Олай болса бүгінгі ертегіміз тауық пен түлкі туралы болмақ. Сіздерге мен бүгін «Айлакер түлкі» ертегісін әр кейіпкерлерді таңдап алып ойнайсыңдар, жарай ма? Мұқият тыңдайық. «Айлакер түлкі» ертегісі. Ертеде ауыл шетінде кемпір мен шалдың үйі болыпты. Сол үйдің ауласында әтеш пен тауық мекендепті. Олардың жұмыртқалардың, балапандарын бір қу түлкі алып кетіп, маза бермепті. Тауық: - Ко – Ко – Ко, мына түлкі тағы да келіп, балапандарымызды алып кетіпті. Не істеймін? Әтеш: - Не болды? Ку – ка – ре – ку! Тауық: - Тағы да қу түлкі келіп ақ қанат балапандарымызды алып кетіпті, енді не істейміз? Әтеш: - Жүр онда, аюға барайық! Аю: - Кім менің мазамды алған? Тауық: Аю, бізге көмегің қажет, біздің балапандарымызды қу түлкі ұрлап кете береді. Соның сазайын тартуға көмектесші? Аю: - Олай болса, көмектесейін. Аю түлкіні шақырады. Түлкі: Иә, аю аға, неге шақырттың? Аю: - сен мына тауықтың балапандарын неге ұрлай бересің? Түлкі: - Аю аға, менің ойлағаным сенің қамың емес пе? Балапанның жүнінен саған жастық жасап әкелдім. Міне, ала қойыңыз. Аю: - Жарайсың, түлкі рахмет! Ал сендер енді арыз айтып келуші болмаңдар. Түлкі: - Сендер ме, сендер! Тауық: - Енді не істейміз? Әтеш: - Жүр, онда қасқырға барайық! Қасқыр: - Кім мені мазалаған? Тауық: - Қасқыр, бізге көмегің қажет, біздің балапандарымызды қу түлкі ұрлап кете береді. Бізге көмектесші? Қасқыр түлкіге келеді. Түлкі: - Не болды, Қасеке? Қасқыр: - Сен тауықтарға маза бермей жүрген көрінесің ғой? Түлкі: - Қасеке – ау, менің ойлағаным сенің қамың емес пе. Балапанның жүнінен саған жастық жасап әкелдім. Мінеки, алыңыз. Қасқыр: - Жарайсың, түлкі. Түлкі: - Сендерді ме, қап бәлем! Тауық: - енді не істейміз, кімге барамыз? Әтеш: - Жүр, онда төбетке барайық. Төбет: - Не шаруамен келдіңдер? Тауық: - Түлкі біздің ақ қанат балапандарымызды алып кете береді, бізге көмектесші? Төбет түлкіге келеді. Түлкі: - не болды, төбетім? Төбет: - Сен неге тауықтың балапандарын ұрлай бересің? Түлкі: - Төбетім, менің ойлағаным сенің қамың емес пе. Балапанның жүнінен саған жастық тігіп әкелдім. Төбет: - Мен саған көрсетемін! Енді балапандарды ұрласаң мен сенің сазайыңды беремін. (қуа жөнелді) Осылай тауық пен әтеш қу түлкіден құтылыпты. Балалар, ертегі сендерге ұнады ма? Енді осы ертегілердегі кейіпкерлерді атайықшы? Түлкі қандай балалар? Осы кейіпкерлер туралы кім қандай мақал – мәтелдер бііледі екен? Жарайсыңдар, балалар! Шаршап қалған болармыз, бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Құс боп қанат жаяйық. Көтеріліп ұшайық, Көп ұзамай қонайық. 2 рет қайталау. Балалармен жұмыс: Балалар ертегіні рөлдерге бөліп ойнайды. Рөлдерде: Әтеш рөлінде – Айберген Жұматов Тауық рөлінде – Малика Элназарова Аю рөлінде – Мерейлі Қожахмет Қасқыр рөлінде – Алмат Базарбаев Түлкі рөлінде – Айсауле Наурыз Төбет рөлінде – Аружан Медеу Қызықты сәт: Осы кезде тауықтың дауысы естіледі. Топқа қыт – қыттап тауық кіріп келеді. - Қыт – қыт, сәлеметсіздер ме, балалар! Қандай әдемісіңдер! - Балалар, бұл біздің ертегіміздегі тауық емес пе? - Иә, менің көп жұмыртқаларымды түлкі ұрлап кетіпті, соны қайтаруға көмектесесіңдер ме? - Олай болса, «Балапандар» ойыны арқылы Тауық ананың балапандарын тауып беруге көмектесейік. Д/О: «Балапандар» Шарты: ұядағы жұмыртқалардың ішіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы балапандарды тауып береді. Тауық балапандарының табылғанына қуанып, балаларға әкелген өзінің сыйлығын беріп, балалармен қоштасады. | Иә, жарайды. Балалар мұқият тыңдайды. Түсінеді, ұғады. Иә, қатты ұнады, қызықты болды. Әтеш, тауық, аю, қасқыр, түлкі, төбет. Түлкі айлакер, қу. Ол барлық аң мен құсты алдап кетеді. 1 – бала: Аю – аңғал, Түлкі – қу. 2 – бала: Кәрі қасқыр қақпанға түспейді. 3 – бала: Тауықтың түсіне тары кіреді. 4 – бала: Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады. 5 – бала: Түлкіні – түн асырайды. Балалар бойларын сергітеді. Балалар тамашалайды. Балалар, таң қалады.. Сәлеметсіз бе, Тауық. Иә, ертегідегі тауық қой. Әрине, көмектесеміз. Балалар, ұядағы жұмыртқалардың сұрағына жауап беру арқылы тауықтың балапандарын тауып беруге көмектеседі. |