kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жақсылық жасай білейік»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мерзiм

7

Тақырып«Жақсылық жасай білейік»

ҚұндылықАқиқат

Қасиеттербарлығынан жақсылық көру, жақсыдан жаманды ажырата білу,                              

ойдың,сөздің және істің бірлігі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жақсылық жасай білейік»»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мерзiм

7

Тақырып«Жақсылық жасай білейік»

ҚұндылықАқиқат

Қасиеттербарлығынан жақсылық көру, жақсыдан жаманды ажырата білу,

ойдың,сөздің және істің бірлігі.

Тәрбиеші

Балалар саны


Сабақтың мақсаты:

Балалардың жақсылық, игілік, адамгершілік қасиеттері туралы түсініктерін кеңейте отырып, ақиқат құндылығын дамыту.

Сабақтың міндеті:

Білімділік:Балалардың ізгілік, барлығынан жақсылық көру, жақсыдан жаманды ажырата білу сияқты ұғымдарын кеңейту;

Дамытушылық:Балалардың ойдың, сөздің және істіңбірлігіне, жағымды қарым-қатынас жасай білуге үйрету;

Тәрбиелік:Жақсы қасиеттерді бала бойына сіңіре білуге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(Құралдар, суреттер, слайд,музыка)


І. Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері.

-Балалар, бәріміз шаттық шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық!

Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық!

Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

-Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп, күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Сұрақ.

1.Балалар шаттық шеңберін жасағанда қандай сезімде болдыңдар?

2.Достарыңның тілегі қалай әсер етті?

Қорытынды:

Олай болса, балалар, бір-бірімізге жақсылық тілеп, ойымызбен ойлап, сөзімізбен жеткізіп,ісімізбен дәлелдей білейік! Өзге адамға жақсылық тілеген адам ақиқатты тани алады.

Сабақ барысын талдау:

Әңгіме.

Жақсылық пен жамандық (ертегі)

Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына Жақсылықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда Жақсылық«істе» десе, жамандық«істеме» деп сыбырлайды екен. Сөйтіп, адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді. Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:

- Адам, ана балыққа көмектесіп жібер- десе, Жамандық:

- Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма- дейді.

- Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрғандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып, секіріп құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді.

Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:

- Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? өзің далада ит-құсқа жем боласың ғой,- дейді.

Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:

- Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру жаратылысың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, - дейді.

Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ-шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.

Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі Жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәннен айырып тастағысы келіп оқталды да, шыр-пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол :

Әй, адам-ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзіңнен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда қол ұшыңды көрсетіп, жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп –кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.

Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады.

Сөйтіп, Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып:

- Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол,- деп батасын береді. Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетеді.

Сұрақ:

1. Ертегі не туралы?

2. Неліктен адам жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсың?

3. неліктен адам жақсының айтқандарын орындады?

4. «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

Қорытынды:

Жер бетінде жақсылықпен қатар жамандықтың да жүруі ақиқат.Ендеше,жақсыны жаманнан айыра білуі,барлығынан жақсылық көру сияқты игі қасиеттері, әр саналы адам баласы адамгершілік қасиетерді бойымызға сіңіріп жүрейік.


Дәйексөз.

Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста

(Ы. Алтынсарин)

Яғни, балалар, көңілімізде жақсы сөз, жақсы ой болса, жақын адамдарымызға жақсы болып көрінуіміз ақиқат.

(Балаларға жаттатқызамыз. Екі-үш баладан сұраймыз.)

Сұрақтар:

  1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Ізгі асыл қасиеттер адам өмірінде қаншалықты маңызды?

Қорытынды:

Егер адамның жан дүниесінде жақсы мінез, жақсы ой, жақсы қасиеттер болса, яғни бір сөзбен айтқанда,ойдың, сөздің, істің бірлігі ұштасқанда ғана жамандыққа орын болмайды.


Сергіту сәті:

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталады,

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы атқарады.

Мынау – менің оң қолым,

Мынау менің – сол қолым

Барлық істі атқарады.

Мынау - менің оң аяғым,

Мынау - менің сол аяғым

Жақсылыққа апарады.


Ү. Шығармашылық жұмыс

Аспанды торлаған бұлттар”. Бұлттарды сейілту үшін тапсырмаларды орындау қажет.

  1. Жақсылық туралы мақал-мәтел айту.

  2. Қандай жаман қылықтардан аулақ болу керек?

  3. Еш ойланбастан жақсылық жасаған кезің болды ма?

  4. Жақсылық жасау кез-келген адамның қолынан келе ме? Неліктен?

Бұлттар оқушылардың көмегімен сейілген соң,жарқыраған «Күн»

шықты. Күн нұрын төгу үшін не жетіспейді?

«Күн шуағын» төгу үшін адам бойында кездесетін жақсы қасиеттерді айтыңдар.

Қорытынды:

Ендеше, балалар, жасаған тәжірибеміздей, күннің нұры сияқты, жақсылықпен айналамызға шуақ шашып жүрейік. Бұл нұрлы, шуақты жүрегімізде сақтап қалайық.Жақсы мен жаманды тини білу бізді ақиқатты үйретеді.


Топпен ән айту:

Жақсы көру

Өмірім таңдай болса, арайланған.
Қатігез қараулы қар шолаймада
Біреуді жақсы көрген қандай жақсы
Нұрланып кетеді екен бар айнала

Жақсы көру, жақсы көру
Не деген керемет-ең
Өмірді сезінуге, қуанып көз ілуге
Адамға жақсы көру керек екен

Дидарын аумайды екен жарық күннен
Ғашық боп қалғанымды жаңа ұқтым мен
Келбетің көз алдымда, ойымда сен
Өзіңді жақсы көріп қалыппын мен

Жақсы көру, жақсы көру
Не деген керемет-ең
Өмірді сезінуге, қуанып көз ілуге
Адамға жақсы көру керек екен

Сұрақ:

1.Ән не жайлы?

2.Осы әнді айтқанда қандай сезімде болдындар?

Қорытынды:

-Олай болса, балалар, ой тыныштығында отырып, бір-бірімізге жақсылық ойлап, кішіпейілділік танытайық.


Жүректен жүрекке:
Балалар шеңбер құрып тұрады. Тәрбиешінің қолдан жасалған жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағында тұрған балаға ұсынады. Ол бала да жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оңжағында тұрған көршісіне береді. Осылайша барлық балалар бір – біріне жақсы тілектер айтады.

Қорытынды:«Жақсы бала» деген атына лайық болу үшін біз әдепті, қамқор, адал, шыншыл, көмек көрсетуге дайын болуымыз керек.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жақсылық жасай білейік»

Автор: Камиева Аягөз Бейсембайқызы

Дата: 13.02.2017

Номер свидетельства: 391406

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Жақсылық жасай білейік"
    ["seo_title"] => string(24) "zhaksylyk_zhasai_bileiik"
    ["file_id"] => string(6) "489446"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1544189476"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Жа?сылы? жасай білейік""
    ["seo_title"] => string(24) "zhaksylykzhasaibilieiik1"
    ["file_id"] => string(6) "327576"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1463463557"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) ""Жа?сылы? жасай білейік" та?ырыбында ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(51) "zhak-sylyk-zhasai-bilieiik-tak-yrybynda-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "191277"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427289203"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Жа?сылы? жасай білейік."
    ["seo_title"] => string(23) "zhaksylykzhasaibilieiik"
    ["file_id"] => string(6) "298999"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456422375"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Жа?сылы? жасай білейік  саба?ыны? презентациясы "
    ["seo_title"] => string(55) "zhak-sylyk-zhasai-bilieiik-sabag-ynyn-priezientatsiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "180463"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1425200021"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства