Бірлік қайда болса, Ерлік сонда. Еркіндік қайда болса, Елдік сонда.
Жығылған күреске тоймайды.
Қамысты бос ұстасаң, Қолыңды кеседі. Қасыңды бос ұстасаң, Төбеңді теседі.
Көз қорқақ, қол батыр.
Күшті болсаң – нәпсіңді тый.
Шындық – қамал бұзар.
Қырық жыл кырңын болса да, Ажалды өледі.
Үйренген жау атыспаққа жақсы.
Сақтықта қорлық жоқ, Сәлемде зорлық жоқ.
Бұқа болар бұзау, Биттейінен белгілі. Батыр болатын бала, Титтейінен белгілі.
Ер айтса – ел айтқаны, Елдің қамын жеп айтқаны.
Елуінде ер – дана, Елу жылда ел жаңа.
Ат басына күн туса, Айыл, тұрман садаға; Ер басына күн туса, Бастан құлақ садаға.
Арманымен – ер сұлу, Орманымен жер сұлу.
Өзін өзі білген ер бақытты. Өзін өзі билеген ел бақытты.
Ел іші – алтын бесік.
Ел құлағы – елу.
Қырықтың бірі - қыдыр.
Бүлінген елден, Бүлдіргі алма.
Тау мен тасты су бұзар, Ер арасын қу бұзар.
Ел болатын жігіттер, Ел намысын жыртады, Ел болмайтын жігіттер, Елін ұрлап кұртады.
Балық іздесең, көлге бар, Береке іздесең, елге бар.
Ел - жұртыңның кадірін Іс түскенде білерсің. Сары тонның кәдірін Кыс түскенде білерсің.
Өсер елдің баласы Қозысын күтіп қой қылар. Өспес елдің баласы Қозысын сойып, той қылар.
Көпті жамандаған – Көмусіз қалар.
Өзім білем жігіттің Басына ойран салғаны; Көп біледі деген жігіттің; Басына қорған салғаны.
Ақылсыз адам айқай келеді, Жан - жағын жайпай келеді. Ақылды адам жай - жай келеді, Жан жағын байқай келеді.
Сұлу сұлу емес, Сүйген сұлу.
Болар адам – он бесінде бас болар, Болмас адам – қырық бесінде жас болар.
Жаман итті еркелетсең, Аузыңды жалар. Жаман адамды еркелетсең, Жаныңды алар.
Ағаш тамырымен мықты. Адам дос - жарымен мықты. Жолдасы жоқ жігіттің – Олжасы жоқ. Жаман жолдастан, Жақсы дұшпан артық. Ас адамның - арқауы. Бауыр шырын, бас тәтті, Ағайынмен ішкен ас тәтті. Пышағы бар, сүйгенін жер, Пышағы жоқ, тигенін жер. Тарта жесең, тай қалар, Қоя жесең, қой қалар, Коймай жесең, не қалар?! Жазым болса, быламыққа тіс сынар. Кыдырып жеген жанбастан, Шақырулы жеген жауырын артық. Өле жегенше, Ағайынмен бөле же. Аз қайғыны ас басады, Көп қайғыны дос басады.
Жылқының етін жесең, Тісіңе кіреді, Жемесең түсіңе кіреді.
Аз ғана асым, Даусыз басым.
Денің сау болса, Жарлымын деме. Жолдасың көп болса, Жалғызбын деме.
Тұр - тұрдан хабар келсе, Ұйқыдан маза кетеді.
Кісінің кісілігі, Киімінде емес, Білімінде.
Айла алтау, Ақыл жетеу. Айла мен ақыл қосылса, Алдырмайтын екеу.
Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер.
Итке төсек не керек, Естіге өсек не керек.
Киіміне қарап, қарсы алады, Біліміне қарап, шығарып салады.
Ақылды өзінен көреді, Ақылсыз ағайыннан көреді.
Ақымақ ішкен - жегенін айтады, Ақылды көрген - білгенін айтады.
Ер жігіттің өлгені – Ессіз болса алғаны. Әділ бидің өлгені – Сөзінің болса жалғаны.
Еңбегі жоқ ғалым – Ыстығы жоқ жалын. Білім гауһар – Бағасы жоқ. Надандық кесел – Дауасы жоқ.
Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады.
Күш - білімде, Білім – кітапта.
Қарғыстың ен жаманы: Өзің білме, Білгеннің тілін алма.
Түстік өмірің болса, Кештік білім жый.
Білмесең үндеме, Білгенді күндеме.
Ақылы жоқтың – арманы жоқ.
Өнер алды – қызыл тіл.
Тіл тас жарады, Тас жармаса, Бас жарады. Басқа пәле тілден.