kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аналар- асыл қазынам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Аналар-асыл қазынам ортаңғы Күнбағыс тобының ертеңгілігі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аналар- асыл қазынам»



Ақмола облысының Целиноград ауданы

Қаражар ауылының ЖШС «Акжайк Д»

«Самғау» балабақшасы







« Күнбағыс » ортаңғы тобы


Мерекелік ертеңгілік:


Аналар – асыл қазынам!













Тәрбиеші: Хуаныш А.Х













2020-2021






«8 наурыз – аналар күні» ертеңгіліктің сценариі:

(№10-ортаңғы топ 2019)

Мақсаты: 8 наурыз мерекеге байланысты көңіл күйді сезінуге үйрету; балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту;анаға, әжеге сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Репертуар: 1) Әндер: «Әжетайым». «Анашым», «Ақ мамам»;

2) Билер: «Анашым», «Әжетай» «Три подружки»

3) Ойындар: «Понтомимо ойыны»; «Әжесіне кім көп гүл сыйлайды?»

Керекті құралдар: Понтомимо ойынына арналған конверт, гүлдер


Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған « Күнбағыс » тобының бүлдіршіндерінің «Аналар-асыл қазынам!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!

-Қанеки біздің бүлдіршіңдерді қошеметпен ортаға шақырып, қарсы алайық «Күнбағыс»тобы

Музыка ырғағымен балалар кезекпен залға билеп кіреді,

орындарына отырады.

Жүргізуші:Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке? (8-ші наурыз)

Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Қызығыңда,бұзығында көтеретін кім? \Ана\

Үнемі жанында періштедей қорғаштап,демеу беретін кім? \Ана\

Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар мерекесі\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? \ Иә \

Би билеп, ән айтады

Тойларында балалар.

Бағалаймыз енбегін

Аман болсын аналар!

Хор : «Ана»

1 Ана- өмір шырағы

Ана- өмір бұлағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады

Қ-сы

Әлди,әлди,әлди-ай

Анамыздың бұл әні 2 рет

2.Гүлді өмірде мәуелі

Нұрлы өмірде мәуелі

Анамыздан тыңдадық

Әсем әуен әуелі

Музыка шығады:

Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
«Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

1.Ғ.Сұлтан:
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!

2.Айдана:

Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет

3. Бекбол:

Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.

4.Іңкәр

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір бірден

Аналарға сыйлаймыз

5.Қ.Сұлтан

Келді көктем күнің

Күлімдейді гүлің

Алтын ойлы анам

Мерекеңіз бүгін

6.Құдірет:

Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам.
7. Әсет:
Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым!

Би: « Анашым»

Балалар бізге Ару Көктем қонаққа келіпті.Қошеметпен қарсы алайық.
Ару көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал екенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге.
Жылуын күннің әкелем.
Тәрбиеші: Амансың ба, Ару көктем? Ұлан - байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.
Көктем: Аяулы аналар, әжелер, мерекелеріңіз құтты болсын!Мен ата аналармен балалармен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын «Понтомимо ойыны»
Шарты: Аналар сіздермен ойын ойнасақ.
Ойын шарты бойынша үйдегі күнделікті атқаратын тірліктерін пантомимо арқылы көрсетеді.Ол үшін мына конверттерден өз қалауларыңызбен біреуін таңдаңыздар. Анасы понтомимомен конвертте берілген тапсырманы бейнелейді,балалар қандай қимыл екендігін табулары керек.

Тәрбиеші: Мерекеге арналады бүгін билер ,

Көтерілсін канекей,көңіл күйлер

Алдарыңызға қазір қыздар биі

Қол соғып демеу берер көрермендер

Би: «Три подружки» Қыздар

Тәрбиеші: Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.

1.Ләйлім:

Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.

2.Батырхан:

Әже деген көп шығар,
Әжемдей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.

3. Галинур:

Мені жақсы көреді,
Күндей күліп жүреді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.

4.Жанайым:
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.

Тәрбиеші :Балалар бізге Тазша бала қонаққа келіпті.Қошеметпен қарсы алайық.

Тазша бала ортаға музыкамен келеді.Сәлеметсің бе Тазша бала.Қош келдің! Қайдан келе жатырсың?

Айттым да өтірік өлең айла қылдым,.

Кесіп ап бетегені, найза қылдым.

Торғайды үш қонаққа сойып беріп,

Жарты етін алып қалып,пайда қылдым.

Балалар рас айта ма ?

Тышқан шығып інінен,

Айқаса кетті пілменен.

Ұстап алып қоңызды,

Баққызды мүйізтұмсықты.

Балалар Тазша бала шын айта ма, қалай ойлайсыңдар? жоқ

Теңізде су толқыған,

Балықтар кітап оқыған.

Үйретіп сабақ оларға,

Аюды көрдім отырған.

Тазша бала төрлет,мерекеміздің ішінде бол.

Ойын:» «Әжесіне кім көп гүл сыйлайды?» Батырхан, Жанайым, Қ .Сұлтан

Ойын шарты: Жерде жатқан гүлдерді тез тез жинау керек.Балалардың қанша гүл жинағаны есептелінеді. Жинаған гүлдерін әжелеріне сыйлайды.

Хор: « Әжетайым»

1.Еркелетіп күнде сен

Ертегі айтып бересің

Құлыным деп бір иіскеп

Еркелетіп келесің

Қ- сы

Әжетайым, әжешім

Сағынамын мен сені

Еркелетіп аймалап

Қасыңа алшы сен мені

2.Тойға барсаң болғаны

Есіңе мені аласың

Тәтті, тәтті заттарды

Маған арнап қоясың

Музыка шығады:

Тәрбиеші: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген - алтын қазық, алтын бақ

Ән: «Мамочка моя» Орындайтын: Айдана,Ләйлім

Би: «Стирка » Құдірет,Галинур,Әсет,Ғ.Сұлтан

Тәрбиеші:Күндеріңіз толсын гүлге, желекке

Отбасында болсын ырыс-береке

Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді

Өмір-думан, бақ әкелсін мереке

Ән: «Ақ мамам» Ғ. Сұлтан, К. Әсет

1.Жақсы көрем күлкіңді

Айналайын ақ мамам

Мамам сондай сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам

2.Алайқай ау алақай

Үйге келді мамамыз

Сол сәт барлық балақай

Мәз мәйрам боп қаламыз

3.Күнде осылай асыға

Қарсы аламыз мамамды

Құшақтаймыз асыға

Ең әдемі адамды

Ата - аналарға құттықтау сөз кезегін беру
Тәрбиеші: Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне, осындай қойылым
Көрсетті «Самғау» бақшасы.

Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Күнбағыс» тобының бүлдіршіндері атынан шын жүректен құттықтаймыз. Аяулы аналарымыз, ардақты әжелеріміз, сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!Ал енді балалар сіздерге арналаған сыйлықтарын табыс етсін.

Ата - аналарға құттықтау сөз кезегін беру


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Аналар- асыл қазынам

Автор: Хуаныш Айнұр Хуанышқызы

Дата: 20.03.2020

Номер свидетельства: 543585

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""?арттарым - асыл ?азынам" сынып са?аты"
    ["seo_title"] => string(31) "karttarymasylkazynamsynypsagaty"
    ["file_id"] => string(6) "271529"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451580441"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "«Халы? ?нері – асыл ?азына» "
    ["seo_title"] => string(26) "khalyk-onieri-asyl-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "161995"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422292311"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(21) "Асыл ?азына "
    ["seo_title"] => string(12) "asyl-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "162003"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422292655"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Т?рбие   са?аты   "Шешендік  ?нер - асыл  ?азына""
    ["seo_title"] => string(47) "t-rbiie-sag-aty-shieshiendik-onier-asyl-k-azyna"
    ["file_id"] => string(6) "314396"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459687789"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "урок на тему ?арттарым-асыл ?азынам "
    ["seo_title"] => string(38) "urok-na-tiemu-k-arttarym-asyl-k-azynam"
    ["file_id"] => string(6) "205840"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1430041323"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1650 руб.
2350 руб.
1360 руб.
1940 руб.
1620 руб.
2320 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства