Мектеп жасына дейінгі балаларды? логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту.
Мектеп жасына дейінгі балаларды? логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту.
О?ыту мен т?рбиелеуді? негізін ?алыптастыруды? ??ралы – ойын ?рекеті, я?ни, ойын – баланы? жетекші ?рекеті. Ойын тек ?ана балаларды ?ызы?тырып, уа?ыт ?ткізуді? ??ралы болмай, бала?а берілетін білім мен т?рбиені? ??нды негізі болуы керек.
«Логикалы? ойлау» дегеніміз – логика за?дылы?тарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді т?жырымдарды ?олдану?а негізделген ойлауды? бір т?рі. Баланы? логикасын дамыту ??ымдарын ?сіру, о?у-т?рбие ?рдісіндегі ?дайы ж?ргізілетін ж?мыс. Осындай ?дістердерді пайдалана ?тілген саба?тардан кейін балаларда таным, ерік-жігері, сезім к?штері дами бастайды.Балаларды? к?ру, есту, елестету ?абілеттері артады,Онымен ?оса с?зж?мба?,?алжы? есептер, ребус,математикалы? ж?мба?тарды ?олданамын. Барлы?ын ?з уа?ытында, жас шамасына байланысты т?рде біртіндеп, ж?йелі етіп жоспарла?анда ?ана ?лкен н?тижеге жетеміз деген ойдамын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі балаларды? логикалы? ойлау ?абілеттерін дамыту.»
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек.
«Логикалық ойлау» дегеніміз – логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.
Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту талаптары:
Сабаққа балаларды түгелдей қамту;
Жеке дара қасиеттерін ескере білу;
Іс-әрекетке қызықтыра білу.
Ынталандыру
Логика ойлау әрекетің жарты шары. Ал ойлау әрекетінің негізгі көмекшісі ол –ойын. Ойын барысындағы танылғанның барлығы есте оңай сақталады. Ойынның логиканы дамытатын түрлері көп.Мұндағы ойындарды кез келген жағдайда: сабақ барысында, серуенде, тіпті саяжайға бара жатқанда да ойнауға болады. Осы негізді басшылыққа ала отырып, мектепалды даярлық тобы балаларымен жүргізуге болатын іс-тәжірибеден мынадай ойын жинақтарын ұсынуға болады. Баламен әзілдесіп, оны өзіңмен тең ұстап ойнаған ұтымды.
«Қасқыр мен түлкі» ойыны.
Мақсаты: балалардың ойша қабылдап, елестерінің тиянақты қалыптасуына көмектеседі.
Шарты: Қасқыр мен түлкі балық аулайды .Екеуі ұсталған балықты бөліп жемекші болады. Сонда қасқыр сен жақсы есептейсің ғой, балықты сен бөл дейді түлкіге. Түлкі қасқырдың аңқаулығын пайдаланып, былай бөледі:
1-еуі саған, 2-еуі маған
2-еуі саған,3-еуі маған
Сонда олардың әрқайсысына неше балықтан тиген?
Балалардың елес негізінде ойланып, білуге деген құштарлықтары асады.
«Сөзді есте сақта» ойыны.
Мақсаты: Айтылған сөздерді ойға түсіріп ретімен қайталау. есте сақтау қабілеттері артады
Мысалы: Орамал, қоян, ,көйлек, шам, күн
Шарты: Балаларға кез келген бес сөз айтылады да жарты сағаттан кейін қайталап айтып берулерін сұрайтыны ескертіледі. Жарты сағаттан кейін қайталап айтып берулерін сұрайды.
Тапсырма: Тақтаға қиысқан үшбұрышпен төртбұрыш саламыз. «С» әрпін төртбұрыштың ішіне,1 санын төртбұрышпен үшбұрыштың қиылысқан жеріне сал.
1
С
Осындай тапсырмалар орындау барысында балалардың субъектілік алғы шарты туындайды:
1. Сабаққа қызығушылығы;
2. Ой-өрісі дамиды;
3. Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.
Дидактикалық ойын: «Дөңгелектерді қос»
Мақсаты: балалардың ой-өрісі дамыту.
Шарты: Тақтаға 4 дөңгелек сал.1-ші,4-ші дөңгелекті астынан, 2-ші,3-ші дөңгелекті үстінен қос.
“Қызыл – қара кестелер” әдістемесі.
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін арттыру, зейінін шоғырландыру. Ой-қиялын дамыту.
Шарты: Балаға қызыл –қара сандары және әріптері бар кесте беріледі. Үстіңгі қатардағы сандар бірден беске дейін және қызыл түспен берілген, ал әріптер қара түспен берілген. Астыңғы қатардағы сандар бестен бірге дейін және қара түспен берілген, ал әріптері қызыл түспен берілген.
Тапсырма: бірінші қатардағы сандарды тура жазғанда жасырынған сөз шығады. Ал екінші қатарда сандарды кері санағанда ғана жасырынған сөз шығады.
А2
Б 1
Қ3
А5
Ш4
М1
А2
А4
Л3
Қ5
Дидактикалық ойын «Сөзді тап»
Шарты: Берілген уақыт ішінде сағат тілімен жүре отырып, 12 әріптен 21 сөзді тап.
Мектепке дейінгі жаста ойлауды дамыту ерекшеліктерінің кезеңдері
І. Көркем-әрекетті ойлау дамуының кезеңдері:
Сөз арқылы нақты заттың белгісінен мағынасына ауыс немесе керсінше мағынасынан белгісіне.
Қарапайым өзінше түсіне білуі және өздігінен реттеу басталады
Сөздің мағынасын біртіндеп жалпылау, яғни көркем-бейнелі ойлау қалыптаса бастайды.
ІІ. Көркем-бейнелі ойлау дамуының кезеңдері:
Бір затты екінші затпен алмастыру
Заттарды олардың бейнелерімен алмастыру іскерліктері пайда болады
ІІІ. Логикалық-сөздік ойлау дамуының кезеңдері:
Бала әлі ақыл-ойымен әрекеттене алмайды, бірақ қолмен заттарды қимылдатып айла-әрекет жасайды, бейнелі-әрекеттену жоспарының мінедеттерін шеше алады. Яғни проблемалық ситуацияларды өзгертеді.
Тапсырмаларды шешу барысында сөзді қолданды, бірақ заттың атауына ғана қоланады. Көбінесе әліде мәселені қолмен және көзбен шешеді.
Тапсырма бейнелі жоспармен шешіледі, Қарапайым ойлау проесі пайда болады.
Тапсырма алдын ала құрастырылған, ойластырылған, ішкі дүниесінде ұсынылған жоспар арқылы шешіледі.
Тапсырма ақыл-ой жоспары арқылы шешіледі.
Тапсырма тек қана ішкі жоспармен ғана шешіледі.
Көркем-әрекетті ойлау – бұл ойлау түрі, нақты заттарды қабылдауға сүйенеді, затпен әрекеттену кезіндегі нақты бейне мен ситуацияның өзгеруі. Көркем -әрекетті ойлау негізінде көркем-бейнелі ойлау түрі қаланады.
Көркем-бейнелі ойлау – мектеп жасына дейінгі баланың негізгі ойлау түрі – ол түсінікке сүйенеді.
Тапсырманы шешу құралы болып логикалық сөздік ойлау болып табылады.
Балабақшадағы мектепалды даярлық топтарында жүргізілетін қарапайым математикалық түсініктермен таныстыруда әр сабақ өзіне тиісті мақсатта, яғни білімділік, тәрбиелік, дамытушылық бағытында жоспарлану қажет. Мен өз жұмысым барысында сабаққа тиянақты дайындалып, алдыма мақсат белгілеймін. Оқу-іс әрекетін ұйымдастырудың түрлерін, әдіс- тәсілдерін, технологиясын өзі таңдаймын, яғни сабақты жоспарлауда білімпаздығым мен шеберлігім, технологияны қалай меңгергендігім үлкен рөл атқарады.
Сабақ үстінде балалардың белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, ойлануға, талдау жасауға үйрету,танымдық, шығармашылық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге байланысты.Ал жұмыс дәптердің әрбір бетіндегі жаңа ұғымдар мен қатар,жаттығулар, өздігінен орындайтын тапсырмалар ,практикалық жұмыстар қисынды ойлауды дамытатын, балаларды ізденуге жаттықтыратын,шығармашылық қабілетін оятып,қызығушылығын арттыратын әдіс –тәсілдер сан алуан десек те болады.
Дидактикалық ойындар 3-ке бөлінеді:
Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтарменжәне түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино» және т.б.
Сөздік дидактикалық ойындар
Әр жас ерекшеліктеріне байланысты мынадай дидактикалық ойындар ойнауға болады.
Осындай ойындардың әртүрлісін қолданып, жан дүниесі бай адам тәрбиелеу үшін ақыл- ой, жүрек , ұждан тазалығы керек.
Балалардың логикалық ойлауын дамытушы және бір тәсіл –берілген сұраққа жауап беріп, оны талдау.Мысалы,ойын:Өтіріктер елінде.
Ойынның шартында балаларға Онда не болар еді?... сұрағына қызықты жауап ойластыру тапсырылады:
Егер барлық тышқандар сиыр сияқты болып өсіп кетсе,онда не болар еді?
Егер үйлер машина сияқты жүрсе ше?
Егер күн жерге түссе не болар еді?
Ал егер дүкендегі заттарды тегін берсе ше,не болар еді?т.с.с.
Осындай әдістердерді пайдалана өтілген сабақтардан кейін балаларда таным, ерік-жігері, сезім күштері дами бастайды.Балалардың көру, есту, елестету қабілеттері артады,Онымен қоса сөзжұмбақ,қалжың есептер, ребус,математикалық жұмбақтарды қолданамын. Барлығын өз уақытында, жас шамасына байланысты түрде біртіндеп, жүйелі етіп жоспарлағанда ғана үлкен нәтижеге жетеміз деген ойдамын.
Ойымды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалды, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырады – деп ойымды түйіндеймін.