Ынталандыру- оятушы | Шаттық шеңбер: «Күлкі» Мақсаты: Балалардың бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлауға үйрету. | Қайырымды жандар айнала,Шеңберге келсін жайлана ,Сүйеміз барлық әлемді, әлемдегі бар елді. Балалар бір-біріне қарап, ыңғайланып шеңберге тұрып, бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіреді. |
Ұйымдастырушы- Іздеуші | Геометриялық пішіндерді пысықтау. Суреттегі ұл мен қыз баланың іс- әрекетіне қарай жанында, алдында, артында, астында, үстінде ұғымдарымен танысады. «Шалқан» ертегісінің мазмұны ашылып, ондағы атасы, апасы, немересі,күшік, мысық, тышқанның орнын ажырытып, жанында, алдында,артында ұғымдары түсінуді тереңдетеді. Сергіту жаттығуы: Мынау менің –жүрегім Бәрі осыдан басталған Мынау басым ақылды Бәрін өзі басқарған Мынау менің оң қолым Мынау менің сол қолым Барлық істі атқарған. Суреттерге қарап, үстінде, жанында ұғымдары ажыратады. Ойын: Геометриялық пішіндерден ір түрлі заттарды құрастыру. Тәрбиеші балаларды екі топқа бөліп, алдыларына әр түрлі пішіндер таратады. Балалар пішіндерден өз ойларынша ір түрлі заттар құрауы қажет. | Балалар алдарына таратылған геометриялық пішіндердің аттарын атап, пысықтап, түстерін ажыратады, балалар жаңа ұғымдармен танысады. Ертегі арқылы балалар жаңа ұғымдарды қайталап,бекітеді. Сергіту сәтін орындайды. Ойынды қызығушылықпен ойнайды. |
Рефлексивті- түзетуші | Белсене қатысқан балаларды марапаттау, алған әсерлерін сұрау. | Балалар өз ойларын айтады, алған әсерлерімен бөліседі |