Іздену ұйымдастырушы | Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық бала-бақшаларда, мектептерде, басқа да білім беру мекеме-лерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және ұстаз-дар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әрбір мек-тептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекеме-лерде тұңғыш қоңырау соғы-лады. Осы тұңғыш қоңырау-дан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер ба-лабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер. Қазақстан Республикасының рәміздерін еске түсірейікші. Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз? Қазақстан Республикасының президенті кім? Айтыңдаршы, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз? Біздің балабақшамыздың аты қалай? Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат- Бір мүдде-Бір болашақ» атты жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпші-лікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшелік-тері болу. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің да-мыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз. Міне, осындай тату тәтті, ба-қытты мемлекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең, тақпақтарымызды жал-ғастырайық.
Балалармен суреттер бойынша әңгімелесу. Ойын: «Менің сүйікті балалбақшам». Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, өз туған жерлеріне, елдеріне, балабақшаларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. | Балалар теледидардан 1-қыркүйек-Білім күні тура-лы суреттерді көреді. Қоңы-рау соққан баланың суретін көреді. Ту, Елтаңба, Гимн. Біз Қазақстан Республика-сында тұрамыз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Біз Ақтау қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз. «Балдырған» балабақшасы. Балалар елбасының жолдауымен танысады. 1: Білім алған өзіңнен, Дәрігер, ұшқыш не ғалым. Саған ыстық сезіммен, Қарайды жұрт, мұғалім. Мен де өзіңді әрдайым, Қамқорым деп ұғамын Күліп атқан таңдайсың, Жарқыңсың сен, мұғалім. 2: Қыркүйектің бірінде, Кеудем толы дірілге. Құлақ түйем елеңдеп, «Бақша» деген бір үнге. 3: Сәлем саған балабақшам, Алтын ұям сүйікті. Сен әпердің білікті, Сенен өсіп көктедім. 4: Сәлем саған балабақшам, Алғыстарым көп менің. Оқу, білім, тәрбие, Ой санама еккенің. 5: Балабақшам – айтар әнім, Сан рет қайталадым. Өзіңнен алғанымды, Өзіңе қайтарамын. |