kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Отбасы мен балабақша бірлігі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

тренинг  "Танысу жаттығуы" "күншуақ"

сауалнама "Сіз қандай ата -анасыз"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Отбасы мен балабақша бірлігі"»

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер.

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Отбасы мен балабақша бірлігі»

1. Тренинг. «Күншуақ», «Танысу жаттығуы»

2. Сауалнама: «Сіз қандай ата-анасыз»

3. Отбасы мен балабақша бірлігінен белсенді топ ағашын құрастыру.

4. Балалардың шағын орталық балабақшасына қатысы.

5. Балалардың жеке – іс қағаздары туралы. (фото)

6. Балалардың тазалығы, киім киісі.

7. Ағымдағы мәселелер.



Отбасы мен балабақша бірлігі.

Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. Отбасы- бұл мектеп те ақпарат көзі, қоғамдық ұйымдарда, еңбек ұжымы да, дос жарандары да. Отбасы – бұл әдет пен өнер кілті тіптен «балалық шақ» деген ұғым отбасы мен балабақшаның бірігіп ұйымдастырған бүлдіршіндер тәрбиесімен шектеледі.

Құрметті ата-аналар. Біз сіздермен бірінші ата-аналар жиналысында кездескенімізге қуаныштымыз. Біз бен сіздерді байланыстырып тұрған әрине балалар. Сол балаларымыз аман болсын. Баларыңыз тек сіздерді жақсы қылықтарымен қуанта берсін дей келе бүгінгі жиналысымызды алуға рұқсат етіңіздер.

1.Психогимнастика «Күншуақ»

Ата-аналар ортаға шығып шеңбер бойымен дөңгеленіп тұрады. Ортада жарқырап тұрған күннің сәулесі мен жылуынан біздің ата-аналарда, балабақшада да жайлы. Олай болса, әрқайсымыз мына ғажап баулар арқылы күннің жылуын қабылдайық. Күннің жылуын қабылдаған оң қолымызды жүрегіміздің үстіне қоялық. Күннің мейірім жылуы біздің өн бойымызға тарап, біздің жылуымыз көбейді. Енді осы жылуды қолдарымызды ұстасып, бір-бірімізге беріп үлкен шеңбер жасайық. Міне көрдіңіздер ме, кішкене күннің мейірім жылуын бір-бірімізге беру арқылы үлкен жарық күн де пайда болды. Әрдайым осындай күн шуағындай бір-бірімізді жылытып, бір-бірімізге мейірімді, сүйіспеншілікте болады.


2. Танысу жаттығуы.
Ата - аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады. Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
3. Топқа бөлу.
Ата - аналар сол тұрған күйінде түрлі түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
4. Ой жинақтау.
Екі топқа тақырып беріледі. Ата – аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
1 топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
2 топ. Бала үшін тәрбиеші мен ата - ана арасында қандай байланыс болуы керек?
5. Сауалнама: "Сіз қандай ата - анасыз?"

1. Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?
2. Балалардың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым - қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?
8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез - құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік, бересіз бе?
12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайысыз ба?
13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл
2. Кейде ғана келісемін – 2 балл
3. Келіспеймін - 1 балл
Сауалнаманы бағалау өлшемдері:
0 - 16. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
16 - 30. Балаға қамқорлық жасау – бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызға тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30 - 39. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
5. «Отбасы мен балабақша бірлігі»

Қазақтың отбасы көбінесе көп балалы болып келеді. Осыған байланысты «Балалы үй базар» деген нақыл сөз де бар. Отбасы мен балабақшаны байланыстырып тұрған балалар. Бала ең алдымен отбасында ата-анасын танып, жақсы көреді. Кейін айналаны сезініп, көбірек білуге тырысады. Ең алғаш тәрбиені отбасынан алады. Отбасынан келген бала үшін топ ең алғашқы ұжым екенін ескере отырып, тәрбиеші балаларды жолдастыққа, достыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Тәрбиеші топ балаларымен қандай қарым-қатынаста болса, балаларда бір-бірімен сондай қарым-қатынаста болады. Бүгін біз сіздерге «Отбасы мен балабақшадағы бақытты балалық шақ» деп аталатын көрме ұйымдастырып отырмыз.

  • Сіздер қалай ойлайсыздар, отбасы деген не?

  • Отбасы бір-біріне қамқорлық жасайтын, бәрі бірге тұратын үлкен адамдар мен балалар. Отбасы әртүрлі: үлкен де, кіші де болады.

  • Отбасы неге ұқсайды? Немен теңестіруге болады?

  • Бес саусаққа, үюлі жидекке, ағашқа ұқсайды.

  • Меніңше отбасы ағашқа көбірек ұқсайды. Олай болса, алдарымыздағы ағаш бөліктерін дұрыс орналастырсақ үлкен бір ағашты құрастырамыз.

  • Жемістер – балалар

  • Ал жеміс неде өседі?

  • Бұтақта

  • Жемістер кімге риза болып өседі?

  • Ата-анаға. Бұтақ – ата-ана

  • Ал бұтақтар да бірдеңеде өседі ғой?

  • Ағаш діңінде өседі. Ағаш діңі – ата-әже

  • Ағаштың мықты болып өсуі неге байланысты?

  • Тамырына байланысты.

  • Тамыры – үлкен ата-әжелерің.

Олай болса, дәл осы ағашты пайдалана отырып, «Қарлығаш» ересек тобының жаңашыр, ұйымшыл, ата-аналардың белсенді тобының құрамының тірек, мәулім ағашын құрастырайық. Ата-аналар берілген тірек ағаш макетінен (тамыры, бұтағы, жапырақтары, діңі, алма) белсенді топ ағашын құрастырады.)

















































Жайық негізгі жалпы білім беретін мектебінің жанындағы шағын орталықтағы кіші топтың ата-аналар жиналысының

анықтамасы


25.11.15 күні жайық негізігі жалпы білім беретін мектебінің жанындаңы шағын орталықта кіші топтың «Отбасы мен балабақша бірлігі» атты ата-аналар жиналысы өтті

Қатысуға тиісті -15

Қатысқаны -9

Себептісі -3

Күн тәртібінде қаралды:

1. Тренинг. «Күншуақ», «Танысу жаттығуы»

2. Сауалнама: «Сіз қандай ата-анасыз»

3. Отбасы мен балабақша бірлігінен белсенді топ ағашын құрастыру.

4. Балалардың шағын орталық балабақшасына қатысы.

5. Балалардың жеке – іс қағаздары туралы. (фото)

6. Балалардың тазалығы, киім киісі.

7. Ағымдағы мәселелер.

8. Қортынды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Отбасы мен балабақша бірлігі"

Автор: Имангалиева Кунайм Орынгалиевна

Дата: 28.10.2016

Номер свидетельства: 352976

Похожие файлы

object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "«Отбасы мен балаба?ша  ынтыма?тасты?ы» "
    ["seo_title"] => string(40) "otbasy-mien-balabak-sha-yntymak-tastyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "171922"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423740895"
  }
}
object(ArrayObject)#877 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "Баяндама «Отбасы мен балаба?ша" "
    ["seo_title"] => string(33) "baiandama-otbasy-mien-balabak-sha"
    ["file_id"] => string(6) "171924"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423741012"
  }
}
object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "«Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастығы»"
    ["seo_title"] => string(47) "otbasy_men_balabaksha_arasyndagy_yntymaktastygy"
    ["file_id"] => string(6) "494760"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1547187128"
  }
}
object(ArrayObject)#877 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Бала т?рбиесіндегі отбасы мен балаба?шаны?  ынтыма?тасты?ы. "
    ["seo_title"] => string(65) "bala-t-rbiiesindieghi-otbasy-mien-balabak-shanyn-yntymak-tastyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "236662"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444134439"
  }
}
object(ArrayObject)#855 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "Баяндама: Отбасы мен балаба?шаны? бала т?рбиелеудегі ?арым-?атынасы"
    ["seo_title"] => string(65) "baiandamaotbasymienbalabakshanynbalatrbiielieudieghikarymkatynasy"
    ["file_id"] => string(6) "319922"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460978216"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства