Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "1-ден 10-ға дейінгі сандар"»
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің тақырыбы: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды санау
ҰІӘ мақсаты: 1-ден 10-ға дейін санау.Сандарды тура және кері санауға , сандар көршісін атауды , алдында, артта ұғымдарын дамыту. Балалардың зейінін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, дидактикалық ойындар арқылы балалардың ақыл ой белсенділігін тәрбиелеу.
Ойындар арқылы әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, санамақ айту.
Балалар, қазір біз «Сиқырлы сандар» ойынын ойнаймыз.
Біз білімді, әрі тәртіпті болсақ, сандардың не жасырып тұрғанын білеміз.
Жылыдың қай мезгілі? Жылдың қыс мезгілі.
Қазір қай ай? Ақпан айы, 2-ші ай.
Аптаның қай күні? 4-ші күні бейсенбі.
Аптаның неше күні бар? 7 күні бар.
Балалар! Біз сендермен 1-10 ға дейінгі сандарды өткен болатынбыз. Енді бүгінгі тақырыбымыз 1-ден 10-ға дейінгі сандарды санау.
Сендердің білімдеріңді тексеріп мынындай бір ойын ұйымдастырып жіберейікші!
«Жемістерді таңдап, орнын табу » ойыны.
«Ертегілер елінен» үзінді.
Таңертен, жылықы мен сиыр өзеннен өтіп жайлауға барады. Біріқ олар өзеннен өтейін десе, аяқ басқан сайын өзендегі мұз сықырлап, шытынып жарыла бастайды. Қорқып кеткен жылқы кісінеп, сиыр мөңірейді. Олардың дауысын жақын жердегі жүрген ормандағы қасқыр естиді. Сол сәтте қасқыр орманнан шыға келеді. Сол кезде малдарын іздеп, бала келеді. Бірақ, қасқыр жылқы мен сиырды өзеннен өткізу үшін балаға бірнеше тапсырма ұсынады.
№1 тапсырма: 1-ден 10-ға дейін тура сана? 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
№2 тапсырма: 10-нан 1-ге дейін кері сана? 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.
№3 тапсырма: 1-ден 10-ға дейін тақтаға жаз.
№4 тапсырма:
Ойын « Көршісін тап»
№5 тапсырма: «Көкеністерді сана және өз түстерімен боя».
Қасқыр бұнын бәріне риза болып, сиыр мен жылқыны өзеннен өткізіп жібереді.
«Сергіту сәті»
Ал санайық, санайық,
Санын біліп лайық.
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу,
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
1 санына байланысты кім тақпақ айтады?
Ай да біреу аспанда,
Күн де біреу аспанда.
Тұратұғын елжіреп,
Бәрімізде бір жүрек.
2 дегенім еңбек- еңбек түбі жеңбек.
Карточкалармен жұмыс.
7-ге дейін санамақты айт. Буклеттен көрсету.
Заттар көрсетіліп әр бір сөзге түсініктеме беріліді.
1 дегенім –БІЛІМ,
2 дегенім – ЕЛІМ,
3 дегенім- ҮКІ,
5 дегенім- БЕСІК,
6 дегенім- АСЫҚ,
7 дегенім-ЖЕЙДЕ,
Көлек дейді кейде.
Жұмбақ шешу.
Менің үш көзім бар
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүр»дейді.
Бір көзім «абайла»дейді. (Бағдаршам)
Қорытынды:
-Балалар бүгінгі ҰІӘ сендерген ұнадыма?
-Қандай ойындар ойнадық?
-1-ден 10-ға дейін тура және кері санап үйрендікпе?
Мадақтау.
№5 мектеп-лицейі
Математика негіздері
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің тақырыбы: «1-ден 10-ға дейінгі сандар»