kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама: Балабақша мен отбасының бала тәрбиелеудегі қарым-қатынасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама: Балабақша мен отбасының бала тәрбиелеудегі қарым-қатынасы

    Балаларымыз болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселенің бірі.

     Біздің мемлекетіміз бүгінгі таңда әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін жаңа заманға сай жасаушы мемлекет.

    Мемлекетіміз келешекте жас ұрпақтың еліміздің азаматы болуы үшін денсаулығына, отбасына, ойынға, білімге деген құқықтарын толығымен қуаттап, қабілеттерін барынша жүзеге асыру және үлкен жетістіктерге жетуде табанды болуын қалайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама: Балабақша мен отбасының бала тәрбиелеудегі қарым-қатынасы»

Баяндама: Балабақша мен отбасының бала тәрбиелеудегі қарым-қатынасы

    Балаларымыз болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ , яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды , назар салатын басты мәселенің бірі.

     Біздің мемлекетіміз бүгінгі таңда әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін жаңа заманға сай жасаушы мемлекет .

    Мемлекетіміз келешекте жас ұрпақтың еліміздің азаматы болуы үшін денсаулығына, отбасына, ойынға, білімге деген құқықтарын толығымен қуаттап, қабілеттерін барынша жүзеге асыру және үлкен жетістіктерге жетуде табанды болуын қалайды.

     Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.

      Отбасы адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі-дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.

      Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.

    Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерін қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет. Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке –бірлікті , түсінікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығы қорғалуы тиіс.

    Тек осындай ізгілікті мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей бала тәрбиесі оның дүниеге келгенінің алғашқы күнінен басталады. Адамзат ұрпағына отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды. Яғни , елдің ер-азамат тәрбиелеу, ең алдымен , отбасына жүктеліп отыр.

   Отбасы –адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.Ол бала үшін бір үлкен әлем,осы әлемде бала алғаш өмірмен қарым –қатынас жасап, өмірді сүюді, қиындыққа көнуді, қуануды, қайғыға ортақ болу керек екенін ұғынып өседі.Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі –отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттілін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттілігін түсінетін болады. Отбасы тәрбиесі кешнеді педагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады.  Сондықтан кез келген педагогикалық тәрбие отбасымен қарым-қатынас жасамай іске аспайды. Сондықтан балабақшадағы оқу-тәрбие ісінде басты мақсаты ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жүргізу болып саналады. Бұл барлық педагогтерге түсінікті жайт, дегенмен әлі күнге дейін балабақша мен ата-аналармен жұмыс жүргізу кәзіргі күннің өзекті мәселерінің бірі болып тұр деп ойлаймын. Сол себебтен балабақша ұжымы , тәжірибелі педагогтердің жұмысының арқасында бүлдіршіндерге ең жақын адамдардың бізбен бірге бірлесе отырып тәрбие ісіне араласуына ат салысып жұмыс жүргізуіміз керек. Біз бірге болуымыз керек екенін ұғындыру біздің басты міндеттеріміздің бірі екенін естен шығармауымыз керек.

    Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады:

  • ынтымақтастық қарым-қатнас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсініктік пен көмекке бағытталады.

  • ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым –қатынас

  • жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас

  • бәсекелестік , барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;

  • түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас;

Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жәбереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым –қатынас болмайды. Ал ,кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай,  отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді.

    Түйіндей келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан  жүрек жылуын , мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.

  Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімдікке ұмтылу , ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке , баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық –пайдалы еңбекке баулудыіске асыру қажет. Ата-ана және әлеуметтік орта, яғни балабақша болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін , оның тәнінің дұрыс түзеліп қалыптасуына , салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады.

     Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, таңдаған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі -өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалы-қоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл –кеңес беріп, ата-кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген.

    Бүгінгі  күн заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыруда әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, тәрбие ісіне ата-ананы тікелей қатыстырудың оң нәтиже беретінін өмір мен тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан көптеген жылдар бойы осы бағытта қажырлы еңбектер жүргізіліп келеді. Біздің балабақшада осы бағытта ата-аналармен талмай еңбек етіп өз алдына мынадай мақсат міндеттерді қойып отыр. «Үздіксіз білім беру мен сауықтандыру, тәрбиелеу жұмысында кеңістік құру сабақтастығын жүзеге асыру» яғни, ата-ана бала тәрбиелеу ісіне белсене ат салысу үшін белгілі бір жүйе құра отырып жұмыс жүргізу. Осы міндеттерді іске асыру барысында «Тәрбиеші-ата-ана» мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отырады. Балабақша ұжымы осы мәселерді талдап, талқылай отырып ата-аналармен жұмыс жүргізуді мынадай бөлімдерге бөліп қарадық. «Оқи отырып, тоқи отырайық» , «Өз ойыңды басқамен бөліс» , «Біз біргеміз» .

   «Оқи отырып, тоқи отырайық» бөлімінде балабақша педагогтары ата-аналармен бірлесе отырып оқу-тәрбие процесінде жұмыс атқарады.Бұл бөлімде ата-аналарға түрлі жарыстар жарнама жасау, семинар кеңестер беру арқылы жұмыс іске асырылады. Сонымен бірге, педагог-тәрбиешілер де тек балалармен, ата-аналармен жұмыс жүргізіп қоймай өз білімдерін жаңаша толықтыруға талпынады. Әр педагог –тәрбиеші жұмыс бағытын іздей отырып жаңа үрдістегі тәрбиеге тап болары сөзсіз деп ойлаймын.

Баяндама

«Сәбиді балабақшаға дайындау»

Ата-ана баласын балабақшаға бермес бұрын біраз ойланады. Егер үйде сәбиге қарайтындай мүмкіндік болса, бермей-ақ қоямын ба деп те ойлайды. Дегенмен балабақшадағы тәрбиенің рөлі басқадай боларын да түсінеді. Олар сәбилерін арнаулы педагогикалық білімі бар мамандар тәрбиелейтінін бір ойласа, бірде «балабақшада бала көп жылайды, жиі ауырады» деген сөздер көңілін алаңдатады. Сондықтан осы мәселе төңірегінде де ойланып қойғанымыз жөн.

