kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ақжелкен тобының шығармашылығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақша  балаларына арналған  шығармашылық іс-шара.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ақжелкен тобының шығармашылығы»

Тақырыбы:"Аяулы күз,алтын күз"

Мақсаты:Алтын күз мерекесін өткізу.Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру.Олардың әрқайсысы өз қызығымен ерекше Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін,қуаныш сыйлайтынын жеткізу.Табиғатты сүюгетәрбиелеу.Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Жапырақтар дың суреттері,күз жәрмеңкесі,жемістер мен көкеністер салынған себет.

Кейіпкерлер: Алтын Күз, Аула сыпырушы, Саңырауқұлақ, Жел,Ара

Ән-күй бөлмесі мерекеге сай әдемі безендірілген.

Алишер: Қайырлы күн! Армысыздар, құрметті ата-аналар, қонақтар! Міне, көптен күткен жайдарлы, берекелі күз де келді.

Айзере:

Ақжелкен тобында өткелі отырған «Аяулы күз,алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ақжелкен ортаңғы тобының бүлдіршіндерін қошаметтеп қарсы алыңыздар! Балалар қолдарына жапырақтарды ұстап кіреді.

Алишер: Терістіктен желдетіп

Жаңбырлатып селдетіп

Қуандырып біздерді

Сап-сара ала күз келді!

Айзере:

Берекесін силауға

Өлкемізге күз келді

Берекесін силауға

Шақырады біздерді!

Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селдіретіп.

Тойға бөлеп елімізді күзім келді,

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Қолына сыпыртқы ұстаған аула сыпырушысы келеді.

Аула сыпырушы:

Тазалықты сақтайын!

Сыпырыайын, сыпырайын,

Жапырақтарды жинайын!

Жапрырақтар бір жерге жиналады.

Аула сыпырушы:

Сыпырдым мен жолдың бәрін,

Болды енді сәл демалайын.

Балалар шеңберге тұрып « Күз келді» әнін айтады.

Жел жүгіріп шығады:

Мен күзгі желмін.

Жапырақтарды ұшырамын.

Жел балаларды айналып жүгіреді, балалар залға шашылады.

Аула сыпырушы:

Мәссаған мынаны қара!

Жапырақтар шашылыпты.

Жапырақтар жинала қалады.

Жел келеді:

Жел: Мен күштімін, менен барлығы қорқады. Мен барлығын ұшырып жіберемін. Жапырақтарды да ұшырамын.

Жел балаларды айналып жүгіреді, балалар залға шашылады.

Аула сыпырушы:

Ах,неткен сотқар жапырақтар,ұшпаңдар тоқтаңдар мен сендерді орындарыңа апарайын.

Балалар орындарына отырып жапырақтарды орындықтың астына қойып қояды.

Аула сыпырушы: Мен көп жүрдім жапырақтарды сыпырдым. Жапырақтар күзде көп болады. Басқа ауланы сыпырып келейін. Сау болыңдар!

Жүргізуші:

Терістіктен желдетіп,

Жаңбырлатып селдетіп.

Шаттандырып біздерді

Сап – сары алтын күз келді.

Балалар, кәне Алтын күзге арнаған тақпақтарға кезек берейік.

Тақпақтар

Айзере:




Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін.

Біздің дала бай дала

Алтын астық айнала.

Алишер

Алтын,сары,қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Ерке

Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін

Асанали

Бір тістеп өзім алғамды,

Дәмі аузымда қалғанды.

Домалатып жеймін мен,

Күнде қызыл алманы.

Жаннұр

Қараша күз келді,күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қарабұлт қабағын түйеді.

Карим

Дует,дует ветер,

Листики летят.

Подают листочки,

Значит листопад. Жүргізуші: мың бұралып билейтін биші болар мекенсін, деп биші қыздарды жеміс биімен ортаға шақырамыз.

Би: « Жемістер»





Балалардың күз туралы тақпақтары:

Аружан

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Диас

Ой, алақай тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Сапырды дәе алтын күз

Сабан тойы салтымыз.

Айару

Жұлып едім жүзімді,

Жүзі бірден үзілді.

Жүзінде жеп қойыппын,

Өзім әбден тойыппын.

Інжу

Қып-қызыл боп қалғанда,

Ауызыңа салғанда.

Не жетеді шіркін-ай,

Қызанаққа жалғанда.

Арайлым

Күзім-ау,күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Ералы

Жапырақ ұшты,

Суыққа түсті.

Сондада бізге,

Қызық көп күзде.

Зере

Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Аида

Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық-барлық тағамға.

Көкеністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

Тақпақтарын айтып болған соң, балалар орындарынан тұрып хормен Алтын күзді шақырады.

Балалар: Төрлетіңіз – 3 рет, Алтын күз!

Көңілді музыкамен балалар орындарына отырады.

Залға билеп Алтын күз кіреді.

Жүргізуші:

Қуантып байлығымен ізгі елді,

Сабырлы, сары алтын күз келді!

Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! (балалар амандасады) Сендердің әсем әндеріңді естіп асыға келдім.

Жүргізуші: Төрлет, Алтын күз.

Алтын күз: Рахмет. Балалар, мен осында ұшып келе жатқан Араны көрдім. Өзі сондай көңілсіз. Мүмкін ол адасып кетті? Алыстан келе жатқан сияқты.

Залға Ара «ұшып» кіреді.

«Араның әні» ағылшын тілінде.


Жүргізуші: Балалар, Ара қай тілінде ән айтты?

Балалар: Ағылшын тілінде.

Алтын күз: Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Жүргізуші: Арамыз Англиядан ұшып келді.

Ара: Good morning, children! I am Bee.

Балалар: Good morning, Bee!

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Ара! Төрлет біздің Алтын күз мерекемізге қош келдің, біздің балалардың өнерін тамашала.

Ара: Thank you.

Осы кезде залға Саңырауқұлақ кіреді.

Саңырауқұлақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сәлеметсіз бе Алтын күз Мереке құтты болсын! Мен сендердің өнерлерінді тамашалауға келдім

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Алтын күз: Сәлеметсіңбе ме, Саңырауқұлақ.

Саңырауқұлақ: Мен сендерге жұмбақ жасырайын шешімін тауып көріңдер.

Саңырауқұлақ жұмбағын жасырады, балалар жұмбақтың шешімін айтады.

Балалар: Жаңбыр

Жүргізуші: Дұрыс, кәне балалар олай болса біз қонақтарымызға «Жаңбыр» әнін орындап берейік.

Ойын: «көкеністер мен жемістер себетке жинап ал!»

Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.

Жүргізуші ортаға ойнаушыларды шақырады.

Алтын күз: Рахмет, балалар .

Жүргізуші:

Халық көңілі ауғанда нәзік биге,

Болады екен бишілер қандай күйде.

Өнердің ең нәзігі құдіреттісі,

Кезекті беріп тұрмын тағы биге.

Би «Саңырауқұлақтар биі»

Ән «Алтын күз»

Жүргізуші: Достық қандай тамаша! Рахмет сендерге! Қараңдаршы, достар қалай қуаныштысыңдар.

Залға Алтын күз кіреді, қолында алмалар толы себет.

Алтын күз: Міне менің сендерге арнаған дәмді сыйым.

Жүргізуші: Рахмет саған, Алтын күз. Алмалардың дәмін топқа қайтқанда татамыз.

Алтын күз: Кездескенше, қош сау болыңдар, балалар! – деп, залдан шығады. (Персонаждар алтын күзбен бірге шығып кетеді)

Жүргізуші: Алтын күзге арналған ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Мерекемізді, балалар, топта жалғастырамыз. Келесі кездескенше, құрметті қонақтар, ата-аналар, қош сау болыңыздар!

Көңілді музыка ырғағымен балалар топқа қайтады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ақжелкен тобының шығармашылығы

Автор: Мейрпанова Жанар Зарлыкановна

Дата: 23.11.2018

Номер свидетельства: 487239

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Б?лдіршіндерді к?ркем ?дебиетке баулу.шы?армашылы? эссе "
    ["seo_title"] => string(64) "buldirshindierdi-korkiem-diebiietkie-baulu-shyg-armashylyk-essie"
    ["file_id"] => string(6) "194981"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1427827277"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Д.Исабеков "?пке" драмасы "
    ["seo_title"] => string(24) "d-isabiekov-pkie-dramasy"
    ["file_id"] => string(6) "201035"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428949627"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "С?кен Ж?нісов "А?ыр?ы б?йге""
    ["seo_title"] => string(32) "s-kien-zhunisov-ak-yrg-y-b-ighie"
    ["file_id"] => string(6) "260638"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448985039"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства