баланы? 5 к?лемінде санды? есептеу да?дысын дамыту, сандарды тура ж?не кері санау сандарды? к?ршісін атау, ке?істікті ба?дарлау, геометриялы? пішіндер, доп. Логикалы? ойлау операцияларын ме?герген бала зерек бола бастайды. Аны? ж?не на?ты ойлауды ?йренеді. Уа?ытында ойын жина?тап, тез арада шешім ?абылдап ж?не бас?аларды ?з ойыны? д?рысты?ына сендіре алады. Математика саба?ында баланы? ойлау белсенділігін, саба??а деген ?ызы?ушылы?ын арттыруда логикалы? ойындарды ?олдануды? ма?ызы зор. Баланы? ой – ?рісін дамытуда логикалы? ойлау о? ?серін береді. Сонымен бірге логикалы? тапсырмаларды орында?ан кезде ойлау ?абілеттері арта т?сіп, саба?та баланы? зерікпеуіне к?мектеседі. ?лы педагог В.А. Сухомлинский «ойынсыз », логикасыз, ертегісіз, фантазиясыз толы? м?тіндегі а?ыл – ой т?рбиесі болмайды » дейді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: баланың 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандарды тура және кері санау сандардың көршісін атау, кеңістікті бағдарлау, геометриялық пішіндер, доп.
Әдіс-тәсілдер: балалар бүгін бізде ерекше күн. Бүгін біздің топқа қонақтар келіпті, кәне амандасайық.
Арайлы таң атты, Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз, Қайырлы күн ,балалар.
Қайырлы күн , қонақтар!
Балалар, енді орнымызға отырайық.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар, қыс айларын кім атап береді?
Балалар , қазір қыс мезгілінің қай айы?
Балалар қыста қандай өзгерістер болады?
Балалар біз бүгін сабақта әдеттегідей санап есептеп шығарып саяхатқа барамыз. Бірақ біз өзіміз барсақ көңілсіздеу болады, өзімізбен бірге достарымызды да ала кетейік. Ал саяхатқа біз кімді алып кететінінмізді сендер қазір жұмбақ шешуін тауып білесіңдер.
Жұмбақ: Тегіс домалақ
Сырты қызарыңқырап әдемі болып піскен.
Терезе алдына суытып қойған.
Бұл қай ертегі кейіпкері? (бауырсақ)
Балалар ертегі қалай басталады?
Бауырсақ әжеден қашып, атадан қашып...
Тәрбиеші: Сонымен бауырсақ саяхатқа шықты. (тақтаға сурет іледі, карта)
Бауырсақ домалап көк майсалы жерлерден , кең дала егістіктен өтеді. Осылай домалаған күйі қалың қараңғы орманға келеді.Орманда оған қоян кездеседі.
Бауырсақ: Сәлеметсіз бе?
Қоян: Сәлемет пе? Бауырсақ мен сені әрі қарай жібермеймін
Бауырсақ: Қоян мені жіберші
Қоян : жарайды , егер сен менің тапсырмамды орындасаң, мен сені жіберемін, ал егер орындамасаң жеп қоямын.(қоян бауырсаққа хат береді)
Тәрбиеші: Балалар қоян Бауырсақты жіберді енді әрі қарай саяхатымызды жалғастыруға болады. Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалап –домалап келе жатса оның алдынан қасқыр шыға келеді.
Бауырсақ: Сәлеметсіз бе?
Қасқыр: Сәлемет пе! Бауырсақ мен сені жеп қоямын .
Бауырсақ: Жемеші мені, қасқыр.
Қасқыр: Ендеше бауырсақ сен менің тапсырмамды орындауың керек, әйтпесе мен сені жеймін.
Тәрбиеші: Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?
Балалар : иә
Тәрбиеші: қасқырдың тапсырмасы мынадай екен. Мына ортада не орналасқан. (дөңгелек)
Ал оң жақ жоғарғы бұрышында не орналасқан? (үшбұрыш)
Ал сол жақ жоғарғы бұрышта не орналасқан? (трапеция)
Ал оң жақ төменгі бұрышында не орналасқан? (төтрбұрыш)
Бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атаймыз? (геометриялық пішіндер)
Қандай геометриялық пішіндер артық?
Не себепті артық?
Балалар: Көлемі, түсі бойынша
Тәрбиеші: жарайсыңдар. Бауырсаққа қасқырдың тапсырмаларын орындауға көмектестіңдер. Енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырамыз.
Сергіту сәті: Ал енді балалар кішкене демалуға болады. Тақтада шыршалардың , дөңгелектердің , үшбұрыштардың , гүлдің суреттері болады.
Қанша жасыл шырша,
Сонша біз иілеміз (3)
Қанша дөңгелектер
Сонша біздер секіреміз (5)
Қанша үшбұрыш
Сонша аяғымыздың ұшымен тұрамыз (2)
Қанша гүлдер
Сонша қолымызды көтереміз (4)
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю кездеседі.
Аю: Бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жеме мені., аю
Аю: жарайды тек бір шартым бар. Егер сен маған заттарды салыстыруға көмектессең сонда мен сені жемеймін. Салыстыра білесіңдер ме (аз, көп)
Бірінші қапшықта қанша үшбұрыш бар, санаңдар (4)
Ал екінші қапшықта қанша дөңгелек бар?(3)
Осыларды сиқырлы жіппен қосыңдар.
Не байқадыңдар. Бір үшбұрыш жіпсіз қалды, ол артық. Дөңгелекке қарағанда үшбұрыштар қанша көп?
Жарайсыңдар , балалар. Бауырсаққа аюдың тапсырмаларын орындауға көмектестіңдер.Ол риза болып бауырсақты жіберді. Бауырсақ домалап – домалап түлкіге кезікті. Енді сен менен кете алмайсың, балалар да саған көмектеспейді – дейді түлкі бауырсаққа.
Тәрбиеші:Көмектесесіңдер ме?
Балалар:Ия
Балалар , түлкі өзінің бейнесін құрастыруды ұсынады. Енді барлығымыз түлкінің бейнесін құрастырайық.
Қандай пішіннен құрастырдың№ Түсі қандай?
Ал енді Түлкі бауырсақты жіберуіне тура келеді., өйткені бауырсақ барлық тапсырманы дұрыс орындады. Ал оған көмектескен сендерсіңдер, балалар.
Ендеше осымен саяхатымыз аяқталды. Тобымызға оралайық. Балалар бүгін сабақта не істедік? Ойландық, санадық, салыстырдық. Олай болсаенді өздерінің сабақта орындаған жұмыстарыңды бағалаңдар. Егер сабақ сендерге қызықты болған болса, сендерде бәрі дұрыс болса, онда күнді көтепріңдер. Ал егер бір жері дұрыс болмаса, онда бұлтты көтеріңдер. Бүгінгі сабақта көмектескендерің үшін бауырсақ сендерге алғысы білдіреді. Осымен ұйымдастырылған оқу іс –әрекетіміз аяқталды. Қонақтармен қоштасамыз.