Балалар шеңберге тұрады. Қазір жылдың қандай мезгілі. Дұрыс айтасындар!
-Қыста қандай құбылыстар орын алады?
-Ауа-райы қандай болады?
Бүгін біз ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді аз қимылды ойыннан бастаймыз. Ойынның аты «Боран» деп аталады. Шарты: Ортада бір бала «боран» болады. Боран:- у - у - у - деп ортаны айналады, сол кезде балалар қашып үлгеруі керек. Ойынға балалар белсенділікпен, қызығушылықпен қатысады. Жылдың қай мезгілі? Қыста ауа - райы қандай болады? Қыста қандай ойындар ойнаймыз? Ендеше балалар тақтадағы суретке қараңдаршы? Онда не бейнеленген? Демек, балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетімізде аққаламен танысамыз. «Аққала» өлеңімен таныстыру (жаттау). Аққала қардан жасалады, оның әрбір бөлшегі дөңгелектен тұрады. Алдымен үлкен дөңгелек, содан соң орташа дөңгелек, ал басы оданда кішілеу дөңгелектерден жасалады. Аққаланың сонымен қатар қолдары болады, оларда дөңгелек пішін болады. Оларды бірінің үстіне, бірін қойып, басына төртбұрышты қалпақ кигізіп, көзін қара балшықтан немесе көмірдің сынығынан, ал мұрнын үшбұрышты заттан немесе сәбізден жасауға болады. Түсі қандай балалар? Ал бізге қандай түсті ермексаз керек аққаланы мүсіндеу үшін? Аққаланы мүсіндеу үшін бізге неше дөңгелек керек екен? Ендеше балалар бізде аққала жасап көрейік. Алдымен алақанның ортасына салып дөңгелетеміз, сонан соң оларды бір - бірінің үстіне қойып жабыстырамыз. Қолдарын жабыстырып, басына қалпағын кигізіп, көзін жабыстырамыз, сонан соң аузын саламыз. Ермексазды ширатып мұрнын жасаймыз. Мүсіндеп балаларға көрсету. Балалардың жұмысын қадағалап, оларға көмектесу. Сергіту жаттығуы: Бой бүкпей тік ұста, Еркін тұрып тыныста, Жай оң қолды оң жаққа, Жай сол қолды сол жаққа, Қолды айналдыр бұлданбай, Екі шеңбер сызғандай. Сәл тынығып байқа да, Он шақты рет қайтала. Қыс мезгілі. Салқын, аяз, қар жауады т. с. с. Шана, сырғанақ, қардан аққала жасап ойнаймыз. Аққаланың суреті бейнеленген. Балалар мұқият тыңдап, сұрақтар қояды. Аққаланың түсі ақ. Бізге ақ түсті саз балшық керек. Бізге 5 дөңгелек керек. Балалар қызығушылықпен аққаланы мүсіндеп шығады және өз жұмыстарын жасаған таныстырады. Балалар әртүрлі қимыл қозғалыстар арқылы жаттығулар жасайды. Балалардың жұмысын тексеріп, сабақтың соңында мадақтау. Балалар өз ойларын толық айта алады.