МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мектеп жасына жейінгі балалардың сөйлеу дағдысын дамыту әдістемесі де, өзге де ғылымдар саласы сияқты жыл сайын талдаумен, жетіле түсумен келе жатқан ғылым.Қазір балалар бақшасының қай- қайсында да сөйлеуге үйренудің әдістері, принциптері жаңарумен, бүгінгі өмір өзгерістерімен байланысты жаңа түр, мазмұнға бейімделуімен ерекшелене бастады. Осыған орай дұрыс сөйлеу, яғни тілді нақты меңгеру мәселесі бұрынғыдай алдынғы қатарлы тәрбиешілердің тиімді тәжірибелерін кең пайдаланумен бірге, шығармашылық ізденістерге айрықша көңіл аударуды талап етіп отыр.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ»
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Уақасова Жадыра Жүрсінханқызы
КММ «№22 Негізгі білім беретін
мектеп-интернаты»
Шағын орталық тәрбиешісі
Қарағанды қаласы
Білімділік пен тәрбиенің нәрі мектепке дейінгі ұйымнан басталады.Үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы-мектепке дейінгі білім беру мәселесіне бүгінгі таңда жан-жақты көңіл бөлінуде.Қазіргі кезде халық назарын аударып отырған басты мәселе-мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие-білім беру жұмыстарының мазмұның, міндетін жаңарту, ұлттық негізде құру.Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдысы мектепке дейінгі ұйымнан басталатыны бәрімізге мәлім және ол қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі.Қазіргі кезде қоғамда жүріп жатқан өзгерістер, жаңару, мектеп жасына дейінгі балалардың білім сапасын жақсартуды талап етуде.
Олай болса, мектепке дейінгі ұйымда бала өз ана тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі-ауызша сөйлеп үйреніп жатады, ол сөздерді байланыстырып айту арқасыңда жүзеге асады.Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді.Педагогика ғылымының тарихына үңілсек, баланың сөздерді дұрыс байланыстыра сөйлеуін дамытуда зор үлес қосқан Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский,С.Л.Рубинштейн,А.М.Леушина,Т.Тихееважәне т.б. зерттеушілердің еңбектерінен аңғаруға болады.Елдігімізді жарялаған сәттен бастап, жаңа заман талабына сай келетін қазақ тілінде жазылған бала тілін дамытуда зерттеулер жүргізген ғалымдар Б.Баймұратова,А.Меңжанова,М.Мұқанов,А.Бакраденова және т.б. еңбектерін де назар аудартуға тұрарлық.
Кез келген бала-бақшаларда тұлғаны қалыптастыру мектепке дейінгі балалардың өз ой-пікірін ана тілінде еркін,дұрыс,түсінікті жеткізе білуден басталады.Мектепке дейінгі бала айтайын деген ойын,біріншіден,жасқанбай жеткізе білуі; екіншіден,сөйлемдерді дұрыс та нақты құрастыра алуы; үшіншіден, сөйлеу мәдениетінің алғашқы қарапайым бастамасын меңгеруі; төртіншіден,қоршаған ортаға сай қарым-қатынас жасай білуі тиіс.Сайып келгенде,осының бәрі,түжырымдамада көрсетілгендей,тілдік қатынастың басты қағидалары мен ұстанымдарын меңгеруді қажет етеді.Сондықтан бала бақшаларда балалардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру қазіргі кезде өзекті мәселеге айналып отыр.
Баланың сөзді байланыстыра айта білуі дегеніміз-сөз бен сөйлемдердің үлесімділігі ғана емес,бұл бір-бірімен байланыста келген,дұрыс сөйлемдерден құралған бала ойының сыртқы жаңғырығы.Бала сөйлеу барысында,ойлай білуге де үйренеді.Одан баланың ойлау логикасын,өзін қоршаған әлемді қаншалықты қабылдап,сыртқа жаңғырта білуін байқаймыз.Осындай басты-басты мәселелердің дұрыс шешілуін,жүзеге асу жолдарын тексеру мақсатында,балалар психологиясы мен мектепке дейінгі педагогикаға арналған оқулықтарда айтылғандай,баланың байланысты сөзін дамыту жолдарын негізгі ала отырып,оның қаншалықты менгерілгенін қадағалап,тәжірибелер жасау әрбір тәрбиешінің атқарар ісі.
Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып сөйлеуде түрлі ойындардың әсері әлдеқайда басым.Халық даналығында «Ойнай білмеген,ойлай да білмейді», «Ойында озған,өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы,қарым-қатынасы,мінез-құлық көріністері олар өсіп есейгенде де жалғаса береді.
Ойындардың негізгі мақсаты балаларың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру.
Сөйлеу басында балаларға қиын болса, олар миға (ұйыққа) түскен мал сықылды, малтығып жылжи алмай қиналады, үйретуші сүйреп шығара алмай қиналады.Екі жағының да жігері кеміп,шабыты болмайды.Шабытталып істелмеген іс оңды да болмайды» деп нақтылап кеткен зерттеушілердің пікірі балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың алғашқы шарттары тәрбиешінің басты міндеті екенін айқындайды.Тілшінің пікірінше, мектепке дейінгі балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда жақсы тәрбиеші деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп соларды балаға жеткізе білсе ғана ие болады.
Мектепке дейінге ұйымдағы бала ауызша сөйлеу кезінде тәрбиеші оның сөйлеу темпіне басты назар аударып отыру қажет. Жұрт алдында тым тез сөйлеуге де,тым баяу айтуға да болмайтынын үнемі есте сақтау керек.Сөйлеушінің айтпақ ойының мақсатына, мазмұнына қарай сөз бірде баяу, бірде жылдам, бірде көтеріңкі айтылуы тиіс.
Егер де мектеп жасына дейінгі балаларға сөйлеу дағдысы қалыптастыру әдістемелерін жоспарлы, белгілі бір мақсатқа негіздеп ұйымдастырса соғұрлым балалардың дұрыс сөйлеу дағдылары қалыптасып, нәтижелілігі жоғары болмақ. Ендеше, тәрбиешінің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолын қысқарту үшін,ол жолдан балалар қиналмай оңай үйрену үшін, баланың тілін сөйлеу барысында дұрыс айтылымын қайталап, түзеп отыру керек.
Әңгіменің тақырыбын тәрбиеші өзінің күнделігіне бірді-екілі сөзбен күндік жұмыс жоспарына жазып қояды.Мысалы, «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» сәбилер тобында:
Балабақша бөлмелері туралы;
Ббалабақша қызметкерлері туралы;
Бөлмелердегі жұмыс түрлері туралы;
Балабақшадағы өздерінің күнтәртібі туралы;
Мезгілге қатысты киімдер туралы;
Табиғат бұрышындағы кезекшілік туралы;
Ойындардың шарттары туралы;
Жылдың төрт мезгіліндегі өзгерістер туралы;
Отбасы туралы;
Жақын достары туралы;
Мерекелер жайында әзірлендеген әңгіме-сұхбаттардың тақырыптары берілген.
Тәрбиеші міндеті-осы бағыттағы тақырыпқа тақырыпшаны жоспарга енгізуі.Балаларға «Киім» деген жалпы тақырыпта әңгіме өткізу керек болса,тәрбиеші күнделігіне ол «Пальто» немесе «Бас киім» деп көрсетілсе болғаны;
«Программада...» бес жастағы балалармен «Аспаздардың жұмысы» туралы әңгіме өткізуі керек делінсе,ол тәрбиеші күнделігінде «Көже» немесе «Сорпа» деп жазылуы мүмкін; «Бағдарламада...» 7 жастағы балалармен «Табиғат аясында еңбек ету» тақырыбы ұсынылса, ол күнделікте «Жапырақ жинаймыз», «Құстарды жемдейміз», «Қызанақ отырғызамыз» болып жазылады.Демек, әзірлендеген әңгіме- сұхбаттардың тақырыптары: «Малақай» , «Көже», «Қызанақ отырғызу» деп лексикалық тиянақты бір сөзбен жоспарға алуына болады.Бірақ, тәрбиеші осы тақырыптар төңірегінде балалармен қай кезде қалай сөйлесу керек екенін күні бұрын білсе, қалған айтылар сөздер әңгіме үстінде өзінен-өзі өрбіп жатады.Үш жастағы балалармен тәрбиеші серуенге жиналу үстіндегі әзірленбеген әңгіме былай өтуі мүмкін.
Тәрбиеші: «Қазір күз кезі. Бас киімдеріңді жақсылап киіңдер.Айша, сенің бас киіміңнің әшекейі қандай әдемі! Мұндай тамаша бас киімді саған кім тоқып берді?» деген сұрағы баланың жауабы: «Она маған әпкем тоқып берді...»
Мектеп жасына жейінгі балалардың сөйлеу дағдысын дамыту әдістемесі де, өзге де ғылымдар саласы сияқты жыл сайын талдаумен, жетіле түсумен келе жатқан ғылым.Қазір балалар бақшасының қай- қайсында да сөйлеуге үйренудің әдістері, принциптері жаңарумен, бүгінгі өмір өзгерістерімен байланысты жаңа түр, мазмұнға бейімделуімен ерекшелене бастады. Осыған орай дұрыс сөйлеу, яғни тілді нақты меңгеру мәселесі бұрынғыдай алдынғы қатарлы тәрбиешілердің тиімді тәжірибелерін кең пайдаланумен бірге, шығармашылық ізденістерге айрықша көңіл аударуды талап етіп отыр.
Бүгінгі өмірдің бізді- «Жас буынның рухани дүниесінің сәулеткері, қоғам өзінің ең қымбаттысын,ең құндысын,өзінің өмірі мен болашағын тапсырған сенімді өкілі» деп аса жоғары бағалап отырғаны мәлім.Сапалы білім берудің күн сайын тиімді жолдарын ойластырып отыруды ерекше талап етіп отырған жаңа кезенде, әрине, бала бақшадан бастап жас жеткіншектің дұрыс сөйлеу дағдысын жетілдіру, дамыту үшін келешек тәрбиешілік жұмысымызда өз шеберлігімізді шыңдай түсуге міндетті екенімізді түсінеміз.