Баяндама: «Балабақша мен мектептегі білім беру, тәрбиенің үздіксіздігі және сабақтастығы»
Баяндама: «Балабақша мен мектептегі білім беру, тәрбиенің үздіксіздігі және сабақтастығы»
Еліміздің егемендік алып, дербес даму жолына түсуі қоғам өмірінің барлық салаларында елеулі өзгерістер туғызып жатқаны мәлім. Қазіргі таңда ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ерекше көңіл аудара отырып, сапалы білім беру талаптары қойылып отыр. Оның ішінде мектепке сапалы білім алуы мектепалды дайындығына және балабақшамен бастауыш мектептің сабақтастығымен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі және бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері арасындағы сабақтастық сақталмай отырған жағдайлар байқалады.
2000 жылдан бастап отбасы, балабақша, мектеп жағдайындағы балаларды мектепалды дайындаудың бағдарламалары мен оқу құралдары дайындалды. Бірақ, тәжірибеде көптеген оқулықтар байқалып, мектепке дейінгі білім беруде қисынсыз пәндік оқулардың енгізілуі, балалардың мектепте оқуына қиындық туғызып отырды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баяндама: «Балабақша мен мектептегі білім беру, тәрбиенің үздіксіздігі және сабақтастығы»»
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Дайындаған: Текешева МЕйрамгүл
«Балабақша мен мектептегі білім беру,
тәрбиенің үздіксіздігі және сабақтастығы»
Еліміздің егемендік алып, дербес даму жолына түсуі қоғам өмірінің барлық салаларында елеулі өзгерістер туғызып жатқаны мәлім. Қазіргі таңда ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ерекше көңіл аудара отырып, сапалы білім беру талаптары қойылып отыр. Оның ішінде мектепке сапалы білім алуы мектепалды дайындығына және балабақшамен бастауыш мектептің сабақтастығымен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі және бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері арасындағы сабақтастық сақталмай отырған жағдайлар байқалады.
2000 жылдан бастап отбасы, балабақша, мектеп жағдайындағы балаларды мектепалды дайындаудың бағдарламалары мен оқу құралдары дайындалды. Бірақ, тәжірибеде көптеген оқулықтар байқалып, мектепке дейінгі білім беруде қисынсыз пәндік оқулардың енгізілуі, балалардың мектепте оқуына қиындық туғызып отырды.
Бірінші сыныптың оқу бағдарламаларының қайталауы бұл болашақ оқушының сапалы қасиеттерін дамытумен жаңа әрекет түрін қалыптастыруда сабақтастық бола алмайды, тек қазақ тілін, ана тілін, дүние тану, математика пәндерін оқуға дайындығы болып саналады. Оқыту мазмұны мен әдістерін таңдауда педагогикалық мақсатқа сәйкес келмейтін, бала дамуының әр кезеңдегі өзіндік құндылығы жас ерекшелігі мен мүмкіндігі ескерілмеген. Сол тәрізді баланы мектепке дайындау бірінші сынып бағдарламасын ерте үйретілумен шектеліп, мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш, мектеп арасындағы сабақтастық болашақ мектеп оқушысының сапаларының дамуымен, жаңа әрекет түрінің алғы шарттарының қалыптасуымен емес, оқу пәндерінен алған білім дағдыларымен /әріп тану, жазу, санау/ өлшеніп келеді. Бұл көрсеткіштер балада механикалық түрде қалыптасуы мүмкін.
Мектептегі баланың оқудағы қиындығын оның жасынан іздемеу керек, оның дене, психологиялық, әлеуметтік дайындығының дұрыс бағытта жүргізілмегендігінен іздеуіміз керек.
Кулагина Л.Ю. «Возрастная психология» атты еңбегінде дағдарыс баланың алты не жеті жасқа келгенде емес, кейбір балаларда алты жасында өтсе, екінші бірінде мектепке келген соң сегіз жасында өтуі мүмкін және көпшілік балаларда мектептегі оқытудың әсерінен барып көріне бастайды. Себебі, бала жаңа әлеуметтік жағдайға түсіп, бұрыңғы ойынға байланысты құндылықтарынан айрылады. Ұзақ қызығып ойнайтын бала бірте-бірте ойыннан алшақтай бастайды. Өмірінің негізі ойын емес екендігін көпке дейін түсіне алмайды. Сонымен алты жастағы баланың ішкі дүниесі сыртқы дүниемен сәйкес келмеуі жеті жастағы дағдарысқа әкеліп соқтыруы мүмкін. Бүгінгі тәжірибе көрсетіп отырғандай алты жастағы бала қыркүйек айында сондай мақтанышпен мектепке келгеннен кейін, қазан айында мектептен қатты көңілі қалады. Егер балабақшада мектепалды дайындалуда бала өз еркімен өте алмаса, жеті жаста мектептегі оқу әрекетінің негізінде пайда болады. Сондықтан баланы мектепке алты жасында да, жеті жасында да дайын болуы мүмкін, тек екі буын арасындағы сабақтастық сақталған жағдайда ғана. Мектепалды дайындаудың мақсаты: оқу әрекетін игертуде білуге құштарлық, ынталылық, дербестік, шығармашылық, қиялы кең, еркіндік жеке тұлғалық сапаларды меңгерулері қажет.
Қазіргі кезде бағдарламалар мен оқулықтар мазмұнында негізгі мәселе мектепке дейінгі балалардың психологиялық даму заңдылықтарын, психикалық қызметтерінің сензитивтік қалыптасуын, ойыннан алшақтап, жетекші әрекетінің рөлін елемеу байқалады. Балалардың дене дамуы мен денсаулығын сақтау мен қорғауға мән бермеу тереңдеп отыр. Сондықтан, үздіксіз білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбилеудің мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері, құралдары, ұйымдастыру формалары арасында байланыс, үндестік жағдай болған жағдайда ғана бала дамуын қамтамасыз етеді. Жоғарыдағы байқалып отырған кемшіліктерге орай мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектептің арасындағысабақтастықтың мақсаты: баланың дене және психологиялық дамуының үйлесімділігін, жеке даралығын сақтау, өзгерген әлеуметтік жағдайға бейімделуін, қоршаған орта мен белсенді араласуына дайындығын қамтамасыз ету.
Мектепке дейінгі және бастауыш сыныпта білім берудің сабақтастығы
Мектепке дейінгі білім беру
Бастауыш білім беру
Мақсаты
Денсаулығын сақтау және нығайту, дене және қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін дамыту, өзіне-өзінің сенімін және коммуникативтік қабілетін дамыту, эмоционалдық жағдай жасау және бастауыш мектепке дайындау.
Баланың дене мәдениетін, танымдық дамуы және әлеуметтендіру, қоршаған ортамен әрекетінің түрлі жолдарын меңгерту, оқу әрекетін қалыптастыру және білім берудің келесі сатысына дайындау.
Педагогикалық шарттар
Педагогтардың баламен жеке тұлғалық бағдарлану әрекет, бала дамуындағы негізгі фактор ретінде ойын әрекетін қалыптастыру, жеке тұлғалық және танымдық дамуын қамтамасыз ететін білім ордасын құру.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың қол жеткен деңгейіне сүйену, оқу біліктілігін қалыптастыратындай оқыту үрдісін бағыттап жүргізу, оза оқыған және даму қарқыны төмен оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу.
Оқу-тәрбие мазмұны сабақтастығы
Дене, танымдық, әлеуметтік-жеке тұлғалық, көркемдік-эстетикалық дамуы
Дене, танымдық, әлеуметтік-жеке тұлғалық, көркемдік-эстетикалық дамуы
Еліміздегі ақпарат ағымының қарқынында ғылым мен техниканың өркендеу кезеңіндегі өмірге келген баланың даму, өсу, қалыптасу жолы өзгеше. Өйткені, әр баланың қалыптасуы жасына ғана емес, көбінесе жеке дамуына тікелей байланысты. Сондықтан, бүгінгі күні әрбір ата-ана баласының жылдам білім алып, еретерек есеюін армандайды. Баланың сауатын ашып, ерте жастан өз бетімен оқып кетуіне жағдай жасауды көздейді. Оның көрінісі балабақшадағы тәрбие оқытумен ұштастырылып, соңғы уақытта өзекті мәселеге айналып бара жатқан сауат ашу процесінің жаппай қарқын алуынан байқалады. Бірақ, мектепке дейінгі білім беру кезеңіндегі сауат ашу процесі мектептің бастауыш сатысындағы сауат ашу процесінен өзгеше ұйымдастырылуы тиіс. Баланың әріпті тануы, жазуы игеруі мектеп қабырғасында арнайы даярланған бастуыш сынып мұғалімдерінің басшылығымен жүзеге асатын процесс.
Ал, балабақшадағы оқыту процесі баланың оқуға, жазуға дайындық әрекеттерін қалыптастыруды көздейді. Ол өзіміз білетін: саусақ еттерін шынықтыратын түрлі сызықтар, фигуралар сызуға, тілін сындыратын түрлі жаңылтпаш, өлең-тақпақтар жаттауға, ойын жүйелі жеткізуге дағдыландыратын түрлі тақырыптағы ертегілер мен әңгімелер тыңдату, айтып беруге, қиялын дамытып, ойындағысын қағаз бетіне сипаттауға, сурет салуға т.б. баулу.
Алты жасар балаларды оқыту – білім беру жүйесіндегі ең жауапты кезең. Ш.А. Амоношвили айтқандай, алты жасарларды бірінші оқу жылында оқушы деп толық есептеуге болмайды. Олар, ойын әрекетінен оқу әрекетіне түрлі қиындықпен өтіп, енді ғана қалыптасып келе жатқан оқушылар. Алты жасарлаға тән ерекшеліктер:
зейіні тұрақсыз болғанымен, қабылдауы қарқынды келеді;
танымдық қабілеті жоғары, құштарлығы басым;
түрлі әрекетке қатысуға белсенді.
Балалардың мектепке дайындығының маңызды көрсеткіші, мектепалды даярлықтың бағыт-бағдары ауысып, бес жастағы баланы мектепке даярлау ісі қолға алынып жатқан кезеңде, баланы жете зерттеудің жаңа әдістемесін әзірлеу қажеттігі туындап отыр. Бес жасар балалардың мектепалды даярлықпен толық қамтылмайтын жағдайды ескеретін болсақ, мектепке ешқандай даярлықсыз келетін балалар ерекше назар аударуды қажет етеді. Балаларды мектепке даярлау кезінде назардан тыс қалатын жағдайлар мыналар:
баланың дене бітімімен бірге саусақ сүйектерінің даму мен көру қабілеті;
сөйлеу тілінің дамуы /ойын толық жеткізе білуі/;
іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі;
құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы, қоршаған ортаны қабылдау бейімі.
Сондықтан, алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын-ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін мынандай талаптар бар:
оқу, ойын, жататын бөлмелері;
жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу, сызуға арналған парталар;
гигиеналық талапқа сай асхана;
киім ілгіштері мен артық киімдерін қоятын артық шкафтар;
бөлмесінде әр оқушының оқу, ойын құралдары сақталатын арнайы орын;
баланың бойына ескеріліп құрылған тақта.
Ойын бөлмесін жабдықтауда ойыншықтар топтамасымен қатар, тақырыптық бұрыштар, зоналар құрылған жөн. Мысалы, кітапхана, дүкен, асхана, шаштараз т.б. Алты жасар баланы мектепке дайындау кешенді түрде аса жауапкершілікпен ұйымдастырылатын, ата-аналар мен қатар педагог қауымның белсене қатысумен жүзеге асырылатын процесс. Сондықтан педагог қауымның алдына қойылатын қосымша талап – ата-аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін қалт жібермей, түгел ұтымды қарап, пайдалану. Қазіргі сабақтастық мәселесін шешуде жүргізіліп жатқан жұмыстар бала дамуының әрбір кезеңінің өзіндік құндылығы туралы ғылыми түсініктерге сәйкес келмейді, пәндік білім-білік дағдылар тек алғашқы кезде ғана көзге түсуіне мүмкіндік беріп, кейін шығармашылық, тапқырлық, тұрғылықты талап етеді, ересектен көмек сұрауына тура келеді. Балабақша мен мектептегі білім берудің үздіксіздігін сақтау да мемлекеттік стандартта айқын көрсетілген. Оның негізінде мектепке дайын болған баланың психологиялық қалыптасу картасы мұғалімге де, тәрбиешіге де қандай негізде дайындалғанының болжамын береді.
Қорытындылай келе, балабақша мен мектептегі білім беру қатары жүріп, үзіліссіз жүйемен өрлеп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынар едім. Рахмет тыңдағандарыңызға!