Просмотр содержимого документа
«Күз мезгілі тамаша!»
«Күз тамаша» ертеңгілік
(ІІ кіші топ)
Мақсаты: 1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту; 2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. 3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. (Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген, әуенмен балалар топ ішіне кіреді.)
Тәрбиеші: Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жүп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін. Бүгіні біздің «Күз тамаша» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: Ал, балалар, балалар, Енді бері қараңдар. Бізге қонақ келмекші
Меркені көрмеші
Кәне кім болды екен қарайықшы (әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Күз сыйлығын алыңдар
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар
Тәрбиеші: Сәлеметсізбе Күз ханшайымы мерекеге қош келдіңіз біздің балалардың меркеге арналған өнерлерін тамашалың. Кәне балалар Күз ханшайымына әнімізді айтып берейік.
Ән: «Күз»
Тәрбиеші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.
Тақпақтар:
Абулхайыр:
Ел егінді жинайды, Қырманға дән сыймайды Біздің дала – бай дала Алтын астық айнала. Асел:
Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып. Салауат
Күз келді, алақай!
Алтын келді далаға.
Дәні бітік бидайды,
Құйып жатыр қамбаға.
Дамира:
Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Тәрбиеші: Күз ханшайымы енді балалардың өзіңе арнаған «Жапырақтар» биін тамашалыңыз Би: «Күзгі жапырақтар»
Күз ханшайымы: Жарайсың балалар өте өнерлі екенсіңдер менің сендермен «Түрлі-түсті жапырақтар» ойынын ойнағым келіп тұр. Менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Ойын шарты: Мен жерге,сары және жасыл түсті жапырақтарды шашамын, ал сендер оларды екі себетке бөліп жинайсыңдар. Қай топ,жылдам болатынын көрейік.Олай болса бастаймыз. (Балалар жапырақтарды жарыса жинайды). Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар, өте шапшаң екенсіңдер.
Тәрбиеші: Рахмет Күз ханшайымы ойының өте қызықты екен солай балалар?
(Осы кезде есік қағылып Саңырауқұлақ кіріп келеді
бізбен әуенмен)
Тәрбиеші: Сіз кімсіз? Мұнда нестеп жүрсіз? Балалар сендер танисыңдарма?
Балалар: Ия бұл Саңырауқұлақ
Саңырауқұлақ: Ия балалар дұрыс айтады мен Саңырауқұлақпын сендермен бірге мерекені тойлауға келдім.
Тәрбиеші: Қош келдіңСаңырауқұлақ біздің балаларымыз өнерлі бірге мерекені тойла. Олай болса балалар біз Саңырауқұлаққа тақпақтарымызды айтып берейік.
Тақпақтар:
Айкөркем:
Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.
Шерғазы:
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Нұртілек:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Рауана:
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Тәрбиеші: Саңырауқұлақ балаларымыз сізге арнап ән айтып береді.
Ән: «Күз мезгілі тамаша»
Саңырауқұлақтар: Жарайсыңдар балалар сендердің әндеріңді тыңдап бір сергіп қалдым енді менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын аты: «Көкөністер мен жемістерді жинау»
Ойынның шарты: Себеттегі көкөністермен жемістерді ажыратып бос себетке саламыз.
Саңырауқұлақ: Жарайсыңдар балалар мен өзіммен бірге саңырауқұлақтарымды ертіп келдім сендерге би билеп береді.
Би: «Саңырауқұлақ»
Саңырауқұлақтар: Жарайсыңдар балалар менің көңілімді көтергендеріңе көп рахмет, менің кететін уақытым болды сау болыңдар.
Балалар: Сау болыңыз. Күз ханшайымы: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге, келесі кездескенше.
(Күз, балаларға алма таратады) Тәрбиеші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық. Балалар: Рахмет сізге күз, сау болыңыз! Күз ханшайымы: Сау болыңдар балалар! Тәрбиеші: Осымен біздің «Күз тамаша» атты ертеңгілігіміз аяқталды келесі кездескенше сау болыңызда