асыл қасиет екені туралы, пікірлесіп өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса Адам! - Адам баласының бойындағы жақсы да жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты адалдықты, қарапайым-кішіпейілділікті инабаттылықты шыншылдықты үлкендер үйретеді. Үлгі суретпен жұмыс Адамгершілік сыпайылық қарым-қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу. Адамгершілік дегенді қалай түсінеміз? Мақал – мәтел Жақсыға жаннас, жаманнан адас. Жақсылық пен жамандық егіз. Әдептілік, ар – ұят – адамдықтың белгісі! Слайдпен жұмыс. Ойын: «Жалғастыр» «Не істеуге болмайды?» Улкендердің алдынан.......(кесіп өтуге) болмайды. Кішкене баланы......(жылатуға) болмайды. Құстарды ...... (атуға) болмайды. Қыз баланы......(ренжітуге) болмайды. Балабақшадан .......(кешігуге) болмайды. «Не істеу керек?» Үлкен кісіні.......(сыйлау) керек. Үлкеннің .......(тілін) алу керек. Үлкендерге ........(сәлем беру) керек. Кішілерді ........(қамқорлау) керек. Оқу құралдарды .......(таза) ұстау керек. Хор: «Ана ұстаз» Ғажайып сәт: Пошташы топқа хат алып келеді. Тәрбиеші балаларға хат оқып береді. «Жүректен жүрекке» атты шығармашылық сәт тәрбиеші жүрекше таратып береді. Балалардың қандай екенін жүректің түсіне қарай оқып беріп, балаға мінездеме береді. | Балалар педагогті тыңдайды. Сурет бойынша өз ойларын айтады. Үлгі суретке мұқият қарады. Сұрақтарға жауап береді. Мақал-мәтелді бірге қайталап мазмұнын түсінеді. Ойынды бірлесе ойнайды. Сұрақтарға жауап береді. Келген қонақпен пошташымен амандасады. Балалар өздеріне қалаған ұнаған түстегі жүрекшені таңдап алады. |