Просмотр содержимого документа
«Берекелі алтын күз»
Қармақшы аудандық білім беру бөлімінің « № 273 орта мектебі »
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: « Берекелі алтын күз »
( 0«А» сыныбы )
Тәрбиеші: Калданова Амина
Байқоңыр қаласы 2019 ж.
« Бекітемін»
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:____________ А.Емешова
____________ З.Бакиева
Күні: 21.10.2019 жыл.
Өткізуге жауапты: Калданова Амина
Тобы: Мектепалды даярлық топ 0 «А»
Тақырыбы: «Берекелі Алтын күз »
Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Көрнекілігі:Сыныптың іші күз мерекесіне сай безендірілген.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар «Берекелі Алтын күз » атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Қарсы алайық бәріміз, Жасымыз бен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың жаршысы бола білді, Алтын күз-ырыс,береке ала келді.
Жүргізуші: Балалар, жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз
Жүргізуші: Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Үш ай бар.
Жүргізуші: Күз айлары қалай аталады?
Балалар: қыркүйек, қазан, қараша
Жүргізуші: Балалар күздің қандай ерекшеліктері болады?
Балалар: Күзде күн салқын болады. Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жаңбыр жауады.
Жүргізуші: Балалар неліктен күзді «Берекелі, мерекелі»- деп атаймыз?
Балалар: Себебі күзде жеміскөкөністер піседі, егін жинау болады.
Ойын: «Шар жару» шардағы жұмбақтарды шешу.
Мақсаты :Балалардың ойлау қабілетін дамытып шапшаңдыққа баулу.Біліктіліктерін арттыру.
1. Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін (Күз мезгілі)
2. Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (Жеміс)
3. Ашулы қонақ бұл анық,
Тонын шешсе жыладық (Пияз)
4. Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұнға да
Айналар нанға да. (Бидай)
5. Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
6. Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар. (Мақта)
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіндер ме ол кім?
Ал, балалар,балалар, Енді бері қараңдар Бізге қонақ келмекші Сендерді бір көрмекші Әуелі жұмбақ жасырам Қулығымды асырам. Таба алсаңдар шешімін Қонағымды ортаға шақырамын.
Балалар: Ол күз ханшайымы.
Жүргізуші: Ендеше күз ханшайымын ортаға шақырайық. (Күз ханшайымы ортаға билеп кіреді)
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым, Өмірге көп қосқаным, Күз сыйлығын алыңдар Сыйлығына қаныңдар. Молшылыққа кенеліп, Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
1. Қуандырып біздерді, Жансая
Кел жемісті алтын күз. Өлкемізге күз келді,
Кемелденсін халқымыз.
2. Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен Ақтан Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
3. Ақтарады мырза күз, Марьям
Уылжыған жемісті, Күзге бізде ризамыз,
Аянбаған ел үшін.
4. Көбейді құт береке, Асқат
Астық толы қамбамыз, Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
5. Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей, Аймейрім Желмен ұшып барады,
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер Жайнап гүлдей жүріңдер Күздің тойын тойлайық Би билейік, ойнайық.
Ән: « Күз тамаша» қабыл алыңыздар! Орындайтын хор
Күз ханшайымы: - Рахмет, балалар. Бүгінгі мерекеге өзімнің Қыркүйек, Қазан, Қараша атты ұлдарымды ертіп алып келдім. Ендігі кезекті ұлдарыма берейік.
Қыркүйек: Бір-біріне жер аспан, Нурзат
Мейіріммен қарасқан Ұстаз-шәкірт жүздескен,
Қош келіпсіз күз дескен
Қазан: Қазан айы болыпты, қамбаға астық толыпты Нурали Сары даланы сәндетіп, думандатып әндетіп Жаңбырлы ғажап айы, бұл мен қазан айы.
Қараша: Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық Улан Қараша өрледі, қараша ән салып Күн суытып барады, малдар қолға қарады Қараша ауыл даламыз, қысқа дайын боламыз.
Жүргізуші: Кездескен соң күзімен, Бұтағынан үзілді. Ай жапырақ-сары алтын Айналаның бәрі алтын.
Жүргізуші: Әсем әуен салдырған Сәбилер де алғыр жан Бал дәуреннің қызығын Есте қалар балдырған.
Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін, Мақтанбақшы сіздерге, жемістер, көкөністер сан түрлі. (Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтарын оқиды.)
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар керемет ойын ойнағылары келіп тұр,
«Дәмін татып ,жемістің атын тап» ойынын ойнағылары келіп тұр. Күз ханшайымы: Ой , қандай керемет... Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыздар. Ойын «Дәмін ажырат»
Ойын шарты: ортаға музыка әуенімен 6 бала шығады. Көздерін қолорамал арқылы байлап,кесіліп қойылған дайын әртүрлі жемістерден ауыз тиғізеді.Дәмін айырып,жемісті атау керек .
Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
Жүргізуші: Ортада бір топ бүлдіршіндерімізді Күзгі сұлу жапырақтар» биімен қошеметпен қарсы алайық.
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар керемет ойын ойнағылары келіп тұр. Далада жаңбыр жауып , соған орай қолшатыр ойынын ойнағысы келіп тұр. Күз ханшайымы: Ой , қандай керемет... Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыздар. Ойын «Қолшатыр»
Ойын шарты: ортаға музыка әуенімен 5 бала шығады. Әуен тоқтағанда қолшатыр алып үлгірмеген бала ойыннан шығады. Ойын әрі қарай жалғасын табады. Жүргізуші: --Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Күз ханшайымы, біздің балалар қандай епті,жылдам.
Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз, аналарымен бірге дайындаған күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2019» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балаларға баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын! Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты,. Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. «Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.»