- Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.
Бір шаңырақ астында
Тату тәтті тұрамыз
Бірге ішеміз асты да
Бірге сауран құрамыз
Достықты үлгі санаған
Бір үйде біз тұрамыз
Қалған ата бабадан
Біздің асыл мұрамыз.
- Балалар келген қонақтармен амандасып алайық.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінің қай айы?
- Бүгінгі ауа райы қандай?
Таңғажайып сәт:
(Тәрбиеші балалардың назарын экранға аударып Ғажайыпстанға саяхат мультфильмінен үзінді көрсетеді.)
Сұрақ –жауап
1Балалар Аяжан мен Елдос нелер туралы әңгімелесті?
2 Сендер үй жануарлары туралы білесіңдер ме?
- Өте жақсы балалар ендеше үй жануарларына нелер жатады?
- Сендердің үйлеріңде үй жануарлары бар ма?
- Олар қайда өмір сүреді?
- Олардың төлдері қалай аталады?
Міне балалар біздің бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ауылымызда сирек кездесетін үй жануарының бірі түйе туралы әңгімелесеміз.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қайталайды.
Балалар үш тілде амандасады.
-Үй жануарлары туралы.
- Сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі, ит мысық.
Ұйымдастырушы-
ізденуші
Түйе туралы әңгімеліп беремін.
Ертеде түйелі көшті «сахараның салтанаты» деп атаған.Төрт түлік малдың бойында болатын қасиеттің бәрі түйе малынын табылады. Алғаш мұнай мен балық өндіре бастағанда ауыр жүктерді осы түйенің көмегімен тасымалдаған. Түйенің еті мен сүті тағам ретінде өте шипалы. Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлде қайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер мол. Түйе сүтінен шұбат дайындалады, оның емдік қасиеті мол. Мойнындағы жүнін шуда деп атайды. Шудасы да қымбат бағаланады.
Түйенің жүнінінен жылы жейде, шұлық, қолғап тоқып, киіз басып, алаша тоқып көрпе жасайды. түйе күй таңтамайды, басқа мал жемейтін қатты тікенді өсімдіктермен қоректене береді . Түйе түнде жайылып, түнде жатып күйіс қайырады. Міне балалар түйенің басқа үй жануарларынан өзгешелігі бар екен. Тәрбиеші балаларға түйе туралы осылай баяндап берген соң, оны қалай түсінгендерін мына сұрақтар арқылы пысықтайды. 1. Түйе қандай жануар?
2 Түйенің сүтінен не дайындалады?
2. Сүтінің қандай қасиеті бар?
3. Түйе немен қоректенеді? 4. Түйенің жүнін не деп атайды?
Сергіту сәті
«Тұлпарым» әнімен сергіту сәті жасалады. Дидактикалық ойын: «Сипаттап бер»(кубизм әдісі)
Мақсаты: Кубиктің жан- жанындағы үй жануарларының атын атап
әңгімелеп беруге үйрету, тіл байлықтарың дамыту, сөздік қорларын молайту.
- Балалар ойынға өте жақсы қатыстыңыздар енді үй жануарлары туралы тақпақ білеміз бе?
- Балалар қараңдаршы мына суретте не бейнеленген? - Бұл суретте әдемі жайлау көрінісі бейнеленген екен бірақ нелер жетіспейді?
-Балалар мына суреттердің арасынан үй жануарларын алып жайлауға жапсырып көрік берейік.
Дидактикалық ойын: « Төлін тап»
Мақсаты: үй жануарларының төлдерін атай білуге, ажырата білуге үйрету.
Ойын шарты: Бір күні Хамит атай өрісте төрт түлік малын жайып жүр еді. Бір мезгілде күн бұлттанып жаңбыр жауады. Қатты жаңбырдың кесірінен төлдер өздерінің енелерінен ажырап калады, енді балалар барлығымыз Хамит атайға және төлдердің енелеріне қауышуға көмектесуіміз керек.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайдs
Түйе шөлге, суыққа төзімді жануар.
Шұбат
Емдік қасиеті бар
Тікендермен де қоректене береді.
Балалар үй жануары туралы тақпақтар айтады.
Балалар қайталайды: Түйе- верблюд- camel, Бота- верблюжонок- younq camel
Балалар суреттер арасынан үй жануарларын тауып жайлауға апарып жапсырады.
