kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: Ертегілер әлемі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ   « Айгөлек »  шағын орталықтың аға тәрбиешісі Ибраимова Гульмира Ерикбайқызы.  Жансүгіров ауылы, Ақсу ауданы.

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы 
«Айгөлек» ІІ кіші тобы 

Білім беру саласы: Коммуникация. 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. 
Тақырыбы: Ертегілер әлемі. 
Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту. Үстел үсті және шарлар театры арқылы сөздік қорын молайтып, диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу. 
Билингвиалды компонент: қыс-зима-winter, ертегі-сказка-fairy tale. 
Барысы: Балаларды шеңберге тұрғызу. 
Шаттық шеңбер: 
Үлкен шеңбер құрайық, 
Алақанды ұрайық. 
Күлімдесін күн де, 
Күлімдейік біз де. 
Алақанды ашайық, 
Күннің нұрын салайық, 
Таза ауаны салайық, Жүрек жылуын салайық, 
Енді бәрін қонақтарға сыйлайық. 



Жұмбақ: 
Аяз қысып, өрнек сызып, 
Терезені торлайды. 
Қарға омбығып, бет домбығып, 
Сырғанап балалар ойнайды. 
Айтыңдаршы бөбектерім, 
Бұл қай мезгілде болады? 
Балалар: Қыс мезгілінде. 
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Ертегілер әлемі.»

«Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ « Айгөлек » шағын орталықтың аға тәрбиешісі Ибраимова Гульмира Ерикбайқызы . Жансүгіров ауылы , Ақсу ауданы .

1) «Айгөлек» тобына ұйымдастырылған тренинг ойын

2) Моншақтармен ойнау:

3) Көңілді қақпақтар ойыны:

Мақсаты: Балалардың қол моторикасын дамыту

Көрнекілік: Моншақтар және ашып жабуға арналған қақпақтар.

Жұмыс түрі: Коррекциялық.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттер

Нәтиже

1. Тренинг ойын:

Жүргізуші: Балалар шеңберге отырады. Жургізуші қолдарын жаяды кенет ауа райы бұзылып жел тұра бастады кенет жаңбыр жауа бастады балалар қолдарымен жерді соға бастайды, кенет куннің бұзылуы кушейіп бұршақ жауа бастайды бұл кезде балалар аяқтарымен жерді соға бастайды. Кенеттен жел басылды бұл кезде балалар бір бірінің арқасын массаж жасайды жаңбыр тоқтап бұршақ басылды бұл кезде балалар қолдарымен бірінің арқасын бірі сипалайды.

2. Ұсақ қол моторикасына арналған «моншақтар»

Ойыны.

Мақсаты: Баланың ұсақ қол моторикасын дамыту

Ойын шарты: Балалардың әрқайсысының алдарына  арнайы тарелкелер беріледі тәрелкелерде моншақтар салынған балалар сол моншақтармен апайдың айтуы бойынша қолдарына массаж жасайды.

3. Көңілді қақпақтар ойыны:

Мақсаты: Баланың қол моторикасын дамыту.

Ойын шарты: Балаға алдын ала дайындалған қақпақтар беріледі бала осы қақпақтарды орнын ауыстырып ашып жауып ойнайды.

 

Нәтижесінде балаларға тренинг ойын ұнады және өз күштерімен моншақтарды қолдана білді.

 

Саусақтарының арқасында қақпақтарды ашып жауып үйренді және саусақ ұштарына массаж жасалды.



«Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ « Айгөлек » шағын орталықтың аға тәрбиешісі Ибраимова Гульмира Ерикбайқызы . Жансүгіров ауылы , Ақсу ауданы .

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар  (ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру) 

Мақсаты: Алдын ала дайындықпен ойыншық туралы сипаттама әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Жануарлар төлдерінің аттарының «-шақ», «-қан» жұрнақтары арқылы жасалуы туралы түсінік беру.

Көрнекіліктер: ойыншықтар- қуыршақ, құлыншақ, қошақан, ботақан. 

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, өлең жаттату. 

Сөздік жұмыс: сүйікті ойыншықтар, ұрыншақ, момақан, тұлпар, ойнақтаймын баладай. 

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-  қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Дос болып жүрейік,
Ойнайық та күлейік.
Достық деген тамаша
Міне тұрмыз жараса.

Шаттық шеңберін құрады. Қимыл қозғалыспен көрсетеді.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға топқа ойыншықтардың қонаққа келгендіктері туралы айту.

− Балалар, бізге қандай ойыншықтар қонаққа келді?

− Бұл ойыншықтар – қуыршақ Әйгерімнің сүйікті ойыншықтары. Әйгерім:

 − Мен ойыншықтарымды өте қатты жақсы көргендіктен құлынды- құлыншақ, ботаны - ботақан және қозыны - қошақан деп еркелетіп атаймын. Сендердің де сүйікті ойыншықтарың бар шығар? 

− Балалар, қазір біз Әйгерімнің сүйікті ойыншықтарын тыңдап көрейік. Олар не айтады екен.

Құлыншақ:

Мен - Құлыншақ, Құлыншақ,
Әрбір жерге ұрыншақ.
Желбіретіп тұлымшақ,  
Шапқылаймын күнұзақ.
Өсіп, тұлпар боламын,
Бас бәйгені аламын!

Қошақан: 

Мен – Қошақан, Қошақан,
Момақанның өзімін.
Қойдан бөлек лақпаймын,
Секірмеймін лақтайын –  
Жетеді оған төзімім!

Ботақан:

Мен – Ботақан, Ботамын,
Ойсыл қара –Атамның
Ұрпағына жатамын.  
Ойнақтаймын баладай,  
Жалғыз қалсам далада-ай,
Боздап дауыс қатамын.

− Балалар, Әйгерімнің ойыншықтары – қошақан, ботақан, құлыншақ сендерге ұнады ма? Әйгерімнің ойыншықтары қандай екен? Балалар ойыншықтарды сипаттау әңгімесін тәрбиешінің көмегімен құрастыру.

Әйгерім:

− Балалар, менің сүйікті ойыншықтарым туралы әңгімелеріңе рахмет. Сергіту жаттығуынан кейін ойыншықтарыммен ойнауға шақырамын. 

Сергіту жаттығуы.

− Балалар, енді Әйгерімнің ойыншықтарымен«Не жоқ?» ойынын ойнайық. Ойын ұйымдастыру, балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

 

 

 

− Құлыншақ, қошақан, ботақан.

 

 

   - Балалар өз ойыншықтары туралы айтады.

 

 

 

 

 

 

 

   Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

   «Әйгерімнің ойыншықтары бар. Олар сүйкімді. Құлыншақ ұрыншақ. Ол күнұзақ шапқылайды. Өскен соң тұлпар болады. Қошақан момақан, лақтай секірмейді. Ботақан баладай ойнақтайды, боздап дауыс қатады.»

   Сергіту сәтін орындайды.

   Қимылмен көрсетеді. 

   Ойын ойнайды.

Рефлексивті -             түзетушілік

Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау. Балаларға оқу қызметі бойынша сұрақтар қою.  

Балаларды мадақтау.

 

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Ойыншық туралы сипаттама әңгіме құрастыра алуды;

Болуы керек: Жануарлар төлдерінің аттарының «-шақ», «-қан» жұрнақтары арқылы жасалуы туралы түсініктері болу;

Баланың қолынан келуі керек: Қойылған сұрақтарға жауап бере алуы;







«Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ « Айгөлек » шағын орталықтың аға тәрбиешісі Ибраимова Гульмира Ерикбайқызы . Жансүгіров ауылы , Ақсу ауданы .

Тақырыбы: «Абайла, жол!»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыту. Ойын арқылы сабақтың мазмұнына қарай балалардың жолда жүру ережесі туралы алған білімдерін тиянақтау. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, есте сақтауға дағдыландыру.
Көрнекілік: Бағдаршам, аялдама жол белгілері, жедел әрделі машинасы жеңіл көліктер автуобус.
Барысы:
- Балалар, бүгін аптаның қай күні?

- (балалар жауабы)

Ендеше далаға көз салайық ауа–райы қандай екен? Аспанда күн жарқырап тұр. Балалар таңертең балабақшаға келерде ауа–райы қандай болды? Не байқадыңдар?
- (балалар жауабы)
- Ал енді! Балалар, біз қандай елде тұрып жатырмыз?
Балалар: Қазақстанда
Тәрбиеші: Дұрыс Қазақстаның қандай қаласында? Қаламыз қалай аталады?
- Ақтөбе, Хромтау
Тәрбиеші: Ал енді сендер осы Хромтаудың барлық көшелерін аралап көрдіңдер ме?
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші: Онда біз былай жасайық, қазір бәріміз автоусқа отырып қала көшелеріне саяхат жасайық. Бағдаршамен жол белгілерімен танысайық. Алдымен автубусқа отырмай тұрып, көлікке отыру ережесін қайталайық.
Балалар: Автобусқа артқы есіктен кіріп, алдыңғы есіктен шығу керек.
- Жасы үлкен немесе кішкентай бөпелі адамдарға орын береміз.
- Автобуста айқайлап сөйлеуге, қатты күлуге болмайды, ол әдепсіздікке жатады.
- Ашық есік, терезеден басын шығарып қолын созуға болмайды.

Тәрбиеші:

1. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.
2. Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсінің жануын күт..
3. Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оқға қара .
4. Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.
5. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.

Тәрбиеші: Олай болса саяхатымызды бастайық қане, бәріміз автобусқа отырайық. Міне қаламыздың ең үлкен көшесі Әйтеке би көшесіне келдік. Мен сендерге жұмбақ жасырайын?
Тәрбиеші: Жан- жағымызға қарайық не көріп тұрсындар?
Балалар: Бағдаршам
Ал мына жолда ақ- қарамен сызылған жолақтар жатыр,бұл не белгі? Бұл жермен кімдер жүреді?
Дұрыс айтасындар бұл белгі жаяу жүргізушілерге арналған. «Өтіңдер» деген белгі. Бұл кезде көліктер тоқтап адамдар ғана жүреді.
Ал сендер балалар бағдаршам туралы не білесіңдер?

Алма кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта сақтан жол ашық                                          
Жүрме жолға таласып.

Тәрбиеші. Балалар біздің автобусымыз тоқтап, адамдар мініп-түсетін жерге келдік бұл қай жер екен?
Бір ғажабы бұл жерде
Бір нәрсені ел күтеді.
Біреуі отырады
Біреуі тұрады.
Балалар: Аялдама

- Балалар сендер қандай тақпақтар білесіңдер?









Амир :

Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата-ана.
Жолда сен бол лайық,
Жақсы бала атына.

Жанерке:

Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта!»
«Сақтан!»
«Жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.





Каусар :

Қызыл көзін ашқанда,
Бір қадам да баспа алға.

Ерсултан:

Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.

Еркеназ:

Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба.

- Өте жақсы енді аялдамадан түсіп тобымызға барайық.

Сюжеті ойын: Балаларды рольге кіргізіп ойнату. Жаяу жүргізушілерге арналған жол мен жүргізу.
Қимылдық ойын: Жолға шеңбер бойымен балалар торғай болып отыру. Машина келгенде пыр етіп жан-жаққа ұшып кету.
Қортындылау: Тәрбиеші, Енді біздер көшеге шыққанда қауіп–қатерге ұрынбай, барлық жол ережесі бойынша жүріп тұрамыз. Солай ма, балалар? Бүгінгі саяхатымыз ұнадыма балалар? Балаларды мақтау, мадақтау.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тақырыбы: Ертегілер әлемі.

Автор: Ибраимова Гульмира Ерикбаевна

Дата: 25.02.2018

Номер свидетельства: 459426

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Тақырыбы: "Ертегілер әлеміне саяхат""
    ["seo_title"] => string(41) "tak_yryby_iertieghilier_lieminie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "468964"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1525911782"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ертегілер ?лемінде "
    ["seo_title"] => string(23) "iertieghilier-liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "173670"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424015726"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Ғажайып ертегілер әлемі""
    ["seo_title"] => string(23) "gazhaiyp_ertegiler_lemi"
    ["file_id"] => string(6) "475025"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1531716977"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Та?ырыбы «Ертегілер еліне саяхат»"
    ["seo_title"] => string(36) "takyrybyiertieghilierieliniesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "261226"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449080363"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Ертегілер ?леміндегі ?ызы?ты математика"
    ["seo_title"] => string(43) "iertieghilierliemindieghikyzyktymatiematika"
    ["file_id"] => string(6) "322305"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461567088"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства