kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қоршаған дүниемен таныстыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 – ұйымдастырылған  оқу  іс - әрекетінің  технологиялық  картасы

Білім беру аясы:  Әлеуметтік орта

Білім көздері:  Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы:  Балабақша және мектеп.

Мақсаты:  1. Балаларға балабақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме екендігін түсіндіру және балабақшада жұмыс істейтін мамандық иелерінің жұмыстарымен таныстыру.

2. Сурет бойынша әңгімелеу арқылы зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балабақша ауласында өсіп тұрған өсімдіктердің аттарын ажыратып айту арқылы табиғатты сүюге баулу.

Сөздік жұмыс: меңгеруші, әдіскер, дәрігер, тәрбиеші, аспаз.

Қостілділік компонент: балабақша – детский сад, мектеп – школа, тәрбиеші – воспитатель.

Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала екінші балаға допты лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді. Балабақша туралы білетін өлең, тақпақтарын айтқызады.

 «Мынау-балабақша», «Аспаз ас дайындайды».

Ізденістер. Ұйымдастыру.

1. Балаларды балабақшаның мекен-жайымен таныстырып, ондағы бөлмелерді аралатады. Әр бөлменің (спортзал, ән залы, асхана, дәрігер, кір жуатын орын, т.б.) қалай аталуы жөнінде түсінік беріледі.

2. Балабақшада жұқмыс істейтін мамандық иелерінің (меңгеруші, әдіскер, тәрбиеші, мейірбике, аспаз, кір жуушы, күтушінің) жұмыстары туралы әңгімелеу.

3. Ғ.Өкеевтің «Балабақша үйіміз» өлеңін оқып беру. Балаларды балабақша ауласымен және балабақша айналасында орналасқан ғимараттар, мысалы, аурухана, дәріхана, дүкен, кітапхана, кинотеатрлармен таныстыру.

4. «Мектеп» (авторы-М.Мақатаев), «Балабақша үйіміз» өлеңдерін (авторы-Ғ.Өкеев) дауыстап оқиды. Мазмұндарын түсіндіреді. Мектеп, мектепке адам не үшін баратыны, мұғалімнің қызметі туралы мағлұмат  беріледі.

5. Әліппе-дәптермен жұмыс.

Мектеп пен балабақша туралы әңгімелейді. Екі мекемені салыстырады. Қызметкерлерімен таныстырады.

Балалар тыңдайды.

Өз балабақшалары туралы әңгімелейді.

Сурет бойынша әңгіме құрастырады. Балабақша мен мектепте кімдер жұмыс істейтінін ажыратып айтады.

Балабақшаға баратын жолды табу. 

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорыту:

  1. Балабақшада кімдер жұмыс істейді? Олардың жұмыстары туралы әңгімеле.
  2. Балабақша бөлмелері қалай аталады?
  3. Аулада тазалықты сақтау үшін не істеу керек?
  4. Гүлзарларда өсіп тұрған қандай қамқорлық жасау керек?
  5. Балабақша айналасында қандай ғимараттар бар?
  6. Мектепке не үшін барады? 

Күтілетін нәтиже: балабақша және оның ауласы туралы түсінік қалыптастыру.

Білуі тиіс: балабақшада жұмыс істейтін адамдардың еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсетуі тиіс.

Түсінігі: балабақша және мектеп тәрбие мен білім беретін мекеме екендігін түсіну.

Көрсете білуі: сұрақтарға жауап беру, сурет бойынша әңгіме құрастыра алу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қоршаған дүниемен таныстыру»

1 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру аясы: Әлеуметтік орта

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Балабақша және мектеп.

Мақсаты: 1. Балаларға балабақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме екендігін түсіндіру және балабақшада жұмыс істейтін мамандық иелерінің жұмыстарымен таныстыру.

2. Сурет бойынша әңгімелеу арқылы зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балабақша ауласында өсіп тұрған өсімдіктердің аттарын ажыратып айту арқылы табиғатты сүюге баулу.

Сөздік жұмыс: меңгеруші, әдіскер, дәрігер, тәрбиеші, аспаз.

Қостілділік компонент: балабақша – детский сад, мектеп – школа, тәрбиеші – воспитатель.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала екінші балаға допты лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді. Балабақша туралы білетін өлең, тақпақтарын айтқызады.

«Мынау-балабақша», «Аспаз ас дайындайды».

Ізденістер. Ұйымдастыру.

1. Балаларды балабақшаның мекен-жайымен таныстырып, ондағы бөлмелерді аралатады. Әр бөлменің (спортзал, ән залы, асхана, дәрігер, кір жуатын орын, т.б.) қалай аталуы жөнінде түсінік беріледі.


2. Балабақшада жұқмыс істейтін мамандық иелерінің (меңгеруші, әдіскер, тәрбиеші, мейірбике, аспаз, кір жуушы, күтушінің) жұмыстары туралы әңгімелеу.


3. Ғ.Өкеевтің «Балабақша үйіміз» өлеңін оқып беру. Балаларды балабақша ауласымен және балабақша айналасында орналасқан ғимараттар, мысалы, аурухана, дәріхана, дүкен, кітапхана, кинотеатрлармен таныстыру.


4. «Мектеп» (авторы-М.Мақатаев), «Балабақша үйіміз» өлеңдерін (авторы-Ғ.Өкеев) дауыстап оқиды. Мазмұндарын түсіндіреді. Мектеп, мектепке адам не үшін баратыны, мұғалімнің қызметі туралы мағлұмат беріледі.


5. Әліппе-дәптермен жұмыс.

Мектеп пен балабақша туралы әңгімелейді. Екі мекемені салыстырады. Қызметкерлерімен таныстырады.

Балалар тыңдайды.

Өз балабақшалары туралы әңгімелейді.

Сурет бойынша әңгіме құрастырады. Балабақша мен мектепте кімдер жұмыс істейтінін ажыратып айтады.



Балабақшаға баратын жолды табу.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорыту:

  1. Балабақшада кімдер жұмыс істейді? Олардың жұмыстары туралы әңгімеле.

  2. Балабақша бөлмелері қалай аталады?

  3. Аулада тазалықты сақтау үшін не істеу керек?

  4. Гүлзарларда өсіп тұрған қандай қамқорлық жасау керек?

  5. Балабақша айналасында қандай ғимараттар бар?

  6. Мектепке не үшін барады?



Күтілетін нәтиже: балабақша және оның ауласы туралы түсінік қалыптастыру.

Білуі тиіс: балабақшада жұмыс істейтін адамдардың еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсетуі тиіс.

Түсінігі: балабақша және мектеп тәрбие мен білім беретін мекеме екендігін түсіну.

Көрсете білуі: сұрақтарға жауап беру, сурет бойынша әңгіме құрастыра алу.




2 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру аясы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Білім көздері: Экология негіздері

Тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат.

Мақсаты: 1. Жанды табиғат, оның тіршілік ортасы және жансыз табиғаттағы қайталанбас құбылыс түрлері туралы білімдерін жетілдіру.

2. Жанды және жансыз табиғатқа не жататынын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Табиғат байлығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: табиғат, жасыл әлем, тау, тас, су, тұман, құм, жаңбыр, жел.

Қостілділік компонент: жанды – живой, жансыз – неживой, табиғат – природа


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Шаттық шеңбері. Балалар бір-біріне күлімдеп қарап, жұмсақ ойыншық жүректі ұсынып жақсы тілектер білдіреді.

Тілектер білдіреді.

Ізденістер. Ұйымдастыру

1.Педагогтің әңгімесі:

-Біздер балалар қызықты да, қыр-сыры мол ғажайып әлемде өмір сүріп жатырмыз. Айналаға қарасаң, бізді көптеген заттардың қоршап жатқанын білеміз, олар: неше түрлі әдемі ғимараттар, жолдар, көпірлер, ұшақ, жиһаздар және т.б. Бірақ айналамыздағы заттардың көпшілігі адамның көмегінсіз өздері пайда болған. Оларға жер мен су, ағаштар мен жануарлар, күн мен аспан жатады, оларды бір сөзбен табиғат деп атаймыз.


2. Табиғаттың бір бөлігіне азық та, су да, киім де қажет емес, олар тау-тас, ауа, ғаламшар, яғни жансыз табиғат. Ал енді бір бөлігі тыныс алады, өседі, қоректеніп көбейеді, яғни бұлар жанды табиғат қатарына жатады. Жанды табиғатқа адам, өсімдік, жануар жатады.


3. Жылдың әр мезгіліне байланысты табиғат көріністерінің суреттерін көрсету арқылы балаларға жансыз және жанды табиғат арасындағы байланыс түсіндіріледі.


4. Е.Өтетілеуұлының «Бар ма, жоқ па?» деген өлеңін оқып беру. Табиғаттағы құбылыстарды күнтізбе арқылы белгілеу: жаңбырдың, қардың жауып тұрғанын, желдің соғып тұрғанын табиғат күнтізбесіндегі шартты белгілермен көрсетіп, түсіндіру.


5. Сергіту сәті: Көлдің беті кілегей, Жер сап-сары бірегей.

Тырау-тырау тырналар Түстікке бетті бұрды олар.

Қара суық жел есті, Күннің көзі көмескі.

6. Әліппе-дәптермен жұмыс: Жансыз және жанды табиғаттың айырмашылығын айту. Суреттегі жасырынған жануарларды тауып, бояп, аттарын атау.


Балалар жансыз және жанды табиғатты суреттен атап көрсетіп, ол жөнінде түсінгендерін айтады.


Балалар үлестірмелі суреттермен жұмыс жасайды.

Өлең жолдарын пайдаланып, сергіту жаттығуын орындайды




Әліппе-дәптердегі тапсырманы орындайды.


Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау

Сабақты пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Жансыз табиғатқа нелер жатады?

2. Жанды табиғатқа нелер жатады?

3. Олардың айырмашылығы неде?

Сұрақтарға толық жауап береді.


Күтілетін нәтиже: жансыз және жанды табиғаттың байланысын ұғындыру..

Білуі тиіс: жансыз және жанды табиғатқа нелер жататынын білу.

Түсінігі: ауа температурасының ауытқуына байланысты табиғат құбылыстарының өзгеруін түсіну.

Көрсете білуі: жансыз табиғат пен жанды табиғатты бір-бірінен ажыратып көрсету.


3 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру аясы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру

Тақырыбы: Мен және менің отбасым.

Мақсаты: 1. Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелеу.

2. Отбасы мүшелерін атай білуге және олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету. 3.Ұйымшылдыққа және үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: әке, ана, ата, әже, аға, іні, әпке, сіңлі.

Қостілділік компонент: әке-отец, ана-мать, ата-дедушка, әже-бабушка, аға-брат.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Е.Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін оқу: Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар Отбасым мыналар: Ең жақын адамдар-

Әкем және анам бар, Бір туған анам бар, Бір туған апам бар.

Бәрін жақсы көремін, Еркелеймін, еремін.

Өлең сөздерін бірге қайталайды.

Ізденістер. Ұйымдастыру

1. Балаларға ата-анасын, ересектерді тыңдап, кішкентайларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіреді.


2. Е.Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңі оқылады. «Отбасы дегеніміз-әкесі, анасы, олардың балалары мен ата, әжесі» деген бала ұғымына сай анықтамаға түсінік береді. Отбасы мүшелерін бір-біріне деген сыйластық, бауырмалдық біріктіретіндігін, олардың бір үйде тұратындығы, бірге үй шаруасымен айналысатындығын, бос уақыттарын бірге өткізетіндігін әңгімелейді. Сондай-ақ отбасындағы мерекелермен сақталатын дәстүрлер, отбасындағы ересектердің мамандықтары туралы айтылады.


3.Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық Қарлығаш болып ұшайық.

Бір отырып, бір тұрып, Жақсы сергіп қалайық.


4. Әліппе-дәптермен жұмыс: Тапсырмалар:

1.Өзің туралы айтып бер.

2.Суретте бейнеленген отбасы мүшелерін ата.

3.Отбасы мүшелерінің іс-әрекеті туралы әңгіме құрастыру.


5. «Бізде былай, ал сіздерде ше?» дидактикалық ойыны

Балалар тыңдайды.


Өз отбасындағы сыйластық туралы әңгімелейді.


Тәрбиешінің айтқандарын тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.


Өлең мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жаттығуын жасайды.

Дидактикалық ойынды ынтамен ойнайды.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорыту:

1. Өз отбасында кімдермен тұрасың?

2. Атай, әжеймен қалай дұрыс амандасуға болады?

3. Әкең мен анаң саған риза болып қуану үшін не істеуің керек?

Отбасындағы өздері атқаратын іс-әрекеттерін әңгімелейді.



Күтілетін нәтиже: отбасы мүшелеріне кімдер кіретінін білу.

Білуі тиіс: отбасы мүшелерін: ата-әжесі, ата-анасын, бауырларын құрметтеу керектігін, есейгеннен кейін ата-анасына қамқорлық жасап, көмек көрсету өзінің парызы екенін білу.

Түсінігі: бірлескен еңбек іс-әрекеті ата-ана мен балаларды жақындастыратынын түсіну.

Көрсете білуі: сурет бойынша әңгіме құрастыра алады.





Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері

Тақырыбы: жайлауда

Мақсаты: 1. Туған өлкенің табиғатын бағалай білу туралы халық болжамдары жөнінде түсінік беру.

2. Экологиялық белгілермен таныстыру, оларды естеріне сақтату.

3. Табиғатты қорғауға баулу.

Сөздік жұмыс: жас өндір, қайнар көзі, т.б.

Қостілділік компонент: халық – народ, туған өлке – родной край


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Шаттық шеңберін ұйымдастыру: Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді. Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме, балалар?

Өлеңді қайталап, сәлемдеседі.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

1. Балалармен бірге балабақша ауласына мақсатты серуен ұйымдастыру.


2. Табиғатқа байланысты халық болжамдарын оқып беріп, үш дауыста қайталату тәсілін қолданып жаттату.


3. Жылдың әрбір мезгіліне сәйкес, табиғат құбылыстарындағы өзгерістерді байқау арқылы өмірге келген халықтық болжамдар туралы түсінік беру:

* Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады.

* Қыс аязды болса, жаз ыстық болады.

* Тұман түссе, күн жылынады.

* Аспанда жұлдыз көп болса, күн суытады.

* Жаз жауынды, күзжылыболса, қыс ұзақ болады.

* Қайыңнан аққан шырын көп болса, жаз жаңбырлы болады.

* Түтін аспанға тік көтерілсе, аяз болады.


4. Сергіту сәті:: Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй боп көрінер.


5. Әліппе-дәптермен жұмыс:

1. Экологиялықбелгілермен таныстыру.

2. Сурет бойынша балалардың әрекеттеріне пікірлерін білдірту.

3. Тыйым сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру.

4. Суретшінің қатесін тапқызу.

Серуенге шығады.


Қыс мезгілінің қарлы болуын бақылату.


Халық болжамының мағынасын түсіндіру.






Суретке қарап әңгіме құрастырады


Табиғат құбылыста-

рын бақылап көреді.

Қорытынды-лау. Өзін-өзі бағалау

Сұрақ – жауап әдісі бойынша қорыту. «Халық айтса, қалт айтпайды» деген мақалды қайталату, мағынасын түсіндіру.

Халық болжамда-

рын қайталап, мағынасын түсінеді.


Күтілетін нәтиже : халық болжамдарын қайталату арқылы табиғаттың ғажайып сырын түсіне білу, сөздік қорларын дамыту.

Білуі тиіс: туған өлкенің табиғатын қорғау туралы халық болжамдарын білу.

Түсінігі: табиғи құбылыстардың бір- біріне әсерін, байланысын түсіну.

Көрсете білуі: халық болжамдарын өз тәжірибелерінде бақылау жасау арқылы көз жеткізу.



Білім беру аясы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер

Мақсаты: 1. Балаларға Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет екені туралы түсінік беру, балалардың Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін жетілдіру.

2. Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік жұмыс: Мемлекеттік рәміздер, герб, гимн, ту.

Қостілділік компонент: мемлекеттік – рәміздер – государственный символики, герб – елтаңба.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Шаттық шеңберін ұйымдастыру: Сәлем саған Жер-ана!

Сәлем саған нұрлы күн! Аман-есен болайық, Бейбітшілікті қалайық.

Бәрі бірге жасайды.

Ізденістер. Ұйымдастыру

1.Қазақстанның рәміздері туралы әңгіме жүргізу:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының көгілдір түсі ашық бейбіт аспанды және халықтардың бірлігін бейнелейді. Ортасында орналасқан алтын күн бейбітшілік пен байлықты бейнелесе, ал аспанда қалықтаған қыран құс ерлікті бейнелейді.


2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербіндегі көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтан жан-жаққа таралған сәулелер тәрізді шеңбер бойымен уықтар орналасқан. Шаңырақ пен уықтар республикамызда тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді.


3. Әр мемлекеттің гимні болады, ол салтанатты жағдайларда орындалады.

4. Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй боп көрінер.


5. Отан туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ашу:

А) Отан оттан да ыстық.


Ә) Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.


6. Дәптермен жұмыс.

1. Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын әңгімелеп беру.

2. Б.Үсенбаев «Менің туым» және С.Қалиұлының «Елтаңбасы елімнің» деген өлеңдері оқылып, мағынасы ашылады.

3. Елордамыз-Астана қаласы жайлы әңгімелеу.

Балалар түсінгендерін қайталайды.




Балалар суреттен рәміздерді көреді.












Әліппе-дәптердегі тапсырманы орындайды.

Қорытынды-лау.

Өзін-өзі бағалау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорыту:

  1. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы елбасының аты-жөнін ата.

  2. Гимн қандай жағдайларда орындалады?

  3. Мемлекеттік гербті қайдан көруге болады?

  4. Біздің еліміздің туының түсі қандай?

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже: Қазақстан Республикасының рәміздерін білу.

Білуі тиіс: туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Түсінігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мән-мағынасын түсіну

Көрсете білуі: рәміздер туралы өлең, мақал-мәтелдерді жатқа айту.




6 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері

Тақырыбы: Алтын күз

Мақсаты: 1. Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. « Ерте» және « кеш» түсетін күз туралы түсінік беру. Ағаштардың, бұталардың жапырақтарына, бұтақтары мен жемістеріне қарай бір-бірінен ажырата білуге үйрету.

2. Күз мезгілінің астық,жеміс-жидек көкөністерді жинау мезгілі екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Ересектердің еңбегін құрметтеп, олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезініп, оны қорғай білугетәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Ерте күз, қоңыр күз, жыл құсы.

Қостілділік компонент: алтын күз – золотая осень.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Шаттық шеңберіне дөңгелене тұрғызып, өлең жолдарын әндетіп айтқызады: Армысың, ардақты Аспан ата! Армысың, мейірімді Жер-ана!

Армысың, шұғылалы алтын күн! Күліп шықты күн бүгін.

Бәрі бірге қайталайды.

Ізденістер.

Ұйымдастыру
























1. Тәрбиешінің әңгімесі:

- Орманда, тоғайларда жаз мезгіліндегідей емес. Құстардың шуылы азайған . Өйткені құстардың көпшілігі жылы жаққа ұшып кетті. Аққайың мен емендердің жапырақтары өзгеріп, сарытүске енген. Гүлдер мен шөптер солып, қурай бастады. Сұрақтар:

1.Бұл жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?

2. Күз мезгілі екенін қайданбілдіңдер?

3. Күздің келуімен орманда қандай өзгерістер болады?

- Күздің бірінші айы- қыркүйек «Алтын күз» деп аталады. Бұл кезде біз бау-бақшадағы жеміс-жидектерімізді жинап аламыз. Сондай-ақ «қоңыр күз» деп күздің ауа райы жанға жайлы кезін айтады. Күздің ең соңғы айы – қарашаны «Жартылай қыс» немесе «Мұз ұстасы» деп атайды.

Кейбір құстар күннің суытуына байланысты жылы жаққа ұшып кетеді. Бозторғай, сары шымшық – қыстап қалатын құстар. Құстар мен жануарларға қамқор болып жүру – үлкен парыз.


2. Сергіту жаттығуы: Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер. Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

3. Әліппе-дәптермен жұмыс:

1. Қ. Шаңғытбаевтың « Алтын күз» өлеңін жаттатады.

2. Күзгі жапырақтарды боятады.

3. Табиғи материалдардың маңызы туралы айтып, олардан түрлі заттар жасауға болатындығын түсіндіру. Моншақ тізуге нұсқау береді.

4. Табиғаттағы еңмаңызды ережелермен таныстыру.

Балалар тыңдайды.


Балалар түсінгендерін қайталап айтады, сұрақтарға жауап береді.


Өлең жолдарын қайталап,бірнеше жатқа оқиды.


Дәптердегі жапырақтар-ды бояйды.


Табиғи материалдардан моншақ жасайды.


Қорытынды-лау. Өзін-өзі бағалау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорыту:

1. Күз айларын атаңдар.

2. Күз мезгілінің ерекшелігінеде?

3. Күздің барлық кезеңі бірдей ме?

4. Алтын күздің қоңыр күзден айырмашылығы неде?

Күз айлары мен олардың ерекшелігін айтады.


Күтілетін нәтиже : жыл мезгілдерін ажырата білу.

Білуі тиіс: күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарының ерекшелігін атау.

Түсінігі: құстар мен жануарларғақамқор болып жүруді есте сақтау.

Көрсете білуі: күз мезгілінің ерекшеліктерін сурет арқылы немесе ойын арқылы көрсете білу


7 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Бағдаршам және көлік түрлері.

Мақсаты: 1. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

2. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту.

3. Жолда жүру ережелерін меңгеру.

Сөздік жұмыс: Бағдаршам, жол тәртібін реттеуші, көше қиылысы.

Қостілділік компонент: Бағдаршам – светофор, көлік – транспорт, түрлері – виды.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Балаларды шеңберіне тұрғызу: Кел балалар күлейік, Күлкіменен түлейік

Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік!

Өлеңді бірге қайталайды.

Ізденістер.

Ұйымдастыру























1. Бағдаршамы бар көшемен бұрылыстарға саяхат жасату. Балалардың назарлары бағдаршамның жұмысына, машиналардың арлы-берлі жүруіне, жаяу жүргіншілердің іс-әрекеттеріне назар аударылады. Жол жүру ережелерімен таныстырады. Жол белгілерінің суреттерін көрсетеді, олардың көлік қозғалысын реттеп, көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншінің маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер екенін айтып түсіндіреді.


2. Ә.Табылдының « Бағдаршам» деген өлеңін оқу.


3. « Көлік түрлері қайда?» дидактикалық ойыны.

Жол түрлерімен ( машина жүретін жол, жаяу жүргінші жүретін жол, екі бағытта бөлінетін жол, екі көшенің түйіскен жерімен) таныстырады, суреттерін көрсетеді. Егер бағдаршам жоқ болса, жол тәртібін реттеушіге бағыну қажеттігі айтылады. Жолда жүру ережелерін сақтау, үйрену арқылы бала өзінің өмірін және денсаулығын сақтайтындығы түсіндіріледі.


4. Дәптермен жұмыс:

1. Сурет бойынша жолда жүру ережелерін еске түсірту, қайталату.

2. Суреттегі көлік түрлерін үш топқа (ауадағы, судағы, жердегі) бөліп атау.

3. « Суретте не артық?» дидактикалық ойынын жүргізу.

4. Суреттегі көлік түрлерін бір-бірімен салыстыру.


Балалар тыңдайды.


Балалар жол ережелерін тыңдап, қайталап айтып береді.


Тапсырманы орындайды.


Суретке қарап, жолда жүру ережелерін құрастырады


Жолда жүру ережелерін қайталайды, тапсырмалар-ды орындайды.

Қорытынды-лау. Өзін-өзі бағалау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорыту:

1. Жаяу жүргіншілер қай жолмен жүру керек?

2. Жаяу жүргіншілер көшенің қай жерінен қиып өте алады?

3. Өзің тұратын жерде қандай көлік түрлері жүреді?

Сұрақтарға жауап береді, қорытынды пікір жасайды.


Күтілетін нәтиже : бағдаршам және көлік түрлері жайлы білу.

Білуі тиіс: бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

Түсінігі: көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту.

Көрсете білуі: жолда жүру ережелерін меңгеру.






8 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері..

Тақырыбы: Күз сыйы.

Мақсаты: 1. Табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.

2. Күн мен түннің ұзақтығы, ауаның температурасының өзгеруі, жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы және т.б білім негіздерін меңгерте отырып, есте сақтау қабілетін, зейіндерін дамыту.

3. Өсімдіктерді күтіп-баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: бұтақтар, жемістер, тұқымдар, табиғат құбылыстары.

Қостілділік компонент: күз сыйы – дар осенью


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Қуаныш шеңберін ұйымдастыру: - Армысыз, алтын Күн!

Армысыз, қайырымды Аспан-ата! Армысыз, мейірімді Жер-ана!

Күліп шықты күн бүгін! Қуанайық,шаттанайық бәріміз.

Балалар жақсы көңіл-күймен сәлемдеседі.

Ізденістер.

Ұйымдастыру
























1. Саябаққа, алаңқайға табиғи материалдар жинау мақсатымен серуен ұйымдастыру.


2. Б.Жақыптың « Күзде» өлеңінің мазмұнын ашу:

* жемістер; *көкөністер *жидектердің пайдасын, оларды жинау туралы әңгімелеу .


3. Балаларға « Табиғат сыйы» деген ұғымның мағынасын түсіндіру, табиғаттың шексіз байлығы болып саналатын күз мезгілінің ерекшелігін, алуан түсті жапырақтар, табиғи материалдар туралы түсіндіру. Балалар табиғи материалдарды жинап, күзгі жапырақтардың түстеріне, пішініне, ауаның температурасына, күн мен түннің ұзақтығына назар аударады.


4. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық.

Бір отырып, бір тұрып, Сәл тынығып алайық.


5. Әліппе-дәптермен жұмыс:

1. Күзгі бақтағы еңбек.

2. Күзгі бақшадағы еңбек туралы түсіндіру.

3. Жарты алманың екінші бөлігін тапқызу.

4. Жеміс пен жидек сөзіне сөздік жұмысын жүргізіп, оларға не жататынын айту, айырмашылықтарын түсіндіру:

Жеміс- жеміс беретін ағаштар мен сабақты өсімдіктер басына шығатын шырынды мәуе.

Жидек – таңқурай, бүлдірген, құлпынай өсімдіктері жемісінің жалпы атауы.

Серуенде табиғатты тамашалайды.


Өлең жолдарын тыңдайды, түсінеді.


Серуенде балалар табиғи материалдарды жинап, олардан өздерінің қиялдарынан « Күзгі орман» композициясын құрастырады.


Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.



Қорытынды-лау. Өзін-өзі бағалау

Тақырыпты бекіту үшін «Сен жасыр, біз табамыз» деген дидактикалық ойын ұйымдастырылады.

Шарты: балалар көздерін жұмып отырады. Педагогтің белгісімен бір бала жеміс, көкөністердің муляждары салынған табақтан біруін алып, артына тығып тұрады. Бала өзі жасырған жеміс не көкөністің атын айтпай сипаттайды. Балалар жасырған жеміс не көкөністің атын айтулары тиіс.

Дидактикалық ойынға балалар белсене қатысады.


Күтілетін нәтиже: табиғаттағы күзгі өзгерістерді бақылап, ол туралы өз ойларын жеткізе білуі.

Білуі тиіс: күз мезгілінің ерекше сыйын түсініп, бағалай білуі.

Түсінігі: ауаның температурасының иөзгеруін түсіну.

Көрсете білуі:табиғи материалдардан композиция жасай білу.


9– ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Байланыс құралдары

Мақсаты: 1.Байланыс қызметі түрлерімен таныстырып, олардың атауларын меңгерту.

2. Балалардың жас шамасына қарай компьютер туралы қарапайым түсінік беру, оны пайдалану ережелерімен таныстыру, бастаған ісін аяғына дейін тыңғылықты аяқтауға, зейінді,шыдамды болуға тәрбиелеу.

3. Адамдардың пайдалы іс-әрекеттерін бағалап, оған құрметпен қарайға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: байланысшы, хат тасушы, телеграмма қабылдаушы, компьютер.

Қостілділік компонент: байланыс құралдары – пособия связьи


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады: Армысың, асыл күн! Армысың, көк аспан!

Армысың,жан досым! Жылуыма,жылу қос, Міне, менің қолым.

Бір- біріне сезімдерін білдіреді.

Ізденістер.

Ұйымдастыру



























1. Байланыс құралдары жайлы түсінік беру:

- Телефон,факс, хат, құттықтау хаттары, сәлемдеме байланыс түрлеріне жатады. Байланыс түрлерінің бұл аталған түрлерінің бәрі адамдардың тұрмысына өте қажет.


2. Компьютер де байланыс қызметі түрлерінің қатарына жатады. Компьютермен әлемнің барлық жерлерінен әртүрлі хабарлар алынады және жіберіледі. Қазіргі кезде мектептер мен балабақшалар да компьютермен толық қамтамасыз етілген.


3. Пошта – хат, телеграмма, ақша, газет- журнал, сәлемдеме сияқты заттарды бір жерден екінші жерге жеткізумен айналысатын мекеме. Бұл мекемеде байланыс қызметкерлері – хат, телеграмма, т.б. қабылдаушы- операторлар, хат тасушылар жұмыс істейді.


4. Сергіту сәті: Біздер тату баламыз, Гүл-гүл жайнап аламыз.

Жаттығулар жасайық, Жақсы сергіп қаламыз.


5. Әліппе- дәптермен жұмыс. Суреттегі байланыс құралдарын ататып, олардың атқаратын жұмыстары жөнінде әңгімелету.

Мысалы: Факс – фотокөшірмелерді телефон желілері арқылы беру құралы. Сәлемдеме – пошта арқылы жіберілген сәлем- сауқат.


6. «Телефон» дидактикалық ойыны. Шарты: екі бала ойыншық телефон тұтқасымен бір- бірімен сөйлеседі. Мысалы: - Сәлеметсің бе, Алма?

  • Сәлеметсің бе, Аружан? - Ертең мен анаммен хайуанаттар бағына барамын. Сен бізбен барасың ба? - Анам рұқсат берсе, барамын ...

7. Дәптердегі тапсырмаларды орындату.

Балаларға қызығушылықпен жауап береді.


Компьютер, телефон сияқты байланыс құралдары туралы білетіндерін айтады.


Сурет бойынша байланыс құралдарының атқаратын қызметін әңгімелейді.


Балалар бір-бірімен ойыншық телефон арқылы сөйлеседі.

Қорытынды-лау. Өзін-өзі бағалау

Қорыту: 1. Байланыс қызметінің түрлерін ата.

2. Компьютер байланыс құралына жата ма?

3. Сәлемдемемен не жіберуге болады?

4. Құттықтау хаттарын кімдерге және не үшін жазады?


Байланыс құралдары мен оның қажеттілігін айтады.


Күтілетін нәтиже: байланыс қызмет түрлерімен танысу

Білуі тиіс: әрбір байланыс құралдарының қызметін білу.

Түсінігі: адамдардың пайдалы іс-әрекетін бағалау, оларға құрметпен қарау.

Көрсете білуі: өзінің бастаған ісін аяғына дейін жеткізе алатындығын көрсете білу.

10 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Жасыл дәріхана.

Мақсаты: 1. Жасыл дәріхана және оның қажеттігі жөнінде түсінік беру.

2. Емдік қасиеті бар өсімдіктермен таныстыру, оларды қажетті мөлшерде ғана жинап, өзге өсімдіктерге зиян келтірмеу жағын ескеруге үйрету.

3. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: итмұрын, жолжелкен, түймедағы, және т.б.

Қостілділік компонент: жасыл дәріхана – зеленая аптека.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Жылулық шеңберін ұйымдастыру. Қолдарындағы әдемі жүрек ойыншықты бір-біріне беріп тұрып, тілектерін айтады.

Жылы сөздер айтып амандасады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру


























1. М.Жаманбалиновтың « Итмұрын тергенде » өлеңін мәнерлеп оқып беру.


2. Балалармен жасыл дәріханаға серуен ұйымдастыру. Дәрілік өсімдіктермен таныстыру. Неге «дәрілік» өсімдіктер деп аталатынын түсіндіру.


3. Балаларды дәрілік өсімдіктерден жасалған көрмеге шақырып, қай өсімдікті қандай ауруға пайдаланатыны туралы түсіндіру.

Мысалы: Түймедағы гүлін тамақты шайқауға пайдаланады.


4. Дәрілік өсімдіктерді белгілі бір мерзімде жинау керек екендігі және оны жинау кезінде басқа өсімдіктерге зиян келтірмей белгілі мөлшерде ғана жинау керектігін түсіндіру. Балаларды дәрілік өсімдіктерге қамқор болуға тәрбиелеу.


5. Сергіту жаттығуы: Қане, қане, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ енді шеңберге, Алақанды ұрайық. Бишілерше бұралып,

Дөңгелене тұрайық.


6. Әліппе-дәптермен жұмыс:

1. Дәрілік өсімдіктердің тағы қандай түрлерін білесіңдер?

2. Өздерің тұратын жерде өсетін дәрілік өсімдіктің түрін атаңдар.

3.Жолжелкеннің қандай пайдасы бар?

4. Суреттегі өсімдіктерді бояту.


7. Дидактикалық ойын:

« Бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктерді ажырат»

Мақсаты: бөлмеде өсетін өсімдіктер мен дәрілік өсімдіктерді бір-бірінен ажырата білу, қандай мақсатта өсірілетінін анықтау.

Балалар өлеңді мұқият зейін қойып тыңдайды.


Дәрілік өсімдіктерді зер сала қарап көреді, түсінеді.


Көрмедегі дәрілік өсімдіктерді көріп біледі.


Дәрілік өсімдіктердің жинау мерзімін біледі.


Ойынға барлық бала белсене қатысады, дәрілік өсімдіктер мен бөлме өсімдіктерін ажыратады.

Қорытынды-лау. Өзін-өзі бағалау

Оқу іс-әрекетті бекіту үшін қойылатын сұрақтар:

Тамақ ауырғанда қандай шөптер пайдалану керек?

Дәрілік өсімдіктерді қалай жинайды екен?

Сұрақтарға дұрыс жауап береді.


Күтілетін нәтиже: дәрілік өсімдіктердің пайдасы мен зиянын ажырата алу.

Білуі тиіс: емдік қасиеттері бар өсімдіктердің пайдасын білу.

Түсінігі: бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктердің айырмашылығын түсіну.

Көрсете білуі: берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру.



11 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Мамандықтар.

Мақсаты: 1.Адамдардың әртүрлі мамандықтар туралы балалардың білімдерін жетілдіру.

2.Балалардың мұнайшы,шахтер, құрылысшы мамандықтары туралы түсінігін қалыптастыру. Пайдалы қазба байлықтары және олардың алыну жолдары , олардан не жасалатыны жайлы түсіндіру.

3. Жанар-жағар май тұрған жерде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.

Сөздік жұмыс: мұнай, таскөмір, әк.

Қостілділік компонент: мамандық – профессия


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Шеңбер жасап тұрып, қайталайды: Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды. Неткен ашық күн бүгін, Қайырлы таң, қайырлы!


Шеңбер жасап тұрып, қайталайды.

Ізденістер.

Ұйымдастыру
























1. Педагогтің түсіндіруі:

- Мұнайдан алынатын жанар май, жағармайлармен машиналар жүреді. Мұнайдан парафин алынады. Парафинді электр жарығы жоқ кезде пайдаланамыз. Шамшырақты дұрыс пайдаланбасақ, одан өрт шығу қаупі туып, айнала қоршаған ортаға көп шығын келтіруі мүмкін. Сол себепті сақтық ережелерін сақтау қажет. Таскөмір тұрмыста жылу үшін, әкті құрылыста үйлерді ағарту үшін пайдаланады. Тас қалаушы – бұл құрылыс маманы. Үй құрылысында әртүрлі мамандық иелері бар. Олар: ағаш шебері, сылақшы, тас қалаушы, краншы, дәнекерлеуші, шатырлаушы. Сәулетші үйдің жобасын жасағаннан кейін құрылыс орны таңдалып алынады. Экскаватор өзінің үлкен қалағымен жерді қазады. Құрылысшылар үй қалайды. Сол сияқты басқа да мамандық түрлері бар. Олар: дәрігер, архитектор,инженер, шахтер, т.б.


2. Сергіту сәті: Көтереміз қолымызды, Созыламыз жоғары.

Бір,екі, үш, Денеңді солға бұр Қолыңмен көмектесіп,

Беліңді шынықтыр.


3. Әліппе-дәптермен жұмыс:

1. Суреттегі мамандықтар туралы әңгімелеу.

2. Сурет бойынша шахтер мамандығының қыр-сырын түсіндіру.

3. « Кім болам?» дидактикалық ойыны. Шарты: балаларға болашақта қандай мамандық иелері болатындығын және елге қандай пайда келтіретіндіктерін әңгімелету.




Балалар жанар және жағар май туралы түсінгендерін айтады.


Сурет бойынша әңгімелеп береді,сұрақ-тарға жауап береді.






Архитектор сәулетті ғимараттар-ды жобалайды.

Қорытынды-лау. Өзін-өзі бағалау

Сұрақ – жауап әдісі бойынша қорыту:

1. Қандай мамандықтарды білесіңдер?

2. Дәрігер не істейді?

3. Жақсы мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

Балалар ата-аналарының мамандық-тары жөнінде әңгімелейді.


Күтілетін нәтиже: мамандықтар туралы түсінігін нығайту.

Білуі тиіс: пайдалы қазбалардың алыну жолдарын білуі.

Түсінігі:.жанар майлар бар жерлерде сақтық ережелерін сақтау.

Көрсете білуі: сурет бойынша әңгімелеп беру.




12 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Жыл құстары.

Мақсаты: 1. Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. Дәптердегі тапсырмаларды орындату арқылы өз бетімен жұмыс жасауға баулу.

3. Қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға үйрету.

Сөздік жұмыс: жыл құстары, қыстап қалатын құстар.

Қостілділік компонент: жыл – год, құстар – птицы.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Шаттық шеңберін жасату.Үнтаспадан құстардың сайраған дауыстарын тыңдату.


Ізденістер.

Ұйымдастыру




















1. Слайд немесе плакаттан құстарды көрсету. Құстардың тіршілігі туралы әңгімелесу.


2. Жыл құстары және қыстап қалатын құстар туралы әңгімелеу:

- Күннің суытып, жәндіктердің көпшілігі қырылып қалады, кейбір жәндіктер ағаштардың қуыстарына тығылады. Осылайша құстардың жемі азаяды. Өзен- көлдерде су қатып қалады. Осыған байланысты құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жыл құстары жабайы үйрек, тырна, көкек, ұзақ, қарлығаш, қараторғай, т.б. жатады.


3. Құстардың бір бөлігі күзде ұшып кетпей, сол жерде қыстап қалады. Оларды қыстап қалатын немесе отырықшы құстар деп атайды. Отырықшы құстарға: қарға, көгершін, торғай, көкшымшық, тоқылдақ, т.б. жатады.


4. Дәптермен жұмыс: Суреттен өзіңе таныс құстарды атату ( үкі, бүркіт, үйрек, аққу, тырна). Осы құстар туралы мағлұмат беру.

Үкі – түнде ғана ұшатын имек тұмсық, үлпілдек майда жүнді жыртқыш, отырықшы құс.

Бүркіт- таулы, далалы жерлерді мекендейтін имек тұмсық жыртқыш, отырықшы құс.

Тырна – мойны ұзын, аяқтары сыриған, ірілеу жыл құсы.

Үйрек – тұмсығы жалпақ су құсы. Жабайы үйректер жылы жаққа ұшып кетеді.

Тоқылдақ- орман құсы. Қыстап қалатын құстар тобына жатады. Тоқылдақты «орман дәрігері» деп атайды, өйткені ол ағаш қуысына тығылып, ағаштың діңін жеп жатқан зиянкес құрттармен қоректенеді. Сөйтіп орман ағаштарын емдейді.

Балалар тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.


Суреттерге қарап, құстардың аттарын атайды.Өз өлкелерінде тіршілік ететін құстар туралы әңгімелейді.






Тоқылдақтың суретін сәйкес түспен бояйды.

Қорытынды-лау.

Сабақта алған білімдерін пысықтауға арналған сұрақтар:

1. Өзің білетін жыл құстарын ата.

2. Құстар немен қоректенеді?

3. Құстар не себепті жылы жаққа ұшып кетеді?

4. Құстар, табиғатқа, адамға қандай пайдасын тигізеді?

Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырып айтады.


Күтілетін нәтиже: жыл құстары мен қыстап қалатын құстар туралы білімдерінің болуы.

Білуі тиіс : қыстап қалған құстарға қамқор бола білу

Түсінігі : жыл құстары мен отырықшы құстардың тіршілігіндегі айырмашылығын түсіну.

Көрсете білуі: тапсырмаларды дұрыс орындап көрсету.




13 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан .

Мақсаты: 1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы туралы түсінік беру.

2. Отанымыздың байлығы туралы, жеріміздің үлкендігі туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балалардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сөздік жұмыс: Отан, карта.

Қостілділік компонент: Отан – Родина, Тәуелсіз Қазақстан – Независимый Казакстан.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Шаттық шеңберін жасату: Күлімде, күн күлімде, Жер жасарып көгерсін.

Кешегіндей бүгін де, Қанат қақсын көгершін.

Шеңбер жасап қайталайды.

Ізденістер.

Ұйымдастыру























1. Педагог сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы Қазақстан Республикасы туралы түсіндіреді, әңгімелейді: - 16 Желтоқсан – еліміздің ең үлкен, ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2011 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 20 жыл толды. Осы тәуелсіздік Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.


2. Б. Исаевтың «Тәуелсіз елімбар» өлеңі оқылады.


3. Сөздік жұмысын жүргізу: Тәуелсіз- толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес. Егемен - өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.


4. Отан туралы мақалдың мағынасын ашып, оны жаттатады: Халықтың ортақ үйі – Отаны.


5. Сергіту сәті: «Отан» әнін тыңдату.


6. «Жылы сөздер» дидактикалық ойынын ойнату. Шарты: Отан туралы пікірлерін білдіру.


7. Әліппе- дәптердегі тапсырмаларды орындатады.

Балалар Отан туралы ойларын әңгімелейді.

Үлгі жауап: Мен Отанымды жақсы көремін. Менің Отаным –Қазақстан...


Өлеңді тыңдайды, сұрақтар қояды.


Мақалдың мағынасын қалайтүсінгендерін айтады.


Әнді қосылып орындайды.

Қорытынды-лау. Өзін-өзі бағалау

Сабақта алған білімдерін пысықтайды:

1. Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2. ҚР рәміздерін ата.

3. Біздің Елордамыз қай қала?

4. Тәуелсіздік манументі қай қалада орналасқан?

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже: өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау керектігін түсінуі.

Білуі тиіс: Отанын, Атамекенін ардақтау керектігін.

Түсінігі: өз Отанын мақтан ету.

Көрсете білуі: салған суреттері бойынша әңгімелеу.







14 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі.

Мақсаты: 1.Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.

3. Табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: жем, нан қиқымдары, кептірілген жемістер, үйшіктер.

Қостілділік компонент: қыс – зима, құстар – птицы.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Балаларды дөңгелене тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады:

Кел, балалар , күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік.

Бәрі қосылып айтады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру















1. Қыс мезгілінің ерекшелігін әңгімелейді. Т. Молдағалиевтің қыс туралы өлеңі оқылады.


2. «Құстар қалай қыстайды?» ертегісін оқу арқылы құстардың қысқы тіршілігімен таныстырады. Құстардың қысқы тіршілігі бейнеленген суреттер арқылы балаларға құстардың тіршілігі жөнінде түсінік беру.

Қыс мезгіліндегі құстардың азығы, олардың немен қоректенетінін әңгімелеу. Адамдардың құстарға жасайтын көмектері туралы мағлұмат беріледі.


3. Сергіту жаттығуы: Күнде аспанға қараймыз, Қайтқан құсты санаймыз.

Үшбұрыш боп тырналар, Көк жүзінде сырғанар.


4. «Құстар» дидактикалық ойыны. Шарты: суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыру. Жыл құстары және отырықшы құстар.


Тыңдайды,

сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.


Балалар сурет бойынша қыс мезгілі туралы әңгімелейді.


Құстарға өздері қалай көмек көрсететіндері туралы айтады.


Қорытынды-лау. Өзін-өзі бағалау

Балалардың білімдерін бекіту үшін төмендегідей сұрақтар қойылады:

1. Біздің өлкемізде қандай құстар қыстап қалады?

2. Олардың тіршілігі туралы әңгімеле.

3. Қыстап қалатын құстарға адамдар қандай көмек көрсетеді?

Сұрақтарға жауап береді,бір-бірінің сұрақтарын толықтырып айтады.


Күтілетін нәтиже: құстардың қысқы тіршілігі оларға қамқорлық туралы өз көзқарасының болуы.

Білуі тиіс: қыстап қалған құстарға қамқор бола білу

Түсінігі: жыл құстары мен ұшып кететін құстардың айырмашылығын түсіну.

Көрсете білуі: тапсырмаларды дұрыс орындап көрсету.










15 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Жануарлардың қысқы тіршілігі.

Мақсаты: 1.Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру.

2. Балаларды аңдарды сипаттауға , салыстыра білуге жаттықтыру.

3. Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік жұмыс: қуыс, апан, үйір, ін.

Қостілділік компонент: жануарлар – животные, қыс – зима.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Шаттық шеңберін жасату: Ормандар, жап-жасыл ормандар,

Орманды отаушы болмаңдар. Отан мен орман жұп, бір ұғым,

Орманды, Отанды қорғаңдар.

Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру




























1. Педагог жануарлардың қысқы тіршілігі туралы түсіндіреді:

- Қыс мезгілінде жануарлардың тіршілігінде біраз қиындықтар туындайды. Сондықтан кейбір жануарлар қысқа азық жинайды. Мысалы: тиін ағаштың қуысын мекен етеді. Тиінге ағаштармен тез өрмелеуге аяқтары көмектеседі. Ол жаз бойы саңырауқұлақ, жаңғақтарды ағаш қуыстарына жинайды. Қыста соларды қорек етеді.


2. «Дауысынан таны» дидактикалық ойыны. Шарты: аудиотаспадан әртүрлі жануарлардың дауыстарын тыңдатып, олардың атын атату. Сонан соң сол жануардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелеу. Педагог балалардың жауаптарын толықтырып, жаңа мәліметтер береді:

* Тоқылдақ - қыс бойы ағаш діңінде тығылған құрттарды тұмсығымен теріп жейді. Ол ағаш діңін аршыған кезінде құрттардың біразы жерге түседі. Қар бетіне түскен құрттармен шымшық, торғайлар қоректенеді. Орманнан тоқылдақтың « тоқ-тоқ » деген дауысын жиі естуге болады.

* Аю - қысқы ұйқыға кетеді. Ол жаз бойы табанына жинаған майын жалап жатады.

* Қасқыр, түлкі - жыртқыш аңдар. Олар өздерінен әлсіз жануарларды ұстап қоректенеді.

* Сұр қоян - қыста түсін өзгертеді. Аппақ қоян болып ағаш бұтақтарын кеміріп күнелтеді.

3. Сергіту сәті: Музыка әуенімен жануарлардың қимылын келтіріп билейді. Қоян сияқты секіреді, түлкі сияқты денелерін қимыл- қозғалысқа келтіреді.


4. « Жануарлар тіршілігі» дидактикалық ойыны. Педагог балалардың жауаптарын толықтырып тұрады.

Балалар тыңдайды, түсінбегенде-рін сұрайды.


Суретке қарап әңгіме құрастырады.


Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелейді.


Би қимылдарын орындайды.






Үлгі жауап: Аю апанында қысқы ұйқыға кетеді...

Қорытынды-лау. Өзін-өзі бағалау

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорыту:

1. Жабайы аңдарды ата.

2. Қоян қыста түсін қандай түске өзгертеді?

Жабайы аңдар мен үй жануарларын салыстырады.


Күтілетін нәтиже: ормандағы аңдардың қысқы тіршілігін ұғыну.

Білуі тиіс: табиғатқа деген қызығушылығынбілдіру.

Түсінігі: туған өлкенің жануарларын қамқорлыққа алу сезімін ояту.

Көрсете білуі: сурет бойынша әңгімелеу.


Бекітемін: Күн:


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Жаңа жыл келді. Қыс қызығы.

Мақсаты: 1. Балалардың қыс мезгілінің белгілері туралы түсініктерін арттыру.

2. Қыста ойналатын ойындар қыс қызығын арттыра түсетінін түсіндіру.

3. Қысқы ойындардың пайдасын түсіндіру арқылы спортты сүюге баулу.

Сөздік жұмыс: жыл құстары, қыстап қалатын құстар.

Қостілділік компонент: Жаңа жыл – Новый год, қыс қызығы – зимние интересы.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

« Сырғанақ» өлеңі оқылады: Сырғанаққа мығымбыз, Шыныққанбыз, шымырмыз. Таудан төмен сырғанап, Біз тебеміз сырғанақ.

Бірге қосылып айтады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру
























1. Педагог тапсырмасы: - Аспанды сұр бұлт қаптап, жерді ақ ұлпа қар басты. Өзендерде мұз қатып, айнала ертегідегідей тыныштыққа бөленді. Күннің суығына қарамастан балалар шана, коньки теуіп, қар атысып ойнап жүр. Қай мезгіл туралы айтылды?


