kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Күз мезгілі тамаша!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Күз мезгілі тамаша!"»

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің жұмыс жоспары

Тақырыбы: «Күз»

Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация», «Шығармашылық», «Денсаулық», «Әлеумет».

Оқу қызметінің түрі: тіл дамыту, қоршаған ортамен танысу, дамыту жаттығуларын орындау, дене шынықтыру, аппликация, мүсіндеу, сурет салу

Мақсаты:

Ақпараттық- құзыреттілік: балалардың күз туралы түсініктерін кеңейтіп, күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу.
Коммуникативтік құзыреттілік: қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы ойларын, грамматикалық формада және байланыстырып сөйлеуге төселдіру.
Проблеманы шешу құзыреттілігі: Әр түрлі тапсырмалар арқылы дамыту жаттығуларын орындату. Балаларды дәстүрден тыс әдістер арқылы жұмыс жасай отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: слайдтар, дидактикалық ойындарға арналған материалдар.

Қостілділік компоненттер: күз-осень, қыркүйек – сентябрь, қазан – октябрь, қараша – ноябрь

Инклюзивтік әлеумет: Белсенділігі төмен балалармен жұмыс.

Мотивациялық қозғаушылық:

Шаттық шеңбері: Дене мүшелерін дамытуға арналған жаттығулар.

Жуыну қимылдарын жасату (суды ашамыз, бетімізді жуамыз, маңдайымызды жуамыз, көзімізді жуамыз, мойынымызды жуамыз, құлағымызды жуамыз. Сары түсті бояуды мұрнымызға жағамыз. Мұрнымыздың ұшымен күнді саламыз. Бірден онға дейін санап, күннің сәулелерін саламыз. Енді күнге қатты –қатты созыламыз, демаламыз).



Ұйымдастырушылық-ізденіс:

Педагог: балалар айтыңдаршы, қазір қандай жыл мезгілі? Дұрыс, күз мезгілі. Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Күз» деп аталады.
Күз түскенде күн салқындайды. Күн қысқа, түн ұзақ болады. Жаңбыр жиі жауады. Шөптер, жапырақтар алтындай сап - сары болып, сарғаяды, сондықтан күз мезгілін «Алтын күз» деп атайды. Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Адамдар жылы киімдерін киіп бастайды. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер піседі Күзде астық жиналады. Күздің үш айы болады. Олар: қыркүйек, қазан, қараша.

Ғажайып сәт: Құстың дауысы қатты естіледі. Бөбекжайға қарлығаш келеді. Қарлығаш: балалар мен жылы жаққа ұшып кететін болғандықтан әлденіп, күш жинап алайын деп сендерге келдім. Сендермен тапсырмалар орындағым келіп тұр.

Педагог: ендеше балалар, қарлығашқа көмектесейік.

1. Балаларға дамыту жаттығуларын орындату:

1 – ші балаға аппликация жасату (түрлі-түсті қағаздарды жапсыру арқылы ағаштың бейнесін шыару.

2-ші балаға сурет салдырту ( мақта таяқшалары арқылы ағашты бояу)

3-ші балаға құстың балапанын суретке қарап мүсіндету.

Қарлығаш: балалар менің балапандарыма ұшуды үйретейікші. Оларды өзіммен бірге жылы жаққа алып кетуім керек.

2. Кеңістікті бағдарлау жаттығуы: балалар бір қатарға тұрады.

Қарлығаш: балапанды жоғарға ұшырамыз, төменге ұшырамыз, солға қарай ұшырамыз, оңға қарай ұшырамыз. Айналдырып ұшырамыз.

Қарлығаш: жарайсыңдар балалар, менің балапандарым ұшуды үйренді, өзімде сендермен бірге тапсырмалар орындап әлденіп, бойыма күш жинап алдым. Енді жылы жаққа кете беруімізге болады. Сендерге көп рахмет. Сау болыңдар!


Сергіту сәті: Тақтадағы видеоға қарап сергіту сәтін жасау.

3. Иә – жоқ ойыны. Сұрақтарға балалар иә, жоқ сөздерімен жауап беруі керек.

1. Күзде күн салқын болады. (Иә)

2. Күзде қар жауады. (Жоқ)

3. Күзде жаңбыр жауады. (Иә)

4. Күзде өзенге суға түсеміз. (Жоқ)

5. Күзде шанамен ойнаймыз. (Жоқ)

6. Күзде жапырақтар сары түске боялады. (Иә)

7. Күзде күн ыстық болады. (Жоқ)

8. Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді. (Иә)

Рефлексивті- түзетушілік:

4. Қол моторикасын, танымдық қабілеттерін дамытуға арналған жаттығу. (Әр түрлі суреттердің ішінен күз мезгіліне қатысты суреттерді таңдап алып, кішкентай қыстырғыштарға ілдірту)

5. Тамаша ойыны: Балалар әр түрлі сұрақтарға тамаша сөзімен жауап беріп, қолдарымен көрсетеді.

1.Біздің ауылымыз қандай?

2.Біздің бөбекжайымыз қандай?

3.Күз мезгілі қандай?

4.Біздің тобымыз қандай?

5.Біздің достарымыз қандай?

6.Сіздердің апайларыңыз қандай?

7.Біздің оқу қызметіміз қалай өтті?

Педагог: жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдыр. Барлық тапсырмаларды керемет орындадыңдар. Сендерге көп-көп рахмет. Сау болыңдар!

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: табиғат құбылыстарын ажыратып, сұрақтарға жауап беруді

Қандай тусініктерді игереді: күзгі табиғатты және оның әсемдігін. Күз мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін

Меңгерген дағдылары мен іскерлігі: дамыту жаттығуларын орындау.













МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайы









Тақырыбы:



Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі



Өткізген: Нургалиева Л.Т.



















2018 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Күз мезгілі тамаша!"

Автор: Нургалиева Лунара Талгатовна

Дата: 25.11.2018

Номер свидетельства: 487544

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""?ыс мезгілі" та?ырыбына шы?арма "
    ["seo_title"] => string(36) "k-ys-miezghili-tak-yrybyna-shyg-arma"
    ["file_id"] => string(6) "212417"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431852309"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Күз мезгілі тамаша!"
    ["seo_title"] => string(21) "kuz_mezgili_tamasha_1"
    ["file_id"] => string(6) "549579"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1589390557"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) "К?з мезгіліндегі ?ызы?ты о?и?алар"
    ["seo_title"] => string(34) "kuzmiezghilindieghikyzyktyokigalar"
    ["file_id"] => string(6) "339405"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1471256425"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Бастауышта?ы шы?армашылы? - басты ма?сат"
    ["seo_title"] => string(38) "bastauyshtagyshygarmashylykbastymaksat"
    ["file_id"] => string(6) "313639"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459515242"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Жыл мезгілдері "
    ["seo_title"] => string(18) "zhyl-miezghildieri"
    ["file_id"] => string(6) "109398"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1404473807"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства