САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МЕНІҢ ОТБАСЫМ.
Мақсаты:
Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру. Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің сюжеттік суреттері.
Сабақтың барысы:
1. Кіріспе әңгіме
- дөңгелене түрып, шаттық шеңберін қүрайық. Бір-бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық.
Сәлеметсіздер ме! Қайырлы таң! Қайырлы күн! Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Енді бір-бірімізге мақтау сөздер айтайық. Сен әдемісің, мейірімдісің, денің сау болсын, сен ақылдысың. Ал сен үйіңде бір-бірлеріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар? Қайырлы таң, әкетайым, анашым! Қайырлы күн, асыл әжем, аташым! - Мені үйдегі үлкендер «қүлыншағым», «ақылдым менің» деп еркелетеді.
Бір үйде қандай адамдар тұрады? Бір үйде бір-біріне жақын адамдар тұрады. Оларды ата. Атасы, әжесі, өкесі, анасы және олардың балалары. - Дұрыс айтасың, осы адамдар отбасын құрайды. Олар - отбасы мүшелері. Сен де отбасыларыңның бір мүшесісің.
Жаңа сабақ.
Просмотр содержимого документа
«" менің отбасым "»
Сабақ жоспары
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: МЕНІҢ ОТБАСЫМ.
Мақсаты:
Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің сюжеттік суреттері.
Сабақтың барысы:
1. Кіріспе әңгіме
- дөңгелене түрып, шаттық шеңберін қүрайық. Бір-бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық.
Сәлеметсіздер ме! Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Енді бір-бірімізге мақтау сөздер айтайық.
Сен әдемісің, мейірімдісің, денің сау болсын, сен ақылдысың.
Ал сен үйіңде бір-бірлеріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?
Қайырлы таң, әкетайым, анашым!
Қайырлы күн, асыл әжем, аташым!
- Мені үйдегі үлкендер «қүлыншағым», «ақылдым менің» деп еркелетеді.
Бір үйде қандай адамдар тұрады?
Бір үйде бір-біріне жақын адамдар тұрады.
Оларды ата.
Атасы, әжесі, өкесі, анасы және олардың балалары.
- Дұрыс айтасың, осы адамдар отбасын құрайды. Олар - отбасы мүшелері. Сен де отбасыларыңның бір мүшесісің.
Жаңа сабақ.
а) Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс. Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұны ашылады.
- Отбасы мүшелері тату-тәтті тұрады.
ә) Сөздік жүмысын жүргізу.
Нағашы ата - анасының әкесі.
Нағашы әже - анасының анасы.
Немере - ұл-қыздарынан туған бала.
Білім-дағдысын қалыптастыру.
«Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.
- менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып тап.
Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды, бау-бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?
- Өзі мейірімді, ә рқашанда қатық-майы, ірімшігі, қант-к ә мпиті дайын. Ол кім?
Әже.
Ал сенің әжең қандай?
Сергіту жаттығуын орындау.
Атам жылқы бағады. (Бір орында т ұ рып, шоқырақтап шабу).
Ағам пішен шабады. (Шал ғ ымен шөп шапқан сияқты қимыл жасау).
Жеңгем сиыр сауады. (Отырып, сиыр сау ғ андай қимыл жасау).
Әжем киіз қағады. (Киіз қаққандай қимыл жасау).
Тақтаға бір бағанға ә кенің, ананың, баланың суреттері, екінші бағанға биік таудың, таудың етегіндегі б ұ лақтың, өсіп т ұ р ғ ан қ ұ рақтың суреттері ілінеді. Педагогтің көмегімен төмендегідей мақал құрастырады, мақалдың мағынасы ашылады.
Әке - асқар тау,
Ана - етегіндегі бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.
Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы: ардақты ә ке, асыл ана, ә депті бала, т.б.
Бекіту
в) Жазбаша ж ұ мыс
Шытырман арқылы ә жесінің ү йіне апаратын жолды бояу.
«Сыңарын тап» ойыны.
Сабақты қорытындылау.