kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ойын ар?ылы балаларды? ойлау ?абілеттерін арттыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

IIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIIHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHHH

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ойын ар?ылы балаларды? ойлау ?абілеттерін арттыру »

Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін арттыру


Кіріспе


Ойын - балалардың оқуға,

еңбекке деген белсенділігін

арттырудағы басты құрал.


Қ.Ыдырысов



Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең. Бұл кезде баланың ақыл-ой қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, маз-мұнды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, еңбек, ойын процесінде жан-жақты қалыптасады. Ойын-тәрбие берудегі ең тиімді тәсіл-дердің бірі. Бала ойын арқылы күш-жігерін жаттықтырып, қорша-ған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды, яғни болашақ ұрпақтың тәрбие жолы тәлімдік ойыннан басталады. Балалық шақ - бұл қызықты әлем. Бұл кезеңде әр бала өзінің жаман қылықтарын біледі, айна-ласын өте әдемі, таңғаларлықтай қызықты ете алады. Балалар қиялдау арқылы ойдан түрлі ойын шығарады. Ойын арқылы бала-лардың шығармашылық ой-қиялы, елестету қабілеті шарық-тайды. Ойын - тәрбие құралы. Ойынның арқасында, жан-жағын қорша-ған орта, балаға қостаушы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі бала белсенді, ой-түсінігі мол болып, өзінің тәртібін басқара білсе, мектепте жақсы оқиды, бір мақсатқа жетемін деген ынтасы болса, бала бойындағы талпынысты дамытуға баса назар аударуымыз керек. Сондай-ақ ойын - ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұйымдастырғанда тәрбиеге тиімділігін үнемі ескеруіміз қажет. Ойын процесінде балалардың жағымды мінез-құлық белгілері, адалдық мақсатқа жетуге талпынушылық, көпшілік мүддесімен санасушылық сияқты қасиеттері қалыптасады. Жұмыс тәжірибемнің мақсаты: Балаларды құбылыстарды, іс-әрекеттерді, қарым-қатынастарды белсенді түрде өзіндік ерекше-ліктерімен қайталап, ойнауға дағдыландыру, ойын әрекеті кезінде ақыл ойды дамыту, балалардың тілдерін, сөздік қорын байыту, өмірді тани білуге, сезімдерін кеңейте білуге тәрбиелеу. Сондықтан іс-тәжірибеде балалардың дене қимылдарының ептілік, шапшаңдылық, төзімділік жетілуін, кеңістікті білуін дамытатын жарыс элементтері бар спорттық ойындар, мазмұны алуан түрлі қимылды ойындарды ереже бойынша сюжеттік, сюжетсіз және атракциондарды кеңінен пайдаланған жөн. Сонымен бірге ойынды тәрбиеші мен балалардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Міндеттері:
- Баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру; - Ойындар арқылы баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамыту, түрлі дағдымен шеберлікті меңгеру, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулу;

- Ойын арқылы балалардың ойында әртүрлі ережелерді сақтауға үйрету;
- Бір-бірін тыңдай білу іскерліктерін дамыту, сүйікті ойыншықтарының көңіл-күйін, өмірін, тәртібін суреттеп айтуға тәрбиелеу;
- Әр заттың қажеттілігі өзінің атқаратын қызметі және кеңістіктегі орны жайлы түсініктерін бекіту;
- Балаларды заттарға деген ұқыптылыққа, қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Ойын - балалардың ынтасын арттыратын құрал. Ойын эстети-калық тәрбие құралы ретінде де кеңінен пайдаланылады, өйткені балалар өздерін қоршаған дүниені бейне арқылы көрсетеді. Көптеген ойындардың мазмұнына таныс әндер, билер, тақпақтар, жұмбақтар енгізіледі. Осының бәрі тәрбиешіге балалардың эстетикалық әсерленуін тереңдетуге мүмкіндік береді. Ойын сонымен балаларды жан-жақты тәрбиелеу және дамыту құралы болып табылады. Бала ойын арқылы күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды, яғни болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан басталады. Ойын - теориялық жағынан да, практикалық жағынан да мектепке дейінгі педагогика саласындағы күрделі мәселенің бірі. Өйткені, ойын баланы тек дене жағынан жетілдіретін қимыл-қозғалыс, іс-әрекет қана емес, оларды ой еңбегіне баулу, таным түсінігін дамытып, дұрыс көзқарасқа тәрбиелеудің құралы болып табылады. Менің бұл тақырыпты таңдағандағы мақсатым, балалардың құбылыстарды, іс-әрекеттерді, қарым-қатынастарды белсенді түр-де өзіндік ерекшеліктерімен қайталап, ойнауға дағдыландыру, ойын әрекеті кезінде ақыл ойды дамыту, балалардың тілдерін, сөздік қорын байыту, өмірді тани білуге, сезімдерін кеңейте білуге тәрбиелеу. Ұжымдық сезім әрекеттерін дамыту, эстети-калық, еңбек тәрбиесін беру, жан-жақты жарасымды ойнаудың психологиялық және физиологиялық негіздерін дамыту. Ойынның тағы бір ерекшелігі - оның өзіндік әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып та-былады. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Бала жалғыз болғанның өзінде де ойыншықтармен сөйлесіп жүреді, ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі. Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі күннің қуанышын ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады: сөйтіп бүгінгі ойын бейнелі әрекет, ертеңгі шындық, ақиқатқа айналуы сөзсіз. Ойын кезінде балалардың барлық жетістіктерін айтып өту, кемшіліктеріне ұрыспау және табыстарын мадақтау қажет екенін ұмытпау керек. Ойынға берілген осы сипаттаманы жетекшілікке ала отырып баланың тәрбиесін ойын арқылы дамытып, сауықтырып, тәрбиелеп оқытып, баланы ойынға белсенді қатыстырып, баланың жігерін қолдап, өз күшіне сенімін арттыру қажет. Әрбір ойынның алға қойған мақсаты болады, сол мақсаттың орындалуына баланың өзін ұмтылдыру қажет.













Негізгі бөлім


  1. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі.

Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағдымен шеберлікті меңгеруге қиындықты жеңуге, төзім-ділікке баулиды. Ойын әрекетімен практикалық әрекеттің сай келуі, баланың проблемалық жағдайларды шешуімен, өздеріне берілген тапсырманы өз бетімен шешу керек екендігін түсіне білуге көмектеседі, тапсырманы орындау кезінде балаларда белгілі бір білімді меңгеру қажеттілігі туындайды. Балаларға оқу тапсырмасы тікелей берілмейді, олар материалды еріктен тыс меңгереді. Берілетін ұғымдар дидактика ұстанымдарына сүйеніп, жеңілден қиынға қарай сатылана сабақтасып, жүйелі бір ізділікпен берілуі бала қабілетін дамытуда маңызды орын алады. «Балабақша тәрбие беру бағдарламасында» баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке басының дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар. Менің тақырыбым «Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру» сондықтан балалармен әр түрлі ойындарды ұйымдастыру арқылы ақыл-ой белсенділігін, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, адамгершілік қасиеттерін сөздік қорын байыту.

Күтілетін нәтиже: Балаларды ойындар арқылы жауапкер-шілікке мол ақыл-ойы дамыған дәрежеге жеткізу. Көп жылдық тәжірбиеден түйгенім - тәрбиеге көнбейтін бала болмайды. Тәрбиеші сол баланың жанының нәзік нүктелерін адаспай тауып, одан әдемі өрнек тоқи білуі керек. Үркектеп келген бала аз күннен соң балабақшаға өз үйіне келгендей қуанатын болса, оның жақсы тәрбиешіге жолыққаны. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тек біліммен қаруланған адамдар ғана емес, сондай-ақ, жаны көркем, нәзік, жүрегінде бүлдіршінге деген шынайы сезімі бар бапкер ғана жұмыс жасауы тиіс. Бала балабақшаға келгенде өзін жақсы сезінуі үшін топ бөлмесі жарық, көз тартатындай әсем безендірілуі керек. Қажет нәрсенің бәрін қаптатып көз алдына қоюдың керегі жоқ. Баланың айналасындағы заттар да, сол бала үшін қызмет жасап жатқан адамдардың баламен қарым-қатынасы да жарасымды болуы керек. Балаға өз қолымен жасаған жұмыстарынан көркем зат жоқ тәрізді көрінеді. Сондықтан топ бөлмесін безендірген кезде сәбилердің атсалысуына көңіл бөлген дұрыс. Қисық болса да өзі жапсырған туынды бөлшегі қараңғы түндегі айдай жарқырап, баланы қуантып тұрады. Әсіресе жоғары топ балаларымен ақылдаса отырып қимылдау керек. Балаға сұрақ бере отырып, ақыл-ойына, қиялына бір сәт еркіндік берсеңіз, оның тың, үлкен адамның ойына келмейтін жауаптар айтуы әбден мүмкін. Ақ қағаз бетіне қиғаштап сызылған бір ғана сызықты әр бала өз бетінше әрі қарай жалғастыра түрлі заттың түрін бейнелейді. Неше бала болса, сол суреттен соншама түрлі бейне көресің, баланың қиял-ғажайып ойының деңгейі осындайда байқалады. Мектепке дейінгі жастағы бала үшін айналамен танысып білудің басты жолы - ойын. Балалар сурет салуды, бояуды, түрлі дидактикалық ойындар ойнауды, сұрақтарға жауап беруді, қиып-жапсыруды, кітап қарауды ұнатады. Бірақ осы жұмыстарға баланың бәрі бірден түсініп, құлшынып кірісіп кете алмайды. Сондықтан барлық сәбидің жұмыла жұмыс жасауына жол ашатын әдістер мен тәсілдерді орнымен таңдап іске асыру – әр тәрбиешінің міндеті. Балалар түрлі ойындар ойнағанда барлығы ашылып, қызыға қатысады, жарыса сөйлеп, шаршауды білмейді. Балалардың шығармашылық ойлау мен сөйлеу процестерін дамыту үшін педагог сабақты неғұрлым қызықты ойын түрінде ұйымдастыра білсе, соғұрлым баланың дамуына қомақты үлес қостым деп айта алады.

Ойын үстінде бала айналаны толық көріп, өзіне бағындыра алады. Керекті, қызықты, таңсық нәрсені ойынға кіргізіп, өзінің жасаған ортасына кіріп кетіп, өзі қалған бейнелерімен басқа өмірі кешеді. Балалармен ойын түрінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері: «Сиқырлы кебістер», «Орманға серуен», «Ертегі әлеміне саяхат». Аталған оқу іс-әрекеттерінде көзделген бі-лімділік мақсат: балалардың геометриялық пішіндер, түс, көлем туралы білімдерін кеңейту, кеңістікті бағдарлауға үйрету және ойындар арқылы олардың білімпаздығын дамыту; тәрбиелік мақсаты: саяхат барысында ынтымақтастық тудыра отырып, өзара көмек, сенім, сыйластыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, басқа да көптеген қызықты ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткіздім: «Тышқанға әдемі гүл», «Жер әлемі», «Дене шынық-тыру» т.б балалар тапсырмаларды қызыға, оңай орындап, алға қойған межеге жету оңай болады. Ертегі, ойыншық кейіпкер-леріне көмектесу баланың қызығушылығын оятып, бәсекелестігін арттырады. Сондай-ақ, ойлау, тапқырлық қабілеттерін дамытып, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін оятады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнына сәйкестенді-ріп алған әртүрлі ертегі кейіпкерлеріне балалар жұмыла көмектесіп, араласып отырады. Өздеріне мазмұны белгілі сүйікті ертегілерін өз қиялдарымен бұрып алып, басқаша аяқтайды. Мысалы, төрт жасар Алина ертегіні ойдан шығарып айтады. Бауырсаққа көмекке мысық келеді, түлкіге тышқан келеді т.б көп ертегілерді ойдан шығарады. Ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері тақырыбына, мазмұнына сай етіп, таңдалып алынғаны дұрыс. Мысалы, «Жеміс жинау», «Өз орнынды тап», «Жапырақ жинаймыз», «Кім тез жинайды», «Пішіндерді таңдау», «Қапшықта не жатыр», «Қолғап», «Үрмелі шарлар», «Гүлдерді құрастырайық», «Түсіне қарай таңдап ал», «Қоңжықты емдейміз» т.б көп ойындар өткіздім. «Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама бар, өйткені ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады.Ойын мазмұнындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жоспарлағанда көзделетін мақсат тәрбиеленушінің жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай құрылып, оларды шығарма-шылыққа қарай жетелей алуы керек.

Ойынға педагогтар тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілетін танымдық білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізіп мақсатына жете алады. Өйткені ойын арқылы ғана дамыған бала алғаш мектеп есігін ашқанда білімді, қоғамдық тәжірибені тез меңгеріп, мінез құлқын, қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтіп, болашаққа қызығушылықпен қарайды. Мысалы: «Дәл тигіз», «Кім бірінші», «Мысық пен торғайлар», «Ұстап ал», «Жұбыңды тап», «Құстар мен мысық», «Ұшақтар», «Жұптасып жүгіру», «Жүгіріс», «Бос орын», «Кім жақсы секіреді?», «Мысық пен тышқан», «Торғай мен мысық», «Ақ қоян», «Жалауға дейін тез жүгір», «Күрес», «Лақтырам, қағып ал», «Допты тордан өткіз», «Лақтырамын, ұстап ал», «Жалаушаға лақтыр», «Допты тордан өткіз», «Құрсауға дәлде», «Кеглиді құлат», «Ақ сүйек», «Алысқа лақтыр», «Қай жерде тығылған, тап», «Тап та, үндеме», «Кім кетті?», «Жасырынбақ», «Лақ», «Өз орнынды тап», «Тас кімде?», «Кеглиге тиіп кетпей, допты әкел», «Допты сақинаға сал», «Кедергі жолдар». Қимыл ойындары – балаға дене тәрбиесін беру құралы. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет. Ойынның түпкі ниеті – бұл баланың нені және қалай ойнайтының жалпы аңықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Отбасы», «Шаштараз» болып ойнайды. «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал «Аурухана» болып ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Өткізілген ойынға талдау жасап,оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалын бағалауға,өз тобындағы сюжетті-рольді ойындарына одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. Ойынның ішіндегі ең негізгісі дамытушылық ойындар:есте сақтау ойындары. Логикалық ойлау қабілетіне байланысты «Сиқырлы шеңбер», «Бұлар ненің төлдері?», «Мұнда қандай жануар артық?», «Артық нәрсені тап», «Бұлардың қайсысы артық?». Мұндай ойындар баланың өзіне берілген образды көрсете, жеткізе білуге деген шығармашылық дербестігін дамытуға арналған.













2. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті.

Бала ойын арқылы күш жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды, яғни болашақ ұрпақтың тәрбие жолы тәлімдік ойыннан басталады.



Ойын-өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағды-лары қалыптасып шыңдалады, ұстамдылығы, іскерлігі дамиды. Дене тәрбиесі немесе спорт ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларға ойынның бағытын бере отырып, оның әділ және дұрыс өтуін қадағалан жөн. Өйткені, мұның балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда тәрбиелік маңызы зор. Я.А. Каменский: «Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі» - деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен – ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруда, ойлау қабілетін дамытуда ойынның қанша-лықты маңызы бар екенін түсінуге болады. Ойынның нәтиже-сінде, баланың бойында: ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, бел-сенділік, ұйымдатырушылық қасиеті қалыптастырылады. Бала-бақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәр-биелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жан-ашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалып-тастырылады. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі, биіктігі бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.


3. Ойын - баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие.

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. 
Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенді-лік қасиеттер қалыптасады.

Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. Бүгінгі күн талабы - баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығар-машылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсеойындар болса баланың осы айтылған өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды. Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге-өсиет бастан аяқ қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды. Демек, ойын әр түрлі әрекетке қозғалысқа, денешынықтыруға ғана төселдіріп қоймай, өмірдің рухани азығы - үлкеннің барлық қасиетін, яғни баланың жан-жүйесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға қалыптастырады.

«Ұшты-ұшты». Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады. Ойын ережесі: Бір бала ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете, өзіне қаратып бір қатарға отырады. Содан кейін ойынның ойналу тәртібін тү-сіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды. Ойын жүргізуші «Ұшты-ұшты бөдене ұшты» деп қолын көтереді. Сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты ұшты қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын тартады. Ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса, онда жаза тартады. Сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу керек. Ойын жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады.

Осыдан келіп ойын туралы мынандай  тұжырым жасалады:
а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
ә) ерік және мінез  қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны  жетілдіреді.
б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.

в) эстетикалық   тәрбие    беру- өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. 
д) дене күшінің   жетілуіне   көмектеседі - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиоло-гиялық негіздері болып табылады. Ойын арқылы ғана дамыған бала алғаш мектеп есігін ашқанда білімді, қоғамдық тәжірибені тез меңгеріп, міңез-құлқын,ерік-жігерін, қаблетін дамытып, дү-ниетанымын кеңейтіп, болашаққа қызығушылықпен қарайды. Ата-аналарды  ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне, күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелік шараларға, тестік байқалуарға, ойын сауықтарға, т.с.с. басқа шараларға тек бақылаушы ретінде ғана емес, білімдік, танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдайда қатысты-рамын. Балаларға және ата-аналарға тапсырманың жаңа үлгілерін жасауға және типті жаңа дамыту ойынын ойлап табуға, яғни жоғарғы деңгейді шығармашылық іс-әрекетпен айналасуға мүмкіндік береді. Ойынды әрбір балаға даму деңгейі бұдан да гөрі табыстырақ болатын өз мүмкіндіктерінің шырқау шегіне дейін көтерілуге мүмкіндік береді. Ойынды баланың кішкене кезінен бастап шығармашылық дамуын өрістетуге мүмкіндік береді: олардың сатылық-тапсырмалары үнемі даму қабілеттілігі-нен асып түсіп жататын шарттар қояды. Ата-аналар осы ойын-дарды балаларымен бірге ойнай отырып, өзі де байқамай өте қажетті біліктілік - ұстамдылық, баланың өзі ойлауына кедергі келтірмеу, бала жасай алатын нәрсені ол үшін өзі жасамау секілді әдеттерге дағдыланады.



















Кіріспе

Халық ұрпақтан-ұрпаққа өзінің қоғамдық, әлеуметтік тәжірибелері мен рухани байлығын қалдыра отырып, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәдениетінің тарихын да жасайды.

Біз ұлттық салт-дәстүрді қалыптасқан жүйесі бар, өмір ағымында адамдар жинақтаған белгілі бір білім-білік, дағдылардың бір ұрпақтан келесісіне беріліп отыратын тәрбиенің әдіс-тәсілдерінің бірлігі ретінде қарастырамыз. Адамзат жаралғаннан бастап ол өзіне ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлердің негізінде бала тәрбиесіне койылатын жаңа талаптармен толығып отыр. Мектеп жасына дейінгі балаларды өз халқының ұлттык, мәдениеті, оның салт-дәстүрлері негізін-де тәрбиелеуде шешімін табуға тиіс мәселелер баршылық. Бұл мәселе ұлттық сананың оянуымен, демократиялық қо-ғамның жаңа адамға деген қажеттілігімен, ұлттық мә-дениетінің жандануымен, балаға өз халқының рухани бай-лығын сусындатумен байланысты туындап отыр.

Халықтық салт-дәстүр - қоғамның рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынасындағы ең қымбат қазына. Халық үшін тәрбие - тұтас дүние. Оның мақсаты - адам тәр-билеу. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу қай күннің болмасын басты мәселесі. Бұл туралы ойшыл Абай: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші - ата-анасынан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен.

Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан ина-баттылық, мейрімділік, ана сүтімен, ана тілімен орныға бастайты-ны аян. Сол себепті халық даналығы: «Сүтпен біткен мінез, сүй-екпен кетеді» деуі заңды. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, ауыл болып көңіл бөлген. Мысалы: үлкен кісіге сәлем бермегеннің өзі сыйламаушылыққа жататын, оны байқап қалушылар тентегін тезге салып отыратын. Жалпы салт-дәстүр - халқымыздың келбеті, рухани мәдениетінің қазығы.

Әрбір елдің, халықтың бала тәрбиелеудегі халықтық педа-гогиканың ғасырлар дәуірінен қалған асыл қазынасы бар. Жас ұрпақ сол ата-мұра өнегесінен күш алып қуаттанады, ізгілік негізі орнығады.

Сол себептен де, халық даналығына, оның ұрпақ тәрбиесінде атқарар қызметіне зер салып, ықылас аудармаған ақын-жазушы, ұстаз-ғалымдар кемде-кем. Әсіресе Абай, Шәкәрім, Жүсіпбек, Мағжан сияқты ғұламалардың еңбектерінде негізгі арқауы өз елі, халқы, болашақ ұрпақ тағдыры, оның тәрбиелі, парасатты, азамат болып өсуі жайында кең толғаныс, өнегелі өсиет жатады.

Ата-бабаларымыздың дәстүрлі халықтық тәрбиесінің тәжі-рибелеріне көз салсақ, осы кезеңде балдырғанға тәрбие беру ісі жан-жақты – тіл үйрету, ақыл-ойын өсіру, денесін жетілдіру, еңбек сүйгіштікке баулу, ең бастысы адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз.

Бала өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып біледі. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану баланың ой - өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Ойын кезінде бала жолдастыққа, көпшілдікке, тапқырлыққа, ептілікке, адамгершілікке тәрбиеленеді. Ұлттық ойындар адамның ұзақ жылдағы еңбегінің жемісі, ой құбылысының көрінісі, дүниені танып білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келген, оның бар өнерінің бастамасы. Үлкендердің есінен шығып кеткен халықтың кейбір ежелгі әдеттерінің, санамақ жырларының тек қана балалар ойындарында сақталып қалған түрлері де бар. Ұлттық ойындарымыздың көбі балалардың денесінің дұрыс жетілуіне ықпал етіп, күш – қуатын молайтумен бірге шапшаңдыққа, дәлдікке дағдыландырады, ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.

Барлық дәстүр, әдет-ғұрыптар тәрбиеге байланысты. Ізгі дәстүрлер негізінде бүлдіршіндерді тәрбиелеу кешенді тәрбие берудің құрамдас бір бөлігі болуға тиіс. Осыған орай баланы мектепке дейінгі мекемелерде, отбасында тәрбие беруде қазақтың ұлттық-тұрмыстық салт-дәстүрлерінің үлкен рухани күш екендігі жайлы ойымызды ортаға салмақпыз.

Балабақша - тәрбие бесігінің бірі. Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналардың бірі ретінде бағалап, балабақшада тәрбие жұмысын қалай кешенді ұйымдастыруға болатынына тоқталмақпыз. Сондықтан да бала тәрбиесінде халықтық, тұрмыстық салт-дәстүрлердің туу себептерін, даму ерекшеліктерін, орнығу заңдылықтарын ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың жас ерекшеліктеріне сай ата-баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыра отырып, ұтымды жүргізе білуіміз қажет.

Баланың табиғаты өте зерек, сезімтал, байқампаз, тіпті үлкендер байқамайтын заттар мен құбылыстарды балалар байқап аңғарады. Мысалы, кішкентай құмырсқаның өзінен үлкен нанның қоқымын сүйреп бара жатқанын, өрмекшінің торын, көбелектің қуыршаққа айналғанын т.б. құбылыстарды байқап жүреді. Білуге деген құмарлық – бала табиғатына тән қасиет, ол баланың көргендерін тануына, оған терең енуіне көмектеседі. Баланың мұндай құмарлығы өзін қоршаған дүниені көруге, білуге, ұстауға деген қызығуынан басталады. Балалардың «бұл не?», «неліктен?», «неге?» және т.б. сұрақтар қоюын танымдық қызығуының пайда болуымен байланыстыруға болады. Қызығу – танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші. Баладағы танымдық қызығуды қалыптастырудың үш жағдайы бар:

  1. Оқытудың мазмұны, мұндағы балаларды қызықтыратын мазмұнның берілу түрі, жаңалығы, таңқалдыратын тарихи деректер, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы.

  2. Баланың таным әрекетін ұйымдастыру нысандарын, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Баланың өздігінен істейтін жұмыстарын, өздігінен білім алуын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және зерттеу жұмыстарына белсенділік қалыптастыру, білімді тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқудағы кері байланысты жетілдіру.

  3. Мұғалім мен бала, бала мен баланың арасындағы қарым – қатынасы сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету.

Осы мәселелерді қарастыру барысында аталмыш шығармашылық тақырыбым туындады, өйткені халықтың рухани өмірінен туындаған бар жақсылықты бойына сіңірген бала өз құрбыларымен, үлкендермен қарым – қатынаста ізеттілік, имандылық, сүйіспеншілік үлгісі болмақ. Өз жұмысымда халық ауыз әдебиеті шығармаларын бала жасына сай саралап, шығарманың терең тәрбиелік мәнін тануға тырысып отырдым. Қай шығарманы алсақ та, бала бұл жерде тек тыңдаушы, бақылаушы ғана емес, ол бойына сіңіруші, санасына ұғушы және өз әрекетінде жүзеге асырушы. Шығармашылық тақырыбым бойынша жұмыс жүргізу үдерісінде балалардың ақыл – ойын, рухани жан – дүниесін байыту, жүректеріне адамгершілік сезімін қалыптастыру мақсаттарын көздеп қана қоймай, ел арасында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық мұрасын балалардың бойларына сіңіріп жалғастырушы болуын тәрбиеледім.

Алға қойған мақсатым: Мектепке дейінгі жастағы балаларды халық даналығының тәжірибесі арқылы жетілдіре отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ой – қиялын, зейінін дамыту; әдептілікке, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Міндеттерім:

  1. Халық ауыз әдебиеті шығармалары негізінде ізеттік әдет – ғұрып дағдыларын бойыларына қалыптастыру, тілдерін жетілдіру, шешендікке баулу;

  2. Мектепке дейінгі жастағы балаларды халқымыздың әдет – ғұрыптарын, салт – дәстүрлерін дәріптеуге тәрбиелеу;

  3. Атадан қалған ғанибет мұралық негізінде балалардың санасын және бойларына еңбексүйгіштік, талаптылық қасиеттерін дарыту;







Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамытуда

халық ауыз әдебиеті шығармаларын қолдану


1. Халық тәлімі - тәрбие бастауы

Мектепке дейінгі тәрбие – ол бүгінгі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық санасы бар азамат тәрбиелеп өсіру. Сондықтан балабақшаға келетін балалардың отбасылары мен балабақша қызметкерлерінің міндеті қазіргі заман талабына сай, халқымыздың түпкі тәрбие бағытын негізге ала отырып, жаңашылдыққа жаршы болу.

Халқымыздың даналығында «баланы жастан» деген сөз бар. Сондықтан тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабадан келе жатқан дәстүрді өзіміз түпкілікті түсініп, балаларымызға сол тәрбиенің нәрін сіңіре білсек, бұл қазіргі заманда бала тәрбиесіне қосқан қомақты үлесіміз болып табылар еді. Еліміз егемендік алып, өз мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы алға қояр міндеттің бірі - ол бала тәрбиесі - егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеу. Ал, сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші – мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс- тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс-тәжірибесінде қолданып отырса, бала тәрбиесі алға басары сөзсіз. Бұл ойдың тармағы бүгінгі тәрбиешінің кәсіптік шеберлігіне, шығармашылық дамуына әкеліп тіреледі.

Халықтық педагогиканы балабақша ұжымы күнделікті қарым-қатынаста, балалармен жұмыс істеу барысында қолданып, білім сапасын арттыруға ерекше мән береді. Таңертеңгі сәлемдесу, қоштасу, ас қайыру, ризашылық білдіру, үлкенге ізеттілік көрсету сияқты бала бойында өшпестей із қалдыратын инабаттылық ұлттық тәрбие-мен қатар балабақшада отаншылдыққа тәрбиелеу кішкентайлар тобынан бастау алып, ересек топтарға дейін жүйелі жүргізіліп отырады. (елін сүйіп өскен бала өз тілін, дәстүрін қастерлей біледі. Сондықтан қазақ балабақшасындағы бала тәрбиесі ең алғашқы бастауын халықтық педагогикасынан алуы керек.

Ата – бабаларымыздың көптеген жылдар бойғы өмірлік іс – тәжірибесін, әдет – ғұрыптарын, тіршілік болмысын және ұлттық сананы, ұлттық идеяны қалыптастыру бағытын негізге алып отырған халық ауыз әдебиеті шығармалары баланы тұлға ретінде жүйелі түрде қалыптастыруда игі жемісін беретіні ақиқат. Тәрбиелеу барысындағы барлық әдістер балаларды мінез – құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым – қатынас жасауға және олардың іс - әрекеттерінде құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет. Қазіргі заманда жаһандану үдерісі ерекше екпін алған шақ. Мұндай аумалы – төкпелі сыңдарлы кезеңде, ең бастысы ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу міндетіміз болуда. Ал ұлтжандылық, отансүйгіштік сияқты асыл қасиеттер адам бойына халық ауыз әдебиеті арқылы сіңетіні ақиқат. Сондықтан бүгінгі ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қастерлеп келген ар – намыс, ождан, атамекен, ана тіліне деген сүйіспеншілік, әдеп – иба, қайырымдылық, жауапкершілік, үлкенді сыйлау мен құрметтеу қасиетін дарыту – олардың болашақта өз еліне өгей тартып кетпеуінің басты шарты. Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшеліктерімен бірден дүниеге келмейді, әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру осы заман ағымына лайықты азамат, білімді, ойлы, өмірге құштар болып өсуіне үлесімізді қосуымыз қажет. Ұлттық тәрбие жүйесінің негізгі, оның мазмұнының өзегі, түп қазығы ретінде мына құндылықтарды атаймыз: туған жер, Отан, отбасы, еңбек, ұлттық мәдениет, ана тілі, бейбітшілік, адам, ұлттық дәстүр, салт. Өскелең ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет – ғұрпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігін тудырады. Бұл арада ең маңыздысы - әр адам, ең алдымен, өз халқының перзенті, өз Отанына бар жан – тәнімен берілген азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын ескеруі қажет. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық ғұрыптар мен дәстүрлеркөптеп көмектеседі, сол арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады.

Қазақ халқының тәлім – тәрбиелік мәдениеті ескі заманнан басталған. Оны қазақтың бай ауыз әдебиетінен, бұрыңғы Орхон – Енисейден басталатын түркі ескерткіштерінен сақталған тарихи мұралардан, тұрмысымызда қолданылып жүрген салт – дәстүрден кездестіреміз.

Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасы балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қалыптастырады. Баланы саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қатар шағын орталық қызметкерлерінің де жауапты міндеті. Үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда халық педагогикасының маңызы зор. Сондықтан баланы рухани адамгершілікке тәрбиелеу жұмысын халық педагогикасынан бастаған орынды.
















Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамытуда халық ауыз әдебиеті шығармаларын қолдану



Бала тілін дамытудағы халық ауыз әдебиеті

шығармаларының маңызы

Халқымыздың бай да құнарлы ауыз әдебиеті арқылы ата-бабаларымыз қалдырған мұраларға сүйене отырып, бал-дырғандардың еңбекке, өнер-білімге деген құлшынысын арттырып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын біліп өсуіне, рухани адамгершілік қасиеттерге баули аламыз. Халық педагогикасының саласы мол, мазмұны бай. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін сабақта, ойын кезінде қолданып тәрбие ісіне арқау етіп, ата-аналармен байланыс жасай отырып, балаға өнеге көрсетуіміз қажет. Өз тәжірибемде халық педагогикасына сүйене отырып, балабақшаның әр тобында өткізген сабақтарымда «Ұлттық ойындар», «Ұлттық фольклорлық қойылымдар», жұмбақтар, санамақтар, ертегілерді кеңінен пайдаланамын. Балаларға ұлттық дәстүрлер мен салт-сананың алғашқы қарапайым негіздерін өнеге ретінде үйретіп жаттықтыруға ден қоямын.

Балалардың өмірдегі іс-әрекетін нығайту, мектепке дейінгі тәрбие жұмысының басты қажеттілігі. Қазіргі оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі халқымыздың ұлттық дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін, өнерін бала бойына дарыту. Ата-баба дәстүрін жалғастырып, ұлттық тәрбиеге ден қою, ой-пікірдің мөлдір бастауы саналатын ұлыларымыздың еңбектеріне үңілу бірінші кезекте тұрады.

Халық педагогикасының ажырамас бір бөлігі ауыз әдебиеті. Жазу – сызу болмаған кезде халықтың ой – арманынан шыққан әңгімелер, жұмбақтап айтқан сырлары, тілдерін ұштаған жаңылтпаштар, өткір тіл, ұшқыр ойдан шыққан мақал – мәтелдер, қиял – ғажайып ертегілер баланың тілін, ой - өрісін дамытуда ерекше роль атқарады. Ауыз әдебиетіндегі өлең-жыр, тақпақ, жаңылтпаш, ертегі, мақал-мәтел, жұмбақтар, шешендік сөздер, тиым сөздер, санамақтар әр тәрбиешінің жұмысында негізгі орын алуы тиіс. Осы салаларды балалардың жас ерекшеліктеріне қарай және оларды жалықтырып алмайтындай етіп, сана – сезіміне әсер ету арқылы қызықтыра отырып бойларына сіңіру әрі олардың тілдерін дамыту үлкен жауапкершілікті талап етері хақ. Өйткені сәби жастан бастап балаларға ертегі тыңдатып, халық ауыз әдебиетімен сусындату келешек ұрпақтың ойының ұшқырлығына, тілінің байлылығына, сана – сезімінің өсіп дамуына көп әсерін тигізеді.

Халықтық тәлім-тәрбиедегі санамақтар баланы тез санауға және де ауызша есептерді тез үйренуге тәрбиелейді. Мен өзімнің іс-тәжірибемде балаларға арнап «Ойлайық та, ойнайық», «Шешендікке баулу», «Ойнай біл, ойлай біл», «Сергіту жаттығулары», «Әдемілік, әдептілік» атты кітапша жинақтадым. Бұл кітапшаны 5-6 жастағы балалармен ойын түрінде өткізілетін сабақта қолдандуға болады. Санамақты халық негізінен жас балаға сан үйрету мақсатында шығарған. Санамақтар әрі сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Балаларды шешендікке баулуда билермен хандардың, ақын-дар мен шешендердің, данышпандардың өнегесін үнемі үйретіп отыру қажет. Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі балалардың ең сүйіп тыңдайтыны ертегілер. Балаларға ертегіні әңгімелеп бергеннен кейін оны сахналап қойып, және қуыршақ, саусақ театрлары арқылы көрсетіп үйреткен тиімді. Халық ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдер негізінен елдікті, ынтымақты, инабаттылықты қамтиды. Тіл дамыту, айналамен таныстыру сабақтарында батырлық, ерлік, достық, туыстық, табиғат, туған ел, жер жөнінде мақал-мәтелдерді қолданған жөн.

Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс, анық сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр жаңылтпаштар мен жұмбақтар. Жаңылтпаштар арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді, ал жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулап, ой-қиялын ұштауға әсер етеді. Мектепке дейінгі балаларды өз ана тілінде сөйлеуге үйретуде, тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу тілін дамытуға, сөз құрастырып сөйлеуіне, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүние танымын кеңейтіп, ойын өрістетіп тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада тіл дамыту жұмыстарын айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен таныстыру арқылы жүзеге асыруға болады. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материал оның даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болғаны жөн. Әдеби шығармалардың тілі жеңіл де, көркем, балаға түсінікті, олардың сөз қорын жаңа сөздермен байытатындай болуы керек.

Ертегі – адам даналығының қиял – ғажайып туындысы, ол адамды қуанышқа кеңелтеді, өз күшіне, болашағына деген сенімін ұштап, батырлыққа, адамгершілікке, шынайылыққа тәрбиелейді. Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі балалардың ең сүйіп тыңдайтыны ертегілер. Балаларға ертегіні әңгімелеп бергеннен кейін оны сахналап қойып, және қуыршақ, саусақ театрлары арқылы көрсетіп үйреткен тиімді.

Жыршылардың қызықты, үлгі - өнегеге толы ертегілерін естуге еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін жиналып, тыңдаған, естерінде сақтаған. Ертегілерде жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры соңғылары жеңіп шығады. Халық қиялының нәтижесінде ғылым мен техника қарыштан өсіп, сапанға ұшатын, айға қонатынкемелер, теңіз астында бірнеше ай жүзетін сүңгуір қайықтар, жер шарының әр түкпірінен хабар алатынтелетайп, телеграф, теледидарлар, жер астындағы метролар, т.б. ойлап табылды. Бұл – халықтың ой – қиялының іске асуы, адамның ақыл – ойының керемет күші.

Қазақ ертегілері адамды сиқырлы күштермен таңғалдырады: самұрық құстың алыптығы, адамша сөйлейтін Шалқұйрық, жәндіктер де бар... Бұл ғажайып кейіпкерлер ертегіден ертегіге «көшіп» жүреді. Ертегі мен кейіпкерлердің аттары әртүрлі, сюжеттері ұқсас болып келеді. Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі. Өйткені оның жаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Бәріміз де жақсы, жанға жайлы, рахат табатынертегіні тыңдап, сол ертегілерден адам бойына керектіні сіңіріп өстік. Бала жанын қоректендіретін рухани қор – айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақұлықтың бәрімен табыстыратын, терең де таңғажайып сырларға толы ертегілер.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол – балаларға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық. Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез – құлқы қалыптасады, ар – ұят, өзін - өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Балалық шақтан балаларды қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті тәрбиелеу қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен өзі – ақ танысады. Дегенмен, отбасы, балабақша мен мектептің жұмысы балада болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты оятуға бағытталуы керек. Болмысқа танымдық қатынасты ояту мен тәрбиелеудің бір жолы - өмірді тікелей бақылаудан басқа танымдық әдебиеттерде жатыр. Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырған талаптардың бірі - өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой - өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілік, еңбексүйгіштікке деген көзқарасын арттыру болып табылады. Егер халық ертегілеріне педагогикалық – психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, мұның жас өспірімдерге танымдық әсері жоғары. Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де, терең ой да, тамаша үздік кейіпкерлер де табылады.

Баланың тілін дамытудың негізі - көркем шығарманың мәтіні екеніне ерекше тоқталып өтетін болсақ, 3-4 жасқа дейінгі балалардың суретті кітаптарды қызыға қарайтыны мәлім. Сондықтан оларға суреті айқын кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын халық ауыз әдебиеті нұсқауларын жатқа айтып беріп, ойната тындату тиімді. Мысалы «Бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Бақа», «Мақта қыз бен мысық» шығармаларын ұсынуға, сондай-ақ «Бауырсақ» ертегісін қуыршақ театры арқылы өткізуге болады. Ол үшін алдын-ала дайындық кезеңінде рольдерді бөліп беру, әр кейіпкердің дауыстарын келтіріп еркін ойнауға машықтандыру керек. Рольдерге бөлініп ойнау арқылы бұл ертегі балалардың есінде жатталып қалады.

5-6 жастағыларға кітаптан көлемдірек ертегі, әңгіме оқып беріп, оқылған шығарманы 15-20 минут тыныш тыңдай білуге, әңгімелеп беруге үйрету қажет. Сондай-ақ оқылған әңгіме, ертегі мазмұнына сай бір оқиға төңірегінде (демалыста, саяхатта) сурет бойынша әңгіме құрап айтуға мүмкіндік жасау керек. Мысалы. «Шалқан» ертегісіндегі кейіпкерлерді рет-ретімен қою арқылы бала ертегіні толықтай айтып шығуға талпынады.

6-7 жастағы балаларға «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Алма мен капуста», «Мақтаншақ қоян», «Ақ бидай» т.б. әдеби шығармаларды оқып беруге болады. Шығармаларды оқытқан кезде қоғамдық өмірге, іс-әрекеттерге байланысты жаңа сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп отырған жөн. Көркем әдебиет арқылы бала тілін дамытуда тек қана ертегі, өлең, әңгімемен шектелмей жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал-мәтел түрлерін де сабақ жоспарына енгізген жөн. Мысалы: Тілі шыға бастаған жас бөбекпен, тілі шыққан балдырғандардың көбінесе «Р» дыбысы мен «И» дыбысын, «Ш-С» дыбыстарын шатастыру жиі байқалады.

Шидім – шидім шидің

Басын шидің идім,

Шидің – шидің тобын үйдім.

Көбінесе сол «Р» дыбысы мен «И» дыбысын дұрыс үйретуде жаңылтпашты қолданудың нәтижесін көріп жүрміз.

Ай, ай, Айдарбай,

Иір мүйіз сиырыңды

Үйіңе айдай бар.

-Анау қай арал?

- Қайыңды арал, талды арал,

Ішінде бұзаулы ала марал.

Жаңылтпаш жаттығулар арқылы «Р» дыбысына тілі келіп сөзді мүдірмей айтуға үйренген баланың қуанышы қойнына сыймай, өмірдің өткелінен өткендей әсер алады. Балабақшада тағы бір жүргізілетін жұмыстың түрі - санамақтар. Санамақтарды халық негізінен балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі сан үйретеді, әрі дүние танытады, баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым - әкем,

Балаң үйрек – анам,

Ортан терек – ағам,

Шылдыр шүмек – мен,

Кішкене бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

І.Шұғаев.

Ал жұмбақ – баланың ойлау қабілетін дамытады. Тіл мәдениетіне тәрбиелеуде жұмбақтар үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой-қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Жұмбақтың шешуін табу арқылы заттардың, жан-жануарлардын, киім-кешек, т.б. аттарын есте сақтау қабілетін күшейтеді. Дүниетанымын кеңейтіп, ойын ұштайды, тапқырлыққа баулиды. Жұмбақтардың жауабын табу арқылы бала ойы бірте-бірте толыға береді. Ойыншықтар, жануарлар, тағамдар, тұрмыстық заттар т.б. туралы жұмбақтарды қоржынға жасырып отырса, балалардың сөздік қорлары молаяды.

Мен жүгірсем, ол да жүгіреді,

Мен тоқтасам, ол да тоқтайды. (көлеңке)

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (қар)

Күндіз ұшады,

Түнде тышқан ұстайды,

Көзі шамға ұқсайды. (жапалақ)

Еліміз тәуелсіздігін алғалы да көп нәрсе өзгерді. Ұлттық құндылықтарымыз жаңаша бастау алды. Төмендегі жұмбақтап айтқан танымдық шумақтар педагогтарға көмекші құрал болып, шәкірт санасына сәуле шашып, кудесіне мақтаныш ұялатпақ.

Көк аспанның түсі бар,

Ортасында күні бар.

Қыран ұшқан қалықтап,

Кімнің туы, біліп ал! (Қазақстан)

Туымыздан күн қарап,

Күлімдейді әлемге.

Күн астында қандай құс,

Қанат қаққан бар елге? (қыран)

Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше. Балаға айтатын ақыл-насихат, өнеге, өсиет әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болуы керек. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбі елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылыққа баулып жақсы мен жаманды, ерлік пен ездікті салыстыра сөз етіп, адам өмірінде неден үйрену, неден жирену керектігін аңғартады.

Туған жер – алтын бесік.

Отан оттан да ыстық.

Еңбегі қатты болса, өнбегі тәтті болады.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Театр – ғажайып сиқырлы әлем, бала қуанады, күледі, таңғалады, қайғырады, ойнайды, жаны ашиды, қоршаған ортаны таниды, ой - өрісі, сөйлеу қабілеті өрістейді. Сахналау – баланың танымдық белсенділігін көтереді. Театр мектепке дейінгі ұйымда баланы мәдениетке, әдемілікті көруге, әдептілікке, үлкенді сыйлауға, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге, адалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Сахналау ойындарында балалар сөз ырғағын, мимикасын, жүрісін, дауысын өзгертіп ойнайды. Олардың түрлері: қуыршақ театры, көлеңке театры, саусақ театры, жылжымалы театры, қолға киіп ойнайтын театр. Балалар әдеби шығармалар мен ертегілердің кейіпкерлерін сахнада ойнап қана қоймайды, сол кейіпкерлердің бейнесіне кіріп, жақсы жағы мен жаман жағын біліп айыра ойнайды. Мысалы: түлкі әр уақыттақу, аю аңқау, қасқыр сенгіш, қоян қорқақ, Алдар көсе алдағыш, құмырсқа еңбекқор. Осындай мінез – құлықтарды бейнелеу арқылы балалардың мінез – құлқы, өмірге көзқарасы қалыптасады. Сахналау арқылы баланың ақыл – ойы, тілі дамиды.

Баланың жас ерекшелігіне сай тілін дамытуда әр дыбыстың дыбысталуын нақышына орай ұсынған дұрыс. Сонда мұндай тапсырма түрлерін күн тәртібінің барлық сәттерінде ең тиімді әдіс – тәсілдермен жиірек алмастыра отырып, ойната ойлату арқылы орындатқан жөн. Мысалы: аталған дыбыстар жиі ұшырасатын өлең, тақпақ, жаңылтпаш айтқызу, жұмбақ шешкізу және мақсатты сөздік ойындар ойнату арқылы бала тілін дамытады.

Бала тілін дамытуға көркем әдебиет түрлерін орынды пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп, ұғымын байытады.

Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзек алатын жері - ол ата-бабадан қалған асыл мұра. Біз, яғни болашақ ұрпақ тәрбиесімен айналысатын қазақ тілі мұғалім-дері халқымыздың таусылмас бай асыл мұрасына жүгінсек, ұрпағымыз біздің іс-тәжірибемізге, ой-санамызға, парасатымызға жүгінуі тиіс. Біздің балабақшамыздағы жүргізіліп жатқан жұмыс бағыты балаларды ата – бабадан қалған салт-дәстүрлерге, адамгершілікке баули отырып, жаңа дәуір технологиясын табысты игеру. Алға қойған мақсатымыз жүзеге асу үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді толық меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда тіл туралы көп айтылады. Ана тілін қастерлеген адам өз халқының тарихын, тұрмыс жағдайын, тыныс тіршілігін жақсы біледі. Тіл білген адам мәдени, рухани жан азығы мол адам. Адамның ойы оның тілінен көрінеді, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын құрал. Сондықтан балабақшадан бастап өз ана тілімізде сөйлеп, өз халқымыздың қадір-қасиеті, рухани құндылығымызды біліп өссек, болашақ ұрпақта өз тілін қадір тұтады. Тіпті өмірде болып жатқан жаңалық та, басқа да өзгерістер біздің сана-сезімімізге өз деңгейінде келіп жетіп, жалғасын таба-ды. Бала бойына Отанына деген сүйіспеншілік қасиет сәби шағынан бастап сіңеді. Тіліміздің құндылығы бала жүрегінде сақталады.

Тіл - ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді. Сондықтан баланы дұрыс сөйлей білуге үйретудің маңызы зор.

Біздің «Ақбота» балабақшасында тәрбиелеу, оқыту жұмысында балалардың тілін, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті іс-әрекет кезінде тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән беріледі.

Тіл дамытудың негізгі міндеттерінің бірі - балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым қатынас жасай білуге үйретеміз. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын. тапсырма жаттығулардың орны ерекше.

Соның ішінде ойын - баланың шын тіршілігі. Ойын - балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Келешек кайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшіліктеріне қарай мазмұнды - кейіпкерлік, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттык ойындар болып бөлінеді. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.

Баланың тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны - сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.

Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Сондықтан да әрбір тәрбие сағатында негізінен көрнекілікті басшылыққа ала отырып еңбек етеміз.

Халық ауыз әдебиеті мектепке дейінгі жаста маңызды орын алып, тұлғалық және эмоционалдық, рухани – эстетикалық, интелектуалды – тілдік дамуда үлкен рөл атқарады. Отбасында, ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерде балаларға ертегі, әңгіме, өлеңдерді оқып беру – балалардың оқылған шығармалардың мазмұнынан қуанышқа бөленіп, оқиғаны талдауға қатысуға, оны сахналауға ынтасын оятады.

Балаларды халықтың салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеумен бірге олардың шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруда халқымыздың қол өнерінің алар орны ерекше. Қазақ халқының өзіне тән ерекшеліктерінің бірі ұлттық ою-өрнектер. Қолданбалы қол өнермен жұмыс істеу барысында халықтық педагогика элементтерін қолданып, қазақ халқының тұрмыста, үй жиһаздарында пайдаланылатын заттары, ұлттық киімдердің үлгісін балаларға салғызып оған сәйкес келетін ою түрлерін үйретуге болады. Балаларды мектептегі, қаладағы мұражайларға апарып, қазақтың тұрмыста пайдаланған заттарын көрсетіп, оның не үшін қажеттілігін түсіндіріп, қыз балаларға түрлі түсті қағаздан қиылған құрақ көрпе, сырмақ құрату, ұл балаларға қамшы өру түрлерін меңгертуге мән берген жөн.

Ата-бабаларымыз өмірдегі бар асылын ұрпағына арнаған, оның келешегін әріден ойлап, нәрестенің дүниеге келген сәтінен-ақ шілдехана, бесік тойы, тұсау кесу, тілашар рәсімдерін жасаған. Оны өлең жырмен кестелеп, баланың құ-лағына әуен үшін жеткізе білген. Халықтық педагогика - ұлттық қазына, сондықтан да оқу тәрбие жұмыстарына оны кеңінен қолданып, бала бойына ата-баба өсиеттерін, салт-дәстүрін сіңіріп, халық қамын ойлайтын тілін, дінін терең білетін, ұлтжанды, білімді жас ұрпақ тәрбиелеу баршамызға ортақ міндет. Олай болса, тәрбие саласындағы еңбегіміз қашанда жемісті болсын.





3. Балалардың тілін дамытудағы отбасымен ынтымақтастық


Заманауи отбасылары қоғамдық дамудың сапалы және қарама-қайшы жағдайында қалыптасады.

1. Қоғамның қарқынды жіктелуі (материалдық байлығының деңгейі және әлеуметтік мәртебесі бойынша).

  1. Балалардың психикасына кері әсерін тигізетін ажырасулар санының артуы.

  2. Бір ата-ана ғана тәрбие беретін отбасылар санының өсуі.

  3. Бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет жаһандық желісінің қуатты озбырлық ықпалы.

Сапалық турғыдан алғанда отбасын нығайту жөнінде кешенді бағдарламалар әзірленіп жүзеге асырылуда. Ал отбасындағы қарама-қайшылық мәселелерді шиеленістіруге әкеліп соқтыратын жағдайлар.

Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық - баланың қанағаттану деңгейімен тәрбиеші жұмысының сапасын арттырады. Осының барлығы отбасымен қоғамдық мекемелердің бірігіп жұмыс жасауының нәтижелі болатындығына көз жеткізеді. Ол үшін алдымен баланың отбасылық ортасы зерттелуі керек.

Зерттеу әдістері: бақылау, әңгімелесу жеке және топтық, сауалнама іскерлік ойын арқылы балалардың отбасылық ортасына зерттеу жүргізіледі.

Отбасылық орта мынадай параметрмен анықталады;

1.Әлеуметтік мәдени орта, ата-аналардың және отбасының басқа мүшелері, ата-аналардың білімділік деңгейі, қоғам өміріне, балабақша істеріне қызығушылығы.

2.Әлеуметтік экономикалық орта: мүліктік сипаттамалар, ата аналардың жұмыста болуы, еңбекпен қамтылуы.

3.Техникалық-гигиеналық орта: тұрмыс-тіршілік жағдайлары, үй-жайдың жабдықталуы, тұрмыс салтының ерекшеліктері.

4.Демографиялық орта: Отбасы құрылымы, оның жасқа байланысты құрамы.


Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға

қойылаты жалпы талаптар:


1. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының фи-зикалық, психикалық, адамгершілік саулығының негіздері.

2. Отбасы баланы әлеуметтендірудің қалыпта суының алғашқы институты.

3. Баланың қоғамда өмір сүру даярлығын реттеу
және бақылау.

4. Ата-аналардың баланың денсаулық жағдайларына дене бітімінің даму деңгейіне отбасы мүмкіндігіне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар-ды таңдауға құқы бар.

Отбасы тіршілігін, дәстүрі мен рухани бағдарын зерттеу арқылы баланың мінез-құлық жағдайларын анықтауға болады. Отбасындағы тәрбиелеу жұмыстарымен танысқаннан кейін алынған ақпарат ата-аналарды балабақша жұмысына қызықтыратын жағдайда құрылу керек. Яғни ата-ана балабақшада өздерінің балаларына деген құрмет пен махаббатты сезінуі керек.


Ата-аналармен жұмыстың түрлері


Дәстүрлі

Дәстүрден тыс


  • Ата-аналар жиналыстары.

  • Жеке топтық және балабақшаның жалпы
    конференцияларын ұйымдастыру.

  • Тәрбиеші - педагогтің жеке кеңесі.

  • Балалардың үйінде болуы.

  • Ашық есік күндері.

  • Отбасы жөнінде мәліметтер дәптерін толтыру.

  • Ата-аналарға арналған ақпараттар бұрышы.

  • Әр түрлі тәрбиелік шараларға, мерекелік ойын-
    сауық ертеңгіліктерге қатысу.

  • Оқу-тәрбие үрдісін жоспарлауға қатыстыру.

Сауалнама жүргізу, әңгімелесу



  • Ата-аналармен тренингтер өткізу.

  • Пікір сайыстар жүргізу.

  • Психологиялық демалыс сәттері.
    (разминка)

  • Ауызша журнал.

  • Ата-аналар кештері.

  • Ата-аналар оқулары.

  • Ата-аналар рингі.

  • Ашық сабақтар.

«Менің жанұям» газетін шығару.



Болашақ ұрпақ бойына имандылық – адамгершілік тәрбиесі күнделікті тәрбие жұмысының барысында жүзеге асып отырады.

Халқымызда “Балалы үй - базар” деген сөз бар. Бала – адамның бауыр етінен жаралған деп те айтатыны бар халықтың.

Жас баланы өсіріп жетілдіруге уақыт талабына сай жан-жақты тәрбие беруге көп жағдай керек екені айтпаса да түсінікті. “Бес саусақ бірдей емес” дегендей балаға берілетін үйдегі тәрбие, оған мән берушілік те бірдей емес. Баланың тамағы мен киіміне де, тәрбиесіне де қалай болса солай бейқамдықпен қарамау қажет.

Ата-аналар бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілін білу жөніндегі білімін арттыру, баланың денсаулығын қадағалау, мектепке дейінгі сәбилерді арнайы ғылымға негізделген әдіспен білім тәрбие беретін балабақшаларға беріп, мектепке жан-жақты дайындықпен апару сияқты аса қажет жауапкер-шіліктерге бейқамдықпен қара-май, зор мән бергені жөн дер едік. Сонда ғана заман талабына сай ұрпақ өсіріп, болашағымыз қуанышты болады.

Сонымен қатар баланың сенімдік - жігерлік дәрежесін зерттеу үшін ата-аналармен өткізілген сауалнамалар негізінде келесі бағытта ақпараттар алынды:

  1. Баланың армандау деңгейі

  2. Өзге адамдармен қарым – қатынасы

  3. «Ашуланшақ» балалар

  4. «Ренжігіш» балалар

  5. Баланың қимыл – жігері

  6. Баланың еріксіз қимыл – қозғалысы

Оқу жылының басында ата – аналармен жүргізілген «Өз балаңызды білесіз бе?» сауалнамасы педагогтың баламен атқаратын жұмысына өз септігін тигізіп, келесі нәтижеге ие болды:

  1. Баланың жұмыс ынтасы: биік-56%, орташа-32%, төмен- 12%

  2. Дыбысты дұрыс айта білу – 75%, айта білмеу – 25%

  3. Тамақ ішу әдеті: жақсы – 58%, нашар – 42%

  4. Ұйқысы: тынымды – 89%, тынымсыз – 11%

  5. Достарымен қарым – қатынасы: жылы шырайлы – 62%, дөрекі – 12%,

жеке ойнайды – 26%


Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата – аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Қазақстан Республикасының тәлім – тәрбие тұжырымдамасында бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеті – «ең алдымен дені сау, ұдттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар – ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу». Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады.

Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата – аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Қазақстан Республикасының тәлім – тәрбие тұжырымдамасында бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеті – «ең алдымен дені сау, ұдттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар – ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттерқалыптасқан адамды тәрбиелеу». Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата – анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Отбасының берік негізі рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата – анна мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір – біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым – қатынасына байланысты болады. Босағасы берік отбасында әрбір Адам өзара қамқорлық пен татулыққа, үй – іші жұмыстарын жұмылы кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға үйренеді. Баланың адамдармен қарым – қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Баланың дамуы мен қалыптасуы үрдісінде отбасының рөлі ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда сонны аласың» дегендей, бала тәрбиесі алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылған талаптар да күшейе түседі. Ақыл – ойының дамуы, ұнамды мінез – құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі мектепке дейінгі жаста қаланады. Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым – қатынастардың куәсі болуы керек. Отбасы шын мәнінде тату – тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің көрінісі айқын сезіліп тұрады. Отбасының негізгі міндеті – баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен отбасы – ошақ қасында қалыптасып нығаяды.

Ұсыныстар:

  1. Балаңыздың қалыптасуына және дамуына оңды әсер беру үшін өз мінезіңізді, өмір күйіңізді қадағалаңыз.

  2. Ұлы Абайдың 10 сөзінде: «Әуел балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп айтылғандай, балаңызға теріс тәрбие бермеңіз.

  3. Қоршаған орта, ондағы адамдардың рөлі мен орны туралы түсініктерін кеңейтіп отырыңыз.

  4. Әр жағдаятта баланың сөзін бөлмей, оны тоқтатпай, асықпай тыңдап және өз әрекетіне баланың өзінің баға беруіне мүмкіндік жасаңыз.

  5. Баланың щығармашылық белсенділігіне қолдау көрсетіп, тіпті елеусіз деген табыстарын ескеріп отырыңыз.

  6. Балаңызды басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп, мінез – құлқын, іс - әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасай біліңіз.

  7. Оның талап тілегіне тежеу жасамай, еркіндік беріп, дүниеге, өмірге деген көзқарасын бақылай біліңіз.

  8. Баланың іс - әрекетіне назар аударыңыз, көңіл – күйін көтеріңіз.

  9. Оның психо – физиологиялық даму дәрежесіне, адамгершілік эстетикалық қалыптасуына көңіл бөліңіз.

  10. Титтей жетістігінің өзіне шын жүрегіңізбен қуанатыныңызды, қабілеттілігіне сеніміңізді ашық білдіріңіз.



Қорытынды


Тәрбие бастауы отбасы десек, баланың рухани жан дүниесінің үйлесімді дамуын, адамгершілігі мол азамат болып ер жетуін алғашқы күннен бастап назарда ұстаған жөн. Баланы ұлттық дәстүрде тәрбиелеу үшін әрбір ата – ана салт – дәстүрді жақсы біліп, жақсы түсінуі керек, ал бұл үшін халықтық педагогикалық білім қажет. Бұл ата – аналардың баланың мінезін жете танып, оны тәрбиелеудің дұрыс жолдарын таңдап алуына көмектеседі.

Балабақша мен отбасында тәрбиелеудегі бірлік балалардың бойында дұрыс мінез – құлық қалыптастыруды қамтамасыз етеді, олардың алдында ата – аналар мен тәрбиешілердің беделін арттырады. Ата – аналарға, әсіресе бала тәрбиесіндегі халықтық педагогиканы қалай пайдалану қажеттігін түсіндіру керек. Мысалы, халық ертегілерін отбасы мүшелерінен естуі – баланы ерекше қиялдандырып шабыттандырады. Әсіресе, ол ертегіні әжесі, не атасы айтып берсе, бала оны ұзақ уақыт есінде сақтайды. Сондай – ақ жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал – мәтелдерді баланың іс - әрекетіне беретін баға ретінде орынды пайдалана білгені жөн. Ұлттық ойындармен бірге отбасы дәстүрлерінің әр шаңыраққа қайта оралуы, бала оны ойын ретінде балабақшада ғана көрмей үйде де, ол дәстүрлерді нақты өз мәнінде көрсе, оның тәрбиелік мәні зор болады. Сонда ғана баланың ұлттық дәстүрді құрмет тұтатын, сыйлайтын, саналы азамат болып шығуына мол мүмкіндік болады. Әрбір жас отбасында сәбидің дүниеге келуімен бірге ол шаңыраққа бесік оралса, бұл үлкен тәрбие бастауы болары сөзсіз.

Дәстүр әлеуметтік мәні бар құбылыс. Осы айтылған пікірге мән беріп, назар аударсақ, оны қоғамдық төл мәдениетіміздің құрамдас бөлігі деп айтуымызға болады. Өйткені дәстүр тәрбиенің қайнар көзі. Ол дәстүр – болашақты алыстан бағамдап, баланың келешекке қажетті киелі ұғымдарын, мәнін түсінуге, баланы адамзатқа тән рухани ізгілік пен адамзаттықты ту етіп ұстар парасаттылыққа тәрбиелеу дәстүрі. Ол дәстүр - көркем сөз арқылы жас ұрпақтың бойына адами асыл қасиеттерді ұштап қалыптастыру дәстүрі. Ол сан ұрпақтың өмірлік тәжірибесіне, рухани байлығына сүйенеді.

Сонымен шығармашылық ізденіс жұмысымның нәтижесінде мынандай қорытындыларға келдім. Олардың бастылары мыналар:

  1. Балалардың дамуында халық ауыз әдебиетінің шығармаларының маңызы зор, ол өз жұмысымда дәлелденген. Балалардың барлық іс-әрекеті, ақыл-ойы осы халық ауыз әдебиетімен тығыз байланыста және ұлттық тәрбие балабақшамен шектелмейді, мектепте осы білімдерін одан әрі өрбітіп байытады.

  2. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ертегілер, мақал-мәтелдер, тиым сөздер, ұлттық ойындар арқылы өрбіп, дамиды, есте сақталады. Бала алған білімді көру, ойнау арқылы тез қабылдайды. Балалармен өткізген ойындарым көп жетістіктерге жеткізді.

  3. Халық ауыз әдебиетінің үлкен бір тармағы – тұрмыс – салт жырлары, соның ішінде, бесік жырлары жаттауға жеңіл және қызықты болғаны арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін арттырады.

  4. Балаларға төрт түлік мал мен оның төлдері туралы айту маңыздысын ескере отырып, төрт түлік мал туралы қанатты сөздерді оңай үйретуге болатынына көзім жетті.

  5. Халық ауыз әдебиетінде ерекше орны бар, баланың өткір зерек

болуын, оның зейінін тоқтатып, қиялын ұштайтын ертегілерді

әңгімелеуде сурет қана қолданумен шектелмей, түрлі көрнекі

құрал пайдалану, оқу барысында дауыстың ырғағын өзгертіп отыру

баланың есте сақтауына зор ықпалын тигізеді.

Балаларға кіші сәби жастан бастап өзіміздің әсем де, әдемі көз тартарлық ұлттық киімімізді білуіне, әрі оны сүйсіне кие білуге баулу өте маңызды. Ұлттық киімді киіп, қазақтың киіз үйінің ішінде балалардың өздері үйреніп білген мақал – мәтелдерін, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, сұрамақ, өлең – жырларын айтқызып, ұлттық ойындар ойнатып, өздері білетін ертегілерін сахналатып мерекелік ертеңгілік ұйымдастырса, қазақтың салт – дәстүрін көрсетіп, ата – аналардың көмегімен мерекелік думанға айналдырса, балалардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтары одан әрі арта түсетіні сөзсіз.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу, сөздік қорды дамыту жұмыстары бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын барысында дамытылады. Мысалы: ортаңғы топ балаларымен «Құстар әлеміне саяхат» сабағы бойынша орманға саяхат жасадық, «Қазақстан қалалары» т.б. сияқты ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері өткізілді.

Тіл мәдениетін дамыту жұмыстарын қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиеті негізінде ұйымдастыру тиімді тәсіл. Өйткені ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармашылығы - ғажайып ертегілер,мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар тәрбие әліппесі, өнер көзі.

Аталмыш жұмыс нәтижесінде балалардың есте сақтау, ойлау, елестету, шығармашылық қабілеттерінің дамуы туралы айтылған. Баланың танып білсем деген ниетін қалыпты дәрежеде сақтап, танымдық белсенділігін одан әрі күшейту үшін танымдық қызығуын арттыру маңызды. Ұсынылып отырған шығармашылық жұмыс қорым мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту – тәрбиелеу үдерісінде қолдану үшін арналған.

Сөзімді қорыта келе мынадай тұжырымға келдім:

Мектепке дейінгі балалардың ұлттық қазынаны бойына сіңіріп, халық қамын ойлайтын, тілін білетін, ұлтжанды білімді жас ұрпақ тәрбиелеу басты міндет. Олай болса, қазақтың халық ауыз әдебиетінен сусындаған балаларымыздың тілі ұшқыр, ойы зерек, тәрбие өнегесі көргенді болмақ
























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ойын ар?ылы балаларды? ойлау ?абілеттерін арттыру

Автор: Сагынбаева Айнара Дуйсеновна

Дата: 04.07.2015

Номер свидетельства: 222207

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(178) "Дене шыны?тыру п?нінде жа?а инновациялы? технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру."
    ["seo_title"] => string(95) "dienieshynyktyrupnindiezhanainnovatsiialyktiekhnologhiialardypaidalanaotyrypbilimsapasynarttyru"
    ["file_id"] => string(6) "304024"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457631730"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Математика "Көбейту және бөлу""
    ["seo_title"] => string(32) "matiematika_kobieitu_zh_nie_bolu"
    ["file_id"] => string(6) "420754"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1496767884"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(223) "конспект уроков на тему "О?УШЫЛАРДЫ? САЛАУАТТЫ ?МІР САЛТЫН ?АЛЫПТАСТЫРУДА?Ы ЖА?А ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ? ТИІМДІЛІГІ" "
    ["seo_title"] => string(133) "konspiekt-urokov-na-tiemu-ok-ushylardyn-salauatty-omir-saltyn-k-alyptastyrudag-y-zhan-a-innovatsiialyk-tiekhnologiialardyn-tiimdiligi"
    ["file_id"] => string(6) "192056"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427394227"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства