Ізденістер. Ұйымдастыру | Әнұранды айту. - Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде жаңа оқу жылы басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді). Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер. Балалар, біз ересек тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз. - Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту. - Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз? - Міне, осындай тату тәтті, бақытты мемлекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен ары қарай жалғастырайық. - Бейбітшілік пен келісім - Елбасымыздың саясаттағы негізгі ұстанымы. Қазақстан бірлігі арқасында біз көптеген қиындықтардан өтіп, тәуелсіздігімізді нығайттық. "Ассамблея" - достық, бірлік деген сөз. 1992 жылы Қазақстан Ассамблеясын құру туралы идея жарияланды. 1995 жылы Қазақстан Ассамблеясы құрылды. - Жер-Ана бәрімізге ортақ, осынау кең далада көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті, ынтымақта, достықта өмір сүруде. Осы жылы біздер Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Бұл қазақ халқы үшін үлкен мереке болып саналады. /Суретпен жұмыс/ 31 тамыз - Ата заңымызға 20 жыл. Қазақстанның Ата заңы ең жас Конституциялардың бірі. "Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заң. | Әнұранды айтады. Білім күні туралы мағлұмат алады. Сұрақтарға жауап береді. Сурет бойынша әңгімелейді. Сұрақтарға жауап береді. - Ту, елтаңба, гимн - Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. Амира: Сәлем саған балабақшам, Алғыстарым көп менің. Оқу, білім, тәрбие, Ой санама еккенің. Ерсұлтан: Балабақшам – айтар әнім, сан рет қайталадым. Өзіңнен алғанымды, өзіне қайтарамын. Санжар: Менің елім - Қазақстан, Отаным, Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын. Мәңгілікке қымбаттысың туған ел, Арта берсін, абыройың, атағың. Алия: Как хорошо, что дружба есть на свете, Она как воздух нам нужна! Так пусть шагает дружба по планете Пускай, как солнце, светит нам она! Сурет бойынша әңгімелейді, тыңдайды. |
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау. | - Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды. "Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ" деген сөз бар. Сендер қазақ халқының болашақ үлкен білімді азаматтарысыңдар.Сондықтан әрдайым білім алып, тәрбиелі бала болуымыз керек. Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз. Бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған оқу іс-әрекетіне осымен аяқталды. | Сұрақтарға жауап береді. Мадақталады. Бағаланады. |