kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алтын Күз 2-топ Ашық Сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Документ Алтын Күз 2-топ Ашық Сабақ предназначен для работы с дошкольниками и воспитанию.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алтын Күз 2-топ Ашық Сабақ»

  1. Жүргізуші:Келді міне алтын күз,

Келді міне жарқын күз.

Байлығымен мерекелі ,берекелі алтын күз.

  1. Құрметті балалар, бүгін біз Күз мерекесін тойлауға жиналдық.Балалар айналамызға қарайықшы қандай тамаша,солай емес пе,орманда жапырақтар сарғайып,көздің жауын алады. Орман күзде жайнап тұрады.Қызыл,жасыл,сары,көк жапырақтар талдардан жерге түседі. Бізге де жапырақтар қонаққа келді. Олар қайда?!

  2. Би –өлең «Жапырақтар»

  3. Жүргізуші: Қаншама бізде әдемі жапырақтар!Бәрін бірге жинайық.Әдемі шоқ жасап,вазаға салайық

  4. .Ал енді балалардың күз мерекесіне арналған тақпақтарын тамашалаңыздар, орта- ға Ерсұлтан,Адель,Инсар,Сайлау Айша,Темірлан,Арлан,Амирді шақырайық

Ерсұлтан:Армысыздар халайық

Бармысыздар халайық,

Күзгі тойды жұп жазбай

Келіңдер қарсы алайық

Адель:

Ән салындар күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің тойын тойлайық

Би билейік ойнайық



Инсар,С.Айша:

Алтын,сары,қызыл,көк,

Алуан,алуан жапырақтар

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

5.Темірлан: Қуандырды біздерді

Кел жемісті алтын күз

Өлкемізге күз келді

Кемелденсін халкымыз.

Амир:Жемісті мол теретін

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

АрланАлтын түске боялды

Тау мен қырқа дала түз

Келді міне ортаға

Сары алтындай алтын күз

Жүргізуші: Тамаша балалар! Балалар, күн бұлттанып , жаңбыр басталайын деп жатқан секілді.Тамшылар музыкасы

Бұлт шығады: -Мен қай жерге келдім? Бұл қандай мереке?Мен жаңбырымды жауғызуға келдім.

Жүргізуші : Тоқта тоқта бұлт.Сен жаңбырыңды жауғызбай тұр.Біздің балалардың өнерін тамашала.Біздің балалар күз мерекесінде тек қана қазақ тілінде ғана емес,ағылшын тілінде де тілектерін айтады.

Тақпақтар Ернар,Адель, Арай, Амир,Темірлан.

Бұлт:Жарайсыңдар балалар.

Жүргізуші: -Қазір біз жаңбыр туралы ән салсақ, ол бізді естіп, сонда тоқтатар жауғанын.Ән ағылшын тілінде «Жаңбыр»

Бұлт: -Жарайсыңдар ,балалар. Сендер өнерлі екенсіңдер .Сендер мені кешіріңдер,әрі қарай мерекелеріңді жалғастыра беріңдер .Мен енді басқа жерге жаңбырымды жауғызайын.Сау болыңдар.

Жүргізуші: Міне балалар , жаңбыр тоқтап , күнде шықты, ойнадық секірдік , енді отырып демалайық. (Балалар отырады.) – Балалар, күзде жемістер , көкөністер піседі.Орманда жан- жануарлар қысқыға азық дайындайды. Бізге алыстан бір қонақ келе жатқан сияқты, ол не ?

Балалар: - Тиін(музыка ырғағымен залға тиін кіреді)

Жүргізуші: - Сәлеметсің бе , тиін! Сенің көңіл- күйің жоқ қой?

Тиін: - Сәлеметсіңдер ме! Мені анам шырша бүрлерін теруге жіберді, шырша бүрлерін таба алмадым.Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Жүргізуші:- Иә, бүгін бізде Күз мерекесі. Сен көңіліңді түсірме. Саған біз көмектесеміз. Сен біздің балалардың өнерлерін тамашала.

Тиін : - Жарайды.

Тақпақтар:Алуа,Асқар Айша,Ералы.

Алуа Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Асқар АйшаАқтарады мырза күз

Уылжыған жемісті

Күзге біз де ризамыз

Аянбаған ел үшін

Ералы Көбейді құт береке

Астық толы қамбамыз

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз

Жүргізуші ; Тиін ,Біздің балалар күз мерекесінде ән айтып қоймай биде билеп береді.

Би «Орамал»

Тиін : - Тамаша балалар, өздерің сондай өнерлі екенсіңдер.

Жүргізуші:- Тиін , біз саған көмектесеміз.Балалар енді біз тиінге шырша бүрлерін жинауға көмектесейік.

Балалар: - Иә.Ойын : «Шырша бүрлерін жинау»

Тиін : - Рахмет , балалар! Енді мен анамды қуантатын болдым!

Жүргізуші: Тиін, біздің балалар саған тамаша ән орындап береді.

Ән: «Балапан»

Тиін: - Рахмет ,балалар, тағы қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші: - Әрине , біздің балалар өте өнерлі , өз тақпақтарын айтуға ортаға Аңсар,Қайсар,Айзере,Даулетхан,Ернар,Арай.шақырайық



Аңсар:Құстар қайтты ән салып

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды

Қайсар:Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштык та

Қап қап қауын алдық біз

Айзере:Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып теріп болған соң

Той жасайды халқымыз

Даулетхан:Қуантып біздерді

Мерекелі куз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін алтын күз

Ернар:Алақай, алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті, дән пісті

Айтамыз алғысты

Арай Күн суытып

Жапырақтар түседі

Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Жүргізуші; Балалар ,біздің мерекемізге Күз ханшайымы келмей жатыр ғой.

Тиін : Ой, тамаша , балалар, өнерлі екенсіңдер. Маған сендермен болған қатты ұнады. Енді үйге кету керек.Себетім шырша бүрлеріне толды. Мен орманға ба -рып сендердің Күзді күтіп қалғандарыңды айтайын.Сау болыңдар! Кетеді

Жүргізуші: - Кәне бәріміз күз туралы өлең жолдарын айтсақ , ол бізді еститін шығар. Бәріміз шақырайық.

Келші келші алтын күз,Келші келші жарқын күз.

Күз:Сәлеметсіңдер ме , балалар!

Күз мезгілі тамаша,

Қуантады балаша.

Әсем табиғат оянар,

Түрлі-түске боялар.

Жүргізуші: Қош келдің Алтын күз, біз сізді күтіп отыр едік, біздің балалар - дың өнерін тамашалаңыз.

Тақпақтар:

Жемістер туралы тақпақтар Айлин,Алан,София,Асыл.

Айлин: Апорт деген алма бар

Жер жаратын атағы

Ондай алма қайда бар

Алматы оның отаны

Алан:Пісіп тұрған алмамын

Тамсандырар бал дәмім

Жерге сілкіп түсірме

Ісіп кетер маңдайың

София: Мен моншақты инемін

Құмарсыңдар білемін

Кетіп қалып жүрмесін

Тамағыңа сүйегім

Асыл :Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды

Қараса егер салғырт кім

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Балалар,күзде көкөністер мен жемістер пісіп мол өнім береді.Ендеше біз Күз ханшайымына көкөністерді қапқа,жемістерді себетке салуға көмектесейік.

.Ойын «Көкөністер мен жемістер»

Күз :Балалар, мен сендердің өнерлеріңді тамашалағым келеді.

Жүргізуші: Біздің балалар ойын ойнап қана қоймай, тамаша ән де біледі.

Ән: «Біз кішкентай балдырған.

Күз: Жарайсыңдар балалар,мені өте қуанттыңдар! Менде сендерге арнайы мына сыйлық алмаларды жинап әкелдім.Сыйлықтарды топта тәтелерің таратып беріледі.

Жүргізуші : Көп рахмет айтамыз сіздерге біз,

Талай –талай мерекеде жүздесеміз.

Бізге берген уақытта таяп қалды,

Алтын күз мерекесі аяқталды.

Құрметті ата-аналар бүгінгі біздің Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерге уақыт бөліп тамашалағандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Келген қонақтарға көрмеге ат салысқандары үшін алғыс айтады, құттықтап аяқтайды

Би:топпен «Үйректер.

2-топ ертеңгілігінің бағдарламасы:

Жүргізуші:

Би –өлең «Жапырақтар»

Тақпақтар

Тамшылар музыкасы

Жүргізуші:

Ән «Жаңбыр ағылшын тілінде.

Тиін: «музыка)

Тақпақтар

Би «Орамалдар»

Ойын:Шырша бүрлерін жинау.

Ән: «Балапан»

Тақпақтар

Тиін кетеді(музыка)

Күз келеді(музыка)

Тақпақтар

Ойын «Көкөністер мен жемістер»(музыка)

Ән: «Балдырған»

Тақпақтар

Би: «Үйректер»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Алтын Күз 2-топ Ашық Сабақ

Автор: Румова Дина Тулегеновна

Дата: 12.12.2017

Номер свидетельства: 443893

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Б?гінгі білім- ерте?гі болаша?ым ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(51) "bughinghi-bilim-iertien-ghi-bolashag-ym-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "202466"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429260311"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Ашы? саба?:" Алтын адам" "
    ["seo_title"] => string(22) "ashyk-sabak-altyn-adam"
    ["file_id"] => string(6) "188876"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426765583"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Өнерін өрлеткен топ ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(34) "onierin_orlietkien_top_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "409902"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492496658"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "е?бек саба?ынан ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(31) "ien-biek-sabag-ynan-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "246458"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446384850"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "АШЫ? САБА? ЖОСПАРЫ М.МА?АТАЕВ. "
    ["seo_title"] => string(33) "ashyk-sabak-zhospary-m-mak-ataiev"
    ["file_id"] => string(6) "179163"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424956316"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства