kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

БаяндамаТа?ырыбы: «Балаба?ша мен отбасы арасында?ы ?зара байланыс»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Балаба?ша мен отбасы арасында?ы ?зара байланыс»

О?ылды:  Тамыз ке?есінде.

О?итын:  т?рбиеші   М.Е.Жаркынбаева.

Ж?мыс т?рі:  Баяндама.

К?ні: 18. 08. 2014 жыл.

 

 

«Елді? келешегі б?гінгі жас ?рпа?ты? ?олында, ал жас ?рпа?ты? та?дыры ?стаз бен ата – ананы? ?олында»

                                                                                                                              Н.Назарбаев.

 

?о?амымызды? іргетасын ны?айту ?шін б?гінгі жас ?рпа??а ?лгілі, ?негелі т?рбие беру – ?азіргі білім беру ж?не т?рбиелеудегі басты міндеттерді? бірі.
           ?азіргі заманда жас ?рпа??а сапалы білім мен саналы т?рбие беру ?леуметтік ??рылымны? е? ма?ызды міндеттеріні? біріне айналды. ?аза?стан Республикасыны? 2015 жыл?а дейінгі білімді дамыту т?жырымдамасында «Мектепке дейінгі т?рбие ?здіксіз білім беруді? ал?аш?ы сатысы. Ол баланы? жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталы?» делінген.
           Баланы т?рбиелеу, дамыту ж?не білім беру м?селелерінде отбасы мен балаба?ша ?жымыны? бірлескен ?зара ты?ыз байланыста болуы.

?о?ам ?шін ?р кезе?де, ?р отбасында ?сіп келе жат?ан ?рімдей ?л –?ыздарды? дені сау, рухани бай, е?бекке, білімге ??штар болып ?суі-е?  жо?ар?ы   тілек,    е?   биік    ма?сат.   Оны?  ?уат   алатын   ?айнар   бастауыотбасы. Отбасыны? аса ??нды ы?палы мен ?серін ?мірдегі ешн?рсені? к?шімен салыстыру?а болмайды. Бала?а ата-ана т?рбиесіні? орнын ешн?рсе алмастыра алмайды. Отбасы-?мірге с?би ?келіп, оны т?рбиелеп, ?алыптастыруда ж?не ?рпа? жал?астыруда те?десі жо? орын.

Т?рбие отбасы мен балаба?ша ?атынастарына тікелей байланысты. Отбасы айт?анына к?ндіріп т?рбиелейді, ал балаба?ша о?тайлы ?ылы?, д?рыс  к?з?арас  ?алыптастыру?а  ?мтылады.

Отбасыны? бала?а т?рбие берушілік ?ызметтіні? ма?саты- балаланы? жасын, жеке ерекшелігін, психологиялы? процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ?рпа?ты т?рбиелеу.

К?здеген ма?сат?а жету ?шін отбасы бала т?рбиелеуде мынадай міндеттерді орындауды ?ажет етеді:

-  Отбасында баланы? ?суіне, денсаулы?ына ?ам?орлы? жасау, тазалы?ты ?алыптастыру.

- е?бекс?йгіштікке баулу, т?рмыста?ы, ?й шаруасында?ы е?бекке ??лшынысын арттыру, ?зіне-?зі ?ызмет етуге ?йрету.

- Отбасы м?шелерімен тіл табысып, д?рыс ?арым-?атынас жасау?а, ?лкенге ??рмет, кішіге ізет к?рсетуге ?йрету.

Балаба?ша мен ата – ана ынтыма?тасты?ыны?  негізгі ба?ыттары:

  • Ата – аналарды? педагогикалы?, психологиялы? сауаттылы?ын арттыру;
  • Балаларды? психолгиялы?, физикалы? денсаулы?ын ?амтамасыз ету;
  • Балалармен бірлескен шы?армашылы? іс – ?рекет т?рлеріне ?атысу;
  • Отбасы жа?дайында жеке т?л?а ?алыптастыру;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«БаяндамаТа?ырыбы: «Балаба?ша мен отбасы арасында?ы ?зара байланыс» »

Тақырыбы:

«Балабақша мен отбасы арасындағы өзара байланыс»

Оқылды: Тамыз кеңесінде.

Оқитын: тәрбиеші М.Е.Жаркынбаева.

Жұмыс түрі: Баяндама.

Күні: 18. 08. 2014 жыл.



«Елдің келешегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз бен ата – ананың қолында»

Н.Назарбаев.


Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.

Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл –қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі-ең  жоғарғы   тілек,    ең   биік    мақсат.   Оның  қуат   алатын   қайнар   бастауыотбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы-өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын.

Тәрбие отбасы мен балабақша қатынастарына тікелей байланысты. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді, ал балабақша оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады.

Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметтінің мақсаты- балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.

Көздеген мақсатқа жету үшін отбасы бала тәрбиелеуде мынадай міндеттерді орындауды қажет етеді:

- Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.

- еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету.

- Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету.

Балабақша мен ата – ана ынтымақтастығының негізгі бағыттары:

  • Ата – аналардың педагогикалық, психологиялық сауаттылығын арттыру;

  • Балалардың психолгиялық, физикалық денсаулығын қамтамасыз ету;

  • Балалармен бірлескен шығармашылық іс – әрекет түрлеріне қатысу;

  • Отбасы жағдайында жеке тұлға қалыптастыру;

  • Баланың бейімділігі мен отбасы қажеттілігі;

  • Баланы мектепке даярлауды қамтамасыз ету.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы.

Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ. Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – айналаны тану, сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке дайындау.

Отбасы – барлығының басы, жан-жақты даумуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше-баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата-аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс .

Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым – қатынасын талап етеді.Бұл қарым-қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым-қатынас» деген түсініктермен анықталады.

Бала бақыты - білімде. «Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста секілді, не жасаса да келістіріп жасайды », - дейді А.Байтұрсынов.

Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата – аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата –аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата - ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.

  Ата – аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:

 * Ата – ананың бала тәрбиелеуге деген көзқарасын өзгерту;

* Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер

ететінін атап өту;

* Ата – аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу;

Ал  міндеттері:

* Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.

* Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата – ананың өміріндегі тұрақтылық пен

болашаққа деген сенімін нығайтады.

Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата – аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата –аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті .

Ата – аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады?

Ол үшін біз ата -  аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата –аналардың ұсыныс - пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата -   аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата -аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата – аналардың ұсыныс –пікірлермен санаса отырып ата –аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ – жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата – аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс- тәсілдері қарастырылады.

Әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлі емес өзара іс-әрекеті бірлігінің педагогикалық принципінің негізінде жүзеге асуынан байқауға болады. Тәрбиешілердің, қоғамдық ұйымдардың және отбасының ұрпақты тәрбиелеуде бірлесіп қоян-қолтық жұмыс істеуін талап етеді. Егер де тәрбиелеу күштері қалыптаспаса және бір-біріне қарама-қайшы келсе, онда бала психикалық жүктемелерге тап болады.

Дамытушы ортаға.

  • Демалыс аймағы;

  • Интеллектуальдық - танымдық аймақ;

  • Өз бетінше бейнелеу әрекетін жасау аймағы;

  • Ойын аймағы.

М.Әуезов  «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек».  Өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады.

Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс - шараларға, ата- аналар және топ жиналыстарына ата – аналарды тартудың қажеттілігі:

*Балаларда іс – әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады;

* Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;

* Балаларға отбасы мен  балабақша байланысын сезіну ұнайды;

* Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;

* Ересектер мұғалім жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;

* Ата – аналар және басқа да ересектер мектепке оқыту философиясымен және оқу жоспарларымен танысады;

* Ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді.

* Тәрбиешіге балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады жекелеп оқыту мүмкіндігі туады.

Тәрбиешілер ата – аналарға ақыл - кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым-қатынас ережелерін есте сақтауы керек:

  • бір – біріне  көңіл  бөлу

  • тыңдау

  • сыйлау

  • көзбе – көз  қарау

  • тиімді   орынды  таңдау

  • әзілді  сезіну

  • ұрыс – керістен  сақтану  сияқты

Сонымен қатар ата-аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін:

  • Сиқырлы сөздер айту;

  • Баласының  жетістігін  айту;

  • Сенімді   болу;

  • Көңіл  -  күйіне   қарау;

  • Намысына   тимеу;

  • Материал   арқылы  сөйлесу (анкета, тест, т.б);

  • Қарапайымдылық;

  • Пікірін  сыйлау.

Ата -  аналармен   жұмыс  жүргізудің   негізгі   алғы   шарттары

* Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы, өнегелі ата-ана болуды шешім етеді;

* Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады;

* Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата - ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу;

* Баланың дамуы туралы ақпарат ата - аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді;

* Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады;

* Тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді;

*Ата – анамен баланың ортақ қарым-қатынастары жөнінде кеңес беру;

  Ата – аналар  клубы

«Балабақшадағы, отбасындағы, топтағы кездесетін қайшылықты жағдайларды шешуге арналады»

Тақырыптық  кеңес

«Ата – аналарды психологиялық педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту»

Педагогикалық   семинар

«Отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдеріне арналады. Семинарға тәрбиешілер де, ата – аналар да жан – жақты дайындықпен қатысуы қажет»

Шығармашылық   кештер

«Балабақшаішілік және топішілік болып, озық қабілетті, танымал ата -  аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады»

Ата – анамен  жүргізілетін  жұмыс түрлері: 

  • топішілік  ата -  аналар  жиналысы

  • балабақшаішілік  ата – аналар   жиналысы

  • ата – аналармен  жеке  кездесу

  • ата – аналар  үшін  ашық  есік күн

  • мерекелік  кештерге  шақыру

  • ата – аналарды тренинг  ойындарға  қатыстыру

  • отбасылық  жарыстарға  қатыстыру

Негізгі   міндеттері:

* тәрбиешінің   топ  ата -  аналармен  құрамын   зерттеуі

* ата – аналармен   тұрақты  байланыс   орнату

* ата – аналар   ұжымын   құру

* ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру

* үштік одақ (бала, ата – ана, тәрбиеші) жұмысын жандандыру

   Атқаратын   қызметі:

 * ата – аналарды топтағы оқу - тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру

*ата – аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру

*отбасы тәрбиесі туралы ата - аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру

* ата - аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әр түрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру

  Мысалға алатын болсам: ата - аналарға арналған жұмыстар

Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата – ана жауапкершілігі»

Мақсаты: Ата – аналарды балаларға жауапкершілікпен, ұқыпты қарауға

шақыру.

Міндеттері: 1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата – ананың

жауапкершілігі.

2. Балабақшада ата – ананың оқу – тәрбие саласындағы рөлі.

3. Алдағы уақытта тәрбиеленушілерді тәрбиелеуде тәрбиеші мен

ата – ананың бірігіп жұмыс жасауы.

Әдіс - тәсілдер: Жиын, әңгімелесу, көрсету.

Керекті құралдар: компьютер, қағаздар, қаламдар.

Барысы: «Ұстаз - бағбан, бала - гүл» деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы. Осы қағиданы ата – ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен, әдемі болып өскені қажет екендігі сияқты, ата – ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенінен, әдепті болып есейгені қажеттірек.

Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес, сапасымен мақтанатыны сияқты, ата – ана да баласының әдептілігімен мақтануы тиіс.

Ата - аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін балабақшада «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс жасап. Балаларды қол өнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге үйретсе, кейбір ата - аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға атсалып отырылса нәтижелі жұмыс болады.

Мерекелер, балаларды қорғау күні қарсаңында «Ғажайып балалар әлемі» атты акциялар өткізіп ата - аналарымыз өз қалаулары бойынша демеушілік жасап балаларға сыйлықтар тарту жұмыстары жүргізілетін болса, балалардың толыққанды дамуына үлкен үлесін қосатыны рас.

Бала тәрбиелеуде тәрбиеші мен ата – ананың бірігіп жұмыс жасауға барлық мүмкіндікті пайдалану барысында ЖЖЕ туралы ата – аналарға кеңес беру мақсатында ата – аналардың МАИ қызметкерімен кездесуі «Жолда жүру ережелерін білеміз бе?» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты: Жол жүру ережелері туралы ата – аналарға кеңес беру. Жол жүру ережелері бойынша қалыптасқан білімдерін пысықтап, оның адамдар өміріндегі маңыздылығын ұғындыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Алған мағлұматтарын балаларына үйретуге тәрбиелей отырып, зейінділікке, ептілікке, сақтыққа, шыдамдыққа баулу.

Бұл отырыста ата – аналар көккейдегі сауалдарына жауаптар алып, арнайы дайындалған бейнетаспаны қарап бақылады. Балаларына сақтық шараларын ұстаздар мен ата – ана ықпалдасы арқылы игерте алатындарына толық сенімді болды.

Нәтижесінде ата – ана: Перизат Қайбергенованың «Жол ережесін біліп жүрейік» атты тақырыпта «Шалқар» газетіне мақаласы жарияланды.

Ата – ана мен балабақша қызметкерлері арасындағы қарым – қатынасын нығайту мақсатында «Алғырлар мен тапқырлар» атты интеллектуалдық ойын - сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайысқа ата – ана және балабақша қызметкерлері қатысты.

Мақсаты: Ата - ана мен балабақша қызметкерлері арасындағы қарым - қатынасын нығайту. Қатысушылардың әр сала бойынша білімдерін кеңейту, интеллектуалдық ойын анықтап, бала тәрбиелеуде қазақ халқымыздың салт-дәстүріне, халық ауыз әдебиетіне қызығушылығын таныту.

Осы сайысты ұйымдастыру нәтижесінде екі топтың алғырлық және тапқырлық денгейлері анықталып, жүлделі орындармен марапатталды.

Осындай нәтижелі жұмыстардың жемісі көптеген жақсы жемістер беретіні бүгінгі таңда баршаға аян болып келеді.

Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата- ананыңда, тәрбиеші - ұстаздың да атқаратын рөлі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар.

  Ата – ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған -  туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсініп, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін балабақшамен бірлесе жұмыстар атқара отырып ұғындыру керек.

Ата – ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата - ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. Баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата – ана педагогикалық әдіс -  тәсілдерге сүйенгені дұрыс.

Күтілетін нәтиже:

Алдағы уақытта отбасылық тәрбиедегі тәжірибемен бөлісу мақсатында педагогикалық – психологиялық сайыстар, үлгілі отбасымен кездесу кешін өткізу, отбасылық газет шығару жұмыстары түрлене отырып жүйелі түрде жүргізілсе екі жақты тәрбие процесі жүйелі түрде жүзеге асады.

  • Ата - аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі арттады.

  • Ата – аналардың белсенділіктері, қызығушылықтары байқалады.

  • Өздеріне деген жауапкершілікті сезінеді, ынталанатын болады.

  • Балабақша ұжымына деген сенімділік, құрметтеу белгілері жоғарылайды.

Ата – ана мен балабақша арасындағы тығыз қарым - қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда, оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан - жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.

Осы айтылғандардың бәрі бала тәрбиесі үшін үлкен маңызы бар. Демек, бала тәрбиесі жас шыбық тәрізді, қалай исең солай қарай иіледі. Бала - нәзік, ал бала тәрбиесі - одан да нәзік екенін ұмытпайық.




Пайдаланылған әдебиет:

    1. «Бала мен балабақша» журналы

    2. «Отбасы және балабақша»журналы

    3. «Бала тәрбиесі» журналы

    4. «Мектеп жасына дейінгі педагогика» кітабы

    5. «Мектеп алды даярлық» журналы








































ЖШС «Нұр – Тілек» балабақшасы









Тақырыбы:

«Балабақша мен отбасы арасындағы өзара байланыс»









Оқылады: Тамыз кеңесінде

Оқитын: тәрбиеші

М.Е. Жаркынбаева

Күні: 18.09.2014 жыл.










Шалқар қаласы,2014жыл.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
БаяндамаТа?ырыбы: «Балаба?ша мен отбасы арасында?ы ?зара байланыс»

Автор: Жаркынбаева Маржан Ергазиевна

Дата: 13.01.2015

Номер свидетельства: 154551


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства