Мотивациялық -қозғаушылық | Ойын жағдаят Балалар, менің жұмбағымның жауабын табыңдар. Мені ешкім өсірген жоқ, Қыста ғана боламын Көздерім қара көмірден Мұрның менің сәбізден Суықпын, аппақпын, Мен кім екенмін? (Г.Бектұрова) | Жұмбақты тыңдайды, ойланып, шешуін табады Жауабы: аққала |
Ұйымдастырушылық ізденістік | Неге оны осылай атаймыз? Оны қалай жасайды? Дидактикалық ойын: «Аққала құрастыр» -менде мынандай әртүрлі дөңгелектер бар, солардан аққала құрастырайық (Балаларға аққала бөлшектері таратылып беріледі) -аққала жақсы шығыпты, бірақ бір нәрсе жетіспейтін тәрізді.Тағы да не қоссақ болады? Балалар, сезесіңдер ме, топ бөлмесі салқындап кеткен тәрізді тықырлап біреу келе жатқан сияқты. Бізге кім келеді екен? Ғажайып сәт Топқа Аққала (қуыршақ) кіреді. Аққала: -Балалар , мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Мен қысты жақсы көремін. Қыста қар жауады. Қар ұшқындап, жапалақтап, борандатып жауады. Сөздік жұмыс: жапалақтап
-сендер қармен ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Онда бірге ойнайық | -себебі, оны қардан жасайды
Балалар ақ қатырмаққағаздан қиылған түрлі дөңгелектерден үстел бетінде аққала құрастырады. -қолы,аузы, мұрны , көзі жетіспейді
Аққаланы тыңдайды
Қайталайды: жапалақтап |
| Сергіту сәті Біз би билейміз, Бізге қарап қой Тарсылдаттық аяқты Шапалақта қол Шеңберге тұр сен Көңілді жүр сен! (Г.Бектұрова) -балалар, біздің Аққала көңілсіз тәрізді! Аққала: -сендерде жақсы, көңілді, бәрің бірге жүресіңдер. Мені балалар жалғыз қалдырып, үйлеріңе кетіп қалады. Содан кейін менің көңіл күйім құлазиды. Мына фотосуретте де мен жалғызбын. (мольбертке өз суретін қояды) Тәрбиеші: -Біз балалармен саған көмектесейік, көп дос тауып берейік. Аққала: -Әрине, маған дос керек. Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
-Ендеше , жұмысты бастаймыз.Жұмыстың орындалу ретімен таныстырады. -Өзіміз білетін домалақтау тәсілімен үш түрлі дөңгелек бөлшек жасаймыз. Ол бөлшектерді қолмен жалпақтап, саусақпен тегістейміз. Аққала бөлшектерін қолымыздағы үйдің ауласына жапсырамыз. Содан соң жұмыртқа қбығын ұсақ бөлшектейміз. Осы бөлшектерді Аққаланың бөлшектеріне жапсырып шығамыз. Ұсақ бөлшектерін толықтырамыз.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді
Билингвальді компонент: аққала-снеговик, қыс- зима, қар-снег | Балалар тәрбиешінің көрсеткенін қайталап түрлі қозғалыстар жасайды
әңгімені тыңдайды
Көмектесуге ынта білдіреді
Балаларға мүсіндеу үшін қажетті ермексазды таңдап алады. Жұмыстың орындалу кезеңімен танысады және тәрбиешінің көрсетуін басшылыққа ала отырып, Аққаланы жасауға кіріседі. Дайын пішінді үйдің ауласына жапсырады
Қайталайды: аққала-снеговик, қыс-зима, қар-снег |
Рефлексиялық түзетушілік | Тәрбиеші және Аққала балалардың жасаған жұмыстарын қарап, еіектенгендері үшін балаларға рақметін айтады. Аққала: Балалар,сендерге үлкен рақмет! Маған енді қорқынышты емес, қызықсыз да болмайды. Маған тез далаға шығу керек, әйтпесе мен еріп кетуім мүмкін. Балалармен қоштасады | Қуаныштарын білдіреді
Аққаламен қоштасады |