Расында балабақшаға апарған алғашқы күндерде-ақ бала жылайды, өйткені өзіне жақын адамдардың жанында болмауы жанына батып, 2-3 күн өткен соң ауырып қалу жағдайлары кездеседі. Бұл жерде тәрбиешілердің кіналау дұрыс емес. Ғылыми зерттеулердің нәтижесіне сенсек, ғалымдар сәбидің ажаң орынға үйренуі үйелмендегі ата-ананың баласын жаңа жағдайға қалай дайындауына байланысты екенін айтуда. Мәселен, бағбан ағаш егерден бұрын, бұған орын дайындайды, содан соң барып отырғызып, отырғызған кезде тамырына зиян келмеуіне көңіл бөліп, топырақпен түбін тиянақтап көмеді. Сонда да жаңа отырғызған жеріне үйренгенше ағаш «ауырады». Сол сияқты сәбидің басқа ортаға үйрену кезеңі – оның өмірінде кездесетін алғашқы күрделі кезеңнің бірі. Таныс емес адамдардың ортасында қалу өте ауыр болуы себепті, бала жылап, мазасызданып, тіпті қашып кеткісі келеді. Немесе жанында күнде шешесі қалуын қалап, тәрбиешілердің көмегіне қарсылық білдіреді. Кейбір ата-ана баланы бұл қылығына таң қалып, сүйкімді жуас баламыз неліктен өзгереді деп ойлайды.

Бұл кезде сәбидің ұйқысы бұзылып, тамаққа тәбеті болмайды. Үйге қайтқан соң да шешесінен айырылмай ұйықтап жатқанда жиі-жиі оянып тынышсызданады. Алғашқы 3-4 күн осылай өтеді. Кейбір сәбидің нәзік жаны мұндай өзгерісті көтермейді, ыстығы көтеріліп, тіпті денесінде қызыл бөрткендер пайда болады. Ас қорытуы төмендеп, ауырып қалады. Осындай кезде ата-анамен бірге тәрбиешілерде алаңдайды. Мұндай жағдайда сәбиге қалай көмектесу керек? Оған баланы қоршаған ересек адамның көмегі өте қажет. Мектепке дейінгі тәрбие мекемелері әрқашанда көмекке әзір. Тәрбиешілер, медбикелер, баланы ата-анасымен балабақшадағы күн режимін, санитарлық-гигеналық ережелердің сақталуын, баланың тамағының құрамы туралы түрлі кеңестер береді. Ата-ана мекеме қызметкерлері кеңесіне көңіл қоюы тиіс.

Баланың бұл кезін бірнеше кезеңге бөлуге болады. Балабақшаға апарардан 1-2 ай бұрын дайындық жұмысын бастауға болады. Бұл кезде сәбидің күн режиміне балабақшадағы тәртіпті енгізуге болады. Осы уақытта күн режимінің орындалуын қадағаланса, бақшаға келген күннен бастап сәби өз тобымен бірге белгілі уақытта стол басына отырып, ұйықтайтын кезде топтағы басқа балалар сияқты ұйықтайды.

Сәбидің жақсы тамақтануы мен дұрыс ұйықтауына көңіл бөлу қажетті тәрбиенің негізі болмақ. Топпен бірге отырғанда балалар өздері тамақтанады. Үйде сәбидің қалай тамақтанғанын қадағалап отырса, педагогтер әрбір жаңа қабылданған балаға көңіл бөле алмайды. Өйткені, олар үйлерінде біреу емізік арқылы тамақтанса, біреуі ата-анасының алдына отырып, қолынан тамақтанатын болған. Сол сияқты ұйықтау кезінде де көп көңіл бөлінеді. Біреуіне жымия қарап, біреуін қолымен сипап, біреуінің көрпесін түзеп көмектеседі. Ал жаңа қабылданған сәби дұрыс ұйықтай алмаса, барлық топ алаңдайды. Сондықтан үйде балаға бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, бақша режиміне асықпай үйрету керек.

Сонымен бірге өзі киініп, өзі шешініп, өзі тамақтанатындай дағдыға үйретсе, бала бақшада өзін еркін ұстайды да, үлкендердің көмегін күтпейді. Бұл сәбидің сезіміне жақсы әсерін тигізеді. Ойыншықтармен өзі ойнай алуы да көңілін өсіріп, жаңа ортаның кейбір жағдайларына көңілін алаңдатпайды. Бәрін де өзі істеуге талпынса, топтағы балалармен де, үлкендермен де қарым-қатынасы тез орнына түседі. Тиісті дайындықтан өткен сәби топқа қосылғаннан кейін ешбір қиындықсыз-ақ жаңа ортаға тез үйренеді.

Бақшаға келген кезде сәбиді тәрбиешімен таныстырып, қалай ұйықтайтынын, нені ұнататынын, үйде қалай еркелейтінін айтып қойған дұрыс. Тәрбиеші ол ескертпелерді өз жадында сақтайды. Мұның өзі балаға да пайдасы болмақ. Кенет шешесі есіне түсіп жыласа, тәрбиеші оған қандай ойыншық ұсынуы керек екенін біледі. Жаңа орынға үйрену кезінде тәрбиешінің көмегіне сүйенген сәби жаңа ортаны өзіне жат сезінбейді.

Сәбиді балабақшаға ешбір дайындықсыз бірден орналастыру баланың көңіл-күйіне, ұйқысына, тамаққа тәбетіне кері әсерін тигізеді, сол себептен де алғашқы күндері жиі ауыратын болады. Егер ата-ана өз баласының бойына жақсы дағдыларды сіңіруде жалықпай еңбектенсе, сәбиін балабақшаға еш қиындықсыз, алаңдамай-ақ орналастыруына болады.













Ата-анамен балабақша бірлестігі.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балабақша өмірімен таныстыру.Балалардың мінез-құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіншілігін тереңірек зерттеу. Ата-ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету.
Әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбері, тренинг, ойындар, әңгімелесу, түсіндіру, пікір талас, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: слайд шоу, нақыл сөздер жазылған плакаттар, лента, бояулар.
Жүру барысы: Құрметті ана-аналар, апайлар бүгінгі «Ата-анамен балабақша бірлестігі » атты жиналысқа қош келдіңіздер! Сіздерді жаңа оқу жылымын шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі күні алдымызда томпаңдап жүгіріп жүрген балаларымыздың ертеңгі күні жарқын болсын. Мен бүгінгі жиналысты ерекше түрде өткізгім келіп тұр.

Күн тәртібі:
1. «Достық» (танысу тренинг)
2. Ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтау.
3. Ата-аналар комитетін және мүшелерін сайлап тағайындау.
4. Ата-аналарды балабақша өмірімен, күн тәртібі ,топ аты, ұйымдастырыған оқу іс-әрекетінің сабақ кестесі, тәрбиелік шаралар, ата-анамен жүргізілетін жұмыс жоспары , ата-ана міндеттері, пән жетекшілері, психологпен таныстыру.
5. «Мен қандаймын» тренинг ойыны
6. Балалардың оқу құрал-саймандарын тиянақы әкелу.
7. Балалардың киімінің талапқа сай болуы.
8. Портфолио үлгілерін көрсетіп, оны жинақтап алып келу.
9. Ата-аналар жиналысының шешімі.
10. «Алтын балық »тілегі.
11. Ата-аналар жиналысының шешімі.
12. Қорытындылау.

«Достық» тренингі
Мақсаты: тәрбиешілер мен ата-аналар арасында өзара қарым-қатынасын жақсарту. Ұжымдыққа, достыққа, сыйластыққа баулу. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.
Ата-аналар орты шығып шеңбер болып дөңгеленіп тұрайық. Мына лентаны мен ұстап: аты-жөнімізді, мамандығымызды, бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіреміз. Мысалы: Менің атым: Әсия Телманова Ғиниятқызы. Мен «Жасұлан» балалар бақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Мен сізге әркез достықты болайық дегім келеді- деп лентаны қолымызға ұстап келесі ата-анамызға жалғаймыз. Жалғай-жалғай келе үлкен достық шеңбері шығады. Міне осындай үлкен достықта, лентадай берік, ажырамастай, тату, бірлікте болайық.
Ендеше Ата-аналар комитетін және мүшелерін сайлап алайық.
Ата-аналарды балабақша өмірімен, күн тәртібі ,ұйымдастырыған оқу іс-әрекетінің сабақ кестесі, тәрбиелік шаралар, ата-анамен жүргізілетін жұмыс жоспары , ата-ана міндеттері, пән жетекшілері, психологпен таныстыру.

 «Мен қандаймын?» тренинг ойыны
Мақсаты: әр адам өзін жеке тұлға ретінде сезіну. Өзінің жанұясында өзін қай деңгейде ұстайтыны екенін анықтау.
Жүру барысы: Ата-аналар гүл, үй, күн тобы болып 3 топқа бөлінеді. Әрқайсыныз сол суретің ішіне отбасы мүшелерін және өзіңіздің есімдеріңізді жазасыздар.
Нәтижесі: Егер өзіңіздің есімдеріңізді басына жазсаңыз. Сіз өзіңізді отбасы мүшелерінен биік санайсыз. Өзіңіздің жағдайын бірінші ретке қоясыз. Ал, егер өзіңіздің есіміңізді ортасына қойсаңыз, онда сіз отбасыңыздың ортасындасыз. Екі жақты бірге ойлайсыз. Егер есіміңізді соңына жазсаңыз. Онда сіз бауырмал жансыз. Ата-ана, бауырларыңыз бірінші ретте тұрады. Өзіңізді соңынан ойлайды екенсіз.
Ата-аналар ендеше атқарылатын мәселелерге кезек берелік.
1. Балалардың оқу құрал-саймандарын тиянақы әкелу.
2. Балалардың киімінің талапқа сай болуы.
3. Портфолио үлгілерін көрсетіп, оны жинақтап алып келу.
Ата-аналар жиналысының шешімі.
«Алтын балық »тілегі.
Ата-аналар енді көзімізді жұмайық, ендеше ашайық міне ғажайыптар әлеміне келдік. Егер сіздердің қармаңызға Алтын балық түссе, ең, ең, ең маңызды жалғыз тілектеріңізді орындаймын десе , қандай тілек тілер едіңіз.
Қорытындылау.
Бүгінгі бас қосуымыз аяқталып келеді. Балаларымыз аман болсын.Еліміздің үлгілі азамат пен азаматшасы болсын! Келіп, көріп, қатынасқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.









































Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: «Ата-ананың бақыты- балада»



Тәрбиеші: Жетписова Г.Т



Мақсаты: Ата – ананың отбасындағы қадірі, бала тәрбиесіндегі орны, балабақша, ата – ана, ұстаз болып бірігіп білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу жөнінде ой қозғау.



Көрнектілігі: Слайд, отбасына байланысты нақыл сөздер, үй тапсырмалары.

Жоспары:

1.Тренинг: «Сәлемдесу»

2. Пікір талас.

3.Үй тапсырмасы: «Мәуелі бәйтерек»

4. Ситуациялық сұрақтар.

5. Ертегі құрастыру.



Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті ата – аналар!

Бүгінгі балабақшамен отбасы арасындағы бірлескен «Ата – ананың бақыты – балада» атты пікірталасымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы. Балабақша баланың тәрбие , білім алар алғашқы баспалдағы. Бүгінгі өткізіліп отырған іс – шара баланы өмірге бейімдеуде, тәрбие беруде, ата – ана, қоғамның, білім ордаларының алар орны дайында ой қозғамақпыз. Осы бағытта балабақшада ата – анамен бірлесе жүргізілген жұмыс түрлерін жіктеп айта кетуге болады (Слайдтан көрсету)

1.Тренинг:»Сәлемдесу»

Мақсаты: Ата – ананың қарым – қатынасын қалыптастыру.

Шарты: Қатысушылар сәлемдесе отырып, әр – түрлі амандасу түрлерін сөзбен және қимылмен көрсетеді. Ойын қызықты болу үшін түрлендіруге, басқа ұлттардың сәлемдесулерің қолдануға болады.

Ескерту:Сәлемдесу түрін екінші адам қайталамауы керек.

2.Пікір талас

Тәрбиеші: «Адамның бақыты балада», «Бала – адамның бауыр еті» - дейді.Осы бір даналы сөзді негізге ала отырып өз ойымызды ортаға салсақ. Отбасындағы бақыт дегенді қалай түсінесіздер? (Ата – аналардың жауабы).

Тәрбиеші: «Тәрбие – тал бесіктен» - дейді халқымыз.Осы орайда отбасындағы тәрбие ұстанымы туралы ой пікірлеріңізді білсек. (Ата – аналар отбасындағы тәрбие қағидалары туралы өз ой – пікірлерін ортаға салады).

Тәрбиеші: Балалардың бойына ұлтымыздың әдет – ғұрыптары мен салт – дәстүрлерін сәбилік шағынан сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу – біздің қоғамның басты мәселесі. Бұл туралы ойшыш Абай « Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата – анасынан, екінші – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан» деген екен.Осы орайда баланың мінез – құлқының қалыпта суына қандай жағдаулар әсер ету мүмкін? «Ата – аналардын пікірі».

3.Үй тапсырмасы: «Мәуелі бәйтерек»

Шарты: Отбасы суретін модульдеу. Ол үшін алдын – ала берілген тапсырмаларды орындап келген ата – аналар ортаға шақырылады.Олар кезекпен өздерінің отбасы туралы әңгімелеп береді.

4.Ситуациялық сұрақтар

5.Ертегі құрастыру.

Қатысушылар 5 – 6 адамнан топтасып ақ параққа өзіне ұнаған затын, аңдарды т.б бір – бірден бейнелейді. Ен соңындағы қатысушы сол сурет мазмұны бойынша өзіне суретін қоса отырып, ертегі құрастырып әңгімелейді.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, сіздермен бірге ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынас түрлерін жан – жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтын жылулықтың мекені. Ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бірлесе отырып жүргізейік. Бір – бірімізге мына шамды ұсынып, кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісейік. Тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, ортаға салуларыңызды сұраймын.

«Тілек шамы» жаттығуын ұйымдастыру.

Тәрбиеші: Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруда олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс – әрекетін мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне – өз талап қоя білуге тәрбиелеу – адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз адамгершілігімізде болуы керек. Игі қасиеттерді бала бойына дарыта білсек – еңбегіміз де жемісті болмақ.





Екінші сәбилер тобына арналған сурет салу сабағының үлгілері
  • Женисгуль

 

  • 22 желтоқсан 2013

 

  • 156714

 

  • 0

  • 0

II кішкентайлар тобында сурет сабағына арналған сабақ үлгілері
Жас маманға көмек.

Баланың жан - жақты дамуына әсер ететін басты тәрбие эстетикалық тәрбие беру. Оған сурет салу, жапсыру, құрастыру, мүсіндеу сабақтары арқылы бала өзін қоршаған туралы өз түсініктерін қалыптастырып, дамиды. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі бала үшін бейнелеу өнерінің маңызы зор. Бұл балаға зор қуаныш сыйлап, жағымды көңіл күй қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілетінің дамуына зор ықпал етеді. Бейнелеу өнері сабақтары басқа сабақтармен тығыз қарым - қатынаста болуы керек. Мысалы сурет сабағында дөңгелекке ұқсас заттарды салған кезде математика сабақтарында шеңбермен таныстыру, тіл дамыту сабақтарында доп туралы тақпақ жаттатқызу, мүсіндеу сабақтарында доптарды мүсіндеу ұсынылса дөңгелек туралы түсініктері жақсы қалыптасады. Берілетін тақырыптар балаларды қызықтыратындай таныс болуы қажет. 

Бейнелеу өнері сабақтарының негізгі мақсаты балалардың шығармашылығын арттыру болғандықтан сабақта баланың белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасалғаны дұрыс. Сабақтарда үлгіні көп жағдайда қолданбау керек. Тек балаларға таныс емес әдіс - тәсілдерді қолдану кезінде қолданған жөн. Сабақ соңында тәрбиеші балалардың жұмыстарын түгелдей тақтаға іліп, талқылайды. Талқылау міндетті түрде әр сабақ соңында жүргізіліп отыруы тиіс. Сонда бала өз ойын сурет арқылы бере білуге, әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана білу жолдарын игереді. Нәтиже тапсырмамен байланысты болуы қажет. Талқылау балалардың белсенді араласуымен өткені дұрыс. 

Талқылауға тәрбиеші бағыт беріп отырады. Кіші топтарда сәбилер суреттердің ашық түсті бояуларына қуанса, үлкен топтарда талап күшейе түседі. Олар гүлдің сабақтары мен жапырақтары салынды деп айтып қоймай, гүлдер алқызыл, жапырақтары ұзыншақ жасыл, сабақтары сәл иіліп тұрғандай деп сипаттама береді. Екінші кішкентайлар тобында саусақпен салу әдісін қолданбаған жөн. Өйткені балалар бояуға қызығып оны ауыздарына салуы мүмкін. Тәрбиешінің дауысы жайлы, құлаққа жағымды естілуі керек.
Сурет салу барысында әртүрлі саусақ жаттығуларын қолданып отырса, баланың ұсақ қол моторикасы дамып, есте сақтау қабілетінің дамуына көп септігін тигізеді. Баланы қазақ халқының керемет қол өнері туралы түсініктерін терең дамыту мақсатында екінші кішкентайлар тобынан бастап ұлттық ою - өрнектерді қолданып әртүрлі суреттерді салуды ұсыну. Келесі топтарда ою - өрнектермен таныстыру жалғаса береді.
Балалардың жұмыс нәтижелерін ата - аналармен бірге қарап, талқыласа, бала өзіне назар аударғанын сезіп, өз бетімен жұмыс істеуге деген талпынысы күшейе түседі. Балалардың сурет көрмесін балабақшада жиірек ұйымдастыру керек. Әр балаға жеке жұмыс папкасын ашып, баланың еңбектерін түгелдей жинақтап отыру қажет. Бұл баланың жұмысының нәтижесі мен жеткен жетістіктері, алда қандай бағытта жұмыс істеу керектігінің көрсеткіші болып табылады. Оны баланың ата - анасымен талқылаған жөн. Сабақ үлгілерін жазған кезде әртүрлі методикалық нұсқаулар мен балалар журналдарынан үзінділер қолдандым. Қазақ тілінде әдістемелік нұсқаулықтар өте аз. Сондықтан да тәрбиешілер орыс тілінен аударады немесе әртүрлі журналдардан жинақтайды.
Бұл сабақтар сіздерге ұнаса ересектер тобына арналған сабақтарды да ұсына аламын. Тәрбиешілер сабақтарға әртүрлі жұмбақтар мен өлеңдерді, жаңылтпаштарды қосуларына болады.

ІІ кіші топ

Тақырыбы: Қағаз, қарындашпен таныстыру.
Мақсаты: Балаларды қарындашпен сурет сала білуге үйрету. Ойлай білу қабілетін дамыту. Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларға қағаз, қарындаш көрсетіп, оларға қағазда қарындашпен сурет салуға болатынын түсіндіру. Оң қолымен қарындашты қалай дұрыс ұстай білуге болатынын көрсетіп, ал сол қолымен қағазды ұстап тұру керектігін көрсету. Қағазға әр түрлі сызықтар салып көрсету (ирек, түзу, қисық сызықтар).
Қағазға түскен сызықтарға назар аудару. Ол сызықтарды белгілі бір заттарға ұқсату.
Балаларға қарындашты ұстап сурет салуды ұсыну. Сурет салу барысында балалардың қарындашты қалай ұстағанына назар аудару. Не салғандарын сұрау.

Біз не білдік?
Қарындаштар әр түсті болады.
Олармен әр түрлі заттарды бейнелеуге болады.

2. Сурет
Ақ жауын
Керекті зат: көк түсті қарындаш.
Мақсаты: қоршаған ортаға болған әсерін бейнелей білуге үйрету. Сурет салуға деген ынтасын дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жау - жау, жаңбыр, жау жаңбыр,
Жердің шаңы басылсын
Гүлдің аузы ашылсын
Еккен егін көктесін
Бізге нанды көп берсін
Бау - бақшалар гүлденсін.

Сендер жаңбыр жауғанын бақыладыңдар ма? Жаңбыр жоғарыдан төменге қарай жауады
Жерге түскен тамшылар судан жасалған жіптей болып көрінеді екен. Жаңбыр тамшыларын салудың бірнеше әдіс - тәсілдерін көрсету. (қысқа, ұзын сызықтар, нүктелер). Қарындашты дұрыс ұстатып, өздеріне сурет салуды ұсыну. Сурет салу тәсілінің дұрыстығына назар аудару. Сабақ соңында барлық суреттерді қарап, қай жерде күшті нөсер, қай жерде ақ жауын бейнеленгенін таңдап алу.

Біз не білдік?
Жауын табиғат құбылыстарының бірі.
Жауын тамшылары ұзын, қысқа сызықтарға ұқсайды. Олар түзу.

3. Түрлі түсті жіптер
Мақсаты: түзу сызықтарды жоғарыдан төмен қарай салуға үйрету. Қарындашты дұрыс ұстай білу қабілетін дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.
Барысы: Балаға қағазға жапсырылған жіптерді көрсету. Жіптер жуан, түстері ашық болуы қажет. Олардың түзу екендігіне назар аудару. Саусақпен жіптің үстін сипалау. Балаларға сурет салуды ұсыну. Қарындашты дұрыс ұстауына назар аудару. Бояуларды ауыстырып, бояуларына қолдау жасау. Сабақ соңында балалардың назарын қаншама түрлі түсті жіптер салғанына аудару.

Біз не білдік:
- Жіптер түрлі түсті болады.
- Сызықты жоғарыдан төменге қарай салуға болады.

4. Түрлі түсті қарындаштар
Мақсаты: жоғарыдан төмен қарай сызықтар сала білуге үйретуді жалғастыру. Қылқаламмен жұмыс істей білу қабілетін дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.
Барысы: Балалармен түрлі түсті қарындаштарды қарап, олардың ашық, әдемі екеніне назар аудару. Бүгін олар осы әсем қарындаштарды салатынын түсіндіру. Қылқаламды бояуға қалай батыру керектігін, артық тамшыларды алу, соңынан оны суда қалай жуу керектігін көрсету.
Бояу қарындашты су бояумен бейнелейміз. Ол үшін қылқаламды бояуға малғандықтан, кейін қағазға қылқаламның қылшалары түгелдей жағылатындай батыра жағамыз. Бояу кезінде түзу сызықты жоғарыдан төмен қарай үзбей кідіріссіз бояу. Бояп болғаннан кейін қылқаламды қалай жуу керектігін көрсетіп, содан кейін келесі бояуға көшу керектігін ғана түсіндіру. Жұмыс соңында түстердің қалай әсем үйлескенін атап өту.

Біз не білдік:
- Суретті субояумен де салуға болады.
- Келесі бояуға көшу үшін қылқаламды жуып отыру керек.
- Сурет әдемі болып шығуы үшін қылқаламды дұрыс қолдана білу қажет.

5. Әжемнің әдемі алашасы
Мақсаты: солдан оңға қарай қылқаламмен сызықтарды сала білуге үйрету. Әр түрлі бояуларды қолдана білу қабілетін дамыту. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Барысы: Әже туралы әңгіме. Ол бізге шұлық тоқып береді. Ол өнерлі адам. Оның өз қолымен жасалған алашасы бар. Біз бүгін сол алашаны безендіреміз. 3 - 4 алашаның үлгісін көрсету. Жолақтардың бағытын өзгерту. Үлгілерді алып тастау. Алашаны салудың әдіс - тәсілін көрсету: алдымен солдан оңға қарай бір түсті жүргізу, келесі бояу екеуінің арасын аса алшақтатпау. Келесі түсті бояу үшін қылқаламды жуып отыру.
Сабақ соңында түстердің әдемі үйлескенін ескеріп, алашаның өте әдемі болып шыққанын атап өту.

Біз не білдік:
- Алаша түсі алабажақ.
- Әртүрлі түстерді үйлестірсе, әдемі зат шығады.

№6 Күзгі жапырақтар
Мақсаты: қылқаламды дұрыс ұстай білуге үйрету. Түстер туралы түсінік дамыту. Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Барысы: Күзді ақындар әртүрлі жырлайды.
Күз де болды
Гүл де солды
Қайран бұтақ
Қалды жұтап.- Ол неге жұтап қалды?
Балалармен жапырақтар туралы әңгіме жүргізу. Күзгі жапырақтар қандай? Сары, олар желмен бірге ұшады. Күзде сарғайып, жерге түседі. Оның үстінен жүрсең, олар шытырлайды. Оның түсі сары, яғни сары түсті бояумен бояймыз. Жұмыс барысында қылқаламды дұрыс ұстап, бояуларды қолдану тәсілдеріне назар аудару. Сабақ соңында қаншама күзгі жапырақтар ауада қалыптап ұшып жүргеніне көңіл аудару. Бірге күзгі жапырақтар туралы өлең айту.

Біз не білдік:
Жапырақтар сары, әр түрлі көлемді болады.

№7Иірілген жіптер
Мақсаты: сызықтарды үзбей дөңгелете сала білуге үйрету. Есте сақтай білу қабілетін дамыту. Әжелердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Жіп иіру.
Түбіт түтіп шүйкелеп,
Саусаққа әже іледі.
Сұрамайды бір көмек
Бәрін өзі біледі.
Санына тақап ұршығын,
Алақанмен сипайды.
Жүнінен болмай бір шығын,
Жіп болып бәрі ширайды.
- Балалар жүннен тоқылған шұлықтар жылы болады. Оның емдік қасиеті бар.
Балаларға жіптің қалай оралатынын көрсету. Ортасынан бастап, шеңберді үлкейте беру. Балаларға оны алдымен ауада салып көруді ұсыну. Қарындашты қағаздан алмай салу. Жіптерді салуда түрлі түсті қарындаштарды қолданған балаларды мадақтау.

Біз не білдік?
Қылқаламмен әртүрлі заттарды салуға болады
Бояуларды дұрыс пайдалана білудің маңызы зор.

№8Әдемі доптар
Мақсаты: дөңгелек пішінді заттарды салуға үйрету. Қарындашты дұрыс ұстай білу қабілетін дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.
Барысы: Доп туралы жұмбақ.
Доптарды көрсету. Балалардан оның пішіні қандай екенін сұрау, оны ауада қалай салу керектігін сұрау. Өткен сабақтарда қандай дөңгелек пішінді заттарды салғанын еске түсіру. Сурет салу барысында доптар әр түрлі болатынын, сондықтан да әр түрлі қарындаштарды қолданғандары дұрыс екендігін айтып өту. Сабақ соңында балалармен қандай тамаша доптар салғанын талдап, әр бала өз добын қандай түспен бояғанын айтуы керек.

Біз не білдік?
Доптар әртүрлі болады
Доп дөңгелекке ұқсайды

№9Қызыл алма
Мақсаты: Жемістерді сала білуге үйрету. Пішіндер. түстер туралы түсініктерін
дамыту. Табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Барысы: Алма туралы тақпақтар оқу
Мен алмамын, алмамын.
Таңдай жұлар бал дәмім.
Жұмбақ:
Жазда піседі
Аузыңа түседі,

Алма қызыл, сары, жасыл болады. Алма да дөңгелекке ұқсайды.
Оны ауада салу. Қағаздың ортасына салу, Қызыл түспен бояу.
Қылқаламды суға батырып, қызыл түске бояу.
Оның пішіні дөңгелекке ұқсайды.
Біз не білдік?
Алмалар күзде піседі.
Олар әртүрлі болады.
Оның пішіні дөңгелекке ұқсайды.
Қандай сурет салғың келеді, балақай
Мақсаты: балалардың сурет салуға деген ынтасын ояту, мазмұнын ойлап табу. Ойлай білу қабілетін дамыту. Өз бетімен әрекет ете білуге тәрбиелеу.

Барысы: Балалардың көп затты сала білетіндерін еске түсіріп өту. Өз бетімен сурет салуларын ұсыну. Жұмыс барысы кезінде кімнің не салып жатқанын сұрап, бағыт - бағдар беріп отыру.
Қарындашты дұрыс ұстау тәсілдерін естеріне түсіру. Суреттерді талқылау кезінде өздеріне таныс заттардан басқа жаңаша заттарды бейнелеген балаларды мадақтау.

Біз не білдік?
Өз ойыңды суретпен бейнелей білуге болады.
Көп заттар дөңгелек пішінге ұқсайды.

11. Ағаштар
Мақсаты: көлденең сызықтар салуға үйрету. Көре білу қабілетін дамыту. Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Барысы: Балалармен ағаштардың бітімін еске түсіру. Балалармен ауада көлденең сызықтар салу. Суретті қағаздың дәл ортасына, түгел қағаздың бетіне түсіріп жасау. Ағаш бұтақтарының көлденең, әрі төмен қарай сәл иіліп тұратынын атап өту. Балалардың назарын бұтақтардың ағаштағы бұтақтардың қысқасы да ұзыны да бар екендігін атап өту.
Сабақ соңында «Біздің ауладағы ағаштар» атты көрме ұйымдастыру. Балалармен бірге талқылау.
Біз не білдік?
Ағаштардың бұтақтары көлденең сызықтарға ұқсайды.
Бұтақтар ұзын да қысқа да болады.
Ағаштардың бұтақтарын сындыруға болмайды.

12. Шырша
Мақсаты: балаларды көлденең, түзу, қисық сызықтарды салуға үйрету. Ұзындықтар туралы түсініктерін дамыту. Қоршаған ортаға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.

Барысы: Үлгі суретті қарау. Ауада салып, көрсету. Түсі қандай? Ол мәңгі жасыл. 2 - 3 баланы ортаға шығарып ауада шыршаны салып көрсету. Шыршаның астыңғы бұтақтары ұзын, ал биіктеген сайын қысқара береді. Бұтақтары төмен қарай иіліп тұрады. Сабақ соңында балалармен бірге шыршалардың әртүрлі болып шыққанына назарларын аударту. (биік, қысқа, т. б. әртүрлі.

Біз не білдік?
Шыршалар мәңгі жасыл. Шыршалар биік, аласа, әртүрлі болады.

№13 Тақырыбы; Жаңа жылға безендірілген әсем шырша.
Мақсаты: Жаңа Жылда безендірілген шыршаны бейнелей білуге үйрету. Әдемілікті сезіне білу қабілетін дамыту. Достарының жетістіктеріне қуана білуге үйрету.

Барысы: Жаңа жылдың әсем безендірілген шыршаны салуды ұсыну. Оның (түрлі түсті моншақтар, ирек ирек жіптер, дөңгелек шамдар,) әртүрлі өрнектер салуды ұсыну. Көгілдір, қызғылтым түстермен таныстыру. Бояудың әдіс - тәсілдерін көрсету. Сабақ соңында балалардың қайсы ойыншықты көгілдір, қайсы ойыншықты қызғылтым түске бояғандарын анықтау.

Біз не білдік?
Жаңа Жыл шыршасын безендіру өте қызықты
Қызғылтым, көгілдір ойыншықтар әдемі көрінеді

14. Аққала
Мақсаты: пішіні дөңгелекке ұқсайтын заттарды бейнелей білуге үйрету. Көлемдер туралы түсініктерін дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.
Барысы: Серуенге шыққан кезде аққаланы қалай мүсіндегенін сұрау.
Аққаланың түсі қандай?
Қандай пішінге ұқсайды?
Неше бөліктен тұрады?
Ауада салып көрсету. Оның бөліктері әртүрлі екендігін атап өту.
Үлкен, орташа, кішкене дөңгелектер. Сабақ барысында қылқаламды дұрыс ұстауларын қадағалау.

Біз не білдік?
Аққаланың түсі ақ
Пішіні дөңгелекке ұқсайды
Далада таза ауада ойнаған пайдалы

15. Тақырыбы: «Қарға көмілген ағаштар»
Мақсаты: Қыстың бейнесін суретпен бейнелей білуге үйрету.
Эстетикалық сезімдерін дамыту. Табиғаттың әсемдігін
сезіне білуге тәрбиелеу.
Барысы: Балалар қыстың негізгі белгісі неде?
- Қыста суық болады. Жер, үйлер. жолдар қарға көміліп, жердің бәрі
ақ мамыққа оранып жатады. Үстінен қар басқан ағаштардың бұтақтары майысып тұрады. Ауада ағаштың діңі мен жан - жаққа таралған бұтақтарын салу. Суретті неден бастап салу керектігін
анықтап алу. Қағаздың бетіне үлкен етіп салынған ағаштарды салған
балаларды мадақтау.
Біз не білдік: Қыста жердің бәрі ақ мамыққа оранып жатады.
Қыста ағаштар қарды көтере алмай майысып тұрады.

№16Көктегі ұшақтар
Мақсаты: бірнеше бөліктерден тұратын заттарды салуға үйрету. Түзу сызықтарды әр түрлі бағытта сала білу қабілетін дамыту. Эстетикалық тәрбие беру.
Барысы: Ойыншық ұшақты қарау. Адамдар ұшақты құсқа қарап ойлап тапқан. Оның бөліктері құстың денесіне ұқсайды. Оның бөліктері мен қанаттарының бағытына қарау. Ұшақты қалай салуға болатынын сұрау. Ауада салып көрсету. Бірнеше ұшақты салуға болатынын айту. Суретті қайталап салған балаларды мадақтау. Сабақ соңында суреттерді бағалау.
Біз не білдік?
Ұшақтар әр түрлі бағытта ұша алады

Ұшақ бірнеше бөліктерден тұрады
Ұшақ ұшқан құсқа ұқсайды.

17. Жалауша
Мақсаты: Тіктөртбұрышты көлденең және тік сызықтармен үйлестіріп, белгілі бір затты бейнелей білуге үйрету. Әр түрлі қарындаштарды қолдана білу қабілетін дамыту. Достарын сыйлай білуге үйрету.
Барысы: Жалаушаның пішінін саусақпен сипап көру. Оның пішінін түсіндіру. Бейнелеу тәсілін көрсету, алдымен, екі түзу сызық салу, содан кейін ол сызықтарды көлденең сызықтармен қосу. Түгел балаларға алдымен ауада салуды ұсыну, содан кейін қағазда салу. Ол жалаушалардың түстері әртүрлі. Сондықтан да әртүрлі қарындашпен бояймыз. Түзу жалаушаларды салғаннан кейін, оны бояуды ұсыну. Әдемі жасалып, дұрыс боялған жалаушаларды мадақтау.

Біз не білдік?
Жалауша тіктөртбұрышқа ұқсайды
Оны мерекелерде іледі.

18. Күрек
Мақсаты: тіктөртбұрыш және таяқшадан тұратын затты бейнелеуге үйрету. Оның құрылысы мен сәйкестігін дұрыс келтіре білуге үйрету.
Барысы: Күрек не үшін қажет? Ол саптан және күректің басынан тұрады. Күректің басы тіктөртбұрышқа ұқсайды, ол сабы ұзын таяқша сияқты. Жұмыс барысында жұмысты тез аяқтаған балаларға тағы да күрек салуды ұсыну. Соңында түзу, әдемі жасалған күректерді мадақтау. Балалардың жұмысына талдау жасау.
Біз не білдік?
Күрек - жұмыс құралы
Ол екі бөліктен тұрады.
18. Қараторғайға арналған үйшік
Мақсаты: тіктөртбұрыштан, шеңберден тұратын заттарды салуға үйрету. Бояу тәсілдерін дамыту. Есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: қағаздан жасалған құстың ұясы. Құстарға арналған үйшікті естеріне түсіру. Оның бөліктерін анықтау. Ең үлкені тіктөртбұрышты, төбесі түзу, шеңберге ұқсас тесігі бар. Көлемдердің үйлестігін сәйкестендіру. Сурет салу барысында балаларға бағыт - бағдар беріп отыру. Бояуларды дұрыс қолданып, әдемі бояуларын қадағалау.
Біз не білдік?
Құстарға қамқор болу қажет
Құстың ұясы тіктөртбұрыштан, шеңберден құралады

19. Сүйкімді қол арба
Мақсаты: бірнеше бөліктерден тұратын заттарды салуға үйрету. Есте сақтау қабілетін дамыту. Өз бетімен шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Барысы: Қол арбаны қарау. Оның пішініне, құрылысына көңіл аудару. Ол төртбұрыш, ал дөңгелектері шеңберге ұқсайды. Ауада салу. Суретті салудың бірізділігін көрсету. Алдымен арбаны салу, яғни тіктөртбұрыштан, келесісін дөңгелектен салу. Өздеріне ұнайтын түспен бояуларына болатынын айтып, суретті қағаздың бетін түгел алатындай етіп салу. Суретті салып біткен балаларға тақырыпқа сәйкестендіре тағы да бір зат салуға болатынын айтып өту. (Арбада не бар, т. с. с.). Соңында түгел суретті іліп, қаншама әртүрлі арбалар салынғанын атап өту. Балалардан олардың қол арбасында не бар екенін сұрау.

Біз не білдік?
Арба бірнеше бөліктен тұрады
Арбамен жүк тасуға болады.

№20. Өз ойларымен сурет салу
Мақсаты: балалардың өз ойларын суретпен бейнелей білуге үйрету. Бояудың түстері туралы түсіндіру. Эстетикалық талғамын дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.
Барысы: әр балаға өз ойларын салуды үйрету. Ол өте қызықты болса, жақсы болар еді, - деп балаларды жігерлендіру. 2 - 3 балалардан қандай тақырыпта сурет салатындарын сұрау.

Біз не білдік?
Суретте өз ойыңды салуға болады.

21. Гүлденген алқап
Мақсаты: гүлді сала білуге үйрету. Сурет салудың әдіс тәсілдерін дамыту. Табиғатты аялауға үйрету.
Барысы: серуенге шыққан кезде қандай гүлдерді көргендерін еске түсіру. Бақ - бақ гүлін салуды ұсыну. Оның түсі қандай? Балаға оның сабағы мен жапырақтарын қалай салуға болатынын көрсету. Қағаздың бетін тұтастай алатындай етіп салу. Сурет салудың бірізділігін көрсету. Алдымен, сабағы мен жапырақтарын, келесі гүлді салу керектігін ескерту. Сабақ соңында жасыл алқапта бақ - бақ гүлдер әдемі болып өседі екендігін түсіндіру. Ең әдемі гүлді таңдап аламыз.
Біз не білдік?
Гүлдер әртүрлі болады
Ол сабақтан, гүлден және жапырақтан тұрады.
№22Түрлі – түсті шарлар
Мақсаты: сопақша заттарды салуды үйретуді. Бояу тәсілдерін қолдана білу қабілетін дамыту. Жақсы нәтижеге жетуге деген талпынысқа тәрбиелеу.
Барысы: балалармен бірге әртүрлі сопақша шарларды қарау. Сопақша мен дөңгелектің айырмашылығын дәл көрсете білу керектігін ескерту. Сопақшаны ауада салып көрсету. Қарындашпен салып тұрып ұзыншақ, яғни сопақ шарлар, - деп түсіндірме беру. Домалақ шарлар. Балаларға өздеріне ұнаған шарды салу, сосын бояуды ұсыну.
Дидактикалық ойын «Дәл осындай затты тап»
Сопаққа – діңке, қияр, жұмыртқа, сопақша шарлар, жер жаңғақтарға ұқсайды, домалаққа қауын, доп, дөңгелек, күн, жер ұқсайды.

Біз не білдік?
Көп заттар сопаққа ұқсайды
Сопақ домалақтан қарағанда ұзыншақ болады.
Оны әртүрлі түспен бояуға болады.

23Тауықтың жұмыртқасы мен алтын жұмыртқа
Мақсаты: Сопақша туралы түсініктерін бекіту. Әдемі бояу әдет - дағдыларын қалыптастыру. Қиялын дамыту. Үй құстарына қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Барысы: «Айдалада ақ отау
Аузы, мұрны жоқ отау» (жұмыртқа)
Жұмыртқаны қарау. Оның бойымен саусақты жүргізу. Оның пішінінің ерекшелігін атап өту. Ол дөңгелектен ұзын. Үшкір, доғал деген түсініктермен таныстыру. Жұмыртқаның астыңғы жағы доғалдау, үстіңгі жағы үшкірлеу келеді. Оны ауада салу. Балаларды оның бейнесін дәл бере білуге талпындыру. Жұмыртқаға ерекше ұқсас суретті алтын жұмыртқаға айналдыру (сары, т. б.). Сабақ соңында балалармен бірге салынған суретке қуану.

Біз не білдік?
Жұмыртқаның асытыңғы жағы доғал, жоғары жағы үшкірлеу.
Ол сопақшаға ұқсайды.
Оның негізгі түсі – ақ.

24. Алтын күн
Мақсаты: Шеңберді түзу сызықтармен үйлестіре білуге үйрету. Сызықтар туралы түсініктерін дамыту. Шығармашыл болуға тәрбиелеу.
Барысы: Күн туралы әңгіме. Мейірімділік - адамнан,
Жылулық - күннен.
Күн көзі бізге жарық, жылу сыйлайды. Ол шеңберге ұқсайды.
Балаларға күнді қалай бейнелейтінін көрсету. Қағазды тігінен қойып, шеңбер салу, жан - жағына сәулелерін түзу сызықтармен әшекейлеу. Күн шуағын кімге шашыратып тұр екен? Оған тағы не қосуға болады? Түсі қандай? Қосымша толықтырулар енгізген балаларды мадақтау. Салынған суреттерге қуану.

Біз не білдік?
Күн шеңберге ұқсайды
Оның шуақтары түзу сызықтарға ұқсайды.
Күн, ауа, су – біздің ең жақын достарымыз.

25. Қолорамал
Мақсаты: көлденең және тігінен тұратын сызықтардан, өрнектен сала білуге үйрету. Есте сақтай білу қабілетін дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.

Барысы: әртүрлі қолорамалдарды қарау. Оның өрнектерін сипаттау. Бояуды өздеріне таңдату. Шақпақ өрнектер салу үшін алдымен тігінен, келесі көлденең сызықтар салу керек. Әр торкөздің ішінен әртүрлі бояумен бояса, әдемі қолорамал болып шыға келеді. Қорыту кезінде қолорамалдың әртүрлі және әдемі болып шыққанын атап өту.

Біз не білдік?
Көлденең және тік сызықтар сызу арқылы әдемі өрнек жасауға болады.
Торкөздің ішін әртүрлі бояумен бояса, әдемі сурет шығады.
26. Тақырыбы: «Кесені әшекейле»
Мақсаты: Қазақтың ою - өрнектерімен таныстыру.
Қазақтың қол өнері туралы түсініктерін дамыту. Ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Барысы; Кесенің қиылған үлгісін көрсету.
Оның ішін қазақтың ұлттық ою - өрнегінің бір түрі - қошқар мүйізбен әшекейлеуді ұсыну. Бұл ою қошқардың мүйізіне ұқсағандықтан оны осылай атайды. Әр ою - өрнектің өз аты бар. Оюды ауада салып көрсету. Балалардың жұмысына бағыт беріп отыру.
- Әдемі кеселер көрмесі.
Біз не білдік.
Кесе - ыдыс
Оның сыртын әртүрлі оюмен әшекейлеуге болады.

Қолданылған әдебиет:
«Занятия по изобразительной деятельности в детском саду» Т. С. Комарова
Балаларға арналған «Балдырған» журналы.
«Балаларға арналған өлеңдер жинағы» М. Әлімбаев.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Баяндама: Балабақша мен отбасының бала тәрбиелеудегі қарым-қатынасы

Автор: Адылханова Гүлназира Мырзабекқызы

Дата: 27.01.2018

Номер свидетельства: 452809

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "Баяндама: Отбасы мен балаба?шаны? бала т?рбиелеудегі ?арым-?атынасы"
    ["seo_title"] => string(65) "baiandamaotbasymienbalabakshanynbalatrbiielieudieghikarymkatynasy"
    ["file_id"] => string(6) "319922"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460978216"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "БаяндамаТа?ырыбы: «Балаба?ша мен отбасы арасында?ы ?зара байланыс» "
    ["seo_title"] => string(69) "baiandamatak-yryby-balabak-sha-mien-otbasy-arasyndag-y-ozara-bailanys"
    ["file_id"] => string(6) "154551"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421166630"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Баяндама «Отбасы мен балаба?ша" "
    ["seo_title"] => string(33) "baiandama-otbasy-mien-balabak-sha"
    ["file_id"] => string(6) "171924"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423741012"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(145) "Ата-аналар жиналысына баяндама: "Отбасындағы және балабақшадағы бала тәрбиесі""
    ["seo_title"] => string(79) "ata_analar_zhinalysyna_baiandama_otbasyndagy_zh_ne_balabakshadagy_bala_t_rbiesi"
    ["file_id"] => string(6) "506045"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1554382349"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства