kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доклад "Пути развития словарного запаса дошкольников"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пути развития словарного запаса детей

Балаларды? с?здік ?орларын дамыту жолы

 

Балаба?шада?ы т?рбиелеу-о?ыту ж?мысында балаларды? тілін дамыту, с?здік ?орларын дамыту, ауызша с?йлеуге ?йрете отырып, ?йренген с?здерін к?нделікті ?мірде еркін ?олдану, ?рі оны к?нделікті іс-?рекет кезіндегі тілдік ?арым-?атынаста ?олдана білуге жатты?тыру ісіне ерекше м?н берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезе?дегі балалармен с?здік ж?мысын ж?ргізу ісі- тіл дамытуды? негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Біз балалармен с?здік ж?мысын ж?ргізе отырып, айналасында?ы заттармен таныстырып, атын атай білуге, ?асиеті мен сапасын, т?р-т?сін ж?не пішінін ажырата білуге, ?мірдегі, ?орша?ан ортада?ы т?рлі ??былыстар жайында?ы ??ым, т?сініктерін дамыта отырып, белсенді т?рде тілдік ?арым-?атынас жасай білуге ?йретеміз.

Мектеп жасына дейінгі балаларды? с?здік ?орларын дамыту ісінде т?рбиешіні?:

-балаларды? с?здік ?орларын дамыту;

- жа?а с?здерін ме?герту;

- ?йренген с?здерін тияна?тап, аны?тап, ?рі байытып отыру басты міндеті саналады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«доклад "Пути развития словарного запаса дошкольников" »

Пути развития словарного запаса детей

Балалардың сөздік қорларын дамыту жолы


Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

- жаңа сөздерін меңгерту;

- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндеті саналады.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысын тауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті- сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпылын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдығы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.

Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып, зейінін , қиялын дамытады.

Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым- қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауға және іріктеуде балалардың жас және ерекшелігін ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. «Қай ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз» т.б.

Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш?», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».

Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».

Сонымен қатар, балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу- тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.

Жалпы ойынды ұйымдастыру, ойынды өткізуге әзірлік, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттері бойына сіңіреді.




Тәрбиеші Қабақова Қ.А.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
доклад "Пути развития словарного запаса дошкольников"

Автор: Кабакова Карлыга Аманжоловна

Дата: 16.01.2015

Номер свидетельства: 156464

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Индивидуальная программа развития"
    ["seo_title"] => string(33) "individualnaiaproghrammarazvitiia"
    ["file_id"] => string(6) "291354"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455106150"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(207) "Доклад из опыта работы «Логоритмика как метод преодоления речевых нарушений у детей дошкольного возраста с ОНР»"
    ["seo_title"] => string(80) "doklad_iz_opyta_raboty_loghoritmika_kak_mietod_prieodolieniia_riechievykh_narush"
    ["file_id"] => string(6) "389916"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1486650032"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(297) "Доклад «Использование в образовательном процессе интерактивных игр и мультимедийных технологий в ДОУ и школе как средство повышение познавательного интереса» "
    ["seo_title"] => string(178) "doklad-ispol-zovaniie-v-obrazovatiel-nom-protsiessie-intieraktivnykh-ighr-i-mul-timiediinykh-tiekhnologhii-v-dou-i-shkolie-kak-sriedstvo-povyshieniie-poznavatiel-nogho-intieriesa"
    ["file_id"] => string(6) "221501"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1435332323"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства