kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бала тәрбиесінің маңыздылығы" кеңес

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала тәрбиесінің маңыздылығы - әрбір ата-анаға пайдалы кеңес.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бала тәрбиесінің маңыздылығы" кеңес»

Бала тәрбиесінің маңыздылығы



Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. Дәстүрлі қоғамда отбасындағы ата-әже тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-әжелер жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол– ата, әке, бала.
Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы Заңында ата-аналардың өз балаларына, қамқорлыққа алынған балаларға қамқор заңды өкілдер-қамқоршылардың алдындағы тәрбиелеу мен білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері айтылады .
Ата-аналар және өзге де заңды өкілдері:
1. Балаларға өмір сүруі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың интеллектуалдық және дене күшін дамытуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2. Бес (алты) жасында балалардың мектепке барар алдындағы дайындығын қамтамасыз етуге, ал алты (жеті) жастан бастап жалпы білім беретін мектепке беруге;
3. Білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық жасауға; балалардың оқу орнына баруын қамтамасыз етуге міндетті (38 бап
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Отбасы» – өзіне, «неке мен қандас туысқа негізделген шағын топ»– деген анықтама берілген. Оның мүшелері тұрмыстық ортақтығы, өзара көмек және рухани жауапкершілік арқылы байланысқан. Қоғаммен, бүкіл қоғамдық катынастардың жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы қоғамдық өмірге қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы. Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістерімен сипатталады. Табиғи-биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды. Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.
АЛ, педагогикалық-психологиялық тұрғыда отбасы – ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайьптылардьң және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады. Отбасы тәрбиесі – нақты отбасы жағдайындағы ата-ананың басқа туысқандарының ықпалы арқылы берілетін тәрбие мен білім беру жүйесі.
Осы анықтамалардан түйіндейтініміз: адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ – отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.
Отбасында ата-ана арқылы берілетін тәрбиенің басты мақсаты - баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, өз тегін жалғастыратын лайықты ұрпақ тәрбиелеу. Ата-аналар міндетіндегі отбасылық тәрбие – балалардың тән-дене және рухани сапаларын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты істерге негізделген үздіксіз жетілуші процесс.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ата – ананың парызы – өз баласына ақыл үйретіп, дұрыс жолға салу: «Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, Жаман бала – босағаға сүйрейді» деп айтылған мақал бар қазақта. Ұл ұрпақ жалғастырушысы болып саналады. Сондықтан, ұлдарын әкелер қыздан арман бағалаған. Қыз әкесінің үйіндегі қонақ болып саналады,өз кезінд отбасын құрып басқа үйге кетеді. Балалар қазақ отбасында махаббат пен ата-анаға сыйластық ахуалында тәрбиеленеді. 
Сонымен қатар отбасындағы тәрбие мазмұны мен түрлері, әдіс-тәсілдері белгілі бір жас ерекшеліктеріне, талап-тілегі мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуы керек. Баланы белгілі бір жас кезеңіндегі дамудың жоғары деңгейіне сай және оны дамудың әлдеқайда жоғары сатысы келесі жас шағы кезеңіне табысты көшуді даярлайтын біліммен қаруландыру, оны іс-әрекет түрлеріне араластыру, оның бойында осыған лайық сапа, қасиеттер қалыптастыру қажет.
Отбасындағы тәрбие әдістері – бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жөн-жосығы, жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің жалпы әдістерімен теңдейлес, дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Олар: әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен ақыл-парасатына икемделуінен даралықты келеді; тәрбие әдістерін таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді. 
Тәрбие мазмұны мен түрлері, әдіс-тәсілдері белгілі бір жас ерекшеліктеріне, талап-тілегі мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуы керек. Баланы белгілі бір жас кезеңіндегі дамудың жоғары деңгейіне сай және оны дамудың әлдеқайда жоғары сатысы келесі жас шағы кезеңіне табысты көшуді даярлайтын біліммен қаруландыру, оны іс-әрекет түрлеріне араластыру, оның бойында осыған лайық сапа, қасиеттер қалыптастыру қажет.
Отбасы қаншалықты болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол боп келеді. Алайда, олардың көптүрлілігіне қарамастан, отбасындағы ересектер мен балалар арасында кезігетін қатынастардың жалпылай моделін ажырата тану мүмкіндігі баршылық. Отбасындағы қатынастар түрі сол қатынастардың қай бағытта, қай дәрежеде өрістеуі мен балалар тәрбиесіне болған келеңсіз ықпалдардың салдарына тәуелді анықталады. Олар:
1.Балаларына құрмет көрсете алатын отбасы.
2.Қайырқом, мейірлі отбасы.
3.Күнделікті дүниепараздыққа жүгінген отбасы.
4.Алауыз, жауласқан отбасы.
5.Теріс әлеуметтік бағыттағы отбасы.
6.Ата мен аналардың педагогикалық үйлесімсіздігі жайлаған отбасы.
7.Тұрпайы тәрбие әдістерімен қаруланған отбасы.
Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналардың тұлғалық сән-сипатымен қайнай бітіскен және олардан ажыратыла қараластырылуы мүмкін емес. Қаншама ата-ана болса, әдістер түрі де соншалықты: жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу және жазалау. Әдістер ата-аналар таңдаған тәрбиелік бағыт-бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласының тіл алғыштығын тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдап, қолданады.
Отбасындағы тәрбиелік міндеттерді атқарудың құралдары да әртүрлі. Олар арасында кең қолданымдағылар: сөз, ауыз әдебиеті, ата-ана беделі, еңбек, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүрлер, қоғамдық пікір, жанұядағы рухани және материалдық болмыс, ақпарат көздері (газет, журнал, радио, теледидар), күн тәртібі, көркем әдебиет, мұражайлар мен көрмелер, ойындар мен ойыншықтар, дене шынықтырулар мен спорт, мейрамдар, рәміздер, ерекше белгілер (атрибут), қастерлі заттар, бұйымдар және т.б.
Отбасылық тәрбиеде дағдарысқа кезіктіру тәсілін де қолданудың пайдалы жағы бар. Бала үшін қатерлі, түсініксіз, немен аяқталары белгісіз жағдайларды әдейі ұйымдастырып, содан баланы өзінше жол тауып шығуға мәжбүрлеу қажет. Әлбетте, мұндайда ата-ана баласының қандай да қатерге ұрынып қалмауын аңдып, оның әрекеттеріне байқатпай реттеу-түзетулер беріп барады. Осындайда қажетгі бейімділіктерді алған бала, болашақ өміріндегі қай дағдарысқа да дайын болып өседі.
Қорыта айтқанда, отбасындағы ата-ана бала тәрбиелеуде ең бірінші мына төмендегі ұсыныстарды есте ұстағаны жөн:
- Баланың бойына өз елінің салт-дәстүрін, ана тілін, дінін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
- Баланы отбасында Отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу;
- Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыстау;
- Баланы табиғатына сәйкестендіріп, қабілетін анықтап, бейімділігін дамыту;
- Баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу;
- Отбасында баланың рухани байлығын (эстетика, дене, еңбек, адамгершілік, имандылық т.б) дамыту;
- Отбасында балаға жеке тұлға ретінде қарау;
- Баланың өзін-өзі басқаруы (қаржы, іс-әрекет, т.б.).
- Баланың табиғатына сәйкестендіріп, кәсіп таңдауға бағыт-бағдар) беру.
Сонымен, жаңа ғасырда қоғам мүддесіне сай лайықты жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру– отбасының, балабақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.







































Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 « Балдырған»

бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны








Бала тәрбиесінің маңыздылығы

/ әңгіме /









































Ақтау қаласы

2016 – 2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Бала тәрбиесінің маңыздылығы" кеңес

Автор: Кощанова Алия Ундашбаевна

Дата: 25.01.2018

Номер свидетельства: 452465

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""?ке мен бала т?рбиесі" "
    ["seo_title"] => string(23) "kie-mien-bala-t-rbiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "205118"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429799171"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Баланы? тіліні? дамуына   ойынны? ма?ыздылы?ы. "
    ["seo_title"] => string(45) "balanyn-tilinin-damuyna-oiynnyn-man-yzdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "133953"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1416633758"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Конспект родительского собрания  "Отбасыны? бала т?рбиесіне ы?палы" "
    ["seo_title"] => string(71) "konspiekt-roditiel-skogho-sobraniia-otbasynyn-bala-t-rbiiesinie-yk-paly"
    ["file_id"] => string(6) "196240"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428036072"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Баяндама «Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы»"
    ["seo_title"] => string(43) "baiandama_otbasy_t_rbiiesinin_man_yzdylyg_y"
    ["file_id"] => string(6) "439893"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1511236708"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Баяндама. Та?ырыбы: «О?ушылар?а патриотты? т?рбие беруді? ма?ыздылы?ы» "
    ["seo_title"] => string(75) "baiandama-tak-yryby-ok-ushylarg-a-patriottyk-t-rbiie-bierudin-man-yzdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "172470"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423825569"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства