Мотивациялық қозғаушы: Іздену – ұйымдастырушы: Рефлексиялық-түетушілік: | Шаттық шеңбері: Қуан, шаттан алақай Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң, қайырлы күн Күліп шықты бүгін күн. Табиғат – біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз Біз әдепті баламыз. - Кәне, балалар бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік Сұрақ-жауап - Балалар бізге ертегілер елінен хат келіпті. Кәне хатты ашып қарайық, кім жіберді екен? - Ия бұны түлкі жіберіпті ғой. Бұл хатта былай деп жазылыпты «Қымбатты балалар! Сіздерді орманға саяхатқа шақырамын» - Барамыз ба балалар? - Ендеше балалар, біз орманға бармас бұрын біз қандай ертегіні білеміз, есімізге түсірейікші? - Жарайсыңдар балалар, сендер ертегіден қорықпайсыңдарма? - Ендеше ертегі орманына аттанайық. Онда бізді «сиқырлы жел» апарады - Балалар ертегі орманы қандай тыныш. Тек желдің гуілі ғана естіледі. Бізде орманға келіп жеттік . мына орманда барлық аңдар жүр екен.
Жұмбақ Өзі бір қу, Жүрген жері айқай да шу. (түлкі) Құйрығы он қарыс Өзі ала-шүбар, түрі айбатты. (жолбарыс) Жұбақ арқылы түлкі мен жолбарысты тауып алу. Тапқан аңдарды алып топқа оралу. Сергіту сәті Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен. Теріп-теріп алайық, Аюданда қашайық.
Ойын «Бұл қандай аң»
- Иә балалар, бүгін біз орманға саяхат жасадық. - Орманнан бізбен бірге қандай аңдар келді?
- олай болса, біз бүгін жаңа ертегімен танысамыз. «Айлакер түлкі» ертегісін тыңдау. Қорытынды - Балалар көніл-күйлерің қандай? - Бүгінгі жаңа ертегіден қандай әсер алдыңдар? - Ертегіде не жайлы айтылған? - Иә, әрқашан жүздерің жарқын, аспандарың ашық, көңілдерің нұрға толсын. Сонымен бүгінгі жаңа оқу іс-әрекетін аяқтаймыз.
| Шаттық шеңберіне тұрып қимылдар жасайды. Әр бала өзінің жылы лебіздерін білдіреді. Иә барамыз. Үйшік,бауырсақ,үш аю. Жоқ қорықпаймыз. Түлкі. Жолбарыс. Балалар қимылмен жасайды. Аю,түлкі.қоян келді. Ертегіні балаларға оқып беремін. Өте жақсы. Жақсы әсер алдық. Түлкі туралы айтылған. |