2. Педагог қыс мезгілінде болатын құбылыстарға тоқталады. Әр айдың ерекшелігін айта келе, қысқы ойындар туралы түсінік береді:

- Қаңтар мен ақпан айларында ауа райы суық болады. Қаңтар - қыс шатыры. Қыстың үш айы қандай суық болған күнде де адамдар мұзайдында конькимен сырғанайды, шаңғы, шана тебеді. Қар кесектерін домалатып, аққала жасайды.


3. « Қысқы ойындар» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар бір-бірден қоржын ішінен суреттерді алады. Суреттердің ішінен қысқы ойын түрлері бейнеленген суретті тауып, оны тақтаға жапсырады. Содан соң сурет бойынша қысқы ойын түрлері туралы әңгімелейді.


4. Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ, Суық өтер қолғаптан.


5. Қысқы мереке туралы әңгіме өткізу: * Жаңа жыл мерекесі.

* Шыршаны безендіру.


6. Жұмбақ шешу: Қыста шыны боп қатады, Жылыда су боп жатады.(Мұз)

Қыс қызығын өз беттерінше әңгімелейді.


Қыс мезгілі туралы пікірлерін айтады.


Сурет бойынша әңгімелейді.


Өлең жолдарын қайталап, жаттығу жасайды.


Шыршаны ойыншықтар-мен безендіреді.

Жұмбақтың жауабын айтады.

Қорытынды-лау. Өзін-өзі бағалау

Пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Қыс мезгілінің айларын ата.

2. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап бер.

3. Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

4. Қыс мезгілін не үшін жақсы көресіңдер? Пікірлеріңді білдіріңдер.

Балалар қыстың ерекшелігіне тоқталады.


Күтілетін нәтиже: қыс мезгілінің ерекшелігін білу.

Білуі тиіс: Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін толықтыру. Қардың қайдан пайда болғандығын білу.

Түсінігі : табиғатты аялау, қорғау керектігін түсіну.

Көрсете білуі: суретке қарап әңгіме құрай білу.






17 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Қысқы еңбек.

Мақсаты:

1. Балалардың қыс мезгілінде орындалатын еңбек түрлері туралы түсініктерін толықтыру.

2. Қысқы еңбек түрлерінің пайдасын түсіну.

3. Қысқы еңбектің пайдасын түсіндіру арқылы еңбексүйгіштікке баулу.

Сөздік жұмыс: қарды күреу, қар тоқтату, құрғақшылық, ылғал.

Қостілділік компонент: қысқы еңбек – зимние труд.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

1. Шеңбер жасап тұрып, музыканың сүйемелдеуімен «қар күреу» жаттығуын орындатады.

Жаттығуды орындайды.

Ізденістер.

Ұйымдастыру
















2. Педагогтің жаңа сабақты түсіндіруі: Қысқы еңбек түрлерімен таныстырады және оларды кімдер атқаратынын айтып түсіндіреді.

- Қыстыгүні көше мен аулалардың қарын күреп тазалау, ал ауылда егістік алқаптарында қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Қала көшелерінде машиналардың жеңіл әрі жылдам жүруі үшін адамдар арнайы машиналармен қарды күреп тазалайды. Құрғақшылық жиі кездесетін аймақтарда қар тоқтату әдісі қолданады. Қар тоқтату - топырақта ылғалдық біршама қорын жинап, егіс өнімділігін арттыратын жұмыс түрі.


3. Сурет бойынша « Қысқы еңбек » тақырыбында балаларды қатыстырып, әңгіме жүргізеді.


4.Сурет бойынша малды күтіп- баптау жұмыстары туралы түсіндіреді.


5. «Артығын тап» дидактикалық ойыны. Шарты: суреттен еңбек құралдарын тауып, оларды қоршап сызады. Артық заттарды тауып айтады: шана, шаңғы, малақай.

Сурет бойынша қысқы еңбек- қар күреу, ауылда малды күту жұмыстары жайлы әңгімелейді.


Дәптерден еңбек құралдарын тауып, оларды қоршап сызады.


Қорытынды-лау.

Сабақта алған білімдерін пысықтайды. Қысқы еңбек туралы қойылған сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже: қыс мерзімінде атқарылатын жұмыс түрлерін білу.

Білуі тиіс: қысқы еңбек түрлерін атап беруі тиіс.

Түсінігі: қысқы еңбектің пайдасын білу

Көрсете білуі: ауланың қарын күреу, үй жануарларына қамқорлық жасау.













Бекітемін: Күн:

Бекітемін: Күн


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Қызыл кітап құпиясы.

Мақсаты: 1. Қызыл кітап туралы түсінік беріп, қоршаған ортаны қорғау, оған қамқорлықжасау дағдыларын қалыптастыру.

2. Жануарлар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғатын себептерді түсіндіру.

3. Табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: Сындырылған ағаш, саны сиреп бара жатқан жануарлар, өсімдіктер.

Қостілділік компонент: қызыл кітап – красная книга, құпия – секрет.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Шаттық шеңбері: - Армысыз, қайырлы Күн! - Армысыз, Аспан ата!

- Армысыз, мейірімді Жер-Ана! - Армысыз, шұғылалы Алтын күн!

Бір - бірімен амандасады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру






















1. Қызыл кітап туралы түсінік беру: - Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жойылу қаупі төнген ( саны сиреп бара жатқан) түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Біздің елімізде жойылып бара жатқан жануарлар мыналар: барыс, ілбіс, қоңыр аю, бүркіт, дегелек, т.б. Ал өсімдіктерден қызғалдақ, сексеуіл, т.б. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер – осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Қаскерлердің қолынан қаншамасы қырылып жатыр.


2. Сергіту сәті: Көбелек те, гүл де бір Қызыл-жасыл күллі өңір.

Аспан төрі ақша бұлт, Бау-бақшада барша жұрт.

Саңқылдаған саз әні Көлде құстың базары.

3. Әліппе-дәптермен жұмыс:

* Дәптерде бейнеленген Қызыл кітапқа енген жануарлардың аттарын атайды.

* Қызыл кітапқа енген құстарды тапқыздырып, оларды бояту.

4. «Қызыл кітап» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға бүркіт, қызғылт қаз, т.б. жануарлардың суреттері ілінеді. Балаларға оларды қорғау шараларын айтқызады.

Әңгімені тыңдайды, сұрақтар қояды.


Слайдтардан жойылу қаупі төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктерді көреді.


Қызыл кітапқа енген жануарларды: арқар, барыс, қарақұйрық, жабайы мысық, үкі, бүркіт, аққу, тырнаның суреттерін бояйды.

Қорытынды-лау.

Сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы балалардың сабақта алған білімдерін пысықтайды:

- Туған өлке табиғатында барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың жері мен суы, орманы мен тасы, жануарлары мен өсімдіктері адам үшін тірішілік етудің басты көзі болып табылады. Сол себепті өлкеміздің табиғатын туған анамыздай ардақтап, күте білуіміз керек. Аяусыз сындырылған ағаш, жұлынған гүлдер, ұясы бұзылған құстар, жазықсыз өлтірілген жәндіктер, қоқыс-қалдық салынған лас сулар көбейіп барады. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау - әрбір адамның тікелей парызы.

Балалардың үлгі жауабы:

- Бүркіт құсының саны азайып барады. Бүркітті атуға, оның ұясын бұзуға болмайды.

Күтілетін нәтиже:.туған өлке табиғаты туралы түсініктерін жетілдіру.

Білуі тиіс: табиғат жанашыры туралы ұғымы болуы.

Түсінігі: жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.

Көрсете білуі: өз өлкелерінде мекендейтін жануарларға қамқорлық көрсету,өсімдіктерді күтіп баптау.


Бекітемін: Күн:


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Нан дастарқанға қалай келеді?

Мақсаты: 1.Диханшылардың еңбегі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Жердің үнемі қамқорлықты қажет ететінін әңгімелеу.

2. Өсімдікке өсіп-өну үшін ауа, су,жарық жылу қажеттігін түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.

3. Диқан еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: егін, қырман, диірмен, комбайн.

Қостілділік компонент: нан – хлеб, егін – степ, су – вода, ауа – воздух, еңбек – труд.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Шаттық шеңбері: Әрқашан аман болайық, Елімізде тыныштық болсын,

Бейбітшілік болсын, Нанымыз көп болсын.

Жақсы тілекпен амандасады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру







1. Ә. Ахметовтің нан туралы өлеңін оқиды, мазмұнын түсіндіреді.


2. Нанның дастарқанға дейін келу жолын әңгімелеу. Бұл жерде диқан, егістік, элеватор сөздеріне сөздік жұмысы жүргізіледі.


3. Сергіту сәті: Музыка әуенімен «шайқалады егістік, шайқалады нұр дала» деп әндетіп, би қимылдарын жасау.


4. Нан туралы мақалдардың мағынасын түсіндіру: Нан- тамақтың атасы.

Ынтымақ - көптің батасы.

5. Дәптермен жұмыс:

* Сурет бойынша нанның дастарқанға келу жолын әңгімелеу.

* Тыйым сөздерді оқып, оларды тәрбиелік мағынасын түсіндіру.

* Жұмбақтың шешуін тапқызу. Шешуі: бидай.

Жұмбақтың шешуі- бидайдың суретін салғызу.

Педагогтің әңгімесін тыңдайды, сұрақтар қояды.

Би қимылдарын орындайды.

Мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін әңгімелейді.

Нанның дастарқанға келу жолын айтады.

Қорытынды-лау.

Сабақта алған білімдерін төмендегі сұрақтардың көмегімен пысықтау:

  1. Нан дастарқанға қалай келеді?

  2. Нанды не үшін қастерлеу керек?

  3. Нан туралы қандай мақалдар білесіңдер?

Нан туралы өлең, мақал-мәтел айтады.


Күтілетін нәтиже:. диқан еңбегін бағалау.

Білуі тиіс:.нанның дастарқанға келу жолын білу

Түсінігі: диқандардың еңбегін түсініп, құрметтей білу.

Көрсете білуі: суретке қарап әңгіме құра білу.













Бекітемін: Күн:




Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: табиғат бұрышындағы тіршілік

Мақсаты: 1.Табиғат бұрышындағы жануарлар ( балықтар, құстар, кірпі, тасбақа), өсімдіктер туралы түсінік беру.

2. Жануарлар мен өсімдіктердің келтіретін пайдасы және оларды қорғау жөніндегі білімдерін кеңейту. 3. Табиғат бұрышындағы жануарлардың тіршілігі туралы мағлұматтар бере отырып, оларға қамқорлық жасауға баулу.

Сөздік жұмыс: табиғат бұрышы, атжалман, қоректендіру.

Қостілділік компонент: табиғат – природа, бұрышы – уголь, өсімдіктер – растение, животные.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Шаттық шеңбері: Біздер тату боламыз, Гүл-гүл жайнап аламыз.

Жаттығулар жасайық, Жақсы сергіп қаламыз.

Шеңбер болып жасайды.

Ізденістер.

Ұйымдастыру





















1. Педагог балабақша, мектептегі мүйісі ( бұрышы) туралы төмендегідей мағлұмат береді: - Табиғат бұрышы- мектеп, балабақшада тірі хайуанаттар орналастырылған мүйіс. Мұнда өсімдіктердің түрлерінде өсіреді. Табиғат бұрышында аквариумда балықтар, торда үй қояндары, кірпі, тасбақа, атжалман, тоты құстарды ұстайды. Оларды арнайы педагог маман күтіп-баптайды. Оған балалар көмектеседі.


2. Сөздік жұмысы: Атжалман – жоны күрең, бүйірі қызғылт тышқан.

Қоректендіру – тамақтандыру.


3. Сергіту сәті: Біз гүлдерше өсеміз, Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы, Желмен бірге жайқалған.


4. Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындау.

1. Сурет бойынша әңгіме жүргізеді: Бұл жерде табиғат бұрышында тіршілік ететін жануарлар туралы және оларға жасалынатын қамқорлық туралы айтылады.

2. Құмыраға гүлді отырғызудың әдісін сурет бойынша түсіндіреді.

3. А. Мишаринаның бөлме гүлі туралы өлеңін мәнерлеп оқып береді.

Мазмұнын түсіндіреді.Үлгі бойынша құмыраны қалай бояу керектігін, қағаздан гүлді қалай жасау керектігін баяндайды.

Педагогтің айтқандарын мұқият тыңдайды, сұрақтар қояды.


Суреттен табиғат бұрышында тіршілік ететін жануарларды атайды.


Балалар іс-әрекетін баяндайды. Құмыраны бояйды, қағаздан гүл жасайды.

Қорытынды-лау.

Өзін-өзі бағалау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады:

  1. Табиғат бұрышындағы өсімдіктермен жануарларға қандай қамқорлық қажет?

  2. Табиғат бұрышындағы өсімдіктердің атын ата.

  3. Аквариумдағы балықтарды қалай күтеді?

Табиғат бұрышындағы еңбек іс-әрекеттерін айтады.


Күтілетін нәтиже:.табиғат мүйісіндегі жануарлар мен өсімдіктерді күтіп-баптау.

Білуі тиіс: жануарлар мен өсімдіктердің пайдасы.

Түсінігі: жануарлар мен өсімдіктердің пайдасы.

Көрсете білуі: сабақ барысында тапсырмаларды орындай білуі ( сурет салу).







21 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Киіз үй жабдықтары.

Мақсаты: 1. Киіз үй жабдықтарымен таныстыру.

2. Киіз үйді ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға болатындығын, киіз үй жабдықтары туралы айтып, балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Атадан- балаға мұра болып кележатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға баулу.

Сөздік жұмыс: абажа, кебеже, әбдіре, асадал,т.б.

Қостілділік компонент: киіз үй – юрта, жабдықтары – пособия.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ізденістер.

Ұйымдастыру



1. «Киіз үй жабдықтары» тақырыбын көрнекілік әдісі арқылы түсіндіреді: - Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі. Ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Киіз үйдің негізгі қаңқасын сүйегі деп атайды. Олар: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық ( жарма есігі).

Кереге – киіз үйдің ағаштан жасаған жиналмалы торкөзді сүйегі.

Шаңырақ киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.

Уықкереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық.

Киіз есіксықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады. Киіз есіктің сырты киіз , ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады.

Үй жиһаздары:

Абажа – тамақ пен ыдыс- аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен,былғарымен қапталған.

Кебеже- сүр ет, құрт, шайсалып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы.

Әбдіре- зат сақтайтынүлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекеәленіп қапталады.

Ағаш төсекжату үшін пайдаланатын үй жиһазы.

Асадал тамақ пен ыдыс- аяқ сақталатын кебеже.

Жастықағаш- ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ.

Адалбақанкиім ілуге арналған үй жиһазы.

Жүкаяқ- үйде жүк астына қоятын ағаш зат.

Сандық- киім-кешек, т.б.зат салуға арналған үй жиһазы.

Төсеніштер: Алаша, киіз, сырмақ.

Тұскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына тұтатын үй бұйымы.

Қоржын – екі жағын тең етіп тоқыған, не құрап тіккен зат салатын дорба.

Аяққап – ыдыс-аяқ салатын қапшық. Екі бетін киізден тігіп, бетін ою- өрнек салып не кестелеп әшекейлейді.


2. Дәптерден киіз үй сүйектерін тапқыздырады.


Мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.


Киіз бөліктерін атайды, оларды қалай орналасаты-нын сызып көрсетеді. Киіз үйді бояйды. Жолаушының киіз үйге баратын жолын тауып, сызып көрсетеді.

Қорытынды-лау.

Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері арқылы сабақта алған білімдерін бекітеді.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже: киіз үйдің жабдықтарын білу.

Білуі тиіс: киіз үй жабдықтарының қалай аталатынын білу.

Түсінігі: киіз үйдің қазақ халқының тұрмысындағы пайдасын білу.

Көрсете білуі: киіз үй жабдықтарын тұрмыста пайдалана білу.




Бекітемін: күні:


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: экология

Тақырыбы: Көктем келбеті.

Мақсаты: 1. Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс-әрекеттері туралы мағлұмат беру.

2. Үлкендер еңбегін бақылау арқылы бағалай білу, бақылағандарын есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыру.

3. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ұя, жер, егін, гүлзарлар.

Қостілділік компонент: көктем – весна, мезгіл – времена, жер – земля, егін - степь.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Шаттық шеңберін жасату: Жаңбыр, жаңбыр жауасың,

Жанымызға дауасың. Біз ойнайтын ауланың, Тазартасың ауасын.

Бірге өлеңді қайталады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

1. Педагог көктем мезгіліндегі маусымдық құбылыстар, жануарлардың өміріндегі өзгерістер, өсімдіктердің өсуі туралы түсіндіреді. Түсіндіру барысында көрнекіліктерді пайдаланады.

- Көктем мезгілінің айларын атаңдар. - Көктемнің алғашқы айы – наурыз. Бұл айда күн жылынып, қар еріп, жылғалардан су ағады. Сай-сала суға толады. Сәуір айында жер беті көгеріп,ағаштар бүршік атып,айнала құлпырып кетеді. Жаңбыр жиі жауады. Мамыр айында дала жасыл желек жамылады. Мамыр айын «Ән айы» деп атайды. Өйткені құстар балапан басады, тоғай, гүлзарлардың ішінде, көл жағасында құстардың сайраған дауыстарын естисің. Сондықтан көктем – жылдың ең тамаша мезгілі. Жер жыртады, егін, бау-бақша салады. Гүлзарларды гүл егуге дайындау, ағаштардың түптерін қопсыту, құстарға ұя жасау сияқты жұмыстар жүргізіледі. Ең алғаш дәнмен қоректенетін құстар ұшып келеді. Мысалы: ұзақ, шұбар шымшық, таңшымшық, қараторғай сияқты құстар. Ал жәндіктермен қоректенетін құстар – қарлығаш, ұзынқанат қарлығаш, көкек, бұлбұл сияқты құстар сәуірдің аяғы, мамыр айларында ұшып келеді.


2. Сергіу сәті: Қанат жаям жалма- жан, Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам, Аяғымның ұшына.


3. Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізу: Б. Қозыкеевтің « Көктем» өлеңін дауыстап оқиды.


4. «Бұл қай кезде болады?»дидактикалық ойыны. Шарты: педагог жыл мезгілдері бейнеленген суреттерді көрсетеді, сол бойынша әңгіме өткізеді.


Тыңдайды,

сұрақтарға жауап береді.


Өздері білетін тақпақтарын қайталайды.


Өлең жолдарын қайталап, жаттығу жасайды.


Сурет бойынша жыл мезгілдерін анықтайды.


Өлеңнің мазмұнына қарай көктемде болатын өзгерістерді әңгімелейді.


Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Сабақта алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата. Көктем айларын ата.

Белсенділікпен жауап береді.


Күтілетін нәтиже : көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстары туралы түсінігі болуы.

Білуі тиіс: көктем мезгілінің ерекшеліктерін білу.

Түсінігі: адамдардың көктемгі пайдалы іс-әрекеттерін білу.

Көрсете білуі: суретті ретімен орналастыру.



Бекітемін:


23 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Ана-біздің гүліміз

Мақсаты: 1. Отбасындағы ананың рөлі туралы түсінік беру.

2. Балалардың өздеріне аналары жайлы әңгімелету арқылы отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық туралы түсіндіру.

3. Ананы қадірлеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: құттықтау, тілек.

Қостілділік компонент: ана – мать, біз – мы, гүл – цветок.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, аналары туралы жылы сөздер айтқызады. Әр бала анасы туралы қысқаша айтады. Мысалы: Менің анам Күн сияқты жып-жылы. Менің анам-ең әдемі адам.

Әр бала анасы туралы

айтады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

1. Ана туралы ән тыңдату. Әннің кімге арналғаны туралы сұралады.

2. Педагогтің түсіндіруі: -Кез-келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі. Ананы барынша құрметтеп, сыйлау - әрбір баланың парызы.


3. Ана туралы мақал-мәтелдің мағынасын ашу: Ананың сүті-бал, баланың тілі – бал.


4. Дәптердегі ана туралы өлең оқылады. Өлең мәтініндегі кейбір сөздерге сөздік жұмысын жүргізеді.


5. Дәптердегі аналарына арнатып құттықтау хат дайындатады. Құттықтау хатқа не салу керектігіне кеңес береді.

Әннің мазмұны туралы әңгімелейді.


Мұқият тыңдайды.


Мақалдың мағынасын қалай түсінгенін айтады.


Аналарына арнап сурет салады.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Қорыту үшін тапсырмалар: 1. Анашым, жүрегім, гүлім, бақытым сөздерін қатыстырып, сөйлемдер құрастырту. 2. Пікір алмастыру. .Сөйлемдер құрастырады: Анашым-ақ гүлім. Анам менің-кеудемдегі жүрегім. Анашым-бақытым. 2.Ана туралы пікірлерін ортаға салады.

1.Сөйлемдер құрастырады: Анашым-ақ гүлім.


Күтілетін нәтиже : ананың аялы алақанын, жан жылуын сезіне білуі.

Білуі тиіс: халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінігі болуы.

Түсінігі: отбасындағы ананың рөлі туралы білу

Көрсете білуі: ойын жеткізіп айту.














Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: қоршаған дүниемен таныстыру

Тақырыбы: жайлауда

Мақсаты: 1. Үлкендердің еңбектері туралы балалардың түсініктерін әрі қарай дамыту.

2. Ауылшаруашылық өнімдерінің түрлері, оларды өндіретін адамдардың еңбектері жайлы мағлұматтар беру. 3. Еңбексүйгіштікке баулу.

Сөздік жұмыс: егінші, малшы, диқан, шопан, жылқышы және т.б.

Қостілділік компонент: көктем – весна, еңбек – труд


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Шеңбер бойы дөңгелене тұрып, бір-бірінің алақандарын алып, жақсылық, ізгі тілектер айтқыздырады.

Тілектер жолдайды.

Ізденістер.

Ұйымдастыру























1. Педагогтің түсіндіруі:

- Адам баласы еңбек арқылы дамып жетіледі. Еңбек ету арқылы көптеген белестерді бағындыра алады. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбектің көптеген түрі бар, соның бірі – көктемгі еңбек. (Балаларды ауылшаруашылығы еңбектерінің суреттерімен таныстыру). Бағыттаушы сұрақтар қою:

  1. Суретте не бейнеленген?

  2. Адамдар немен айналысып жүр?

  3. Олар машинаның қай түрімен жұмыс жасап жатыр?

  4. Не жинап жүр?

2. Әртүрлі іс-әрекеттегі адамдардың әрқайсысының өздерінің мамандықтары бар екенін айтып түсіндіру: егінші, диқан, шопан, жылқышы,т.б.

3. Ауылшаруашылық өнімдерімен тек қана ауыл емес қаланы да қамтамасыз ететінін айтып өту. Мысалы: ет,сүт, астық, жеміс-жидектер, көкөністер, т.б.Табиғатты қорғау бағытындағы еңбек түрлеріне, ауланы тазалау, арықты аршу, ағаш түптерін әктеу және т.б. аламыз.

4. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық.

Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.

5. Әліппе-дәптермен жұмыс: Тапсырма: Еңбек туралы мақалды қайталау. Дала, бақша, бөлме гүлдерін атау. Суретте берілген гүлдерді атап, олардың қай жерде өсетінін айту.

Суреттерді зер сала қарап көреді, түсінеді.


Күнделікті азықтардың қайдан келетінін ұғады.


Өлең жолдарын айтып, қимыл қозғалысын жасайды.


Әліппе-дәптермен жұмыс жасайды. Тапсырмаларды дұрыс орындауға әрекет жасайды.

Қорытындылау.

Сұрақ – жауап әдісі бойынша қорыту. Ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің қызметінің қажеттілігін, ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің қала жұртшылығымен нанмен, көкөністермен, жеміс-жидектермен қамтамасыз ететінін ұғындыру. Көктемгі еңбек түрлері жөнінде түсінік қалыптастыру.

«Еңбек түбі- зейнет» деген мақалдың мағынасын түсінеді.


Күтілетін нәтиже : даладағы еңбек пен ауылшаруашылығы еңбегінің ерекшелігін ажырата алады.

Білуі тиіс: басқа жыл мезгілдеріндегі еңбек пен көктемгі еңбектің айырмашылықтарын білу.

Түсінігі: табиғат қорғау жұмыстарының қажет екендігін түсінеді.

Көрсете білуі: табиғат бұрышындағы өздерінің еккен гүлдерін көрсетеді.







Бекітемін: күні:

25 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері

Тақырыбы: Наурыз-жыл басы.

Мақсаты: 1. Наурыз-жал басы, күн мен түннің теңелуі, табиғатқа қамқорлық мерекесі екені жөнінде түсінік беру.

2. Көктем мезгілінде табиғаттың жаңаратынын мысалдар келтіру арқылы түсіндіру.

3. Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: салт-дәстүр, ырым, т.б.

Қостілділік компонент: наурыз – март, көктем – весна, табиғат – природа.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты.

Жарқырасын даламыз, Жайнай берсін қаламыз.


Балалар өлең жолдарын айтады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру
























1. Кіріспе әңгіме: - Наурыз парсы тілінде «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Ол шығыс халықтарының ортақ мейрамы, ұлыстың ұлы күні деп аталады. Ә.Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін оқу.

Күн менен түн теңелді. Жер шуаққа кенелді, Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы салтымыз: «Көгерсін!» - деп, халқымыз Көшеге, аулаға тал егеді.


2. Балаларға жылдың басы наурыз болып саналатынын, бұл кезде күн мен түннің теңелетінін, наурыз көктем мерекесі екенін, наурызда бүкіл табиғат оянатынын әңгімелеп беру.


3. Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй боп көрінер.


4. Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпесін ұмытып достасуға ұмтылады. Қазіргі кездегі экологиялық жағдайды ескере отырып, елімізде қоршаған ортаны көгалдандыруға үлкен көңіл бөледі, аулалар мен көшелерді тазалайды және оны дәстүрлі іске айналдырған. Сондай-ақ бүгінгі таңда наурыз мерекесін «Экологиялық мереке» деп атап жүр.


5. Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындатады.

а) Берілген суреттегі жақсы және жаман істерді ажыратып көр.

ә) Әр қыздың ұлттық киіміне сәйкес келетін кілем түрін көрсет.

Балалар өлеңді зейін қоя тыңдайды, түсінеді, көктем мерекесін сезінеді, қуанады.

Наурыз мерекесінің мағынасын ұғынады.

Табиғатқа қамқор болу үшін ағаш егу керектігін түсінеді.


Әліппе –дәптермен жұмыс жасайды.


Қорытындылау.

Сұрақ – жауап әдісі бойынша қорыту. Оқу іс-әрекеті барысында балаларды осы дәстүрлі істерді жалғастыруға, еңбек етуге, табиғатқа қамқор болуға жетелеу.

Табиғатқа, туған өлкеге қамқор болады.


Күтілетін нәтиже : наурыздың көктем мерекесі екенін, наурызда бүкіл табиғат оянып, тазалық жұмыстары жүргізілетінін ұғынады.

Білуі тиіс: наурыз жыл басы екенін білу.

Түсінігі: күн менен түннің теңелуін түсіну.

Көрсете білуі: наурызда ағаштар, көшеттер егіп, ауланы көгалдандыруға үлес қосады.



Бекітемін:


26 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері

Тақырыбы: Үй жануарлары мен үй құстары.

Мақсаты: 1. Үй жануарлары мен үй құстары және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету. 3. Еңбекқорлыққа баулу.

Сөздік жұмыс: қора, азық, т.б.

Қостілділік компонент: үй жануарлары – домашние животные, үй құстары – домашние птицы.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Шаттық шеңберіне тұрып, «Төлдер» әнін орындайды: Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың? 2.Кімді ата-аналары қандай төлдің атымен еркелетіп айтатынын сұрайды: «Боташым», «қошақаным», т.б. сөздермен еркелететінін әңгімелейді.

Әнді орындау барысында төлдердің қимылдарын келтіреді.

Ізденістер.

Ұйымдастыру





















1. Кіріспе әңгіме: - Төрт түлік мал-халқымыздың байлығы. Өйткені халқымыздың тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты. «Ат-ердің қанаты» деп айтатын дана халқымыз жылқыны қастерлеген. Жылқы – мінсең көлік, жесең ет. Сиыр-жесең ет, кисең киім, айран, сүті, қаймағынсыз қазақ баласы өспейді. Түйе малы-нағыз көлік, қымыран мен шұбаты дертке дауа. Қой шаруашылығы-Қазақстанның мал шаруашылығы-халқымыздың дәстүрлі ата кәсібі.

Осы төрт түлік халқымыздың ең басты байлықтарының бірі екенін білгеніміз жөн. Ал үй құстарына тауық, үйрек, қаз, күркетауық. Олардың адамға тигізер пайдасы мол. Мамығынан көрпе, жастық жасайды, етін, жұмыртқасын азық-түлік ретінде пайдаланамыз.


2. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1. Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай? 2. Үй жануарларының көктемгі тіршілігі туралы әңгімелеңдер. 3. Үй құстарын ата. 4. Малдың төлдерін атаңдар.


3. Дәперде бейнеленген жануарлардың ішінен үй жануарлары мен құстарын тапқызу. Мысалы: жылқы, сиыр, ит, үй қояны және әтеш.

Педагогтің әңгімесін тыңдайды. Үй жануарлары мен үй құстары туралы әңгімелейді.


Сұрақтарға жауап береді. Бір-бірінің жауаптарын толықтырады.


Үй жануарлары мен үй құсы: жылқы, сиыр, ит, үй қояны және әтешті тауып, оларды бояйды.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау

«Төлдерін тап» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог тақтаға сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкінің суреттерін іліп қояды. Педагог балаларды бір-бірден шақырып, қоржын ішінен суреттерді алғызады. Лақтың суретін алса, оны ешкінің жанына жапсырады.

Сурет арқылы малдың төлдерін табады.


Күтілетін нәтиже: төрт түлік мал мен үй құстарының пайдасы туралы түсініктерін жетілдіру.

Білуі тиіс: үй жануарлары мен үй құстарының келтірер пайдасын және оларды күтіп-баптауды білуі тиіс.

Түсінігі: үй жануарлары мен құстардың пайдасын білу.

Көрсете білуі: үйіндегі жануарлар мен құстарды күтіп-баптау.








Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Байқоңыр-ғарыш айлағы.

Мақсаты: 1. Байқоңыр жайлы түсіндіру.

2. «Ғарыш әткеншегі» ойынын ойнату арқылы. Күн жүйесіндегі ғаламшарлар туралы мағлұмат беру.

3. Балалардың ғылымға деген ынталарын ояту, білімпаз болуға баулу.

Сөздік жұмыс: айлақ, күн жүйесі, ғаламшар, т.б.

Қостілділік компонент: ғарыш – космос, айлағы – космодром, Байқоңыр – Байконур.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Шаттық шеңберіне тұрғызып, «Ғарыш әтккеншегі» ойынын ойнату.

Шарты: Ортада бір бала Күн болып тұрады. Қалған балалар күн жүйесіндегі ғаламшарлар, мысалы, Жер, Сатурн, Уран, Меркурий, т.б. болады. көңілді музыка әуенімен балалар «Күнді» айнала жүреді. Мысалы: Мен Жермін. Жерде тіршілік бар. Өйткені біздің ғаламшарда ауа бар. Күннен жылу мен жарық аламыз.

Ойын барысында ғаламшарлар туралы білетіндерін айтады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру






















1. Педагогтің түсіндіруі:

-Байқоңыр – ғарыш алаңы (айлағы). Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А.Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар зымырандар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А.Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994,1998ж.ж.) болып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.


2. Сөздік жұмысын жүргізу.

Айлақ-ғарышқа ұшуға арналған қолайлы алаң.

Ғарыш-аспан әлемі, космос.

Ғаламшар-Күнді айналатын,

Күннен жарық пен жылу алатын үлкен аспан денелері.

Күн-әлемге жарық, қызу беріп тұратын жұлдыз. Оның жүйесінде Жер, Марс, Меркурий сияқты ғаламшарлар бар.


3. Пікірталас өткізуге арналған сұрақ:

-Ғарышкер болу үшін қандай болу керек?

4. Дәптерлеріне зымыранның суретін салғызу.

Педагогті тыңдайды, сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.


Пікірлерін ортаға салады.


Зымыранның суретін салады.

Қорытындылау.


Сабақта алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы пысықтайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже: ғарыш айлағы және оның келтіретін пайдасы жөніндегі ұғым қалыптастыру.

Білуі тиіс: Байқоңырдан зымырандар ғарыш әлемін зерттеуге ұшырылатындығын білу.

Түсінігі: білімді, денсаулығы мықты адам ғана ғарышкер болатындығын білу. .

Көрсете білуі: ғарыш әлемі туралы ойын тиянақты жеткізе білу.






28 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Құстар-біздің досымыз.

Мақсаты: 1. Құстар және олардың көктемдегі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. Құстардың тіршілігінде болатын өзгерістерге мысалдар келтіре отырып түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.

3. Құстарға қамқорлық жасауға баулу және оларға қалай жағдай жасау керектігін үйрету.

Сөздік жұмыс: қарлығаш, тоқылдақ, балапан, торғай, қараторғай және т.б.

Қостілділік компонент: құстар – птицы, біз – мы, досымыз – друзья.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Шаттық шеңбері: Әрқашан аман болайық, Құстар әнін сайрасын.

Бейбітшілік болсын, Нанымыз көп болсын.

Жақсы

көңілмен амандасады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру






























1. Серуенге шығару. Оқу іс-әрекет алдында балалармен бірге балабақша ауласына мақсатты серуенге шығу. Серуенде балалардың назарын жыл мезгіліне көктемге байланысты табиғаттағы құбылыстарды, өзгерістерді байқауға аудару. Құстардың келуі және ұя салуы, балапан шығаруы. Құстардың дауысына және сыртқы құрылысына қарап ажыратуға үйрету.


2. С.Көбеевтің «Құстың ұясы» деген әңгімесін оқып беру.


3. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық.

Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.


4. Құстардың суреттерін көрсетіп, олардың түрлерімен таныстыруды жалғастыру. Құстардың немен қоректенетінін әңгімелеу. Олардың табиғатты қорғаудағы ролі туралы айтып өту. Құстар бау-бақшаны зиянды құрт-құмырсқадан тазартады. Осыған байланысты адамдар да құстарға қамқорлық жасайды. Құстарға ұя жасау, тамақтандыру, жем шашу, т.б.


5. Әліппе-дәптермен жұмыс: Құстар туралы мақалдарды оқып, мағынасын ашу: 1. Тырна көлге қонады, Ара гүлге қонады.

2. Қыран құс құз-қиянын сағалайды, Болар бала ізгі істі сағалайды.


6. Жұмбақ шешкізу: Көлдің көркі сәні екен, Ұшқанда сазды әні екен.

Ақындар оны мақтаған, Адамдар қорғап ақтаған. (Аққу)


7. «Бұл қандай құс?» дидактикалық ойыны. Мақсаты: ерекшеліктеріне қарай құстарды сипаттап айтуға үйрету және оларды ажырата білу. Мысалы: Аққу-мойыны ұзын, қауырсындары аппақ немесе қара құс. Ол - өте әдемі құс. Суда жүзеді.

Аулаға серуенге шығады.


Көктемнің ерекшеліктері мен табиғаттағы өзгерістерге назар аударады. Құстарды бақылап, ажыратып үйренеді.


Құстардың пайдасын түсінеді, ұғады.


Әліппе-дәптермен жұмыс жасайды.

Балалар мақалды қайталап, жұмбақтың шешуін табады.

Қорытындылау.


Оқу іс-әрекетті қорыту мақсатында сұрақтар қойылады:

1. Қандай құстар адамға жақын жүреді? 2. Құстар немен қоректенеді?

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже: құстар және оның табиғатқа келтіретін пайдасы жөніндегі ұғымының қалыптасуы.

Білуі тиіс: жыл құстарын ажырата білу.

Түсінігі: құстардың тіршілігі, немен қоректенетіні туралы түсінігі.

Көрсете білуі: құстарға қамқорлық жасап, оларды қорғау

Бекітемін:


29 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Қазақстан - ортақ үйіміз.

Мақсаты: 1. Тәуелсіз еліміз туралы білімдерін толықтыру.

2. Көп ұлтты республикамызда татулық, достық, орын алғандығын түсіндіру.

3. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ұлт, достық,тілек, т.б.

Қостілділік компонент: Қазақстан – ортақ үйіміз – Казакстан общий дом.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Шаттық шеңберін құру. Балалар дөңгелене тұрып, көздерін бір минуттай жұмып тұрады. Сонан соң көздерін ашып, бір-біріне қарама-қарсы тұрып, жылы лебіздер білдіреді.


Ізденістер.

Ұйымдастыру


















1. « Қай ұлт?» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог әр ұлт өкілдері бейнеленген сурет не фотоны көрсетеді, балалар оның қай ұлт өкілі, оны қалай білгенін айтады.


2. Педагогтің түсіндіруі:

- Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Мысалы: жергілікті ұлт – қазақ халқы және сонымен қатар орыс, корей, түрік, ұйғыр,т.б. Сондықтан Қазақстан Республикасын көпұлтты мемлекет дейміз. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. ҚР- ның мемлекеттік тілі – қазақ тілі.


3. С. Оспановтың «Тілейміз – бейбіт күн» деген өлеңін мәнерлеп оқиды. Мазмұнын түсіндіреді. Өлеңдегі «Дос құшағын елге ашқан» деген жолдың мағынасын түсіндіреді: - Қазақ халқы - бауырмал халық. Біздің елімізде тұрып жатқан орыс, корей, түрік, т.б. біздің жерімізге көшіп келген кезде, оларға байтақ жерімізден жер беріп, жылы құшақпен қарсы алған.

Балалар сурет бойынша Қазақстан Республика-сында тұратын ұлт өкілдері туралы әңгімелейді.


Қорытынды-лау.


Оқу іс-әрекетті қорыту мақсатында сұрақтар қойылады.


Балалар сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже : көпұлтты республикамыздың тыныс-тіршілігі туралы ұғымдарының қалыптасуы.


Білуі тиіс: әр ұлт өкілдерімен тату-тәтті қарым-қатынаста болу керектігін.

Түсінігі: достықты қадірлеу керектігі.

Көрсете білуі: әр уақытта айналасындағы адамдарды алаламай, сыйластық қарым-қатынаста болуы.













30 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Ер есімі – ел есінде.

Мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандық батырлар , олардың ерлігі туралы түсіндіру.

2. Егеменді Қазақстанның Ұлан әскері туралы түсіндіру. Еліміздің қарулы күштері туралы мағлұмат беру.

3. Еліміздің батыр ұлдары мен қыздарының ерліктерін дәріптеу арқылы бала санасына ерлік, батырлық ұғымдарын қалыптастыру.

Сөздік жұмыс: ұшақ, танк, кеме.

Қостілділік компонент: батыр – герой, ерлігі – героизм, егеменді – независимый.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Шаттық шеңбері: Күлімде, күн күлімде, Жер жасарып көгерсін.

Кешегіндей бүгін де, Қанат қақсын көгершін.

Өлең жолдарын қайталайды.

Ізденістер.

Ұйымдастыру
























1. Педагогтің түсіндіруі:

- Балалар, қазақ халқының Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бегелдинов, Нүркен Әбдіров сынды батыр ұлдары мен қыздары бар. Олар бізді жаудан қорғап, жерімізді жауға бермей алып қалды. Қазір олардың есімдерімен көптеген көшелер, мектептер, тағы басқа мәдени орындар аталады. Жылда 9 Мамыр «Жеңіс күні» деп аталып өтеді.


2. Қазақстанның Қарулы Күштері өте мықты. Оның құрамына ішкі әскерлер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі және басқа да әскерлері, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кіреді.


3. Сергіту сәті: Ақ көгершін, көгершін, Қол қанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін Кең дүниенің көлемін.


4. Әліппе - дәптермен жұмыс:

  1. Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіреді.

  2. Суреттегі батырлардың атын айтқызып, олар туралы әңгімелету.


Суреттегі батырларды атайды.









Өлең жолдарын қайталап, дене жаттығуын жасайды.


Өлеңді жаттап алады.

Қорытынды-лау.

Өзін-өзі бағалау.

Оқу іс-әрекетті қорыту мақсатында сұрақтар қойылады:

Ұлы Отан соғысының батырларын ата. Қандай көшелерді білесіңдер?

Өздері тұратын көшелердің атын атап береді.


Күтілетін нәтиже : Ұлы Отан соғысының батырларының аттарын есте сақтау.

Білуі тиіс: Отанды сүйіп, оны құрметтеуге тиіс.

Түсінігі: өздері болашақ Егеменді Қазақстанның азаматы болатынын түсіну.

Көрсете білуі: еліміз туралы ойын жеткізе білу, өлеңді жатқа айту.





Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері

Тақырыбы: Қазақстан қорықтары.

Мақсаты: 1. Қазақстан қорықтары және оның маңызы, орналасқан жері туралы балаларға түсінік беру.

2. Қорықтарда атқарылатын жұмыс түрлері, қамқорлыққа алынған жануарлар мен құстар жөнінде әңгімелеу.

3. Табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: қорық, қаскер және т.б.

Қостілділік компонент: Қазақстан қорықтары – Казакстанские запаведники.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Қуаныш шеңберін ұйымдастыру. Әдемі гүлді балалар бір-біріне күлімдеп беріп, жақсы тілектерін айтып, жылы сезімдерін білдіру.

Қуанып, күлімдеп амандасады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру


























1. Қорықтың не үшін қажет екенін түсіндіру. Сирек кездесетін хайуанаттар мен өсімдіктер түрлерін сақтап қалу үшін арнайы ұйымдастырылған орын – қорық деп аталады. Жануарлар мен құстардың суреттерін пайдалана отырып, олардың қорықтағы тіршілігі жөнінде әңгімелеу. Азайып бара жатқан аңдарды, құстарды қорғау, сақтау үшін ол жерде, ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қорықтар әрбір табиғи аймақтардың өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты көрсете алатын барлық табиғат байлықтарын қорғауға алған алқаптарды қамтиды. Қазақстанда осындай қорықтардың көптеген түрі бар олар: Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт және т.б. қорықтар.


2. «Қаскер» сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.

Қаскер- жануарларды рұқсатсыз қырып-жоятын адам.


3. Берілген суреттер бойынша балалар аң-құстардың түрлерін атап береді.


4. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық.

Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.


5. Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындату.

а) Сен тұратын жерде қандай қорық бар, әңгімелеп бер.

ә) Берілген сурет бойынша қорықта кездесетін аңдар мен құстардың, өсімдіктердің аттарын атау.

Балалар еліміздегі қорықтар жөнінде мағлұматтар алады.


Жойылып бара жатқан аңдарды, құстарды, өсімдіктерді суреттерге қарап әңгімелеп береді.


Өлең жолдарын айтып, дене жаттығуын жасайды.


Қорықтағы жануарларды атап көрсетеді.

Қорытынды-лау.

Өзін-өзі бағалау.

Сұрақ – жауап әдісі бойынша қорыту. Суреттерді көрсетіп алған білімдерін пысықтау мақсатында сұрақтар қою. Балалар құстарға, аңдарға қамқор болуға келіседі.



Күтілетін нәтиже : қорық туралы түсінгенін айтып, оны мекендейтін жануарларды атап білуі.

Білуі тиіс: жойылып бара жатқан аңдарды, өсімдіктерді, құстарды білу.

Түсінігі: қорықтардың қаншалықты пайдасы барын, мағынасын түсіну.

Көрсете білуі: табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін көрсету, қамқор болу.





Қорықтар тізімі.


Кестеде қорықтар құрылған уақытына сәйкес келтірілген.



Атауы

Құрылған жылы.

Көлемі, га

Орналасқан жері.


1

Ақсу- Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы.

1926

131 934

Оңтүстік Қазақстан облысы және Жамбыл облысы.


2

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы

1931

71 700

Алматы облысы


3

Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы

1931

191 381

Қостанай облысы


4

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы

1939

160 826

Қызылорда облысы

5

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

1968

543 171

Ақмола облысы және Қарағанды облысы

6

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы

1976

102 979

Шығыс Қазақстан облысы

7

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

1984

223 342

Маңғыстау облысы

8

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы

1992

86 122

Шығыс Қазақстан облысы

9

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы

1998

65 217,9

Алматы және Шығыс Қазақстан облысы

10

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы

2004

34 300

Оңтүстік Қазақстан облысы

















Бекітемін:

32 – ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері

Тақырыбы: Экологиялық соқпақ, су тасқындары

Мақсаты: 1. Балардың санасына экология деген түсінікті қалыптастыру.

2. Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау керектігін түсіндіру арқылы эстетикалық талғамдарын дамыту.

3. Табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу. Табиғаттағы тосын оқиғаларды айту.

Сөздік жұмыс: саяхат, соқпақтар, су тасқыны, жер сілкінісі, өрт, алғашқы көмек, шартты белгілер.

Қостілділік компонент: табиғат – природа, саяхат – экскурсия, белгілер – знаки.


Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Қуаныш шеңбері: Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса.

Өлең жолдарын айту

Ізденістер.

Ұйымдастыру

























1. Экологиялық соқпақ – дегеніміз арнайы таңдалған бағытпен табиғат аясында, табиғатты қорғауға байланысты ұйымдастырылған іс-шара.


2. Ә. Дүйсенбиевтің « Жорық жыры» өлеңі оқу:

Ауласында бақшаның Айналада – нұрлы өмір. Дала бүгін тым жақсы, Тым тамаша гүлді өңір. Көкте күліп күміс күн, Қуанышқа кенелдік. Әнге бөлеп жер бетін, Жорыққа біз жөнелдік.


  1. Балалармен қайыңның белгісі көрсетілген аялдамаға келу, қайыңды суреттеу. Одан кейін ескірген құлап жатқан ағашқа келу, оның қуысындағы көптеген жәндіктердің тіршілігін бақылау. Балалардың танымын одан әрі дамыту мақсатында экологиялық нысандарды өзгертіп отыру керек.

  2. Су тасқыны деп – жерді су басып қалуын айтамыз. Түрлі апаттық жағдайларды айта отырып оларға әр кез дайын болу керектігін қауіпсіз жерлерде қорғана білуді айта отырып балаларды сабырлылық сақтауға, бірлесе жұмыс жасауға үлкендердің айтқандарын орындауға тәрбиелеу.


4. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық

Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық.


5. Әліппе – дәптердегі тапсырмаларды орындатады.


6. «Саяхат» дидактикалық ойыны. Мақсаты: Таныс өсімдіктердің атауы бойынша соқпақты табу. Кейбір ағаштар мен бұтақтарды сыртқы көріністеріне қарап ажырату.

Өлеңді мұқият зейін қойып тыңдайды.


Балалар бағыт бойынша аялдамаларды аралап жүреді, кездескен табиғаттың бөлшектеріне түсіністікпен қарап, керек жерінде көмек көрсетеді.


Әліппе-дәптермен жұмыс жасайды.


Ойынға барлық бала белсене қатысады.

Қорытынды-лау.

Өзін-өзі бағалау.

Сұрақ – жауап әдісі бойынша қорыту. Балабақшада, мектепте экологиялық соқпақ ұйымдастыру. Ағаштар, гүлдер отырғызу, құмырсқаның илеуін қорғау, т.б.

Экологиялық соқпақтардың мақсатын түсінеді.


Күтілетін нәтиже : балалардың экологиялық соқпақтар туралы түсініктерін қалыптастыру.

Білуі тиіс: экологиялық саяхаттың мақсатын білу.

Түсінігі: табиғаттағы тосын оқиғалардың шартты н түсіну.

Көрсете білуі: дидактикалық ойындарда тасты, тауды, ағашарды апатты суреттерді көрсете білу.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қоршаған дүниемен таныстыру

Автор: Сабырбаева Лаура Жанасбекқызы

Дата: 22.04.2017

Номер свидетельства: 410905

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "Саба?: ?орша?ан д?ниемен таныстыру Та?ырыбы: Ер есімі – ел есінде "
    ["seo_title"] => string(72) "sabak-k-orshag-an-duniiemien-tanystyru-tak-yryby-ier-iesimi-iel-iesindie"
    ["file_id"] => string(6) "224229"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1438608006"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "?орша?ан д?ниемен таныстыру.  Та?ырыбы: Байланыс ??ралдары. "
    ["seo_title"] => string(63) "k-orshag-an-duniiemien-tanystyru-tak-yryby-bailanys-k-u-raldary"
    ["file_id"] => string(6) "153444"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421005041"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "Д?ниетану п?нінен ашы? саба?: "?орша?ан д?ниемен таныстыру""
    ["seo_title"] => string(64) "duniietanu-p-ninien-ashyk-sabak-k-orshag-an-duniiemien-tanystyru"
    ["file_id"] => string(6) "258296"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1448469158"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Мектепалды даярлы? сыныбына арнал?ан о?у іс - ?рекеті "
    ["seo_title"] => string(57) "miektiepaldy-daiarlyk-synybyna-arnalg-an-ok-u-is-riekieti"
    ["file_id"] => string(6) "159468"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421911262"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "«Нан дастарқанға қалай келеді»"
    ["seo_title"] => string(33) "nan_dastark_ang_a_k_alai_kieliedi"
    ["file_id"] => string(6) "393286"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487438970"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства