kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Санамақ және психологиялық ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың тілін дамытушы кұралдардың бірі бұл ойын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Санамақ және психологиялық ойындар»

Санамақ және психологиялык ойвндар

Кірпі

Басты оңға солға бұру. Әрбір бұрылған кезде мұрынмен үзік-үзік шулы түрде қатты дыбыстап кірпі сияқты дыбыс шығара дем алу. Мұрын қуысынның бұлшық еттерін тырыстыра отырып дем алу, дем шығарған кезде жай, еркін ауыз қуысынана шығару керек.



Ерніміз «түтік» сияқты

  1. Мұрынмен жай дем шығару

  2. Ерінді түсік сияқты қалыпқа келтіріп, тез өкпеміз толғанша ауа жұту

  3. Ауа жұтқанда үзік-үзік түрде қимыл жасай отырып жұту.

  4. 2-3 секунд үзіліс жасау, сонан соң басты шалқайту және ауаны мұрын арқылы жай шығару

3-4 рет қайталау





Құлақтар

Басты оңға-солға бұра отырып терең дем алу. Иық қоғалыссыз тұру керек, басты бұрған уақытта құлақты иыққа тигізуге тырысу керек. Басты бұрған уақытта кеуде да қозғалмау керек. Дем шығару мұрын қуысы арқылы еркін түрде орындалады.







Сабын көпірігін шығарамыз.

  1. Басты кеуде қуысына қарай төмен түсіре отырып терең дем алу.

  2. Басты жоғары көтерін шалқайта отырып еркін түрде сабын көпірігін шығарған сияқты мұрын арқылы дем шығару.

  3. Басты тіке ұстай отырып мұрын қуысының бұлшық еттерін арқылы дем алу.

  4. Басты төмен түсіре отырып




Жаттығулар:

  1. «Теңізде жүземіз».

Б. Қ. Шалқадан жатып; қолымызды денені бойлай созамыз.


Тәрбиеші: қолдарымызды жоғары көтереміз, жанымызға созамыз, төмен түсіреміз, 3-4 рет орындалады.


  1. «Құлағымызға су кіріп кетті».

Б. Қ. 1-ші жаттығудай.

Тәрбиеші: басымызды оңға-солға ырғақты шайқалтып, суды әуелі бір құламыздан, сосын екінші құғымыздан төгеміз.

  1. реттен орындау керек.



3.«Құммен ойнаймыз».

Б. Қ.:отырып, аяқтарымызды созамыз, қолдарымызды еркін төмен түсіреміз, саусақтарымызды жұдырыққа түйеміз.


Тәрбиеші: қолдарымызды кеуде тұсына көтеріп, саусақтарымызды. Жайлап босатып, құмды бір қолымыздан екінші қолымызға «себелейміз». «Құмды» қолымыздан қағып, қолдарымызды және саусақтарымызды босатамыз. Қолдарымызды денемізді бойлай әлсәз түсіреміз: ауыр қолдармен қозғалуға ерінеміз.

3-4 рет орындау керек.


  1. «Күн мен бұлт».

Б. Қ. Алдыңғы жаттығулардай.

Тәрбиеші: Домаланып қалу: тізені құшақтап кеудеге тарту, (бұлт күннің көзін жапты). Аяқтарды созып жіберіп, қолдарымызды артқа тірейміз, басты жоғары көтереміз (күн шықты-ыстық).

3-4 рет орындау керек.






  1. «Бақалшақты іздейміз»

Балалар асықпай тұрады да еденге еңкейіп бақалшақтарды «іздейді». Бір-бірлерінің артынан «Денсаулық тақтасына» қарай алдымен тастармен, гимнастикалық таяқшалармен, құмдармен жүреді. Құрғақ, дымқыл, құрғақ салфеткаларға тұрады.


Күн сәулесімен шынығу

Күн сәулесінің шипалық күші ерте кезден-ақ белгілі. Күн сәулесін дұрыс пайдаланбаудан тері күюі мүмкін. Сондықтан күнмен шынығу кезінде абай болу керек. Күн сәулесі адамның бүкіл денесіне әсер етеді. Ол микробтарды жоюды, сондай-ақ Д витаминінің түзілуіне жағдай жасайды. Д витаминінің жетіспеушілігі сүйектің жұмсаруына және қисаюына әкеп соғады. Соңдықтан күн сәулесінің денсаулық үшін маңызы ерекше.

Күнге қыздырынуды алғаш 2-3 минуттан асырмау қажет. Бірте-бірте 20-30 минутқа деін жеткізуге болады. Міндетті түрде денеге арнайы крем жағып, басқа жиегі жалпақ бас киім, көзге арнайы көзілдірік киген дұрыс.


Ұйқыашар жаттығулары

Міндеттері:

  1. Ұйқыдан сергек оянап, ағзаны өсіп келе жатқан физикалық күшке әзірлеу.

  2. Балалардың көңіл-күйін сергіту және дем алуын шынықтыру, газ алмасуды жақсарту, бұлшық еттерін, сүйектерін, буындарын шынықтыру.

Балалардың ұйқыдан тыныш оянуы үшін тәрбиеші ұйықтайтын бөлмеде балалардың аттарын атап, олардың ұйқыдан толық қамтамасыз етеді.

Тәрбиеші:

Бәрің ояныңдар, керіліңдер!

Менің сіздермен ойнағым келеді.

Жәй ойын емес, теңіз ойынын. Ыңғайланып жатыңдар,

Өздеріңді теңізге тап болғандай сезіңдер...

Менің алдымда теңіз толқиды, соғады.

Бұл толқын күшті емес,

Ал, мына толқын мүлден күштірек.

Қанекей енді бізде осы теңізде жүзейік.




































Тыныс алу жаттығуларының үлгісі

Өз тыныс алуымызды бақылыйық


Мақсаты: Балаларды өз тыныс алуын бақылауға үйрету. Оның тереңдігін, жиілігін және сол бойынша, өз ағзасының жағдайын анықтау.

Бастапқы қалып: - тұрып, отырып, жатып (өзіне қалай ыңғайлы)

Денені бос ұстау.

Толық тыныштық жағдайында балалар өз тыныс алуын тыңдайды және сол бойынша мыналарды анықтайды:

-ауа қалай және қайда барып жатыр және ауа қалай шығады.

-дем алып, дем шығаруды адамның қандай мүшесі орындайды. (іш, кеуде куысы, иық немесе барлық дене мүшелері толқын тәрізді)

-қандай тыныс алу беткей (жеңіл) немесе терең

-тыныс алу жиілігі қандай; дем алу мен дем шығау жиі немесе бірқалыпты белгілі бір жиілікпен

-тыныш, дыбыссыз немесе шулы тыныс алу.

Балалар өз ағзасының жағдайын тыныс алу арқылы анықтай білу үшін, бұл жаттығуды белгілі бір дене жаттығуына дейін немесе одан кейін жүргізуге болады.


Жай, бірқалыпты дем алу

Мақсатты: дене шынықтыру мен айналысқаннан кейін, ағзаны қалыпты тыныш жағдайға келтіріп, денені еркін, бос ұстауға үйрету. Тыныс алу жиілігін реттеу.

-Бастапқы қалып – тұрып, отырып, жатып (өзіне ыңғайлы қалыпта)

-денені еркін ұстап, көзді жұмып орындауға болады.

-мұрынмен жай дем алу. Кеуде қуысы ауаға толып керілген уақытта дем алуды тоқтатып кім қанша уақыт шыдай алғанша сәл үзіліс жасау

-сонан соң мұрын арқылы жай дем шығару. (5-10рет қайталау)

Жаттығу шусыз, жай орындалуы керек. Дем алып дем шығару барысында мұрынға алақанды жақындатқанда мұрынна шыққан ауа лебі білінбеу керек.



Танаудың бір жағымен дем алу

Мақсатты: Тыныс алу жүйесінің бұлшық еттерін жаттықтыру, жоғарғы тыныс алу жолдарын нығайту.

Бастапқы қалып – отырып, тұрып денені тік, бос ұстау.

1.Мұрынның оң жағын саусақпен басып жабу. Мұрынның сол жағымен жай, терең, тыныш дем алу. Дем алып болған соң еркін тыныс алу.

2. Дәл солай сол жақпен қайталау.

3-6 рет қайталау

Нұсқаулар: Осы жаттығудан кейін терең дем алып тыныс алуды қалыптастыру.


Ауа шары

Мақсатты: Кеуде бұлшық еттерін нығайту, өкпенің төменгі бөлігін тазарту, желдету жаттығуларын жасау.

Бастапқы қалып-шалқасынан жату ақты еркін созу, көз жұмулы. Зейін кіндік тұсына аударылады. Алақан да кіндік тұсына қойылады.

  1. Жай терең дем алу ешқандай қиналыссыз-іш жайлап шар сияқты көтеріледі.

  2. Жайлап бірте-бірте дем шығару. Ішті қайтадан қалпына келтіру.





















Қимылды ойындар картотекасы


«Жолмен (жалғыз аяқ жолмен)» № 1


Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға,, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады.

Бұл ойынды топ ауласында өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойыеға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады.

Күзде топ ауласындағы жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішіне өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді.



Тақырыбы: «Масаны ұста» № 2


Мақсатты: Балаларды шапшаңдылыққа, ептілікке баулып, ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Жұмыс барысы: Ойыншылар бір-біріне қол созылатын жерде дөңгеленіп бетін ортаға беріп тұрады. Оның қолында шыбық оған картон қағаздан жасап жіпке байланған масаға бар тәрбиеші масаны жоғарлай етіп айналдырып өтеді. Маса үстерінен ұшып бара жатқан кезде балалар оны ұстауға тырысып секіреді.









Тақырыбы: «Қояндар мен қасқыр»№ 3


Мақсаты: Балаларды шапшаңдылыққа, зейінділікке, тапқырлыққа үйрету.

Ойын барысы: ойыншылардың бірін қасқыр етіп сайлайды қалған балалар қоян болады. Қояндар өздеріне үйшік жасап алады. (дөңгелек сызып алады) Ойын басында қояндар өз үйшігінде тұрады. Қасқырдың үйі алаңның шетінде.

Тәрбиеші былай дейді:

Шоқақ, шоқақ жүгіріп

Қояндар кетіп барады.

Көгалды іздеп барады.

Шөпті жалмап жеседі.

Қасқыр жоқ па дейді.

Тың-тыңдай абайлап.

Қояндар үйлерінен жгіріп шығады да алаңда ойнай бастайды. Олар біресе екі аяқтап секіреді, тәрбиеші тақпақты айтып бола бергенде қасқыр шығып қау жүгіреді. Ұстаған қояндарды бір-бірлеп өз үйшігіне қояды. 2-3 қоянды ұстағаннан кейін басқа қасқыр белгіленеді.


Тақырыбы: «Кішкене құстар мен мысық» № 4


Мақсаты: балаларды тапсырманы орындауға баулу.

Ойынның барысы: Тәрбиеші учаскеде үлкен дөңгелек (бөлмеде залда оны жіппен де істеуге болады) сызады. Балалар дөңгелектің сыртын айнала тұрады. Бір баланы мысық етіп тағайындайды, ол ортада тұрады, қалған балалар –кішкене құстар.

Мысық ұйықтайды (көзін жұмады), ал кішкене құстар дөңгелектің ішіне келіп, сонда ұшып жүреді, отырады, дән шоқиды.

Мысық оянады да кішкене құстарды ұстай бастайды, ал олар шеңбердің сыртына қашады. Ұстаған құстарын мысық шеңбердің ортасына апарады. Тәрбиеші олардың қанша екенін санайды.

Ойын басқа мысықпен қайталанады.



Тақырыбы: «Тышқан аулау» № 5


Мақсаты: Балаларды шапшаңдылыққа, ептілікке, ойын барысында өлең жолдарын мәнерлеп нақышына келтіре айтуға баулу.

Ойынның барысы: Ойнаушылар өзара тең емес екі топқа бөлінеді. Кішірек топтағы балалар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңбер жасай тұрады. Олар тышқан аулаушыны бейнелейді, қалған балалар шеңбердің сыртында тұрады. Тышқан ұстаушылар шеңбер бойымен жүріп тақпақ айта бастайды:

Тышқандар неткен жемір-ер

Бәрін жеп, бәрін кемірді

Сақтаныңдар о сұмдар

Жолдарының әлі – ақ тосылар

Тұзақпен-ақ кәдімгі

Тастарымыз матап бәріңді!

Балалар тоқтап ұстасқан қолдарын жоғары көтеріп қақпа жасайды. Тышқандар тышқан аулағышқа жүгіріп кіріп, одан жүгіріп шығады. Тәрбиешінің «жап» деген сигналы бойынша балалар қоларын түсіріп, тізерлеп отыра қалады-тышқан аулағыш теріс жабылады. Шеңбердің ішінен қашып шыға алмаған тышқандар ұсталған болып есептеледі. Ұсталғандар шеңбер жасап тұрады, тышқан аулағыш үлкейе түседі сөйтіп ойын қайта басталады.

Ойынның шарты: Бала санына шектеу жоқ.















Тақырыбы: «Ұшақтар» №6


Мақсаты: Балаларды шапшаңдылыққа, епілікке үйретіп, ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Ойынның барысы: балалар алаңның әр жерінде 3-4 жалаушалармен белгіленген колоннамен тұрады. Ойнаушылар ұшқыштарды бейнелейді. Олар ұшуға әзірленеді. Тәрбиешінің: «Ұшуға әзірленіңдер!» деген сигналы бойынша балалар қолдарымен қимыл жасап, моторды іске қосқан болады. Педагог: «Ұшыңдар», - дейді. Балалар қолдарын екі жаққа жазып, алаңда жан-жаққа бытырып, ұшып жүреді.

Тәрбиешінің: «отырыңдар» деген белгісі бойынша ұшақтар өз орындарын тауып, жерге қонады: балалар колоннаға тұрып, бір тізерлеп отырады. Тәрбиеші қай колоннаның тез сапқа тұрғанын атап өтеді. Алғашқы кезде колоннаның бастаушысы етіп екпіндірек балаларды белгілеу керек.

Балалардың жеңілірек жгіруіне назар аударған дұрыс.



Тақырыбы: «Мысық пен тышқан» № 7

Ойынның мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа, рольдерін білуге баулу.

Ойын шарты: Барлық бала қатысады

Ойынның барысы: Балалар қол ұстасып, шеңбер құрып тұрады. Бір тышқан мен бір мысық сайланып, мысық шеңбердің сыртында қалады да, тышқан ішіне кіреді. Балалар шеңбердің ішімен жүріп:

Мысық тісін ақситады

Көздерін шақшитады

Дүрдитіп, күржитіп белін

Айбат қылады ерің-

Деп өлеңдеткеннен кейін, алдын ала келіскен жерде екі бала қолын түсіріп, қақпа ашады. Тышқан мысықтан қашып, қақпадан да, балалардың қолдарының астына да өтуіне болады. Ал мысық тек қақпадан ғана өте алады. Мысық тышқанды ұстасымен, бұл ролдерге келесі балалар сайланады. Шеңбер жасап тұрған балалар тышқанға көмектесіп мысыққа тосқауыл болады. Ойын барлық бала «мысық», «тышқан» болып үлгергенше ойналады.

Тақырыбы: «Ормандағы аю» № 8

Мақсаты: Балаларды өлең жолдарын нақышына келтіріп айта білуге, зейінділікке, ойын барысын дұрыс орындай білуге баулу.

Ойын барысы: Алаңның бір шетінде сызық тұрады, сызықпен аюдың үйі тұрады. Балалар серуендеп жүрген кезде (қимыл жасайды саңырау құлақ теріп жүрген құсап)

Балалар серуенде жүріп былай ән салады:

Аю жүрген орманнан,

Жидек тердім сол маңнан

Аю отыр гүрілдеп,

Жарамайды мұның деп.

Ойнаушы балалар гүрілдеп деген кезде аю гүрілдеп тұрады да үйлеріне қашады. Аю бір-бірлеп ұстағанын өз үйіне алып кетеді. Қайтадан аю тағайындалады.


Тақырыбы: «Жалаушаны тап» №9

Мақсатты: Балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ептілікке баулу. Ойын барысын дұрыс орындай білуге үйрету.

Ойын барысы: Балалар бөлменің қабырғасына жағалай отырады. Тәрбиеші балаларға жалаушаны көрсетеді, оны жасыратынын айтады. Тәрбиеші жалаушаны жасырады. Ал іздеңге деген де де іздейді жалашаны кім бірінші болып тапса, сол жалаушаны жасырады.


Тақырыбы: «Аяз атаның мұрнып тап» №10

Мақсатты: Балаларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа ептілікке баулып, ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Ойын барысы: Бұл ойын жаңа жыл мерекесінде ойналады. Ойынға балалардың барлығы қатысады. Балалар бір-бірлеп ойнайды. Ол үшін плакатқа немесе қатты картонға аяз атаның үлкен етіп басын саламыз да мұрнының орнын ашық қалдырамыз. Суретті қабырғаға тіреп қоямыз. Одан 4-5 метр қашықтықта ойнаушылар түзу сызықтар бойында тұрады. Басқарушы көзін байлап 2-3 рет айналдыруға болады. Балалардың міндеті аяз атаның мұрнын дәл тауып қадауы керек.



Тақырыбы: «Өз түсінді тап» № 11

Мақсаты: Балаларды шапшаңдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа баулу.

Ойынның барысы: Балалар үш-төрт жалауша алады бірі жасыл, екіншісі көк, үшіншісі сары, 4-5 адамнанбөлменін бұрыштарында топтасады. Әр түрлі жалаушалар (жасыл, көк, сары) қояды. «Өз түсіңді тап», деген жаңа сигналды бойынша балалар өздеріне лайықты түстегі жалаушаға қарай жүгіреді.




Тақырыбы: «Аңшы мен қояңдар»№12

Мақсаты: Балаларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа, ептілікке үйретіп, ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Ойынның барысы: Алаңның бір жағында аңшының орны қоршалған. Екінші жағында кішкентай дөңгелектермен қояндардың орындары белгіленеді. Әр қоршауда 2-3 – тен қоян бар.

Аңшы қояндардың ізін іздеп жүрген адам сияқтанып, алаңды бір айналып өтеді де қайтып орнына келеді.

Тәрбиеші: «Қояндар жазық алаңға шықты»,-дейді. Қояндар өздерін қоршаған дөңгелектерден жүгіріп шығып, қос ақтап секіреді, алға қарай жылжиды. Тәрбиеші: «Аңшы» деп дауыстаған кезде, қояндар тоқтайды, аңшыға арқасымен бұрылады, ал аңшы орнынан қозғалмастан, оларға доп лақтырады. Доп тиген қоян атып өлтірілген болып саналады да аңшы оны алып кетеді.

Ойын үш рет қайталанғаннан кейін, атылған қояндардың саны алынады, басқа аңшы белгіленеді, ойын жалғастырыла беріледі.










Тақырыбы: «Үй артында қол ағаш» № 13

Ойын мақсаты: Балаларды өлең жолдарын нақышына келтіріп айта білуге, зейінділікке, ойын барысын дұрыс орындай білуге баулу.

Ойын барысы: Қатысушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене тұрады. Ойын бастаушы не белбеу, не орамал сияқты бір шүберек затты алады да, дөңгеленіп тұрған топтың сыртынан айнала жүгіре жүріп былай дейді.

Үй артында қол ағаш

Желбау тартам, есік аш

Бұл сөздерді бірнеше рет қайтала береді.

Дөңгелене тұрған балалар:

Үй артына қол ағаш

Жел кірмесін есік аш.

Деген сөзді қайталай береді.Тұрған балалар ұстысқан қолын ажыратпайды. Ол есік ашпағанның белгілі. Енді:

Үй артында қол ағаш

Желбау тартам есік аш

Деп жүгіріп жүрген бала өзі таңдаган бір баланын артынан орамалмен бір соғып қалады да, орамалды солбалаға тастай сала:

Үй артында қол ағаш

Озам десен ала қаш

Деп өзі сол бетімен жүгіре береді. Енді әлгі қалып қойған бала манағы: сөздермен ойынды қайталап ойнайды. Ойын осылай созыла береді.

Ойын шарты: Ойынға 10-15 бала немесе одан да көп бала бір гоп болып ойнайды.













Тақырыбы: «Күн шұғыласы» №14


Мақсатты: Балаларды шапшаңдылыққа, ептілікке, ұқыптылыққа үйретіп, ойынға деген қызығушылығын арттыру

Ойынның барысы: Бұл ойынға балалар түгелдей барлығы қатысады. Тәрбиеші өзінің жанына бір топ балаларды жинап, айнаның көмегімен күн шұғыласын қабырғасын түсіреді де:

Қабырғанда елбеңдеп,

Ойнайды сәуле құбылып.

Ымдасаң болды сен «кел» деп,

Жетеді демде жүгіріп.

Сәл үзіліс жасайды да: «Сәулені ұстаңдар» деген сигнал береді. Балалар қабырғаға жүгіріп, қолға тұрмай жалтаңдап тұрған күн сәулесін ұстауға тырысады.




Тақырыбы: «Қазан шұңқыр» №15


Ойынның мақсатты: Мергендікке, дәлдікке көз мөлшерін сақтауға баулу.

Ойынның барысы: Балалар санын байланысты, қатар-қатар шағын шұңқырлар қазылады. (Оған кішкене доп сияқты болуы керек). Ойын бастаушы қолына допты алып, шұңқұрлардың тұсынан бір метр қашықта тұрады. Доп кімнің шұңқұрына түссе, сол бала жүгіріп келіп допты ала сала, жан-жаққа қашып бара жатқан балалардың бірін ұрады. Егер доп тисе, ол бала допты ала сала келесі ойыншыға тигізуге әрекеттенеді.

Ал допты ешкімге тигізе алмаса, онда ол бала ойыннан шығып қалады. Ойын осылай жалғаса береді.

Ойынның шарты: ойынға 8-10 бала қатысады.







Тақырыбы: «Тауық қорадағы түлкі» №16


Мақсатты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа, рольдерін сомдай білуге баулу. Ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Ойын барысы: Алаңның бір жағынан тауық қораның орны сызылады тауық қорада тауықтар отырады алаңның қарама қарсы жағында түлкінің іні тұрады .Қалған жердің бәрі қора ойнаушылардың бірі түлкі болады. Тауықтар тәрбиеші сигнал бойынша тауықтар бағанадан секіріп түседі де, қораға жүгіріп ойнайды, дән шоқиды, қанаттарын қағады. Тәрбиеші сигнал бойынша түлкі келеді тауықтар қораға қаша жүгіреді, бір тауықты ұстап үйіне қояды. Түлкі екі-үш тауық ұстағаннан кейін, ойын аяқталады



Тақырыбы: «Қамалды тап» № 17

Мақсаты: Балаларды шапшаңдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа баулу. ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Ойынның мақсатты: Бұл ойынға балалардың барлығы түгелдей қатысады. Ойыншылар үлкен шеңбердің бойында жағадай тұрады. Шеңбердің ортасында қамал, яғни ойыншылар доппен қамалды атқылайды, ал қорғаушы допты кіргізбеу керек. Ал ойыншылар допты қамалға кіргізсе, сол бала қорғаушымен орын ауыстырады. Ойын осылайша жалғасады.


Тақырыбы: «Кім жоғын тап»№18

Мақсатты: Балаларды тапқырлыққа, шапшаңдылыққа баулу.

Ойын барысы: Ойыншылар көздерін жұмып тұрады. Бастаушы бір баланың иығынан түртеді. Ол қасындағыларға сездірмей саптан кетіп қалады. Бастаушы көздеріңдң ашыңдар деген белгі береді, ойыншылар көздерін ашады да, сапта кімнің жоғын табуға тырысады. Кеткен баланың кім екенін бұрын тапқанын жеңімпаз атанады сол балаға сыйлық тапсырылады.
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Тесты

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Санамақ және психологиялық ойындар

Автор: Абдуллина Акдидар Жарылхагановна

Дата: 16.01.2017

Номер свидетельства: 379967

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Баяндама Дамыту ойындары "
    ["seo_title"] => string(25) "baiandama-damytu-oiyndary"
    ["file_id"] => string(6) "152827"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1420907674"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Іс-тәжірибе. "Ойнау отырып тәрбиелеу""
    ["seo_title"] => string(38) "is_t_zhiribie_oinau_otyryp_t_rbiielieu"
    ["file_id"] => string(6) "365282"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480760342"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "АДАМГЕРШІЛІК – РУХАНИ Т?РБИЕГЕ АРНАЛ?АН ОЙЫНДАР. "
    ["seo_title"] => string(51) "adamgiershilik-rukhani-t-rbiiegie-arnalg-an-oiyndar"
    ["file_id"] => string(6) "162713"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422381416"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "?К?п та?балы сандарды о?у ж?не жазу "
    ["seo_title"] => string(39) "kop-tan-baly-sandardy-ok-u-zh-nie-zhazu"
    ["file_id"] => string(6) "218944"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1433953667"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "саба? жоспары "5 саны? ?осу ж?не азайту""
    ["seo_title"] => string(42) "sabak-zhospary-5-sanyn-k-osu-zh-nie-azaitu"
    ["file_id"] => string(6) "254097"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447695169"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства