kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

5 саны және цифры

Нажмите, чтобы узнать подробности

5 саны мен цифрын таныстыру. Санау қабілеттерін ұштау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«5 саны және цифры»

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы









«5 саны мен цифры»







Өткізген: Алшекенова Г.М.










2016-2017 оқу жылы

Бекітемін:

Күні: 11.11.16

Білім беру саласы: таным.

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 5 саны мен цифры

Мақсаты:

а) 5 саны және цифрымен таныстыру; цифр мен заттың санын сәйкестендіруді үйрету; заттарды санау және реттік санау қабілетін ұштау; 5 цифрын тану және дұрыс бейнелеуге үйрету.

ә) Тәрбиеленушілердің зейіні мен логикалық ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту;

б) эстетикалық тәрбие беру.

Билингвальды компонент: Бір - один – one, Екі – два – two, Үш – три – three, Төрт – четыре – four, Бес – пять - five

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Мұғалім сыныпқа кіріп үш тілде амандасады


(Мұғалім үстелінің үстінде аю ұйықтап жатады)

  • Ой, мынау не неғып жатыр?

  • Мәссаған ұйықтап қалғанмын ба?

  • Мында қайдан жүрсің?

  • Мен құлпынайларымнның санына жете алмай адасып, осы кабинетке кіріп ұйықтап қалғанмын.

  • Сіздерге кедергі келтірмей кетейін.

  • Жоқ- жоқ қала беріңіз біздің тәрбиеленушілермен бірге бола беріңіз.

  • Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қатысып кетіңіз, сіздің жетіспеген құлпынайыңызды жетістіріп берейік.

  • Жарайды қатысайын, сіздер де маған көмектесіңіздерші.

  • Балалар аюдың өтінішін орындаймыз ба?

(Аю себетін тәрбиешіге береді)

Тәрбиеші: Аюдың себетіндегі құлпынайларды санатады.


Қайырлы күн көк аспан,

Қайырлы күн жер ана,

Қайырлы күн мұғалім

Қайырлы күн достарым,

Қайырлы күн қонақтар.





Сұрақ – жауап











Ұйымдастырушылық- ізденістік

  • Құлпынайларды таяқшамен көрсетіп, тәрбиеленушілер мен аюмен бірге дауыстап тура және кері санайды

  • Аюдың себетінде неше құлпынай болды?

  • Үш тілде санайды.

  • Билингвальды компонент: Бір - один – one, Екі – два – two, Үш – три – Three, Төрт – четыре – four

  • 1 мен 4 сандарын құм терапиясында бейнелеп көрсетеді

  • Аюжан сенің себетіңде төрт құлпынай бар екен.

Аю: Ал маған 5 құлпынай қажет еді.

  • Балалар аюға 5 құлпынай жинап беруге көмектесейік.

  • Балалар осы 4 құлпынайға қанша құлпынай әкеліп қоссақ, аюдың 5 құлпынайын түгендеп бере аламыз

  • Дұрыс 4 құлпынайға 1 құлпынай әкеліп қоссақ 5 құлпынай болады

  • 1 құлпынайға 4 құлпынай әкеліп қоссақ?

  • 3 қызыл алмаға 2 жасыл алманы қосақ?

  • 2 қиярға 3 қызанақ қоссақ қанша көкөніс болады?

  • Дұрыс қосылғыштардың орны ауыссада қосындының мәні өзгермейді

  • Дұрыс бүгінгі ұйымдастыру оқу іс-әрекетінде 5 саны және цифрымен танысамыз.

  • Қане аюжан, балалар осы 5 санын тура және кері санайық

  • Осы 5 санын үш тілде санайық


  • Цифрды ауада жазамыз. Бірінші тік сызық бойымен жоғарыдан төмен қарай, содан соң дөңгелек сызықты жоғарыдан төмен қарай, көлденең жатқан сызықты солдан оңға қарай сызамыз.

  • Дәптерімізді ашып, ондағы заттарды аюмен бірге санаймыз.

  • Цифрды сұқ саусақпен бастырып сызамыз. Енді аяғымыздың ұшымен еденге жазамыз. Содан соң қарындашты алып, дәптердегі (1 – тапсырма) санды бастырып саламыз.


Сергіту сәті:

5 рет шапалақтау. 5 рет секіреді. Оң аяқпен 5 рет, сол аяқпен 5 рет жерді тебу. 5 рет қол шапалақтау. Парталас досыңмен 5 рет алақан соғу.

2- тапсырма: 5 цифрын тауып, оларды аюмен бірге бояу қажет.


Балалар осы 5 саны мен цифрын АРТ -терапиясын бірі гуаш сұйықтығы арқылы алдымыздағы параққа 5 саны мен цифрын сұқ саусағымыз арқылы жазамыз.

Цифр деген санның таңбасы екенін ұғындыру.

Тура: Бір, екі, үш, төрт

Кері: төрт, үш, екі, бір


4 құлпынай


Бір - один – one, Екі – два – two, Үш – три – Three, Төрт – четыре – four,

1 мен 4 сандарын кадаскоптынң үстіндегі құмда бейнелеп көсрсетеді



иааа



1 құлпынай


5 құлпынай


5 құлпынай

5 алма

5 көкөніс


өзгермейді




Тура және кері санайды


Бес – пять – five үш тілде санайды


Цифрды ауада жазады




Дәптердегі заттарды санайды

Сұқ саусақпен бастырады

еденге жазады

Цифрларды тиісті бағыт бойынша сызады.

Дәптерді ашып 1- тапсырманы орындайды.


Сергіту сәтінде тәрбиешінің берген бұйрығымен орындайды.


Дәптердегі 2- тапсырманы орындайды.


Сұқсаусақпен гуашты пайдаланып ақ параққа 5 саны жазады

Рефлексиялық - түзетушілік

Ойын: Мәнін тап

  • Қоштасарда аюға не үйренгенімізді көрсетейік. Үлестірмелі карточкадағы берілген суретттердің санын жазып, мәнін табу.

Адасып, құлпынайларының санын 5 ке толтыра алмай келген аюға көмектестік пе?

Аюдан, тәрбиеленушілерден қандай сан және цифрмен танысқанын сұрайды.

  • 5 саны мен цифрын үш тілде айтып қорытындылайды

Жақсы қатынасқан тәрбиеленушілерді мадақтау. Бір-бірін шапалақтау арқылы мадақтайды.

  • Ал балалар аюды шығарып салайық.

  • Ия мен кетейін рахмет сіздерге балалар. Сау болыңыз Гулнур Мералықызы және балалар.


Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетті қорытады:


Көмектестік

5 санымен таныстық, білдік.

5 цифрын таныдық.

Үш тілде қайталап айтады





Аюды шығарып салады.

Аюмен қоштасады

Күтілетін нәтиже:

біледі: 5 саны мен цифрын;

игереді: 5 цифрын жазу туралы түсінікті;

меңгереді: 5 заттан тұратын топты табуды, 5 цифрын анықтауды.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
5 саны және цифры

Автор: Алшекенова Гулнур Мералиевна

Дата: 23.11.2016

Номер свидетельства: 361930

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(168) "Тақырыбы: 8 саны және цифры. Қағаз бетінде бағдарлау (жоғары, төмен, ортасы, оң жағы, сол жағы)."
    ["seo_title"] => string(80) "tak_yryby_8_sany_zh_nie_tsifry_k_ag_az_bietindie_bag_darlau_zhog_ary_tomien_orta"
    ["file_id"] => string(6) "400579"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489581508"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "2 саны және цифры"
    ["seo_title"] => string(20) "2_sany_zh_nie_tsifry"
    ["file_id"] => string(6) "446041"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513956958"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "5 саны ж?не цифры "
    ["seo_title"] => string(20) "5-sany-zh-nie-tsifry"
    ["file_id"] => string(6) "164368"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422630732"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "1 саны және цифры"
    ["seo_title"] => string(20) "1_sany_zh_nie_tsifry"
    ["file_id"] => string(6) "382853"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485182130"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ашы? саба? "10 саны ж?не цифры. Дециметр""
    ["seo_title"] => string(45) "ashyk-sabak-10-sany-zh-nie-tsifry-dietsimietr"
    ["file_id"] => string(6) "277391"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1452880281"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства