Ұйымдастыру іздестіру | Балалар екі топқа бөлініп отырады. Дауыстылар тобы және дауыссыздар тобы болып бөлінеді. Балалар бүгін біз сабақты өткен тақырыптан бастап өтейік. "Өткен сабақтардан сендерге сұрақ қоям " қай топ көп жауап береді екен көрейк. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? Балалар біз өткен оқу қызыметіндегі дыбыстар туралы не білетінімізді сұрақ -жауап арқылы жауап берейікші. -Балалар сауат ашу оқу қызыметінде нені үйренеміз? -Дыбыс дегеніміз не? -Дыбыс нешеге бөлінеді? -Дыбыс қандай -қандай болып бөлінеді? -Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді? -Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді? -Дауысты дыбыс қалай айтылады? -Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? -Ал әріп дегеніміз не? -дұрыс айтасыңдар балалар, -әріп -дегеніміз дыбыстың таңбасы, әріпті көзбен көреміз, қолымызбен жазамыз. Ал мен сендерге жумбақ жасырамын. Жаңада бар, ескіде жоқ, Танада бар ,ешкіде жоқ. Жауабы: а дыбысы -Мынау ненің суреті? -Ал мынау ненің суреті ? алма, аққу, ара, алмұрт -балалар қандай дыбыстан келіп тұр? Балалар ендеше бүгінгі сабағымыз"а" дыбысы екен. -"А"дыбысы дауысты дыбыс ,кедергісіз айтылады.Мысалы: Алма ,а ра,аққу көрдіңдер ме балалар кедергісіз айтылып тұр."А" дыбысы қызыл текше мен белгіленеді. -Ал балалар "а" дыбысын баспа түрде ауада жазып көрейікші. -Балалар ендеше "Әуенді кестенің" көмегімен сөз оқиық балалар. Ата,ана,апа,аға,ала т.б Балалар енді А дыбысынан келетін сөз айтайықшы. -Ал енді айтылған "А" дыбысынан басталған сөзді буынға бөлеміз. Ал-ма сөзінде қанша буын бар? Жарайсыңдар. -Балалар мына кудиктердегі әріптердің арасынан" А" дыбысын тауып беріңдерші. -Ендеше балалар шаршаған болармыз. Орнымыздан тұрып Сергіту сәтін жасаймыз. Ал Т дыбысынан келетін сөз айтқанда аяғымызды қимылдатамыз. Балалар " А" дыбысынан келетін сөз айтқанда шапалақ ұрамыз. -Балалар ендеше мына стол үстіне назар аударайық. Стол үстінде :Айна, алма, аққу, асық,ағаш, Арқан,т.б сөздерге сөйлем қураймыз балалар. | -Қазір жылдың Күз мезгілі. Күз мезгілінде үш ай бар.Қыркүйек, Қазан,қараша Сауат ашу оқу қызыметінде ,Әріпті және дыбысты үйренеміз. -Дыбыс дегеніміз-құлағымызбен естиміз,аузымызбен айтамыз, бұны дыбыс дейміз. -Дыбыс екіге бөлінеді. -Дауысты және дауыссыз болып. -Дауысты дыбыс қызыл текшемен белгіленеді. -Дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленеді. -Дауысты дыбыс-кедергісіз айтылады. -Дауыссыз дыбыс -кедергімен айтылады. -Әріп дегеніміз-дыбыстың таңбасы. Жауабы:а дыбысы -Ол алманың суреті -Ол Аққудың суреті -А дыбысынан келіп тұр. -Ал-ма,Ар-а,Ақ-қу. Балалар а дыбысын ауада жазып көреді Балалар әуенді кестемен сөз оқиды. Анар,Алма,Ара,Аға т.б Ал-ма, Ар-а ,А-ғаш,Ақ-қу т.б Ал-ма сөзінде екі буын бар,және екі дауысты дыбыс бар. -Әртүрлі кубикің ішінен "а дыбысын балалар табады. Балалар айтылған сөзге қарап іс-қимыл жасайды. Балалар сөйлем құрайды. |