kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1-ШІ ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА "Білім күні - мереке!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім күні - мереке     

Балабақша ауласы 1-Қыркүйек-Білім күніне сай безендіріледі. Жеңіл музыка ырғағымен әр топтың балалары екі қатармен келіп, орындарына тұрады. Жүргізуші баларды мерекемен құттықтайды.

   Қастерлемес даңқын кім,

   Қадірлемес салтын кім?

   Әнұраны елімнің,

   Үні,Тілі халқымның!

   (Әнұран орындалады)

Жүргізуші:

   Сәлем, достар, балалар!

   Жаңа білім күніңмен!

   Білім-күні мереке,

   Ән салсам да әдемі.

   Туған тілім-береке,

   Сөз арнасам кәделі!

   Хор: «Жас дәуірдің түлегі». (Сөзі: Е.Өтетілеуов, әні: И.Нүсіпбаев).

Тәрбиші:

   Жаңа киім үстінде,

   Мақтанғаным да келеді.

   Білім тойы үстінде

   Шаттанғым да келеді, -деп біздің «Қонжық» балабақшасының балалары мерекеге орай әдемі киініп келген екен, енді сіздерге арнап тақпақтар айтып береді.

Олжас:

   Ән салайық, келіңдер,

   Жайнап гүлдей жүріңдер.

   Білім күнін тойлайық,

   Би билейік, ойнайық.

   Би: «Аққу»

Анель:

   Ұстаздар- ұлттың тірегі,

   Ұстаздар- білім жүрегі.

   Ұрпаққа жетер ұстазбен,

   Халықтың ұлы тілегі.

Нұралы:

   Кітап-білім кеніші,

   Білім- елдің өрісі.

   Татар дәмді тәтті етер

   Ащы еңбектің жемісі.

Аружан:

   Қуандырып біздерді

   Мерекелі күз келді,

   Кел, жемісті алтын күз,

   Кемелденсін халқымыз.

   Ән: «Достық»

Тәрбиші:

   Шалдықпадым,талмадым,

   Арманды алға жалғадым.

   Конститутция-Қорғаным.

   Атасы ол бар Заңның,- деп сіздерді 30-тамыз-Конституция күнімен құттықтай отырып, Балалардың өнерін тамашалауға шақырамынз.

Карина:

   Әрқашан дос біргеміз,

   Ажырамас іргеміз.

   Достық  жырын біліңдер,

   Ту қылып ұстап бірлікті,

   Еңбекті сүйіңдер.

Дильназ:

   Сүйемін туған тілді ана тілім,

   Бесікте жатқаныида-ақ берген білім.

   Шыр етіп жерге түскен минутым сол,

   Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Тәрбиеші:

   Мереке ел мерейлі,

   Мерейлі күн көбейді.

   Шаңыраққа құт болып,

   Керегеміз кеңейді.

   Ән: Күз мерекесі»

Сабина:

   Ән салыңдар күліңдер,

   Жайнап гүлдей жүріңдер.

   Келіңдер күз тойын тойлайық

   Би билейік, ойнайық.

Асем:

   Алтын, сары, қызыл, көк.

   Алуан-алуан жапырақ.

   Күзгі бақта күлімдеп.

   Көз тартады атырап.

   Ойын: «Жапырақтарды кім тез жинайды.»

Жүргізуші:

   Ал бірінші қыркүйек,

   Күнсің ғой сен ең тәуір.

   Өйткені ол мереке,

   Бірінші күн ерекше.

   Мерекелеріңіз құтты болсын. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!-деп, мерекелік шағын ойын-сауығымызды «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтаймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1-ШІ ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА "Білім күні - мереке!"»

Білім күні - мереке



Балабақша ауласы 1-Қыркүйек-Білім күніне сай безендіріледі. Жеңіл музыка ырғағымен әр топтың балалары екі қатармен келіп, орындарына тұрады. Жүргізуші баларды мерекемен құттықтайды.

Қастерлемес даңқын кім,

Қадірлемес салтын кім?

Әнұраны елімнің,

Үні,Тілі халқымның!

(Әнұран орындалады)

Жүргізуші:

Сәлем, достар, балалар!

Жаңа білім күніңмен!

Білім-күні мереке,

Ән салсам да әдемі.

Туған тілім-береке,

Сөз арнасам кәделі!

Хор: «Жас дәуірдің түлегі». (Сөзі: Е.Өтетілеуов, әні: И.Нүсіпбаев).

Тәрбиші:

Жаңа киім үстінде,

Мақтанғаным да келеді.

Білім тойы үстінде

Шаттанғым да келеді, -деп біздің «Қонжық» балабақшасының балалары мерекеге орай әдемі киініп келген екен, енді сіздерге арнап тақпақтар айтып береді.

Олжас:

Ән салайық, келіңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Білім күнін тойлайық,

Би билейік, ойнайық.

Би: «Аққу»

Анель:

Ұстаздар- ұлттың тірегі,

Ұстаздар- білім жүрегі.

Ұрпаққа жетер ұстазбен,

Халықтың ұлы тілегі.

Нұралы:

Кітап-білім кеніші,

Білім- елдің өрісі.

Татар дәмді тәтті етер

Ащы еңбектің жемісі.

Аружан:

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді,

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Ән: «Достық»






Тәрбиші:

Шалдықпадым ,талмадым,

Арманды алға жалғадым.

Конститутция-Қорғаным.

Атасы ол бар Заңның,- деп сіздерді 30-тамыз-Конституция күнімен құттықтай отырып, Балалардың өнерін тамашалауға шақырамынз.

Карина:

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Достық жырын біліңдер,

Ту қылып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер.

Дильназ:

Сүйемін туған тілді ана тілім,

Бесікте жатқаныида-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутым сол,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Тәрбиеші:

Мереке ел мерейлі,

Мерейлі күн көбейді.

Шаңыраққа құт болып,

Керегеміз кеңейді.

Ән: Күз мерекесі»

Сабина:

Ән салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Келіңдер күз тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық.

Асем:

Алтын, сары, қызыл, көк.

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп.

Көз тартады атырап.

Ойын: «Жапырақтарды кім тез жинайды.»

Жүргізуші:

Ал бірінші қыркүйек,

Күнсің ғой сен ең тәуір.

Өйткені ол мереке,

Бірінші күн ерекше.

Мерекелеріңіз құтты болсын. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!-деп, мерекелік шағын ойын-сауығымызды «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтаймыз.









Ақтөбе қалалық білім бөлімі


№14 «Қонжық» балабақшасы.














Білім күні-мереке

(Мектепке даярлық тобы)










Тәрбиеші: Даулекенова Г.У.














Ақтөбе қаласы.


Ақтөбе қалалық білім бөлімі

№14 «Қонжық» балабақшасы










Ата -аналарға кеңес.







Тақырыбы: «Халық ауыз әдебиеті-

тәрбие көзі»

(Мектепке даярлық тобы)








Тәрбиешілер:Даулекенова Г.У.









Ақтөбе қаласы.



Тақырыбы: «Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ»


Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалу керек.Өмірге келген әрбір бақытты болуы тиіс. Бұл баланың басты -құқығы. Балалар-еліміздің бүгінгі ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан, балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздердің мақсатымыз. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы- балабақша. Балалардаң білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдардың қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. «Бала адамның бауыр еті» демекші, әр ата-ана баласының білімді, әдепті, ақылды, тәртіпті және жан-жақты болғанын қалайды. Отбасы тәрбиесінің босаңсуы, бала тәрбиелеуде ата-ана жауапкершілігінің төмендеуі баланың дамып жетілуіне, мінезінің қалыптасуына кері әсер етеді.

«Атаның баласы болма, адамның баласы бол»- деген халық нақылын жадында ұстайтын ата-аналар болса тәрбиесіне күнделікті көңіл бөліп отырады. Балабақшада үйренген ән, тақпақ, ертегі, мақал-мәтелді үйде отбасында қайталап отырса, «Бүгін не үйрендік?» деп баладан сұраныс болып тұрса, баланың білімі мен өнерге деген талпынысы артып, білім деңгейінің көрсеткіші жоғарлайтыны белгілі.

Әрбір ата-ана — отбасындағы баланы тәрбиелеудегі басты тұлға. Ата-ана өз баласының бүгінгі заман талабына сай білім алып, инабатты, өнегелі тәрбиелі болуына жағдай жасайды.Баланың әкесі мен анасы өз перзентіне үлгі болуы керек деп ойлаймын. Бала-өмірдің гүлі, бала-бақыт,-демекші, бала өміріміздің гүлі және біз тек балаларымызбен ғана бақыттымыз.Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін,баланы өте жақсы білу керек.Ол үшін баланың жаңа қалыптасып келе жатқан мінез-құлқын, көңіл-күйін бақылап, оқу-тәрбие жұмыстарына қатысып отыру керек.

«Баланы балабақшаға бердік, ендігі білім-тәрбиені солар береді».-деп барлық ауыртпалықты, жауапкершілікті тәрбиешіге артып қоймай, балабақшамен тығыз байланыста болып, баланың балабақшадағы үйренгенін отбасында бірге қайталап отырсаңыз ұрпағымыздың тәрбиелі, білімді болуына сіздерде өзіндік үлес қосқан боласыздар.

Отбасы- адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы.Алтын ұяларыңыздағы өсіп отырған балаларыңыз аман болсын демекпін.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
1-ШІ ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА "Білім күні - мереке!"

Автор: Даулекенова Гулсара Узембаевна

Дата: 08.02.2017

Номер свидетельства: 389407


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства