kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу және қоғамға тарту шаралары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

1.Жеке тұлғаның әлеурметтік құрылымдарға енуі және қоғамға бейімделуі. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу және қоғамға тарту шаралары»»

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу және қоғамға тартушаралары»

МАҚСАТЫ:

1.Жеке тұлғаның әлеурметтік құрылымдарға енуі және қоғамға бейімделуі.

2.Мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтік ортаға кірігу жолдары.

Жоспары:

I.Кіріспе

Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-психологиялық бейімдеудің маңызы.

II.Негізгі бөлім

1.Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту жолдары.

2.Психологиялық-педагогикалық түзету жолдары.

III.Қорытынды бөлім

1.Мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы.

1. КІРІСІПЕ

Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар. Бірінші жолы , мүмкіндігі шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі . біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек. Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек.

Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Негізгі факторы да осы.

Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналы.әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға (реабилитация), дәрі.дәрмектермен протездермен, протезді.ортопедиялық бұйымдармен,жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай.ақ кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар. Лев Семенович Выготский:. «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі . бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі . кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері». деп атап көрсетеді. Сондай . ақ ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.

Осыған байланысты педагогикалық үдерісте балалардың белсенділік, өзіндік әрекетін танытуына, сонымен қатар, оның интеллектуалдық және тұлғалық дамуын арттыруына барынша кешенді түзетушілік педагогикалық қолдау жасау қажет. Ерте жасалған диагностика мен дер кезіндегі түзету жұмыстары мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке даму траекториясы бойынша өсуіне жағдай жасайды. Сондықтан, әлеуметтік-педагогикалық қолдау міндеттерін жүзеге асыруда арнайы (түзету) білім беру ұйымдар педагогтарының, соның ішінде әлеуметтік педагог, психолог және арнайы педагогтардың ролі басым.

Психологияның негізін қалаушы ғалым Л.С.Выготский сөзімен айтатын болсақ «Сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты және дамуында ауытқушылық барбалалардың дамуындағы факторлар бірдей. Ақыл-ойы кем бала өзінің дамуында сау баланың жүріп өтетін даму кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігумен және спецификалық ерекшеліктерімен өтеді» деген болатын. Сондай-ақ «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі.Әр баланы өзінің зонасында жетілдіру керек» деген. Сондықтан, әр баланың жан дүниесіне үңілуден бастап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, білгеннен кейін, олардың қабылдау деңгейіне қарай түзете-дамыту жұмыстарын жалғастырамыз. Оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, балалардың ойлау қабілеттерін арттыруға жағдай жасау қажет.

Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау, ойлау, танымдық,шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Қазір олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына жағдай жасалып жатыр.

2.Инклюзивті оқыту- барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үдерісінің дамытуға қол жеткізуді көздейтін кіріктірілген білім процесі.

Түзету және инклюзивті білім беру бағдарламасының мақсаты да – әртүрлі мұқтаждықтағы даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психикалық процестерін дамытуда, білім алуда кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету болып табылады.

Педагог-Логопеды маман баланың сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтайды,дамудағы сөйлеу кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын түзету үшін топтық және жеке жұмыстар өткізеді. Баланың тіл бұзылыстарын түзету мақсатында логопед логопедиялық тренажер, зондпен жұмыс, тыныс,тіл, артикуляциялық жаттығулар арқылы қызықты қылып өткізуде.

Ғалымдардың дәлелдеуінше, баланың ұсақ моторикасының дамуы оның жалпы тілінің дамуы мен ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты. Саусақтардың және қол білектерінің қозғалысы ерекше дамытушылық мағынаға ие. Баланың саусақтарымен түрлі жұмыстарды орындауы индуктивті бас миындағы сөйлеу орталықтарының қозуына және сөйлеу аймақтарының келісілген әрекетінің күрт күшеюіне алып келеді екен.

Дефектолог мамандар баланың психофизиологиялық даму кемшіліктерін түзеп, жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеп, баланың мүмкіншілігін, қабілетін анықтайды. Дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған танымдық үрдістерін дамытып, сенсорлық қабілеттері мен жалпы және ұсақ моторикасын, ойын арқылы баланың қимыл-қозғалысын, ойлауын және тілін дамытады. Дефектологтың түзеу-дамыту жұмысы саусақ жаттығуларынан басталады. Дидактикалық, сюжеттік-рольдік ойындар, мазмұнды суретпен әңгіме құрастыру, түрлі әдістер арқылы сурет салу, ермексазбен жұмыс және қол моторикасын дамытатын заттық – танымдық құралдармен ойнату балалардың қызығушылығын тудырады.

Педагог- психолог маманы баланың психологиялық даму деңгейін зерттеп, танымдық, тұлғалық, эмоционалды-ерік қабілеттерін дамытуға бағытталған түзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді: баланың өзіне деген, қоршаған ортаға деген қатынасын жақсарту,өз эмоциясын басқара алуы, қоғамда өзін еркін ұстауы, танымдық қызығушылығын арттыру т.б.Тренингтер, танымдық ойындар, релаксация,арттерапия сияқты жұмыс түрлері арқылы балалардың психологиялық дамуына жағдай жасайды.

Әлеуметтік педагогы баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, баланың жеке құқығы мен еркіндігін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар өткізеді. Отбасының әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын тексеріп, мұқтаждық картасын жасап отырады. Ата-аналарға құқықтық, әлеуметтік жәрдемақылар, курорттық емдеу орындары жұмыстары туралы көмек көрсетеді. Балаларға жеке сабақтар кезінде түрлі табиғи материалдар арқылы қол еңбегіне үйретеді, өз-өзіне қызмет көрсету дағдысын қалыптастыруда Монтессоридің күнделікті өмір жаттығуларын балаларға үйретеді.

Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы баланың дене бітімінің дамуына, жетілуіне арналған жаттығулар, ойындар өткізу арқылы баланың ірі және ұсақ моторикасын дамытады, қозғалыс координациясын түзейді. Шынықтыру,сауықтыру шараларын өткізеді.

Музыка жетекшісі балаларды дене жаттығуларын жасауды музыкамен сүйемелдеу арқылы сабаққа қызығушылығын арттырады. Логоритмика элементтерін жеке түзету сабақтарында қолдану кезінде және кабинеттің түрлі мерекелік шараларын өткізуге қатысады.

Мамандардың баламен жан-жақты жұмыс нәтижелерін мыны көрсеткіштен көруге болады.

Кабинет мамандары балаларға түзету-дамыту жұмысын жүргізіп қана қоймайды, олардың ата-аналарына үнемі көмек беріп отырады. Оқу жылының басынан ата-аналар жиналыстары өткізіліп, сауалнамалар алынып, түрлі тақырыпта баяндамалар оқылады. Әр маман өз саласы бойынша кеңестер беріп, түзету сабақтарына қатыстырып, жаттығу түрлерімен таныстырып отырады. Түрлі мерекелік шараларда балалардың өз өнерлерін ортаға салуы балалардың шығармашылық қабілетін ашып қоймай, сонымен қатар баламен бірге ата-ананың да сенімділігін нығайта түсті.



3.Мүмкіндігі шектеулі балалар жақсы әрі жан-жақты өмір сүруге құқылы. Сондықтан оларға бұл мүмкіндік қолдануға қол ұшын беруге міндеттіміз. Ерекше балаларды ортаға қосып, қалыпты өмір сүруге жалпылай көмек көрсету нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады.

Түзету кабинетіндегі арнайы білім беру қазіргі уақытта әлемдік мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, түзете дамыту жұмыстары жыл санап даму үстінде. Ең негізгі бағыттарын қарастырсақ, олар ерте жастан түзету, педагогикалық қолдау көрсету мен мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен біріктіріп оқытуды ұйымдастыру, білім беру жүйесінің дамуын жалғастыру.Оның көрінісі арнайы білім ұйымдарын кеңейтіп,жаңа педагогикалық кемтар балаларға арналған көмектің кешенді ие болуы (медициналық, әлеуметтік,педагогикалық түзету арқылы қолдау).

Бүгінгі заман талабы арнайы педагог мамандарына әртүрлі мүмкіндігі шектеулі балалардың жүрегінен жол таба білетін, білім-біліктілігі жоғары, жаңашыл, іздемпаз ерен қасиет иесі болуды міндеттейді.

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІК

Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды бақытсыз адам ретінде қарамай, қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда осы орайда біздің міндетіміз- қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жанайқайын, яғни денсаулық жағдайын, бала ағзасының дамуындағы бөгеттерді анықтап, мүмкіндігі шектеулі балалармен олардың отбасындағы қарым-қатынасын дамытып, дені сау балалармен аралас-құралас өсуіне жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігіне мүмкінділігі щектеулі балаларға әркез жәрдем беруге әзәрләгән қамтамасыз етуге үйрету. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың өмірге келуі шын мәнінде отбасынада психикалық өзгерістерге алып келеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың тәрбиесі – жалпы педагогикалық принциптерімен анықталған, яғни оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі баланың кенжелігіне сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі тиіс. Тәрбиенің бұл түрі тек қана педагогтармен ғана емес, арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асқаны орынды. Және бұл қарым-қатынас қалыпты жағдайда өзара түсіністік, бір-біріне көмек беру жағдайында өткені дұрыс. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Мұндай балалардың тәрбиесі өзара жақсы, түсіністікті қажет етеді және олардың оптимистік рухта, өз -өзіне сенімді тәрбиелеудің мәні зор.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ:




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу және қоғамға тарту шаралары»

Автор: Алдангорова Динара Хасеновна

Дата: 18.04.2019

Номер свидетельства: 507549

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "М?МКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ? ШЫ?АРМАШЫЛЫ? ?АБІЛЕТІН ДАМЫТУ"
    ["seo_title"] => string(68) "mumkindigi-shiektieuli-balalardyn-shyg-armashylyk-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "298232"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456309507"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "М?мкіндігі шектеулі балаларды т?рбиелеуді? жолдары "
    ["seo_title"] => string(57) "mumkindighi-shiektieuli-balalardy-t-rbiielieudin-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "195067"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1427862053"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(201) "Т?зете - дамыта о?ыту сыныбында ойын элементтері ар?ылы о?ушыларды? танымды? белсенділіктерін арттыру жолдары. "
    ["seo_title"] => string(120) "tuzietie-damyta-ok-ytu-synybynda-oiyn-eliemienttieri-ark-yly-ok-ushylardyn-tanymdyk-bielsiendiliktierin-arttyru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "195079"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427864352"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства