kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1-қыркүйек-Білім күні "Қыркүйек қоңырауы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 қыркүйек. Білім күніне арналған ашық сабақ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1-қыркүйек-Білім күні "Қыркүйек қоңырауы"»

Қостанай облысы Жангелдин ауданы

Шұбалаң негізгі мектебі

Маман Бибігүл Елтайқызы І санатты

Бастауыш сынып мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: 1-қыркүйек-Білім күні

Қыркүйек қоңырауы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: 1-қыркүйек-Білім күні мәтінін және «Қыркүйек қоңырауы» өлеңінің мағынасын аша отырып, негізгі ойды анықтау.

2.Дамытушылығы: Тақырыпқа байланысты сұрақтар мен тапсырмаларды орындату арқылы есте сақтау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету. Ой – өрісін кеңейту.

3.Тәрбиелігі: Оқу-білімге, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мақалдар, жұмабақтар, кестелер, қима парақшалар.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, топпен жұмыс.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру: Оқушыларды сабаққа даярлау.

Психологиялық дайындық:

-Қазір бізде қандай сабақ?

-Ана тілі.

-Қазір мен сендерге үш түрлі шар үлестіремін. Оны үрлеп түс-түстеріңмен орындарыңа отыра қаласыңдар.

Оқушыларды үш топқа бөліп, оларға ат қою.

Көк. Мектеп тобы

Қызыл. Қыркүйек тобы

Сары. Қоңырау тобы

Топтар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

  1. Аспандарың ашық болсын.

  2. Сабақты жақсы оқыңдар.

  3. Тәртіпті болвңдар.

  4. Оқуда озат болыңдар.

  5. Жаңа оқу жылы құтты болсын



ІІ.Ой қозғау.

  • Қазір қандай жыл мезгілі?

  • Күз.

  • Ол қандай ай?

  • Қыркүйек.

  • Қыркүйек айының 1-і күні қандай мейрам?

  • Білім күні.


Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Ия, балалар 1-қыркүйек білім күні өздерің сияқты бүкіл ауыл, қала балалары мектепке келіп жатыр. Мектепке келген балалар жастарына жас, ойларына ой, саналарына сана, ақылдарына ақыл және бір сыныпқа жоғарылап келіп отыр. Білім күні еліміздегі барлық мектептердің есігі айқара ашылады. Жаз бойы демалған балалар мектепке қайта оралады. Сыныптас достарымен қауышады. Бұл күні үлкен-кішілердің бәрі қуанышқа бөленеді. Шәкірттер ұстаздарымен, сыныптастарымен кездеседі. Бүлдіршіндер гүл құшақтап келіп, мұғалімдерін көріп қуанады. Осы қуаныштар жүректеріне нұр құйып жігерлендіреді. Сөйтіп білім үйренудің жаңа жолы басталады.

  • Мына өлеңді оқып жіберейікші:

Кел,балалар, оқылық

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық!

  • Бұл кімнің өлеңі?

  • Ыбырай Алтынсарин

Осындай бізге өсиет айтқан Ы.Алтынсариннің биыл туғанына 150 жыл толып отыр.














Ыбырай атамыздың өсиетінен орындап, әрқашанда ықыласпен оқып, көңілімізге тоқып отырайық.

1 тапсырма «Тапқыр болсаң шешіп көр»

І топ

Сағат сайын қағылады

Тек мектептен табылады.

Ол не? (Қоңырау)


ІІ топ Күз айының бірінші айы? (Қыркүйек)

ІІІ топ Бірінші қыркүйек сен өайда келдің? (Мектепке)


2 тапсырма «Сөз ойла, тез ойла»

Үш топқа үш сөзден беріледі. Бір сөзден бірнеше сөз жазып шығарады.

Қыркүйек-қыр, үй, ек, күйек, күре, үйрек, күй.

Мектеп-ек,тек, кеп, теп, кеме, кет.

Қоңырау-оң, аң, ау, қора, ора, қоңыр, ауыр, қырау, қар, құр.


ІІІ.Сергіту сәті

Сыныпта тек қана ұлдар (қыздар отырады)

Сыныпта тек қана қыздар (ұлдар отырады)

Сыныпта оқушылар түгел (барлық оқушылар тұрады)


ІҮ. Ой толғау

Жаңа сабақ.

Біздің бүгінгі жаңа сабағымыз осы қыркүйек, мектеп, қоңырауға байланысты Сырбай Мәуленов атамыздың өлеңі «Қыркүйек қоңырауы».
















Түсіндірмелер:

Қыркүйек

Күз.

Білім күні.

Алғашқы қоңырау.

Қоңырау

Металдан жасалған.

Дыбыс шығаратын аспап.

Қоңырау ішінде тілі бар.

Қоңырау қозғалған кезде дыбыс шығарады.


Оқу түрлері

1.Өлеңді оқу.

2.Өлеңді хормен оқу.

3.Топтап оқыту.


Ү.Жаңа сабақты бекіту

Өлеңде не туралы айтылған

Қыркүйек айында балалар неге көңілді?

3 тапсырма «Оқы да, жатта»


І топ

Алтын күз. Қыркүйек.

Жер қара. Күн жылы.

Жарқын жүз-алтын байлық

Жайнайды бұл күні.

ІІ топ

Бастайды ілгері.

Жаз бойы далада

Шыныққан тынығып,

Барады балалар

Мектепке жүгіріп.

ІІІ топ

Қыркүйек күндері

Бастайды ілгері.

Бастайды ілгері,

Қоңырау үндері.


4 тапсырма «Әдептілік қағидасы»

І топ. Мен сабақты алаңсыз оқуға әдеттенемін.

ІІ топ. Мен қасында отырған баланы түрткілеп, мазаламаймын.

ІІІ топ. Мен отырған партамды таза ұстаймын.



5 тапсырма «Кім шапшаң?»

Қима парақшалардан мақал құрастыру.

І топ

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

ІІ топ

Оқу білім бұлағы,

Білім өмір шырағы

ІІІ топ

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.


ҮІ. Ой қорыту:

Концептуалдық кесте

Өлең аты


Кімнің өлеңі

Өлең не туралы

Қоңырау туралы не білесің?

Ой тұжырым










ҮІІ. Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.


ҮІІІ. Үйге тапсырма: «Қыркүйек қоңырауы» өлеңін жаттау.

«Алғашқы қоңырау» тақырыбына сурет салу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
1-қыркүйек-Білім күні "Қыркүйек қоңырауы"

Автор: Маман Бибігүл Елтайқызы

Дата: 24.02.2017

Номер свидетельства: 395218


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства