүл жайнап біздің мынау кешімізге!

Аружан:

Бәрімізге анасың 
Біз үшін күн боп жанасың 
Құтты болсын мерекең 
Құттықтаймын анашым 

Амина:

Ана деген – жарық жұлдыз шырағың.
Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.
Ана деген - өмірдегі қамқорың.
Ана деген – сүйенерің, жан құрбым.


Айкөркем:

Біз ғана емес қадір тұтқан балалар,
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі.
Армысыздар, қасиетті Аналар!

Аида У:

Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дархансың,

Сен жомартсың, данасың!


Аделя:Ұмытпаңдар аналардың әлдиін,
Сол әлдиден басталады ән - күйің.
Суытпаңдар елжіреген жан күйін,
Ардақтаңдар ардақтаңдар ананы.

Мейрлан:

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, жұмбақтың жауабын шешесіздер ме?

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)


/ сол кезде әуен ойналып, залға көктем аруы келеді/


Көктем аруы:


Сәлеметсіздер ме, балалар, ата-аналар,қонақтар.

дүние жүзіне мейірімділік пен сұлулықты әдемілікті сыйлаймын. Әр күндеріңіз қуанышқа тола берсін. Мерекелеріңіз құтты болсын! Өзіммен бірге бәйшешек гүлдерін ала келдім.

«Бәйшешек»биін қабыл алыңыздар.


«Бәйшешек» биі. ( қыздар мен ұлдардың орындауында)


Көктем аруы: Балалар рахмет , менде сіздерге құр келмедім ойын ала келдім.

Ойын: « Кім шапшаң»

Ойынның шарты: екі бала ортаға шығады, көздерін байлап, кедергілер арасымен, үстел үстіне заттарды тасиды.


Көктем аруы: Менің кететін уақытым болды, басқа да балабақшаға барып өзімнің бәйшешек гүлдерімді сыйлайын. Сау болыңыздар,


Нұрасыл: «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаған, ортамыздағы асыл әжелеріміз де, аналарымыз да аман болсын! Әжелерімізге арнаған тақпақтарға кезек береміз.

Тақпақтар:

Аида Д :

Асыл анам - алтын жан, асқар тауым,
Арайланып алдымнан атқан таңым.
Әлпештедің, әлдилеп, аяладың.
О, анашым, бір өзіңсің сая бағым!

Адия :

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әженіде ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.


Марта:

Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді


Арайлым:

Немересін жанындай ,

Әжем жақсы көреді.

Қонаққа барса ұмытпай ,

Кәмпит әкеп береді .



Дидар :Ал ендеше балалар барлығымыз әжелерімізге арналған «Әжетайым» әнін айтайық.

Ән:«Әжетайым»

Авторы: Рауан Темірхан

1)

Қалмасын деп қатардан,

Ойлайтынын сезем мен.

Айналайын атамнан,

Айналайын әжемнен.

Мақтанбаймын бекер мен.

Өшпейсіңдер санамнан

Айналайын әкемнен,

Айналайын анамнан.

Күн сияқты ашылар,

Қамқоршымда осылар.

Қайырмасы:

Ата, әже мен сіздерді

Сүйіп өсемін.

Ана, әке, сыйлаймын ғой бәріңді,

Мен сіздерге қарап өсемін.

2)

Қанша көрдім дегенмен,

Көрмегенім көп менің.

Қанша білдім дегенмен,

Білмегенім көп менің.

Мен дегенде ештеңе,

Аямайтын осылар.

Таңертеңде, кешкеде,

Аялайтын осылар,

Қалай жаман боламын

Мен бақытты баламын.



Дәурен:Құрметті ата-аналар, қонақтар ал енді қыздарымыздың орамал биін қабыл алыңыздар.

Би: «Орамал » ( қыздардың орындауында)

Медет: Ата –аналар балаларыңыздың тілектерін қабыл алыңыздар.

Залға Амир мен Марта шығады. 
Марта:- Ана менен баланы айырмасын, Бірі ән де, бірі оның қайырмасы. 
Амир:- Болғанда әке дәулет, ана-бақыт тағдыр бізді олардан айырмасын! 
Тәрбиеші:- Құрметті аналар, қыздар! Міне бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізде соңына таяп қалды. 
Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілей отырып «Аналар асыл қазынам!»атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Балалардың орындауында орыс тілінде, «Мамочка моя» әнін қабыл алыңыздар.

Мамочка моя.
1)

Больше всех я люблю,
Мамочку мою,
Папу, брата и сестренок -
Всю мою семью.
Каждый день я встаю
И песенку пою,
Про самую лучшую 
Мамочку мою.

Припев:
Мамочка моя милая,
Самая красивая,
Нежная, любимая
Мамочка моя.

2)
Всей семьëю большой
Дружно мы живем.
Мы рисуем, поем,
Строим новый дом.
В биллиард, волейбол
Любим поиграть,
Путешествовать,
С дельфином 
Плавать и нырять.

Припев.

3)
Маму с праздником весны,
Поздравляем мы,
И подарим ей розы -
Нежные цветы,
Нарисуем небо, солнце
И мою семью
А я любимой мамочке
Песенку спою.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Аналар асыл қазынам

Автор: Жамантауова Ботагоз Гариполлаевна

Дата: 18.09.2017

Номер свидетельства: 428606

Похожие файлы

object(ArrayObject)#911 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Аналар- асыл қазынам"
    ["seo_title"] => string(19) "analar_asyl_kazynam"
    ["file_id"] => string(6) "543585"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1584695111"
  }
}
object(ArrayObject)#933 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""?арттарым - асыл ?азынам" сынып са?аты"
    ["seo_title"] => string(31) "karttarymasylkazynamsynypsagaty"
    ["file_id"] => string(6) "271529"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451580441"
  }
}
object(ArrayObject)#911 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "«Халы? ?нері – асыл ?азына» "
    ["seo_title"] => string(26) "khalyk-onieri-asyl-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "161995"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422292311"
  }
}
object(ArrayObject)#933 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Асыл ?азына "
    ["seo_title"] => string(12) "asyl-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "162003"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422292655"
  }
}
object(ArrayObject)#911 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Т?рбие   са?аты   "Шешендік  ?нер - асыл  ?азына""
    ["seo_title"] => string(47) "t-rbiie-sag-aty-shieshiendik-onier-asyl-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "314396"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459687789"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства