Сурет салу: к?н, тау, ?й, а?аш, ?апшы?,жол,са?ина,г?л, жылан.
Егер к?н д?л ортасында салынса –балалы? ша?ы ?ызы?ты, батыс?а салынса- к?рілік ша?ы ?ызы?ты болады.
Тау д??гелек салынса –мінезі ж?мса?,мейірімді сенгіш. Егер тау ?шты болса, ?кпелегіш,тік мінезді адам. Егер аралас салынса –басында ?ар болса, ?згермелі адам.
?й- суретте а?аш ?й салынса, арманы? орындалады. Егер бірнеше терезе болса ж?не жап?ыштары болса,ол т?йы?, са? адам. ?йді? т?бесінде м?ржасы болса, т?тін шы?ып жатса, ??гімеге жа?ын,?сек ??мар адам.
?апшы? – ?алта ?аншалы?ты ?йге жа?ын жатса, байлы? та жа?ын. Керісінше болса б?рі керісінше. Егер ?апшы? аузы байлаулы болса сара?ды?.?апшы? жерде жатса жал?ау,т?регеліп т?рса е?бек?ор адам.
Жол- ?йге жа?ын жатса жолы же?іл, алыс болса керісінше. Егер жол ?йді? есігінен шы?са, тап?ан табысын ?йге ?келетін, ал керісінше болса шашпа,айналасына тарататын адам.
Са?ина- к?зсіз болса ?она? ?абылда?анды,?она? ша?ыр?анды ?натады. К?зі болса болаша?ты ойлайды, капитал жинайды. Неке ж?зігі мы?ты отбасын білдіреді.
Г?л- ?йге жа?ын болса, ?уаныш, той болады, ?йді? жиегінде болса- ?ызы?ты к?ндерін алыста.
Сізді? алды?ызда ?ш г?лді?, аны?ыра?ы оларды? б?ліктері салын?ан сурет берілген. Сізге б?л суретті ?йлесімді ая?тал?ан т?р берерліктей етіп толы?тырып салу керек. ?рине е? ?ажетті б?ліктеріне к??іл б?лгені?із ж?н, г?л оларсыз ?се алмайтын бол?анды?тан, саба?тарына, жапыра?тарына ж?не т.б жа?ына к??іл аудар?аны?ыз ж?н. Барлы? ?ал?ан б?лігі сізді? ?алауы?ызда. Бірінші сал?ан г?лі?ізге к??іл б?лі?із, -б?л ?зі?ізсіз,б?л сізді? ?лемі?із. Отбасы?ызда сіз ?андай орын алатыны?ыз, ?з туыстары?ызды? арасында ?андай сезімде болатыны?ыз сол та?да?ан г?лі?із ар?ылы аны?талады. ?ал?ан г?лдер мен оны? т?рі шынайы Отбасыны? ?андай болатынын к?рсетеді. ?зі?ізді? сал?ан ?рбір г?лі?ізді? саба?тарыны? ?зынды?тарына ?ара?ыз.
Тестті? кілті.
Егер Е? ?зын саба? сізді? г?лі?іздікі болса, онда сіз отбасы?ызда?ы е? ?ажетті ж?не керекті жансыз, басшысы ж?не иесісіз.
Егер де сіз ?зі?ізге ортасында?ы г?лді та?даса?ыз,онда ол сізді? ?зімшілдігі?ізге тікелей ку?герлік етеді. Сізді? отбасы?ызда б?рінен б?рын тек сізге ?ана жа?сы, ал сізді? ?й іші?ізге жа?сы бола ?оймас. ?й ішіндегі жа?сы адамны? р?лін ойнайсыз немесе барлы?ын бас?аша т?сілмен мазалайсыз ( денсаулы?ы?ызды? жо?ты?ын айтып ра?ымды болып к?рінесіз).
Егер г?лді? барлы? ?ш саба?ыны? ?зынды?ы бірдей болса онда сізді? отбасы?ызды? ішінде сенімді жылы ауа райы, сізді?ше ?й бірінші орында т?р.
Егер г?лі?ізді? саба?ы е? ?ыс?асы болса,онда сіз отбасы?ызды? толы??анды м?шесі екенін сезінбейсіз, сізге туыстары?ызбен бірге т?ру ?иын, сізді? еркі?із,сезімдері?із ?немі к?терілмейді, сізді? бас?аша адам жасау?а тырысады. Отбасы сіз ?шін: ж?мыстан кейін келетін, тама? ішетін ж?не ?йы?тайтын орын.
Г?лді? саба?ында?ы жапыра?тары сізді? ?й ішіндегілермен ?арым-?атынасы?ызды? шынайылы?ын к?рсетеді. Жапыра?тар к?п бол?ан сайын, сізге отбасыны? ішінде бол?ан ?найды, ?лкен мейірімділікпен туыстары?ызбен араласасыз. Егер жапыра?тары аз болса, онда сіз ?з туыстары?ызды? жылышырауы мен т?сініскенін керек етесіз, біра? та оларды? ?олдауын ?немі таба бермейсіз. Г?лді? саба?ында еш?андай жапыра?тарболмаса онда сізді? отбасы?ызбен ?арым –?атынасы?ыз сал?ындау, біра? та сіз б?л жа?дайды? жа?саратынына ?міттенесіз.
Егер г?лдерді ??мыра?а салып ?ойса?ыз, онда отбасы сіз ?шін бірінші орында т?р?ан жо?, онсыз ?мір с?ре берер еді?із.
Егер г?лдерді к?галда салса?ыз,онда сіз ?й іші адамысыз, отбасы сізге ?зі?ізді? ба?ытты екні?ізді сезіну ?шін ?ажет.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Егер күн дәл ортасында салынса –балалық шағы қызықты , батысқа салынса- кәрілік шағы қызықты болады.
Тау дөңгелек салынса –мінезі жұмсақ,мейірімді сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш ,тік мінезді адам. Егер аралас салынса –басында қар болса, өзгермелі адам.
Үй- суретте ағаш үй салынса , арманың орындалады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса ,ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын ,өсек құмар адам.
Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды.Егер бірнешеу болса балаларды жақсы көреді,оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қаншалықты әдемі салынса сұлулыққа құштар.
Қапшық – қалта қаншалықты үйге жақын жатса , байлық та жақын. Керісінше болса бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық .Қапшық жерде жатса жалқау ,түрегеліп тұрса еңбекқор адам.
Жол- үйге жақын жатса жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса , тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа ,айналасына тарататын адам.
Сақина- көзсіз болса қонақ қабылдағанды ,қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды . Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.
Гүл- үйге жақын болса, қуаныш , той болады, үйдің жиегінде болса- қызықты күндерін алыста.
Жылан үйден алыс салынса- жаулары алыс ,егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны. Суретте қайсысы үлкен салынса сенің өмірің үшін маңызы зор.
«Сіздің отбасыңыздағы орныңыз»
Сіздің алдыңызда үш гүлдің, анығырағы олардың бөліктері салынған сурет берілген . Сізге бұл суретті үйлесімді аяқталған түр берерліктей етіп толықтырып салу керек. Әрине ең қажетті бөліктеріне көңіл бөлгеніңіз жөн , гүл оларсыз өсе алмайтын болғандықтан , сабақтарына , жапырақтарына және т.б жағына көңіл аударғаныңыз жөн. Барлық қалған бөлігі сіздің қалауыңызда. Бірінші салған гүліңізге көңіл бөліңіз, -бұл өзіңізсіз ,бұл сіздің әлеміңіз. Отбасыңызда сіз қандай орын алатыныңыз, өз туыстарыңыздың арасында қандай сезімде болатыныңыз сол таңдаған гүліңіз арқылы анықталады. Қалған гүлдер мен оның түрі шынайы Отбасының қандай болатынын көрсетеді. Өзіңіздің салған әрбір гүліңіздің сабақтарының ұзындықтарына қараңыз.
Тесттің кілті.
Егер Ең ұзын сабақ сіздің гүліңіздікі болса , онда сіз отбасыңыздағы ең қажетті және керекті жансыз , басшысы және иесісіз.
Егер де сіз өзіңізге ортасындағы гүлді таңдасаңыз ,онда ол сіздің өзімшілдігіңізге тікелей куәгерлік етеді. Сіздің отбасыңызда бәрінен бұрын тек сізге ғана жақсы , ал сіздің үй ішіңізге жақсы бола қоймас. Үй ішіндегі жақсы адамның рөлін ойнайсыз немесе барлығын басқаша тәсілмен мазалайсыз ( денсаулығыңыздың жоқтығын айтып рақымды болып көрінесіз).
Егер гүлдің барлық үш сабағының ұзындығы бірдей болса онда сіздің отбасыңыздың ішінде сенімді жылы ауа райы, сіздіңше үй бірінші орында тұр.
Егер гүліңіздің сабағы ең қысқасы болса ,онда сіз отбасыңыздың толыққанды мүшесі екенін сезінбейсіз , сізге туыстарыңызбен бірге тұру қиын, сіздің еркіңіз,сезімдеріңіз үнемі көтерілмейді, сіздің басқаша адам жасауға тырысады. Отбасы сіз үшін: жұмыстан кейін келетін, тамақ ішетін және ұйықтайтын орын.
Гүлдің сабағындағы жапырақтары сіздің үй ішіндегілермен қарым-қатынасыңыздың шынайылығын көрсетеді. Жапырақтар көп болған сайын , сізге отбасының ішінде болған ұнайды , үлкен мейірімділікпен туыстарыңызбен араласасыз. Егер жапырақтары аз болса , онда сіз өз туыстарыңыздың жылышырауы мен түсініскенін керек етесіз, бірақ та олардың қолдауын үнемі таба бермейсіз . Гүлдің сабағында ешқандай жапырақтарболмаса онда сіздің отбасыңызбен қарым –қатынасыңыз салқындау , бірақ та сіз бұл жағдайдың жақсаратынына үміттенесіз.
Егер гүлдерді құмыраға салып қойсаңыз, онда отбасы сіз үшін бірінші орында тұрған жоқ, онсыз өмір сүре берер едіңіз.
Егер гүлдерді көгалда салсаңыз ,онда сіз үй іші адамысыз, отбасы сізге өзіңіздің бақытты екніңізді сезіну үшін қажет.
Мектеп жасына дейінгі балаларға мультфильмдердің әсері.
Мектеп жасына дейінгі балалар мультфильмдерге,олардың кеціпкерлері мен жағдайларына еліктей ме?Еліктеу механизмі қалай жүреді?Оны түсіну үшін алдымен ғылыми теорияларды,әр түрлі ғылымдардың көзқарастарына тоқталып өтейік.
Әлеуметтік үйрету концепциясы баланың қазіргі әлемге қалай бейімделетінін және қазіргі қоғамның әдеттері мен нормаларын қалай меңгеретінін сипаттайды.Бұл бағыттың өкілдерінің пікірі бойынша классикалық шарттандырумен және оперантты үйретумен қатар имитация,еліктеу арқылы үйрету де белгілі орын алады.
...Қай заманда да балаларға айтып беретін ертегілерде,метафизикалық (мейірімділік пен зұлымдық категорияларына байланысты)күштердің тартысы ақырында мейірімділік күшінің жеңісімен аяқталатын.Қазіргі бала осы күштердің көрінісін әр түрлі әсер ету құралдардан кездестіреді:кино,театр,теледидар,видеоөнім,музыка,кітап,компьютер ойындары,көркемсурет және т.б
Валлонның айтуы бойынша ең бір үлкен өтпелі кезең, қимыл-әрекеттен ойға өтуде көрінеді және ол еліктеуге байланысты жүзеге асады. «Адамдар өз қажеттілігінен бір-бірімен жұмыс істеуіне қарым-қатынас жасауына байланысты,оларда еліктеу және басқа адамның үлгілі қимыл-әрекетіне орай ерекше қимыл әрекет дамиды».
...Еліктеу,идентификация,интроекция-кейіннен әлеуметтік ересектердің қоғамдастығына кіруге дайындайтын қажетті,ада тұратын жағдайлардың бірі болып келеді.Егер балалар «Трансформер» немесе «Наруто»сияқты қорқынышты мультфильмдердің кейіпкерлері мен жағдайларына еліктесе,ол балалар ересектердің қоғамдастығына қайтіп кірмек?Виртуалды және реалды жағдайлардың сәйкестігін таппай,шынайы өмірге оңай бейімделе ала ма?Әсіресе үлкен жастағы балалар жоғарыда атап кеткен мультфильмдерді көп қарайды.Ал отбасында басқа кіші жастағы балалар болса ,ағасымен қатар отырып осы көріністерді бақылайды.
Н.Миллер мен Дж.Доллард экспериментінде лидерге еліктеудің алғашқы шарттары анықталынды.Эксперимент тышқандарға және балаларға қатар өткізілді,соңында алынған нәтижелер бірдей болып шықты.Түрткі күшті болған сайын,соғұрлым стимул мен жауап байланысын бекіту күшейетін.Түрткі болмаса,үйрету жүзеге аспайды.Егер адамның немесе жануардың мінез құлқының репертуарында тітіркенуге сәйкес келетін жауап реакциясы жоқ болса,онда бұл реакцияны үлгінің мінез құлқын бақылау кезінде меңгеруге болады.Байқап көру және қателесу жолымен болған үйрену үрдісіне ерекше мән бере отырып ,Миллер мен Доллард еліктеудің көмегімен байқап көру мен қателесуді азайтып,басқа адамның мінез құлқын бақылау арқылы,дұрыс жауапқа жақындауға болатынын зерттеген...
А.Бандура-әлеуметтік үйрету концепциясының екінші ұрпағыныңедәуір белгілі теоретиктерінің бірі-Миллер мен Доллард идеясын дамытқан .Фрейд психоанализін және Скинердің бихевиоризмін сынға алған болатын.Оның пікірі бойынша адамның мінез-құлқындағы көп нәрселер ,басқа адамның мінез-құлқын бақылау негізінде пайда болады.
Алдыңғы әріптестерінің көзқарастарына қарағанда,Бандура еліктеу негізінде жаңа реакцияларды меңгеруге болады,ол үшін бақылаушының қимыл әрекетінің немесе үлгі қимыл әрекетінің бекітілуі міндетті емес және еліктеу арқылы қалыптасқан мінез құлықты күшейтіп сақтап қалуда бекітудің орны маңызды.А.Бандура мен Р.Уолтерс белгіленгендей,көру арқылы зерттеу процедурасы(яғни бекітілу қолданбаған жаттықтырулар немесе бір ғана үлгінің жанама бекітілуі)жаңа әлеуметтік тәжірибенің меңгерілуі үшін тиімді болып келеді.Бұл процедурадан кейін зерттелінушілерде бұрын аз байқалған «бихевиоралды бейім тұру»реакциялары көбейе түседі.Бандураның айтуы бойынша бақылау арқылы үйретудің орны ерекше,өйткені ол арқылы авторитетті бейнелерге еліктеу мүмкіндігін бере отыра,балалардың мінез құлқын реттеуге және бағыттауға болады.Мысалы, «Алдар көсе мен шайтандар»мультфильмінен балалар Алдар көсенің,шайтандардың айтқан сөздерін ,қимыл әрекеттерін қайталап,ақылмен зұлымдықты жеңуге болатынын түсінеді,ал «Батырлар»туралы мультфильмдерге кіші мектеп жастағы балалар тез еліктейді.Орыс тіліне аударылып көрсетіп жүрген «Мадагаскар», «Сезон охоты», «Панда»сияқты мультфильмдердің балаларға әсері күшті.Балалардың көзайымына айналған «Смешариктер»көп топтамалы мультфильм қазірде ерекше орын алуда:балалар қауіпсіздік шараларын үйреніп,өмірден алынған әртүрлі құбылыстардың мәнін түсінеді және әртүрлі болуы ықтимал жағдайларды бақылауға мүмкіндік алады.
Мен өз балам жайында не біле аламын?
Ата- аналар балаларының белгілі бір сапаларының қандай деңгейде дамығанын білулері керек пе ? Оған еш күмән келтіруге болмайды. Ол сапалардың дамуының бағыты мен тереңдігін анықтауға көмектеседі. Дәл осы тұста психологиялық ғылым мен ата- аналар түйсігі бірігіп көмекке келеді..
Тесттермен қала жұмыс жасау керек.
Кез келген ғылымның өз нысандарын зерттеуге арналған арнайы құралдар жинағы бар. Психологияда сондай құралдардың біріне тесттер жатады. Алуан түрлі тесттер болады: қысқа және ұзын, суретті және суретсіз, тапсырмалары және сұрақтары ,сөздері және сандары бар, арнайы жабдықтармен өлшенетін және орындау үшін қағаз бен қарындашты ғана талап ететін тесттер де бар. Олардың кез –келген нұсқасының ортақ қолданылу аясы- психологияның ахуалын ,деңгейін және басқа да ерекшеліктерін зерттеу. Мысалы, естің көлемін ,темперамент типін , өз тұлғасын адекватты бағалау қабілеттерін немесе белгілі бір іс-әрекетке бейімділігін анықтауға арнаулы мүмкін.
Ғылыми негізделген психологиялық тесттер мұқият құрастырылған және түбегейлі тексерілген стимулдардан ( суреттер ,сұрақтар, тапсырмалар және т.б) тұрады, олар сыналушыларға стандартты жағдайда (ұзақтығы ,уақыт мезгілі, шу деңгейі, бөлменің жарықтығы т.б) ұсынылады. Сонымен , психологиялық тест- ол нәтижесі өткізілу жағдайына бірқатар тәуелді болып табылатын айрықша ғылыми эксперимент.
Тестілеу процедурасын дұрыс ұйымдастыру және өлшеу барысында жіберілуі мүмкін қателіктерді, сондай-ақ өзіңіздің экспериментаторлық түйсігіңізді тексеріп алу үшін келесі кеңестерді қолдауды ұсынамыз:
1. тапсырманы балаға бірлескен ойын түрінде (жеті жасқа дейін- міндетті ,тоғыз жасқа дейін мүмкіндігінше) ұсыныңыз. Ол артық қысымды азайтып ,сізге деген сенімді арттырады, табиғи ситуациядан айырмасы аз болады.Бала үрдіске қызығушылық танытып ,қателік жасаудан ,білместігін танытатын нашар баға алудан қорықпай емін –еркін әрекет етеді.
2. Жайлы жағдай тудырыңыз. Баланың ыңғайлы отырғанын , бөлменің тыныштығы мен жарықтандырылуын ,баланың назарын ештеңе алаңдатпайтынын тексеріңіз.
3. Бала көңіл- күйінің оның әдеттегі нормасына сәйкестігіне ( тамағы тоқ, ұйқысы қанған, мүмкіндігінше сабырлығын және т.б) көз жеткізіңіз.
4. Егер бала әлі бір жасқа келмесе ,онда оның назарын айқын түсті , жаңа дыбысты заттармен, эмоционалды сөйлеу арқылы өзіңізге аударыңыз.
5. Тестілеу барысында нейтралитетті сақтаңыз: балаға тікелей немесе жанама түрде көрсетіп жіберу немесе тапсырманы ол үшін орындай салу тәрізді «араңдатуға» жол бермеңіз.
6. Баланы сәтті орындалған тапсырмалар үшін мақтаңыз ,күмәнданған жағдайларда демеу көрсетіңіз.
7. Қателерін жөндемеңіз. Нәтижесіне қарамастан жұмысты жағымды күймен аяқтаңыз. Соңғы тапсырманы орындауда балаға көмектессеңіз болады, бірақ ол үшін ұпай берудің қажеті жоқ.
8 . Тапсырмаларды өлшеммен ,үзіліспен беріңіз. Сегіз жасқа дейін ол өлшем 30 минуттан аспауы тиіс. Тапсырмаларды берудің мына сызбасын қолдануға тырысыңыз: оңай -қиын -оңай – дем алу . Бұл жағдайда баланың қысымының әсерінен қателіктер жіберуінтшамасынша азайтасыз.
Ал енді өз-өзіңізге мынадай сұраққа жауап беріп көріңіз: тестілеуді не үшін жүргізгіңіз келеді ?
Әдетте мұндай сынақтар бала психикасының белгілі бір қыры жөнінде қажетті ақпаратты алу қажет. Алынған бағалар (ұпайлар) эталонмен салыстырылады. Мысалы, алты жасар баланың мектепке барғанға дейінгі өзін-өзі реттеуінің (ереже бойынша әрекет ету білігі) даму деңгейі бойынша 72 ұпай жинауы керек. Сіздің балаңыз 50 ұпай жинады. Сізге бұл ақпарат жеткілікті ме? Егер жеткілікті болса, онда сіз оны қалай қолданбақсыз?
Осы тәріздес сұрақтарға өмірде жиі жауап беруге тура келеді. Баланың дене қызуын өлшеп , сынап бағанасы 37,2 көтерілгенін көрсеңіз не істейсіз? 36,5 эталонмен салыстырасыз ба? Әлде 39,0 температураны көрсеткен өлшеммен салыстырасыз ба? Сіз не істейсіз? Нұсқаулар көп болуы мүмкін : дәрігер шақыру , балаға қандай –да бір дәрі беру немесе соншалықты жаман емес деп көңіліңіз жайланады ма? Бала бұдан әрі ауырмас үшін белгілі бір шаралар қолдану керектігі жайында ойлайсыз ба? Әлде баланың тісі шығып келеді, бірнеше күннен соң ыстығы түседі деген шешімге келесіз бе?
Алынған ақпаратты осылайша осылайша талқылау, практикалық шешімдер мен нұсқаулар ұпай – сандар мен қысқа диагноздардан әлдеқайда тиімді. Бұл міндет көбіне маман- психологтың ғана қолынан келеді, алайда алғашқы талдау мен кейбір шешімдерді сіз өзіңіз де қабылдай аласыз. Әлбетте ,егер тесттерді диагностикалық құрал ретінде қолданудағы шектеулерді ескертсеңіз ғана.
Ол қандай шектеулер ?
1. Псхологиялық тесттер «жақсы» немесе «нашар» деңгейіндегі бағалардан тұрмайды. Тест ең көп дегенде ,- адамды осы белгі бойынша басқалармен, теориялық тұрғыдан – осы жастағы және жыныстағы балалармен салыстыруға мүмкіндік береді.
2. Тесттерді құрастыру негізінде ықтималдық жатыр , сондықтан да нәтижелері бойынша жүз пайыздық шешімдер жасауға болмайды.
3. Адам- біртұтас жан. Оның жекелеген қасиеттерін контексттен бөліп қарастыруға және жүргізілген бір әдістеме бойынша тұлға туралы жалпы ой түюге болмайды.
4. Кез- келген нәтиже – ол түрлі мақсаттармен қолдануға болатын ақпарат. Айдар тақпаңыз («баланың есте сақтауы нашар» деген тәрізді ), керісінше егер оның көріну деңгейлері баланың дамуына кедергі келтірсе , сол сапаның өзгеруіне ,яғни дамуына өз үлесіңізді қосуға тырысыңыз.
5. Күрделі сауалнамалар мен бір қарағанда қарапайым әдістемелерден сақ болыңыз: оларды тек маман ғана талдай алады. Дербес шешімдер қабылдау тұлғаға орны толмас зиян тигізуі мүмкін.
Отбасы тәрбиесі – баршаның ісі.
Отбасы- адамзат қоғамның ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі- дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамассыз етіп ,өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты,сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс . Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.
Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне әсерін тигізеді.
Жеке меншікке негізделген қоғамда ұжымды сана күрделі өзгеріске түсіп, әлеуметтік жағдайда жұмыссыздық етек алып, көпшілік санасында жеке бастың пайдасын ойлау орын алды. Қоғамдағы осындай өзгерістер отбасы тәрбиесінде балаларды білімді ,ізгілікті, жан-жақты жетілген ,өз өмірінің құндылығын жете түсінетін етіп тәрбиелеуді қажет етеді. Осыған орай отбасында балалардың мүмкіндіктерін барынша дамытып, оны өмірде қолдана білуге ,еңбек етуге ,еңбектің қандай түрі болса да атқаруға психологиялық тұрғыдан даяр болуға ,шығармашылық әрекетке даярлыққа, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеуге қажет. Жеке бас пайдасымен ұжымдық пайданың үйлесімділігін табуға ,іскерлікке, ізгілікке ,өздігінен ізденуге ,өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеудің маңызы зор.
«Баланың құқы жөніндегі конвенцияда» отбасында баланың құқын қорғау, оған қамқорлық жасау көрсетілген. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата- ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке бірлікті ,түсінікті сақтауы ,сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқы қорғалуы тиіс.
Тек осындай ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана, отанын, елін-жерін сүйетін ,өз ұлтының салт дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз «Бала ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.
Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлер мол. Сол дәстүрлер сабақтастығы бүгінгі бала тәрбиесінде жалғасын табуда. Отбасында халықтық рухани-интеллектуалды мұраларын, мәдени құндылықтарын жандандырып, рухани ұлттық сипаттағы мінезді қалыптастыруды көздеу өмірдің талабынан туындап отыр.
Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі- отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасында күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамассыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінетін болады. Отбасы тәрбиесі кешенді педагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады.
А.С .Макаренко «Ата-анаға арналған кітабында» «...Бала тәрбиесінде сіздің іс-қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады.Сіз тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету ,бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз .Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, өзгелермен қалай сөйлесетіңіз, олар туралы не ойлайтыныңыз, сіздің дос дұшпандарыңызбен қалай қарым-қатынас жасайтыныңыз, қалай күлгеніңіз, қалай газет оқығаныңыз, осы іс -әрекеттеріңіздің бәрі де балаңыз үшін маңызды. Тіпті дауыс екпінінің өзгеруін де бала сезінеді, сіздің барлық ойыңыз баланың көкейіне беймәлім жолмен жетіп жатады, сіз оны байқамайсыз да. Ал отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз, осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз»-дейді. Ересек адамдардың өмірі негізінен түрлі іс-әрекет , қылықтардан тұрады. Белгілі ғалым С.Соловейчик «Іс –қылық адамның парасатты әрекеті, оны намыс,ар – ұят деп атайды»-деген.
Дегенмен де ересектер мен балалардың өмірі тек өнегелі іс-қылықтардан тұрмайтыны белгілі, кейде олар шалыс басады,ол кезде тіпті, кейбіреулер қылмысқа да барады. Сондықтан да ,есею жолындағы басты нәрсе- баланы парасатты іске адал қылыққа үйрету, жақсы іс атқару ,онан қуаныш сезіміне бөлену ,өзгені де ата-ананы ,мұғалімді, достары мен таныстарын, бейтаныс адамдарды да қуанта білу.
Өмір тәжірибесі көрсеткендей ,екі түрлі отбасына назар аударуға болады. Біріншісі- мтериалдық игілікті алға қойып ,соған жетуді мақсат еткендіктен , рухани құлдырауға соқтығуда .Екіншісі- материалдық игілігі жеткілікті отбасында баламен ата- ана арасында эмоциялық,мейірімділік қарым-қатынастың орнықпағандығы байқалады. Осы жағдайлар отбасында жасөспірімдерді тәрбиелеуде ескерілуі қажет.
Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым- қатынастар орын алады:
- ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
- ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым- қатынас;
- жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым- қатынас,
- бәсекелестік , барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;
- түрлі себептерден туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.
Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жібереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмттылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді.
Түйіндей келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасушы, үлгі -өнеге көрсетуші және ақыл кеңес айтушы болып табылады.
Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімдікке ұмтылу ,ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу,халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай отбасында еңбексүйгіштікке , баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет. Ата-ана және әлеуметтік орта болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін , оның тәнінің дұрыс түзіліп қалыптасуына ,салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі күннің өзекті мәселенің бірі болып саналады.
Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсіби өнерін , атқарған еңбегін құрметтеп ,оны кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге еткен ,бірлесіп атқарған пайдалы қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған ,ұрпағына ақыл-кеңес беріп,ата кәсібін құрметтеп ,қалыптасқан дәстүрді жетілдірген.
Туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастырған. Мысалы,ойын ойнау, көрем өнермен шұғылдану, еңбекке баланы қатыстыру арқылы ересек адам мен баланың қарым-қатынасын нығайтуды көздеген.
Үлкенді құрметпен өнеге тұту, одан үлгі алу біріккен шығармашылық еңбек етуді, белсенді іс-әрекетке баулуды дәстүрлі мерекелер, фольклорлық кештер ,ұлттық өнеге, ойын сайыстары арқылы іске асырған.
Туыстарға, айналасындағыларға қамқор бола білу, қиын жағдайда оларға қол ұшын беру туған жерді,ондағы табиғатты сүю, оны қорғау күнделікті өмір салтына айналған. Ересек бала өзінен кішімен қарым-қатынас құрып, әлеуметтік мәдени қалыптарды үйретіп, қамқорлық көрсетіп, өз ісіне жауапкершілікпен қараған. Отбасында қалыптасқан дәстүрлі мерекелерді өткізу арқылы баланың тұлғалық қасиетін жетілдіру іске асырылған. Мысалы, баланың дүниеге келуі кәмелетке толуы,үйлену тойы т.б.
Отбасылық қарым-қатынастың негізінде үнемі балаға қамқорлық көрсетіп, ол отбасы мүшесі, оның пікірі мен көмегі үлкендерге қажет деген сенімін қалыптастыру керек.
Халық даналығына назар аударсақ ,ол былай дейді: «Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң, онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң, онда ағаш ек , ал ғасырлық өміріңді ойласаң , онда бала тәрбиеле».
Ана тілінің тағдыры отбасынан басталады. Рухани байлық дүниетаным, түсінік ,рух,иман отбасынан қаланады. Егер жас бала отбасынан осы түсініктерді ана тілі арқылы халықтың сарқылмас мол рухани қазынасынан сусындаса, өзіміздің дәстүрлі ұлттық дүниетанымымыздың арнасында әлемдік өркениет жетістіктерін игеріп, терең меңгерсек ,ешкімге есебімізді жібермейтін дәрежеге жетсек ,онда дербес ел ретінде нық тұрамыз.
Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған, болашағына ,арманына балаған. Сондықтан да халқымыз «Балалы үй- базар,баласыз үй- мазар» «Босағасын алтыннан соқсаң да ,перзент сүймей ,адамның мейірімі қанбас», «Ақыл-тойға келген қыз емес пе, айлық қолға ұстаған мұз емес пе» деп барлық асыл сөздерін арнаған.
Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген. Қазақ отбасы ата-ана, әке –шеше, балалар үш ұрпақты құрамнан тұрған. Отбасы экономикалық жағынан қамтамассыз етіліп отырған. Ата- ана мен әке-шешенің қарым-қатынасы жас баланың адамгершілік жағынан толысып жетілуіне үлкен үлес қосады және ізгілікті іске баулиды.
Кейіннен экономикалық әлеуметтік жағдайға қарай отбасы мүшелері жағындалып ,жастардың отбасы үлкендерден бөлек тұратын болды. Осыған орай ,ұрпақ тәрбиесіндегі атадан балаға беріліп келе жатқан тәрбиелік сабақтастық үзілді. Дегенмен де жас отаулар бөлектенгенмен ата мен әженің немере тәрбиесіне ықпалы зор. Үлкендер немере тәрбиесінен қол үзгілері келмейді. Үш ұрпақты құрамдағы қазақ отбасы өзінің құрылымын әлеуметтік жағдайлардың себебінен сақтай алмады. Солай болса да, жас отбасылар үлкендердің бала тәрбиесіндегі ықпалын сақтауға тырысады. Түйінін айтқанда, үш ұрпақты құрамды отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастың тәрбиелік мәні ерекше ,бірақ та, оны іске асыруда екі түрлі мәселе туындайды. Біріншіден, үш ұрпақты құрамдағы отбасының мүмкіндігі толық қолданылмайды. Оның бірнеше себептері бар: отбасындағы үлкендер мен немерелер арасындағы қарым-қатынас өз мәнінде емес.
Үлкедер бала тәрбиесіне «қатыспау» бақылау жағын ұстанады, өйткені отбасы мүшелерінің көзқарасында қайшылықтар бар. Екіншіден , қала мен ауылдың алшақтығынан, ата -әжелер алыстағы немерелерімен тығыз қарым-қатынас ұстай алмайды. Жас отбасылар бөлек тұратындықтан үлкендерге көмек көрсете алмайды, сол сияқты үлкендер де бала тәрбиесінен аулақ болады. Ұрпақтар сабақтастығы үзілгендіктен ,жас ұрпақ бойында қара басының қамын ойлау тәкәппарлық, шарасыздық белең алса, ал үлкендерде оқшаулық, балаларына қажетсіздік сияқты сезім орнығады.
Рухани –адамгершілік сезімді қалыптастыратын педагогикалық факторлар: отбасы мүшелерінің дұрыс қарым-қатынасы, баланы адамгершілңкке тәрбиелейді.
Түйіндей келе, отбасындағы тәрбиеде үлкендердің басқа отбасы мүшелерімен дұрыс қарым- қатынас құруы- жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелейді деген сенімін нығайту керек. Сонымен үш құрамды ұрпақты отбасының тәрбиелік мүмкіндігі толық мәнінде пайдаланылмайды. Бұл мәселе әлі де зерттеуді қажет етеді.