Балалар үй жануарларын атап, төлдерін табады.
Рефлексті түзету
- Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде нелер туралы әңгімелестік?
- Балалар бүгін біз түйе туралы не білдік?
- Мынау не?
- Қандай?
- Не істейді?
- Қайда мекендейді?
- Түйе жәндік пе? жануар ма?
- Кәне балалар түйе қандай жануар деп ойлайсыңдар сөйлем құрап көрейікші .
Балалар сіздер бүгінгі оқу іс -әрекетіне өте жақсы қатысқандарың үшін сіздерге бестік бағасының орнына жұлдызша беремін .
Балаларды мадақтап оқу іс-әрекетін аяқтау.
Үй жануарлары
Түйе
Төзімді, шыдамды.
Жүк тасиды.
Шөл далада.
Жануар.
Түйе шыдамды,ерекше жануар.
Балалар қуанышты көңіл күйде болады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Үй жануарларының тіршілік әрекеті туралы сипаттап беруді.
Игереді: Түйенің тіршілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы
Меңгеруі: Үй жануарларының адамның қамқорлығына зәру екендігі туралы ұғымды игереді,
қамқорлықпен қарауды.
«Жазира» бөбекжай балалар бақшасы
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті.
«Айлакер түлкі»
(ертегі)
Өткізген:Э.Қыдырғожина.
2015- 2016 оқу жыл
Тәрбиеші: Қыдырғожина Эльмира Құбайқызы.
«Ақбота» 2-кіші топ
Білім беру салалары: «Қатынас», «Таным».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Көркем әдебиет» «Құрастыру.»
Тақырыбы: «Айлакер түлкі » (орыс халық ертегісі.)
Мақсаты: Жабайы аңдар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Білімділік: ертегінің мазмұнын айтып түсіндіру және сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын ажырата білуге үйрету, қиылған дайын пішіндерден ертегі кейіпкерлерін құрастыруға үйрету.
Дамытушылық: ертегі арқылы балалардың ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: ертегі мазмұнын түсіне біліп, кейіпкерлердің іс-әрекетінің негізінде адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Кіріктірілген аралас сабақ
Әдіс тәсілдері: Әңгімелесу, сұрақ –жауап, СТО технологиясы элементтерін қолдану (топтастыру, кубизм, венн диаграммасы)
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Жабайы аңдар туралы әңгімелесу.
Көрнекіліктер: сиқыршы, АКТ құралдары. Слайд шоу, орман көрінісі, жолбарыс пен түлкі суреттері, үнтаспа, сахналауға арналған қуыршақ театрының аңдары.
Таңғажайып сәт: «Сиқырлы айналу» (Сиқыршы пайда болады)
Сиқыршы: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің орманыма қош келдіңдер! Мен сендердің келгендеріңе қуаныштымын, менің орманыммен танысқыларың келе ме?
Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қайталайды.
Балалар үш тілде амандасады.
Здраствуйте!
Good morning!
Балалар бір орында тұрып айналады.
Сиқыршыға таңдана қарайды.
Ұйымдастырушы-
ізденуші
- Балалар, қараңдаршы сиқыршының орманында аңдар, әдемі гүлдер, ағаштар өте көп екен, қәне қандай аңдар бар екен атап өтейікші:
Дидактикалық ойын: «Бұл қай жануар.» (кубизм әдісі)
- Балалар бұл жануарлар қандай жануарларға жатады?
- Неліктен жабайы жануарлар дейміз?
Сиқыршы: - Жарайсыңдар балалар, сендер аңдар жайлы көп біледі екенсіңдер. Бұлар жай аңдар емес ертегідегі аңдар. Осы аңдар туралы ертегілерді білесіңдер ме?
Сиқыршы: - Ой, жарайсыңдар балалар сендер көп ертегі біледі екенсіңдер. Мен сендерге өте қызықты ертегі дайындап қойдым, апайларыңа беремін сендерге айтып берсін.
-Балалар ертегінің аты «Айлакер түлкі» мұқият тыңдайық.
(Аудиотаспа арқылы ертегіні тыңдату, саусақ театры арқылы сахналау)
Балалардың ертегіні қалай түсінгендерін мына сұрақтар арқылы пысықтаймын.
Сұрақ жауап:
-Ертегі сендерге ұнады ма?
-Ертегі не туралы екен?
-Ормандағы аңдарға не қожалық етті?
-Ормандағы аңдарға не қожалық ету керек еді?
-Міне, балалар, түлкі айласын асырып ормандағы аңдарға қожалық ететін болды.
Топтастыру: Түлкі- Қызғылт түсті, қу, айласы мол аң, орманда өмір сүреді.
Жолбарыс - батыл, күшті аңқау аң, орманда өмір сүреді.
Сиқыршы: -Балалар сендерге ертегі қатты ұнаған сияқты ғой солай ма?
-Ал кәне балалар, сиқыршымен бірге бойымызды сергітіп алайық.
Экран арқылы сергіту сәтін жасау.
-Сиқыршы сіздің орманыңыз өте әдемі екен, бізге қатты ұнады бірақ біздің топқа оралуымыз керек.
Сиқыршы: Жақсы балалар, мынау менің орманымнан естелік болсын (қорапша береді)
- Рахмет сиқыршы, ал енді біз тобымызға оралайық. Сау болыңыздар. (Сазды әуенмен көзді жұмып айналу)
-Ой, балалар, біз тобымызға оралдық, ал енді сиқыршының берген қорапшасын ашып көрейік, ішінде не бар екен.
Бұл қорапшада бізге тапсырмалар бар екен орындап көрейік.
-Балалар екі топқа бөліне қояйық.
1-ші топ: «Таным» білім беру саласы бойынша түрлі-түсті қатты қағаздардан түлкі, жолбарысты құрастыру.
2-ші топ: «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша орман бейнесін жасау.
- Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын сендерге сәттілік тілеп шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері.
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.
-Жарайсыңдар, балалар, енді орыс тілінде амандасайық.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Ғажайып сәт:
Балалар, бізге бүгін Маша қонаққа келді. Маша құр қол келмепті. Себетінде жемістері бар екен. Ол досы аюдың ауырып қалғанын айтады. Орманнан жемістерді теріп алған екен. Енді сол жемістерден аюға сусын дайындамақшы. Қалай дайындайтынын білмей сендерден көмек сұрай келіпті.
- Көмектесеміз бе?
Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қайталайды.
Балалар орысша амандасады.
Здравствуйте!
Күз.
Салқын болады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады, жаңбыр жауады, жемістер піседі.
Қуанады. Амандасады.
-Иә.
Ұйымдастырушы-
ізденуші
-Ендеше, жемістер туралы есімізге түсірейікші.
Дидактикалық ойын: «Қандай жеміс?» (кубизм әдісі)
Мақсаты: жемістерді ажыратуға үйрету.
Ал, мынау-шабдалы-персик, алша-слива, өрік-абрикос.
Жемістер өте пайдалы, өйткені олардың құрамында көптеген дәрумендер кездеседі. Сондықтан, оларды жие-жие жеп тұру қажет. Олардан салат, сусындар жасауға болады.
Сергіту сәті:
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін жақсысын
Әжемізге сыйлайық.
Слайд арқылы түсіндіру.
Ал, енді біз бүгін осы жемістерден сусын жасап көреміз. Балалар, сендердің алдарында қағаздан қиылған банканың бейнесі жатыр. Алма мен алмұрттың суреті де бар.
Магнитты тақтада суреті салынған банкаға дайын жемістерді
салып көрсетемін.
-Алма қандай түсті?
-Алманың дәмі қандай?
-Алмұрт қандай түсті?
-Балалар, жемістерді қазақша-орысша айтып көрейікші.
Қостілдік құрам: алма-яблоко, алмұрт-груша.
Ал, енді осы екі жемісті салып, сусын қайнатайық. Содан соң банканы қақпақпен жауып тастаймыз. Мен ойлаймын, біздің жасаған сусынымыз тәтті болып шығады.(Маша да бірге жасайды)
Балалармен жеке жұмыс жүргіземін.
-Маша, міне біздің балалар сусынды дайындап болды.
Маша: -Балалар, сендерге көп рахмет. Мен жеміс сусынымды аю досыма апарайын. Сау болыңдар!
Дидактикалық ойын: «Алмаларды түсіне қарай топта»
Шарты: Үш түрлі алманы түсіне қарай өз себетіне салу.
Мақсаты: Түсіне қарай топтастыру.
Қимылмен көрсетті.
Назар аударып, тыңдайды.
Қызыл
Сары
Тәтті, дәмді.
Алма-яблоко, алмұрт-груша деп қайталайды.
Алдарында жатқан банканы алмұрт және алма суреттерімен толтырады.
Машамен қоштасады.
Ойынды қызыға ойнайды.
Рефлексті түзету
Балалар, сонымен біз бүгін не қайнаттық?
Неден қайнаттық?
Қандай жемістерден?
Жемістерді жуып, сүрткізу. (М. Монтессори әдісі)
Жұмыстарын мадақтаймын.
- Сусын.
Жемістерден.
Алма мен алмұрттан.
Балалар қуанышты көңіл күйде болады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қағаздан салынған банка ішіне дайын суреттерді орналастырады.
Игереді: Жемістердің әртүрлі және әр түсті болатынын игереді.
Меңгеруі: Іс-әрекет барысында алған дағдыларын меңгереді.
«Жазира» бөбекжайы- балалар бақшасы
Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті.
«Орамалды безендіру»
(Сурет салу)
Өткізген: Г. Сариева .
2015- 2016 оқу жыл
Тәрбиеші: Сариева Гүлдана Нұрбергенқызы.
«Күншуақ» бірінші кіші топ
Білім беру салалары: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сурет салу»
Тақырыбы: «Орамалды безендіру»
Мақсаты:
Білімділік: Қағазға бастырмамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,орамалды геометриялық пішіндермен безендіруге үйрету.
Дамытушылық: Саусақ қол моторикасы мен икемділіктерін дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Тіл дамыту» «Қоршаған ортамен таныстыру.»
Тақырыбы: «Сиқырлы дәрумендер»
Мақсаты: балаларға дәрумендер азық-түліктерде болатынын түсіндіру, дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер жетіспегенде болатын аурулар, олардың алдын алу шаралары жайлы түсінік беру,
Білімділік міндеті: азық-түлік тағамдарының қайдан шыққаны туралы балалардың білімдерін толықтыру, тағамдардың пайдасы, негізгі пайдасы А,С, В, Д, Е. дәрумендерінің тағамдарда болуын түсіндіру.
Дамытушылық міндеті: жұмбақтар шешу арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып білімдерін жетілдіру арқылы алғырлыққа, тапқырлыққа баулу, балалардың дәрумендер туралы ой өрісін қалыптастыру, дәрумендер туралы білімдерін толықтыра танымдық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: өз денсаулықтарына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу, балаларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Кіріктірілген сабақ
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Алдын ала жүргізілген жұмыс: дәрумендер туралы әңгімелесу, алмадан және сәбізден шырындар дайындау, оны балалардың ішкені.
Көрнекіліктер: өсімдіктер мен мал өнімдерінің суреттері, слайдтар, тағамдардың суреттері бар таратылмалы кәртішкелер.
Билингвальды компонент: дәрумен- витамин.
Іс әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру
Сезімді ояту
«Шаттық шеңбері»
- Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Армысың, бақ- дәулетті жерім менің,
Армысың, асқар тауым, көлім менің,
Армысың, шұғылалы күнім менің,
Армысың, менің достарым.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қайталайды.
Балалар үш тілде амандасады.
Ұйымдастырушы-
Ізденуші
-Балалар, бойларың ұзын, денің сымбатты болу үшін не істеу керек?
-Дұрыс айтасыңдар балалар, спортпен шұғылданамыз, жаттығуды күнделікті жасаймыз, ал дәрумендерді қайдан аламыз?
-Балалар, біз түрлі тамақтар ішу арқылы ағзамызға керекті дәрумендерді аламыз.Тағамда дәрумендер жеткіліксіз болса адамдар жиі аурады екен. Дәрумендер адам өміріне пайдалы, онсыз адам денсаулығы нашарлап ауруға шалдығады, тіпті өмір сүре алмайды екен.
-Осы тағамдарды қайдан аламыз?
-Жемістер мен көкөністерді ше?
-Сүт өнімдерін ше?
-Балықты қайдан аламыз?
-Дәнді дақылдарды қайдан аламыз?
-Балалар сендер қандай дәрумендерді білесіңдер?
-Ендеше осы дәрумендерге жеке-жеке тоқталайық, мен сендерге дәрумендер туралы жұмбақ жасырайын сендер шешуін тауып көріңіздер.
Қолды екі тұсына созып тұрып мұрынмен қысқа-қысқа дем алу, қолды ақырын көтеріп, «Аһ» деп қолды соғып дем шығару.
В дәрумені
Бұршақ, кофе,шоколад
Бай екен В дәрумен
Ет, жұмыртқа, нан, жаңғақ
Күш береді бәріне.
С дәрумені
С дәрумен ең тәтті,
Апельсин, алма, қырыққабатта,
Итмұрында көп тіпті.
Әдемі де көңілді,
Боласың сен тәп-тәтті.
Е дәрумені.
Сүтке піскен
Ботқа түрін жесең,
Балаға қажет
Дәрумен бар білесің,
Оның аты Е десең.
-Балалар енді ойын ойнайық.
Ойын: « Дәрумендерді топтастыр»
Бес үстелде А,С, В, Д, Е. Дәрумендерінің моделін балаларға тарату.
А-қызыл дөңгелек
В-көк дөңгелек
С-жасыл дөңгелек
Д-сары дөңгелек
Е- қоңыр дөңгелек.
Мысалы: А дәрумен сәбіз, асқабақ, қызанақ, өрік, қарбыз, қауында бар.
Сергіту сәті:
Денсаулық –ол шыныққан
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық – ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық –ол келуің
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық –ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
Билингвальді компанент: дәрумен- витамин.
«Көкөністер айтысы»
Тәжірибе жасау:
-Балалар қазір біздер шырын жасаймыз, ол үшін сәбізді шырын жасағыштан өткіземіз және оны ішіп көрейікші.
-Түсі қандай?
-Алманың да шырынының түсі қандай, дәмі ше?
Шығармашылық жұмыс:
Мүсіндеу: жемістер мен көкөністер.
Мақсаты: әр түрлі пішіндер арқылы жемістер мен көкөністерді мүсіндей білуге үйрету.
-Спортпен шұғылдану керек.
-Жаттығулар жасау керек.
-Дәрумендер ішіп-жеу керек.
-Өсімдіктерден және мал өнімдерінен аламыз.
-Дүкеннен
-Базардан
-Малдан
-Теңізден, көлден.
-Қырманда өседі.
-А,С,В,Д,Е.
1-бала. А дәрумені сәбіз, қызанақ, асқабақ, өрік, көкпияз, петрушка және сүт пен жұмыртқаның сары уызында бар.
А дәрумені теріге, сүйектер мен тістердің қатаюына және бойдың өсуіне көмектеседі. Көз бен тері ауруларын болдырмайды.
2-бала:
Д дәрумені сүт тағамдары айран, ірімшік, қаймақта, сондай-ақ етте, балық уылдырығында, құс етінде де бар.
Д дәрумені сүйектер мен тістердің қатаюын, ағзадағы кальций мен фосфордың алмасуын реттейді.
Барлық балалар тыныс алу жаттығуларын жасайды.
3-бала: В дәрмен бұршақ, балық, жұмыртқа, картоп, саңырауқұлақ, тәтті бұрыш, сүт пен ет тағамдарында, жармалар, астық тұқымдастарда бар.
В дәрумен ағзадағы зат алмасуды реттейді, жүрек, асқазан-ішек жұмыстарын жақсартады, мидың дұрыс қызмет етуіне көмектеседі.
4-бала: С дәрумені балық, лимон, шалғам,, қарақат, құлпынай, аскөк пен петрушка, қырыққабатта бар.
С дәрумені(аскорбин қышқылы)
Құлақ ауруына қарсы, иммунды жүйенің белсенділігін арттырады.
Балалар суретті кәртішкелерді алып, онда қандай дәрумен бар екенін айтып орнына орналастырады.
Балалар сергіту сәтін қимыл қозғалыспен жасайды.
Балалар қайталайды: дәрумен- витамин
Балалар көкөністер болып айтысады.
-Түсі қызғылт, дәмі қышқыл.
-Түсі сарғыш, дәмі тәтті.
Балалар топта жасалған тәжірибелер туралы айтады.
Балалар мүсіндеу дағдыларын еске түсіре отырып жасайды.
Рефлексті түзету
-Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде нелер туралы айттық?
- Қандай дәрумендерді білесіңдер?
- Дәрумендердің қандай пайдасы бар?
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.
Балаларды мадақтап, қорытындылау.
Балалар сұраққа толық жауап береді.
-Дәрумендер.
-А,С,В,Д,Е.
Балалар қуанышты көңіл күйде болады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар дәрумендерді, олардың пайдасы туралы біледі.
Игереді: Олардың тағам түрлерінде болатынын біледі, дәрмендерді топтастырады.
Меңгеруі: дәрумендер туралы түсінік қалыптасады, тәжірибе жасайды.
«Жазира» бөбекжайы- балалар бақшасы МКҚК
Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті.
«Әжейге қонаққа барамыз»
Өткізген:Г. Сариева.
2016- 2017 оқу жылы
Күні:14.11.16 жыл.
Тобы: «Ақбота» екінші кіші (3-4 жас) тобы
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: «Дене шынықтыру»
Тақырыбы:Әжейге қонаққа барамыз.
Мақсаты :
Білімділік: Допты қос қолмен бастан асыра лақтыруды үйрету. Еденнен екпінмен серпіле екі аяқпен зат үстінен секіруге үйрету.
Дамытушылық:тепе-теңдік сақтап, еденнен 10 см көтерілген сатының таяқшаларынан аттап жүруді бекіту . Қолдың басын айналдыра екпінмен серпіле заттың үстінен секіріп, сәл бүгілген аяқпен жұмсақ жерге қонуға үйрету.
Тәрбиелік:Басты түсірмей,музыка ырғағына сәйкес би қимылдарын бір қалыпты,жұбымен келісе орындауға жаттықтыру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Жеңіл жаттығулар жасау.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жаттығу жасау, ойын ойнау.
Қолданылатын көрнекі құралдар:Жаңбыр, күн, шалшық макеті, әр балаға бір орамал; биіктігі 10 см заттар, доптар, ұзын жіп, музыка.
Іс әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру
Сезімді ояту
«Шаттық шеңбері»
- Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.
Бір шаңырақ астында
Тату тәтті тұрамыз
Бірге ішеміз асты да
Бірге сауран құрамыз
- Балалар келген қонақтармен амандасып алайық.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгінгі ауа райы қандай?
Таңғажайып сәт:
(Тәрбиеші балалардың назарын күнге аударады.)
-Балалар, күн салқын бізге күн қонаққа келді. Күнмен бірге серуенге шыққыларың келе ме?
-Әжейге баратын жол- ұзақ жол. Шағын топпен жай жүру, заттарды айнала ирелең жолмен жүру. «Жаңбыр жауып кетті. Аяғымызды сулап алмау үшін аяқты жоғары көтеріп, шалшықтардан секіріп өту керек.Асығайық, асығайық жаңбырдан қашып құтылайық»-жүгіру, қолың басын айналдыра қол бұлғап, бытырап жүгіру.Сапқа тұру көрнекі бағыт бойынша түзелу.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қайталайды.
-Қазір жылдың күз мезгілі.
-Салқын
-Иә
Ұйымдастырушы-
лық -ізденушілік
Орамалмен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары
Екі қатарға тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орында-тады. Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді.
1. «Қара». Б. Қ.: аяқ сәл алшақ, қол төмен. Орамалмен қолды шетке созу арқылы жоғары көтеру, оған қарау, бастапқы қалыпқа оралу. Орамалды келесі қолға ауыстырып, осы қимылды қайталау. Бастапқы қалыпқа оралу. 4-5 рет.
2. «Отырамыз, тұрамыз». Б. Қ.: аяқ сәл алшақ, қол төмен. Отырып орамалды еденге салу, «еденге салдық» деу, бастапқы қалыпқа оралу; отырып орамалды еденнен алу «еденнен алдық» деу, Бастапқы қалыпқа оралу. 5-6 рет.
3. «Аяқ тоңды». Еденге отырамыз. «Аяқ тоңды» дегенде -орамалды жоғары көтеріп, аяққа жабу қолды артқа апарып ұстау. «Аяқ жылынды» дегенде аяқтан орамалды алып қолды төмен түсіріп «жаңбыр жоқ» деу 5-6рет
Тыныс алу жаттығуы: Орамалға үрлеу.
Балаларға орындату. Балалардың дұрыс орындауын қадағалаймын.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары :
- Екі аяқпен зат үстінен секіру(биіктігі 10 см)
-Диаметрі15 см допты қос қолмен бастан асыра лақтыру.