kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баланың танымдық дамуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бақшадағы психолог маманына көмек

Баланың танымдық дамуы туралы материалдар жинақталған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баланың танымдық дамуы»

Кіші және орта топ балаларының таным процесінің көрсеткіші / қайталап тексеру.

«Бұл не? Ойлан тап» Қабылдауды диагностикалау әдісі


Бұл әдістемеде балаға белгілі бір суреттің бөлшектері, өзара байланысты кесінділер көрсетіледі. Бөлшектер арқылы сол бүтінді анықтау қажет, яғни осы бөлшектер арқылы суретті ойша көз алдында елестетеу керек.

Осы әдістеме бойынша психодиагностикалық тексеріс былайша жүргізіледі. Балаға «а» бөлігінен басқалары қағаз бетімен жабылған 1 сурет көрсетіледі. Балаға осы бөлігіне қарап, бейнеленген бөлшекті жалпы қандай заттың суретіне жатқызуға болатынын айту ұсынылады. Бұл міндетті шешуге 10 секунд беріледі. Егерде осы уақыт ішінде бала дұрыс жауап бере алмаса, онда тура сондай уақытқа 10 сек., оған келесі анағұрлым толығырақ нұсқадағы «б» суреті көрсетіледі. Бала суретте не бейнеленгенін тапқанша жұмыс осылайша жүргізіле береді. Бала соңғы шешімге келгенге дейінгі қарап шыққан суреттегі бөлшектер саны мен жалпы міндетті шешу үшін жіберген уақыты есептелінеді.

Нәтижелерде бағалау:

10 балл – бала 10 сек. Аз уақыт ішінде «а» суретіндегі үзінді бойынша, жалпы суретте ит бейнеленгенін дұрыс анықтады.

8-9 балл – бала 11-20 сек. уақыт жұмсап, «б» суретіндегі жекелеген бөліктер бойынша осы суретте ит бейнеленгенін тапты.

4-6 балл – бала міндетті шешу үшін 21- ден 30 сек. дейін уақыт жұмсап, тек «в» суретіндегі дене бөлігі бойынша ит бейнелегенін анықтады.

2-3 балл – бала 30-дан 40 сек. уақыт жұмсап, тек «г» дене бөлігі бойынша, суретте, ит бейнеленгенін тапты.

0-1 балл – бала 40 сек. артық жұмсап, барлық үш «а», «б», және «в» бөлікті көріп, суретте қандай жануардың бейнеленгенін анықтай алмады.

Даму деңгейі туралы қорытынды:

10 балл – өте жоғары

8-9 балл – жоғары

4-7 балл - орташа

2-3 балл – төмен

0-1 балл – өте төмен.


Зейінді анықтайтын әдістеме

Әдістеме: «Белгілерді орналастыру».

Мақсаты: Бұл әдістемедегі тапсырма баланың зейінінің ауысуы және бөлінуін бағалауға арналған.

Қажетті құралдар: геометриялық фигуралар беунеленген іс-қағаздар және жәй қалам немесе қаламсап.

Орындалуы: Тапсырманы орындау алдындабалаға суретті көрсетіп, онымен қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді. Бұл жұмыстың негізі мынада: әрбір төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер және ромбтарға үлгінің жоғары бөлігінде белгіленген белгілерді қою қажет, яғни, сәйкесінше қанат белгісін, сызық, плюс және нүкте. Оқушы бұл тапсырманы 2 минут ішінде орындай отырып, үздіксіз жұмыс істейді, ал зейіннің ауысуы мен бөлінуінің жалпы көрсеткіші мына формуламен анықталады:

Мұндапғы, S – зейіннің ауысуы және бөлінуін көрсетеді. N – 2 мин ішінде қарап шыққан және бөлгіленген геометриялық фигуралар саны, n – тапсырманы орындау барысында жіберілген қате саны. Дұрыс емес қойылған және белгіленбей тастап кеткен фигуралар қате болып табылады.

Нәтижені бағалау:

10 – S көрсеткіші 1,00 ден жоғары

8-9 ұпай – S көрсеткіші 0,75 тен 1,00 арасында орналасқан

7-8 ұпай – S көрсеткіші 0,50 ден 0,75 арасында орналасқан

6-7 ұпай - S көрсеткіші 0,25 тен 0,50 арасында орналасқан

4-5 ұпай - S көрсеткіші 0,00 ден 0,25 арасында орналасқан

0-2 балл – 0,00 – ден 0,25 шекарасында орналасқан

Даму деңгейінің нәтижесі

10 балл – өте жоғары 8-9 балл – жоғары 6-7 балл – орташа 4-5 балл – төмен 0-3 балл – өте төмен















































«Есте сақта және нүктені орналастыр»

Сурет бар

Мақсаты: Берілген әдістеме көмегімен баланың есте сақтау көлемі бағаланады. Қажеттіқұралдар: суретті бейнелер, ынталандыру материалы қолданылады.

Жүргізілуі: Нүкте салынған қағазды адын-ала кішкентай етіп сегіз төртбұрышқа бөлеміз, содан соң оларды қатар-қатар орналастырамыз, ескеретін жағдай, жоғары жағында екі нүктесі бар төртбұрыш орналасуы, ал төменгі жағында тоғыз нүктесі бар төртбұрыш орналасуы керек.

Нұсқау: «Қазір біз бір ойын ойнаймыз. Нүкте салынған нүктелердің бірінен – соң бірі көрсетіледі. Кестедегі нүктелерді дәл сол көрсетілген орнына бос клеткаларға белгілейміз».

Балаға әрі қарай жүйелі түрде 1-2 секундта 8 кестенің әрқайсысын жеке көрсетіледі, онда кестені кезекпен жоғары көтеріп, қайтадан төмен түсіріледі. Бала әр кестені көргеннен кейін сол нүктелерді есінде сақтап, келесі бос кестеге түсіруі керек. Орындауға 15 секунд беріледі.


Қорытынды баға

Баланың есте сақтау көлемі нүкте санының жоғарғы дұрыс санымен есептеледі, (ең көп нүкте саны бар және қатесіз еске түсірген кестесі таңдап алынады). Эксперименттің қорытындысы ұпайлық жүйемен бағаланады.

Тапсырма

Бала 6 және одан да көп нүктені еске түсірсе

10

Бала 6 және одан да аз нүктені еске түсірсе

8-9

Бала 4 және одан да аз нүктені еске түсірсе

6-7

Бала 3 және одан да аз нүктені еске түсірсе

4-5

Бала 1 нүктені еске түсірсе

0-3


Даму деңгейінің нәтижесі

10 балл – өте жоғары

8-9 балл – жоғары

6-7 балл - орташа

4-5 балл – төмен

0-3 – балл – өте төмен




Ойлауды анықтайтын әдістер

«Артығын тап»

Мақсаты: Баланың бейнелі – логикалық ойлау процесін, жалпылау мен талдау, яғни ақыл-ой операцияларын зерттеуге арналады. Әдістемеде балаларға әртүрлі заттар бейнеленген суреттер сериясы ұсынылады

Нұсқау: Әр суретте бейнеленген төрт заттың біреуі артық Суретке мұқият қарап, қай зат және неліктен артық екенін анықта.

Тапсырманы орындауға 3 минут беріледі.

Қорытын бағалау

10 ұпай бала тапсырманы1 минуттан аз уақытқа орындайды, барлық суреттердегі артық заттарды таба алады және себебін түсіндіреді.

8-9 ұпай бала тапсырманы1-1,5 минутқа дейінгі ууақытта орындайды.

6-7 ұпай бала тапсырманы 1,5-тан 2,0 минутқа дейінгі уақытта шешеді.

4-5 ұпай бала тапсырманы 2,5-3 минутқа дейінгі уақытта шешеді.

2-3 ұпай бала тапсырманы 2,5-3 минутқа дейінгі уақытта шешеді.

    1. ұпай бала 3 минут аралығында тапсырманы шеше алады.

Даму деңгейі бойынша қорытынды

10 ұпай – өте жоғары

8-9 ұпай – жоғары

4-7 ұпай – орташа

2-3 ұпай – төмен

0-1 ұпай – өте төмен



Кімге қандай зат жетіспейді?

3-тен 4-ке дейінгі балалардың ойлауын – психодиагностикалау үшін арналған.

Мақсаты: Баланың ойлау процесін анықтау.

Нұсқау: Осы әдістемеге енгізілген тапсырманы орындамас бұрын, балаларға сурет көрсетіледі, оның сол жағында біреуіне бір нәрсе жетіспей тұрғаны белгіленген. Оларға жетіспей тұрған нәрселер осы суреттің төменгі жағында, бөлек бейнеленген. Балаларға берілген тапсырманың мәні мынада: неғұрлым аз уақытта тиісті суретті атап, оларға жетіспей тұрған заттарды көрсету.


Нәтижелерді бағалау:

10 ұпай – тапсырманы орындау уақыты 30 секундтан аз болып шықты.

8-9 ұпай – тапсырманы орындау уақыты 31-49 секунд аралығында орындады.

6-7 ұпай – тапсырманы орындауға жұмсалған уақыт 50-69 секунд аралығында болды.

4-5 ұпай – тапсырманы орындау үшін 70-89 секунд уақыт жұмсалды.

2-3 ұпай – тапсырманы орындау уақыты 90-109 секунд аралығында өтті.

0-1 ұпай- тапсырманы орындау үшін 110 секунд және одан да көп уақыт кетті.

Даму туралы қорытынды:

10 ұпай – өте жоғары

8-9 ұпай – жоғары

4-7 ұпай – орташа

2-3 ұпай – төмен

0-1 ұпай – өте төмен


Сөйлеуді диагностикалау әдісі

«Сурет бойынша әңгіме құрастыр»

Бұл әдістеме баланың белсенді сөздік қорын анықтауға арналған. Егер оның жасы 3-тен 4-ке дейін болса, онда балаға 20 және 21 сур ұсынылған суреттер жинағы көрсетіледі. Егер баланың жасы 4-тен 5-ке дейін болса, онда оған 22 және 23 сур. бейнеленген суреттерді береміз. Балаға осы суреттерді мұқият қарап шығу үшін 2 мин уақыт беріледі. Егерде бала суретке зер салып қарамаса немесе онда не бейнеленгенін түсінбесе, онда зерттеуші оның зейінін суретке арнайы бағыттайды және түсіндіреді.


«Сурет бойынша әңгіме құрастыр» әдістемесі бойынша зерттеу нәтижелерінің хаттамасының үлгісі

Р/с

Зерттеу барысында жазып алынған сөз таптары

Қолдану жиілігі

1

Зат есімдер


2

Етістіктер


3

Сын есімнің жай шырайы


4

Сын есімнің салыстырмалы шырайы


5

Сын есімнің күшейткіш шырайы


6

Үстеулер


7

Есімдіктер


8

Жалғаулар


9

Жұрнақтар


10

Құрмалас сөйлемдер және олардың құрылысы



20 21



22 23


Нәтижелерді бағалау.

10 балл –кестеге енгізілген сөз таптарының бүкіл 10-ы баланың сөзінде кездеседі.

8-9 балл - баланың сөзінде кестеге енгізілген сөз таптарының 8-9 –ы кездессе.

6-7 балл – баланың сөзінде кестеге енгізілген сөз таптарының 6-7 ғана кездессе.

4-5 балл – баланың сөзінде кестеге енгізілген сөз таптарының 4-5 ғана кездессе.

2-3 балл – баланың сөзінде кестеге енгізілген сөз таптарының 2-3 сөз таптары кездессе.

0-1 балл – баланың сөзінде кестедегі сөз таптарының біреуі ғана кездессе.

Даму деңгейі туралы қорытынды

10 балл – өте жоғары

8-9 балл – жоғары

6-7 балл – орташа

4-5 балл – орташа

2-3 балл – төмен

0-1 балл – өте төмен















Қиялды анықтайтын әдістер

«Өз ойыңнан сурет сал»

Балаға бір парақ қағаз, фломастерлер беріліп, өз ойыңнан ерекше бір нәрсенің суретін салу ұсынылады. Тапсырманы орындауға 4 мин. уақыт беріледі. Салынған суреттің сапасы төмендегі белгілер бойынша бағаланады. Бағалау негізінде баланың қиял үрдісінің даму ерекшілігі туралы қорытынды жасалды.

Нәтижелерді бағалау

Баланың суретін бағалау төмендегі белгілер бойынша балмен есептелінеді:

10 балл – бала берілген уақыт ішінде соны, ғажайып, нәрсе салды, оның өзі сирек кездесетін, бай қиялдың бар екендігін дәлелдейді. Сурет көрермендерге үлкен әсер етеді, ондағы бейнелер мен бөлшектер мұқият талданған болса.

8-9 балл – бала белгілі дәрежеде соны, қиялмен, эмоционалды және көркем нәрсе ойлап тауып соның суретін салған. Алайда, бейнелегенді мүлдем жаңа деп санауға болмайды. Суреттің бөлшектері жаман емес, өз ойын жеткізген болса.

5-7 балл – баланың ойынан шығарған суретін толықтай жаңа деп есептеуге болмайды, дегенмен шығармашылық қиялдың элементтері бар, көрермендерге белгілі дәрежеде эмоционалды әсер етеді. Суреттің бейнелері мен бөлшектері орташа анықталған болса.

3-4 балл – бала өте қарапайым да елеусіз нәрсенің суретін салған және де қиялы жұпыны, бөлшектері онша жақсы анықталмаған, анық емес болса.

0-2 балл – берілген уақыт ішінде бала ешнәрсе ойластыра алмай, тек бөлек сызықтар ғана салған болса.

Даму деңгейінің нәтижелері

10 балл – өте жоғары

8-9 балл – жоғары

5-7 балл – орташа

3-4 балл – төмен

0- 2 балл – өте төмен




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Баланың танымдық дамуы

Автор: Абеуова Айгерим Кусмановна

Дата: 22.05.2018

Номер свидетельства: 470556

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Баланың танымдық дамуы"
    ["seo_title"] => string(24) "balanyn_tanymdyk_damuy_1"
    ["file_id"] => string(6) "470555"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1526967987"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) ""Дамуы тежелген балаларды арнал?ан ойын элементтері" ма?ала"
    ["seo_title"] => string(59) "damuytiezhielghienbalalardyarnalganoiyneliemienttierimakala"
    ["file_id"] => string(6) "304182"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457679536"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(164) "Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық дамуы мен балаланың іс-әрекетінің түрлері."
    ["seo_title"] => string(80) "mumkindighi_shiektieuli_balalardyn_psikhologhiialyk_damuy_mien_balalanyn_is_riek"
    ["file_id"] => string(6) "444460"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513313023"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Ойын ар?ылы баланы? танымды? ?абілеттерін дамыту"
    ["seo_title"] => string(45) "oiynarkylybalanyntanymdykkabiliettierindamytu"
    ["file_id"] => string(6) "297511"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456210469"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "Балаба?шада серуенді ?йымдастыру ж?не ба?ылау"
    ["seo_title"] => string(53) "balabak-shada-sieruiendi-u-iymdastyru-zh-nie-bak-ylau"
    ["file_id"] => string(6) "338972"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1470821990"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства