kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары ?аза? тілінен "1 – ?ырк?йек – Білім к?ні" 4 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

КММ "Раисовка орта мектебі". Cаба? жоспары ?аза? тілінен "1 – ?ырк?йек – Білім к?ні" 4 сынып. Саба?ты? ма?саты: Білімділік: білімні? адам ?міріндегі орны, ?о?амды? м?ні туралы т?сінік беру. 

Дамытушылы?: ауызекі с?йлеуде жа?а с?здерді ?олданып, ?аза? тіліне т?н дыбыстарды д?рыс айта білугеда?дыландыру, о?ушыларды? с?здік ?орын байыту, тілдерін дамыту, с?йлемдегі с?здерді? орын т?ртібін ?айталау.

Т?рбиелік: білімге ??рметпен ?арау?а, ізденгіштікке т?рбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«саба? жоспары ?аза? тілінен "1 – ?ырк?йек – Білім к?ні" 4 сынып »

Сабақ № 1

Сабақтың тақырыбы: 1 – қыркүйек – Білім күні

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: білімнің адам өміріндегі орны, қоғамдық мәні туралы түсінік беру

Дамытушылық: ауызекі сөйлеуде жаңа сөздерді қолданып, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білугедағдыландыру, оқушылардың сөздік қорын байыту, тілдерін дамыту, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін қайталау.

Тәрбиелік: білімге құрметпен қарауға, ізденгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.1.Оқушылардың сабаққа түгел қатысуын қадағалай отырып, жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

1.2.Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқушылармен пікір алмасу (сөйлесу)

Сұрақтар:

1.Бүгін айдың нешесі?

2.Бүгін аптаның қай күні?

3.Мектепте не басталды?

ІІ.Жаңа сабақ:

2.1.Фонетикалық жұмыс. Буындар мен сөздердідұрыс айтқызу.

Бы – бі – бұ – бү – ба – бә – бо – бө

Мы – мі – мұ – мү – ма – мә – мо – мө

Қы – қа – қо

Білім, бүгін, бәрі, бірінші, бөлме, бала, былай, мұғалім, міне, мынау, мүше, қызық, қоңырау, қазақ, қыркүйек.

2.2.Сөздікпен жұмыс:

жаңа оқу жылы – новый учебный год

таусылмайтын қазына – неисскаемый клад

білімді адам – оброзованный человек

жол ашық – дорога свободна (открыта)

2.3.Ереже.

Дыбыс - сөздің ең кішкене бөлігі, айтылады және естіледі. Өкпеден шыққан ауаға байланысты.

(Звук – самая маленькая часть слова, произносится и слышится. Зависит от выдыхаемого воздуха)

Жаңа сөздерді меңгертуге арналған жұмыс түрлері.

-Жаңа сөздерді сөздік дәптерге көшіріп жазғызу

-Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

Сөз – сөз тіркесі – сөйлем. Осы тізбек бойынша жұмыс жүргізіледі.

Мысалы:

1.Оқу жылы басталды. 2.Жаңа оқу жылы құтты болсын! 3.Білім – қазына. 4.Байлық таусылады, білім таусылмайды. 5.Мұғалім – білімді адам. 6.Білім – өмір шырағы.7.Жолын ашық болсын!.8. Бүгін жол ашық екен.

2.4.Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді мәнерлеп оқу.

«Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны арқылы мәтін мазмұнын меңгерту.

Әр оқушы мұғалім берген кішкене қағазға мәтінен өздеріне ұнаған бір сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырып жазады. Мысалы: «1 қыркүйек – Білім күні» деген сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырады. Сұрақтар жазылған парақты сандықшаға салады. Бір – екі оқушы оны қолмен араластырады. Осыдан кейін оқушылар сол сұрақтарды кезекпен алып, оларға жауап бере бастайды.Бұл жұмыс түрі мәтін мазмұнын оқушы санасына жақсылап бекітуге жағдай туғызады.

2.5.Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Үшінші деңгей:

а)Төменде берілген сөздерді оқыту

Білім, қыркүйек, қоңырау, оқушы, қазына, сынып, ата – аналар, балалар, қуаныш.

ә)Сөздерге көптік жалғауын жалғап жазғызу

Қоңырау-лар, оқушы-лар, бала-лар, мектеп-тер, сынып-тар.

б)Өлеңді мәнерлеп оқы.Мұғалім Ә.Дүйсенбиевтің ұстазға арнап жазған өлеңінің мазмұнын түсіндіреді. Мұғалім сөзін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы, ақылды мұғалім, білімді мұғалім, дана мұғалім, т.б.

Екінші деңгей.

а)Өлеңді мәнерлеп оқытып, жаттау

ә)Сөзжұмбақты шешкізу.

Бірінші деңгей.

а)Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру.

Үлгі:

Бүгін – үлкен мереке. Жаңа оқу жылы басталды. Балалар қуанышты. Олар мектепке келді. Қолдарында әдемі гүлшоғы бар. Мұғалім оларды қарсы алды.

ә)Төмендегі сөздерге антоним сөздерді тауып жазғызу.

Үлкен – кіші, басталды-аяқталды, келді-кетті, бар-жоқ, қарсы алды- шығарып салды.

б) «1 қыркүйек – білім күні» тақырыбына әңгіме құрастыру.

ІІІ.Сабақты қортындылау.

3.1.1 қыркүйек қандай күн?

Қазақ тілі сабақғы аптасына неше рет болады?

3.2.Үйге тапсырма беру

Жаңа сөздерді жаттау

Мәтінді оқу, әңгімелеу.

Бағалау.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
саба? жоспары ?аза? тілінен "1 – ?ырк?йек – Білім к?ні" 4 сынып

Автор: Бегумова Фариза Мендибаевна

Дата: 29.01.2015

Номер свидетельства: 163512


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства