kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

''Алашты? ?лиханы" атты ?деби іс-шараны? сценариі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алаш к?семі, мемлекет ж?не ?о?ам ?айраткері, ?алым-публицист ?лихан Н?рм?хамед?лы Б?кейхановты? ту?анына 150 жыл толуына арнал?ан

"Алашты? ?лиханы" атты ?деби іс-шараны?  сценариі

?ткізетін орны: «Ж?мыспен ?амту ж?не ?леуметтік ба?дарламалар б?лімі»

ММ –ні? м?жіліс залы

?тетін к?ні: 25.03.2016жыл

?тетін уа?ыты: са?ат:11:00-де

 (Слайд к?рсетіліп т?рады).

1-ж?ргізуші: Алия  Тлеубек?ызы

2-ж?ргізуші:  Мерей Серікбай?ызы

1-ж?ргізуші:С?леметсіздер ме ??рметті  б?гінгі  іс-шара?а ?атысушылар!

Б?гін алаш к?семі, мемлекет ж?не ?о?ам ?айраткері, ?алым-публицист ?лихан Н?рм?хамед?лы Б?кейхановты? ту?анына 150 жыл толуына арнал?ан"Алашты? ?лиханы" атты ?деби іс-шара?а жиналып отырмыз.

Б?л мерейтой ЮНЕСКО к?лемінде тойланып жатыр.

2-ж?ргізуші:Б?гін -?аза?ты? ?аза? болып ?алыптас?аннан бері ?ан?а сі?ген ?асиеті, рухани жан азы?ымыз с?з ?неріні? кеші.

 Осы кеште сіздермен бірге болатын, мен – Алия Тлеубек?ызы ж?не ?ріптесім – Мерей  Серікбай?ызы.

?деби кешімізді? кіріспе с?зі:  «Арнаулы ?леуметтік ?ызмет к?рсету орталы?ы» КММ-ні?  №3-б?лімше ме?герушісі: Байтлеуова  Райхан Камзаевна?а беріледі. (баяндама 2-3 мин)

1-ж?ргізуші: Ендеше,  ?азанны? т?біндегі ?аспа? емес, ?аза?ты? бетіндегі ?айма?ына айнал?ан алашты? айшы?ты ?лы  ?лихан Б?кейханов жайлы бейне к?рініске назар аударайы?. (видео)

2-ж?ргізуші: Мына  ша?ын фильмді к?рді?іздер, ?лихан Б?кейхановты?  балалы? ша?ы, е?бектері, ?мір жолдарына то?талып ?ттік.

?лт к?семі: "Жер десе дірілдемей болмайды: жер м?селесі – ?мір с?ру м?селесіні? зоры"деп ?зіні? ?зекті ?станымын тай?а та?ба бас?андай айшы?тап к?рсетіп кетті. Б?гінде сол ?станымдарды  ?леуметтік ?ызметкерлер арасында білетіндері?із бар шы?ар, ой- пікірлері?ізді білдіре отыры?ыздар.  

Бірінші ?станым: (  - б?лімше)

Жер, жер ж?не жер. Жерсіз Отан жо?. ?лихан Б?кейхановты?  ?й?арымы бойынша : «?аза?ты? байыр?ы жерін ?ашан ?аза?тар ?з бетінше ?ылым мен техника?а с?йеніп толы? игермейінше, жер жеке меншікке де, ?оныстанушылар?а да  берілмейді».

Екінші  ?станым:(  - б?лімше)  Жерді? астында?ы, ?стіндегі, аспанда?ы барлы? игілік  ?аза? мемлекетіне ?ызмет етуі керек. ?.Б?кейхановты? айтуынша: «Оны? ?р бір т?йір тасы ?аза?ты? ??іріне т?йме болып ?адалу керек» болатын.

?шінші  ?станым: ( -б?лімше) ?.Б?кейхановты? жобасы бойынша, «?аза?ты? жерінде ?ндірілген бір уыс ж?н сол мемлекетті? азаматтарыны? ?стіне то?ыма болып киілуі» керек, я?ни толы?тай экономикалы? т?уелсіздікке ?ол жеткізуге ?мтылуы тиіс еді.

1-ж?ргізуші: Рахмет, ?те жа?сы. Елбасымыз биыл?ы «?аза?стан жа?а жа?анды? на?ты ахуалда: ?су, реформалар, даму» атты жолдауында да осы м?селені ашып к?рсеткен болатын. ?рбір ?аза?станды? ?зімізден шы??ан ?німдерді пайдалануы ?ажет екендігін атап ?ткен.  Алаш зиялысы  Б?кейханов сол кезді? ?зінде –а? б?гінгі ?ойылып отыр?ан осы м?селені айтып  кеткенін к?ріп отырсыздар,

2-ж?ргізуші:  К?к аспанда ?алы?та?ан ?ыраны,

Ке? даланы басып ?ткен т?раны.

Кешегі Алаш зиялысы к?здеген,

Кезек келді, айтылсын Алаш ?раны! –дей келе ортамызда отыр?ан  бізді? Орталы?ты? т?рбиеленушілері: Арайлым, Нурым, Дария?а кезек берейік.

Арайлым:

Біз  алашты? баласы.

К?німіз туып к?герді,

Сарыар?аны? даласы.

??рт аурудай жайла?ан,

??ртпа??а бізді ойла?ан,

?анымыз?а тойма?ан,

?олымызды байла?ан,

Ерімізді айда?ан,

Елімізді лайла?ан.

Жерімізді шимайлап,

?шті залым ?арасы.

Жасасын, алаш, жасасын!

Алаш туы астында,

?олдайтын алаш бабамыз.

«Туыс?анды?», «те?дік» деп,

Туын ?ол?а ап шабамыз.

Берілгенде  тілектер,

Жарылмай ма ж?ректер?!

За? жасайтын орын?а,

Ж?ртпен бірге барамыз!

?атардан орын аламыз!

Жасасын, алаш, жасасын!

 Нурым:

Алаш туы астында,

Ку? болсын арымыз.

К?ркейтуге алашты,

??рбанды? бізді? жанымыз!

Былай т?рсын малымыз,

Алаш деген ел ?шін

Сарыар?аны? жері ?шін,

Бостанды? берген ер ?шін,

Т?гілсін бізді?  ?анымыз!

Аялмасын жанымыз!

Жасасын алаш, жасасын!

Алаш туы астында,

?лсек бірге ?лдік біз.

Не жа?сылы?, не ?ай?ы,

К?рсек бірге к?рдік біз!

Ішкі жанжал таласты,

К?ншілдікпен ?арасты,

Мына жерге к?мдік біз!

Жасасын алаш, жасасын!

 Дария:

Алаш туы астында,

К?н с?нгенше с?нбейміз.

Енді ешкімні? алашты,

?орлы?ына бермейміз!

Адамдарды? жолына,

Баста?ан ерлер со?ы?да,

Бас?а?а к??іл б?лмейміз,

?андай  шайтан келсе де,

Алдауына к?нбейміз.

?лер жерден кеттік біз,

Б?л заман?а жеттік біз,

Жасайды алаш,  ?лмейміз,

Жасасын алаш, жасасын!

1-ж?ргізуші:  ?аза?  ?дебиетіні? ірі т?л?асы, аса к?рнекті а?ын Султанмахм?т Торай?ыровты? Алашты? Алиханын д?ріптеген ?ле? жолдарына кезек берейік.

Кульзия Айкен?ызы:

Б?л «Таныстыру» ?ле?інде ?арапайым ?ара ?аза? былай деп с?ра?ан екен:

 Ту?анда ??дай иіп м?ндай заман,

С?райтын, бір с?зім бар сенен балам

Тап бізді? осы Семей облысыны?

К?шбасшы адамдарын айтшы ма?ан.

Біз-да?ы жоспарлайы? ?зімізше

Деседе т?к білмейтін ?аза? надан.

Сонда о?ы?ан ?аза? былай деп жауап берген екен:

Ешкімні? Алихан?а бар ма с?зі

Демейді ?андай ?аза? оны о? к?зі

Семей т?рсын, жеті облыс бар ?аза?тан

Талассыз жеке дара т?р ?ой ?зі.

Елі ?шін ??рбанды??а жанын берген

Бит, б?рге, ?андала?а ?анын берген

?радай сасы? ауа, темірлі ?йде

Зары?ып алаш ?шін бейнет к?рген.

 Т?ймеге жар?ылда?ан алданба?ан,

Бас?адай бір бас ?шін жалданба?ан

К?ркейер ?айткенде Алаш деген ойдан

Бас?а ойды ?мірінде малданба?ан.

Заманда бас?ан ая? кейін кеткен

Жасымай алашына ?ызмет еткен

Болса да ?алы? т?ман,?ара??ы т?н

Туатын ба? ж?лдызына к?зі жеткен.

2-ж?ргізуші:

Міне, ??рметті жыр с?йер ?ауым!  Елін с?йген, жерін с?йген Алаш азаматтарыны? патриотты? сезімге б?леген ?ле? жырларымен сусындады?.

Алаш к?семі Алихан Б?кейхановты? ?зіні? туындысына ??ла? т?рейік.

3-б?лімшеден ?леуметтік ?ызметкер:_Гулнур Серік?ызы

                                           М?сылман  сиезі

  М?сылман сиезі закон жобасында жазыл?ан екен, рухани мекемелерге ?а?аз татарша жазылсын деп. Б?л  бізді? ?аза? ж?ртына ы??айсыз екені к?зге к?рініп т?р. Т?рік затты халы?та бізді? ?аза?тай бір жерде тізе ?осып, ?алы? отыр?ан іргелі ел жо?. Бізді? тілді бізді? ?аза? жерін аралама?ан м?сылман бауырларымыз ?айдан білсін, біз кітап жазып, журнал, газета шы?ара баста?анымыз осы 34 жылды? ?ана арасында. Аны? т?рік затты халы? тілі бізді? ?аза?та:

 А?ындары а?ылсыз надан келіп,

К?п жерде ?ле?  ?ыпты жо?тан ?армап;

?обыз бен домбыра алып, топта сарнап,

 Ма?тау  ?ле? айтыпты  ??ркімге арнап.

 ??р елден ?ле?менен хайыр тілеп,

 Кетірген  с?з ?адірін ж?ртты шарлап,

  Мал ?шін тілін безеп, жанын жалдап,

  Мал с?рап біреуді алдап, біреуді арбап.

   Жат елде хайыршылы?  ?ылып ж?ріп,

  ?з елін бай деп ма?тап х?дай ?ар?ап.

1-ж?ргізуші:    ?лт ?шін алтын басын иы?ынан ??латса да еліні? намысын жырт?ан ?лтжанды ?лды? ?ткеніне к?з ж?гіртіп, рухани азы? алды?. Ендеше, елім деп со??ан ж?дыры?тай ж?регімен  ?нерін к?рсетуге келген   «Екі ж?лдыз»  фестиваліні? бас ж?лдегері Серік?алиева Дарияны?  орындауында?ы « Жаса  ?аза?стан» ?німен ая?та?анды ж?н к?рдік.

2-ж?ргізуші:

Алты Алашым ата берсін та? к?ліп,

?лиханны? аты т?рар жа??ырып.

Алты ??рлы? айтып ж?рсін та? болып,К?к байра?ы? желбіресін м??гілік!- келесі кездескенше аман-сау болы?ыздар.  Аманды?та ж?здесейік!  Со?ы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«''Алашты? ?лиханы" атты ?деби іс-шараны? сценариі»

Алаш көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған

"Алаштың Әлиханы" атты әдеби іс-шараның сценариі

Өткізетін орны: «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

ММ –нің мәжіліс залы

Өтетін күні: 25.03.2016жыл

Өтетін уақыты: сағат:11:00-де

(Слайд көрсетіліп тұрады).

1-жүргізуші: Алия Тлеубекқызы

2-жүргізуші: Мерей Серікбайқызы

1-жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме құрметті бүгінгі іс-шараға қатысушылар!

Бүгін алаш көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-публицист Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған"Алаштың Әлиханы" атты әдеби іс-шараға жиналып отырмыз.

Бұл мерейтой ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатыр.

2-жүргізуші:

Бүгін -қазақтың қазақ болып қалыптасқаннан бері қанға сіңген қасиеті, рухани жан азығымыз сөз өнерінің кеші.

Осы кеште сіздермен бірге болатын, мен – Алия Тлеубекқызы және әріптесім – Мерей Серікбайқызы.

Әдеби кешіміздің кіріспе сөзі: «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің №3-бөлімше меңгерушісі: Байтлеуова Райхан Камзаевнаға беріледі. (баяндама 2-3 мин)

1-жүргізуші:

Ендеше, қазанның түбіндегі қаспақ емес, қазақтың бетіндегі қаймағына айналған алаштың айшықты ұлы Әлихан Бөкейханов жайлы бейне көрініске назар аударайық. (видео)

2-жүргізуші:

Мына шағын фильмді көрдіңіздер, Әлихан Бөкейхановтың балалық шағы, еңбектері, өмір жолдарына тоқталып өттік.

Ұлт көсемі: "Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры"деп өзінің өзекті ұстанымын тайға таңба басқандай айшықтап көрсетіп кетті. Бүгінде сол ұстанымдарды әлеуметтік қызметкерлер арасында білетіндеріңіз бар шығар, ой- пікірлеріңізді білдіре отырыңыздар.

Бірінші ұстаным: ( - бөлімше)

Жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша : «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді».

Екінші ұстаным:( - бөлімше)

Жердің астындағы, үстіндегі, аспандағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әр бір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын.

Үшінші ұстаным: ( -бөлімше)

Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.

1-жүргізуші:

Рахмет, өте жақсы. Елбасымыз биылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты жолдауында да осы мәселені ашып көрсеткен болатын. Әрбір Қазақстандық өзімізден шыққан өнімдерді пайдалануы қажет екендігін атап өткен. Алаш зиялысы Бөкейханов сол кездің өзінде –ақ бүгінгі қойылып отырған осы мәселені айтып кеткенін көріп отырсыздар,

2-жүргізуші:

Көк аспанда қалықтаған қыраны,

Кең даланы басып өткен тұраны.

Кешегі Алаш зиялысы көздеген,

Кезек келді, айтылсын Алаш ұраны! –дей келе ортамызда отырған біздің Орталықтың тәрбиеленушілері: Арайлым, Нурым, Дарияға кезек берейік.

Арайлым:

Біз алаштың баласы.

Күніміз туып көгерді,

Сарыарқаның даласы.

Құрт аурудай жайлаған,

Құртпаққа бізді ойлаған,

Қанымызға тоймаған,

Қолымызды байлаған,

Ерімізді айдаған,

Елімізді лайлаған.

Жерімізді шимайлап,

Өшті залым қарасы.

Жасасын, алаш, жасасын!

Алаш туы астында,

Қолдайтын алаш бабамыз.

«Туысқандық», «теңдік» деп,

Туын қолға ап шабамыз.

Берілгенде тілектер,

Жарылмай ма жүректер?!

Заң жасайтын орынға,

Жұртпен бірге барамыз!

Қатардан орын аламыз!

Жасасын, алаш, жасасын!

Нурым:

Алаш туы астында,

Куә болсын арымыз.

Көркейтуге алашты,

Құрбандық біздің жанымыз!

Былай тұрсын малымыз,

Алаш деген ел үшін

Сарыарқаның жері үшін,

Бостандық берген ер үшін,

Төгілсін біздің қанымыз!

Аялмасын жанымыз!

Жасасын алаш, жасасын!

Алаш туы астында,

Өлсек бірге өлдік біз.

Не жақсылық, не қайғы,

Көрсек бірге көрдік біз!

Ішкі жанжал таласты,

Күншілдікпен қарасты,

Мына жерге көмдік біз!

Жасасын алаш, жасасын!

Дария:

Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің алашты,

Қорлығына бермейміз!

Адамдардың жолына,

Бастаған ерлер соңыңда,

Басқаға көңіл бөлмейміз,

Қандай шайтан келсе де,

Алдауына көнбейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Бұл заманға жеттік біз,

Жасайды алаш, өлмейміз,

Жасасын алаш, жасасын!

1-жүргізуші: Қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Султанмахмұт Торайғыровтың Алаштың Алиханын дәріптеген өлең жолдарына кезек берейік.

Кульзия Айкенқызы:

Бұл «Таныстыру» өлеңінде қарапайым қара қазақ былай деп сұраған екен:

Туғанда құдай иіп мұндай заман,

Сұрайтын, бір сөзім бар сенен балам

Тап біздің осы Семей облысының

Көшбасшы адамдарын айтшы маған.

Біз-дағы жоспарлайық өзімізше

Деседе түк білмейтін қазақ надан.

Сонда оқыған қазақ былай деп жауап берген екен:

Ешкімнің Алиханға бар ма сөзі

Демейді қандай қазақ оны оң көзі

Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан

Талассыз жеке дара тұр ғой өзі.

Елі үшін құрбандыққа жанын берген

Бит, бүрге, қандалаға қанын берген

Ұрадай сасық ауа, темірлі үйде

Зарығып алаш үшін бейнет көрген.

Түймеге жарқылдаған алданбаған,

Басқадай бір бас үшін жалданбаған

Көркейер қайткенде Алаш деген ойдан

Басқа ойды өмірінде малданбаған.


Заманда басқан аяқ кейін кеткен

Жасымай алашына қызмет еткен

Болса да қалың тұман ,қараңғы түн

Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен.

2-жүргізуші:

Міне, құрметті жыр сүйер қауым! Елін сүйген, жерін сүйген Алаш азаматтарының патриоттық сезімге бөлеген өлең жырларымен сусындадық.

Алаш көсемі Алихан Бөкейхановтың өзінің туындысына құлақ түрейік.

3-бөлімшеден әлеуметтік қызметкер:_Гулнур Серікқызы

Мұсылман сиезі

Мұсылман сиезі закон жобасында жазылған екен, рухани мекемелерге қағаз татарша жазылсын деп. Бұл біздің қазақ жұртына ыңғайсыз екені көзге көрініп тұр. Түрік затты халықта біздің қазақтай бір жерде тізе қосып, қалың отырған іргелі ел жоқ. Біздің тілді біздің қазақ жерін араламаған мұсылман бауырларымыз қайдан білсін, біз кітап жазып, журнал, газета шығара бастағанымыз осы 34 жылдың ғана арасында. Анық түрік затты халық тілі біздің қазақта:

Ақындары ақылсыз надан келіп,

Көп жерде өлең қыпты жоқтан қармап;

Қобыз бен домбыра алып, топта сарнап,

Мақтау өлең айтыпты һәркімге арнап.


Һәр елден өлеңменен хайыр тілеп,

Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап,

Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,

Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.

Жат елде хайыршылық қылып жүріп,

Өз елін бай деп мақтап хұдай қарғап.

1-жүргізуші: Ұлт үшін алтын басын иығынан құлатса да елінің намысын жыртқан ұлтжанды ұлдың өткеніне көз жүгіртіп, рухани азық алдық. Ендеше, елім деп соққан жұдырықтай жүрегімен өнерін көрсетуге келген «Екі жұлдыз» фестивалінің бас жүлдегері Серікқалиева Дарияның орындауындағы « Жаса Қазақстан» әнімен аяқтағанды жөн көрдік.

2-жүргізуші:

Алты Алашым ата берсін таң күліп,

Әлиханның аты тұрар жаңғырып.

Алты құрлық айтып жүрсін таң болып,Көк байрағың желбіресін мәңгілік!- келесі кездескенше аман-сау болыңыздар. Амандықта жүздесейік! Соңы









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
''Алашты? ?лиханы" атты ?деби іс-шараны? сценариі

Автор: Мустафина Алия Тилеубековна

Дата: 08.04.2016

Номер свидетельства: 316659


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства